Орфографиялық ойындар:
Әріптер шашылып қалды.
Мақсаты: сөздегі әріптерді тіркестіре білуге үйрету, сауатты жаз білуге дағдыландыру.
Ойын барысы: мұғалім қағазға сөзді ірі- ірі әріптермен жазып, оларды бөлек бөлек қиып алады. Оқушыға көрсетпейді. «Менде бір сөз бар еді. Ол әріптерге бөлініп қалды». Әріптерді үстелге жайып: «Бұл қандай сөз екенін кім бірінші табады?» Кім бірінші дұрыс тапса сол жеңеді. Жеңген адам өзі сөз ойлап, оны жазып, қиып басқалардан сұрайды. Осылай ойын жалғасады.
Бұл ойынды интербелсенді тақтаға да салып ойнатуға болады. Мұнда Activpen іске қосылады. Оқушылардың Activpenмен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |