Шет тілін оқытуда компьютерлік құралдарды оқушылардың тілдік дағдылары ретінде дамыту



жүктеу 405,72 Kb.
бет31/54
Дата22.01.2022
өлшемі405,72 Kb.
#34748
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   54
Шет тілін оқытуда компьютерлік құралдарды оқушылардың тілдік дағдылары ретінде дамыту. 2

Тірек сөздер: интернет технология, мультимедиялық бағдарламалар, компьютер технологиялары, ақпараттық технологиялар, ағылшын тілі.

Интернеттің пайда болуымен біздің өмірімізде қарым-қатынас жасаудың жаңа мүмкіндіктері уақыт пен кеңістікке қарамастан ашылды. Бұл күндері электрондық хат алмасулар, онлаин жүйесінде пікірталастар, мәтіндік чат және басқа да көп салалы ресурстар ашылды. Мысалы, Wikis, блоктар, бейнеконференциялар жүргізу үшін (Skype), суреттер мен бейнелік ұсыныстар (Youtube), виртуальды әлем, әлеуметтік желілер, Facebook және ұялы телефондарға ұсыныстардың өсуі. Бұл желілерде отырып, қатынас жасауға болады. Шет тілін оқытуда қазіргі заманғы технологиялар дәстүрлі сабақты өзгертуде оқытудың жаңа жолдарын әкелді. Компьютерді шет тілін үйренуде 1960 жылдардан бастап қолдана бастады. Оны пайдалану әдісі грамматикалық үлгілерді, сөздерді қабылдауда, есте сақтауда және қайдалауда қолданды. Ақырында коммуникативтік әдіс тәсілдің пайда болуымен тілді қолдануға, оқушыны қызықтыруға және тілдік ортаны қалыптастыруға көңіл бөлінді. Тілді үйренуде көптеген бағдарламалар пайда болды. Олар жаттығу ретінде емес, әртүрлі тілдік ойындар, мәтіндік қалпына келтірілген, таңдау мен жауаптарын бағалауға арналған бағдарламалар және т.б. Компьютер оқушыны тек оқу материалдарымен қамтамасыз етуші ғана емес, сонымен қатар оқытудың тәсілі ретінде қолжетімділігі, материалдарды жинау мен өңдеуде, мәселелерді шешуде қолданыла бастайды. Грамматикалық материалды тексеруде, мәтінді өңдеуде атақты бола бастады. Қазіргі таңда шет тілінде үйрету тек қана компьютерге және сан алуан оқу бағдарламаларына ғана емес, Интернет арқылы басқа да пайдаланушылардың қарым-қатынасында. Оған себеп технологиялық жетістіктер ғана емес, сонымен қатар педагогика мен методикадағы жаңа әдіс тәсілдер. Дидактикалық тұрғыдан Интернет екі негізгі компонентті енгізеді:



  1. Телекоммуникациялық пішіндер (Интернет-технологияларға қатысты, электрондақы хат алмасулар, чат, жиындар, ICQ, веб-конференциялар).

  2. Ақпараттық ресурстар: Телекоммуникациялық ресурстардан оқуға арналған Интернет ресурстардың айырмашылығы тек қана оқыту мақсатына арналған. Олар әр түрлі пәндерде құрастырылған. Сонымен қатар ағылшын тілінде де.

Қазіргі кезде жаңа білім беру жүйесі интернеттің пайда болуы арқасында дамығанын барлығы да мойындайды. Көптеген әдіскерлер видеофильм,электрондық хат алмасулар (e-mail), мультимедиялық презентация, анимациялық суреттер және т.б. көмегімен шетел тілінде монолог пен диалог түрінде сөйлеу қабілетін қалыптастыратын жаттығуларды құрастырумен айналысып жатыр. Шетелде болмай, сол елдің тілінде сөйлей алу қабілетіне ие болу оңай емес. Сондықтан оқытушының маңызды тапсырмасының бірі ағылшын тілі сабағында жаңа технологиялардың түрлі амалдарын қолдана отырып, сөйлеудің шын ситуацияларын құру болып табылады. Ағылшын тілінде оқытуда Интернет беретін мүмкіндіктер мен қызметтердің түрлері төмендегідей: оқушылар үйреніп жүрген тілінде электронды почта арқылы хат алысып, виртуальды қатынас клубтары – конференцияларға қатынаса алады, интернет талаптарында берілетін құжаттардағы жаттығулар мен тапсырмаларды орындай алады, кез-келген ақпараттар туралы мәлімет ала алады, бейнероликтерді қалаған тілінде көру мүмкіндіктері бар, файлдар алмаса алады керекті құжаттарын дискіге жазып, мәліметтерді сақтай алады. Интернеттің тағы да бір мүмкіншілігі қандай да бір арақашықтықта тез арада жеткізу, сонымен қатар алынған ақпаратты түрлі тіл тасушыларға ауыстырып салуға болады. Интернет шетел тілін үйренушілерге аутентті мәтінді қолдануға, тіл тасушыны тыңдауға, олармен қарым қатынас жасауға және тілдік ортаны қалыптастыруға септігін тигізеді. Интернеттің көмегімен оқушы фонетикалық, грамматикалық, лексикалық жаттығулар, оқуға және грамматикаға арналған тесттермен жұмыс жасай алады. Ағылшын тілі сабағында материалды Интернеттен пайдалана отырып, көптеген дидактикалық мәселелерді шешуге болады. Оқушыларға мультимедиялық технологияларды пайдалану, оқып жатқан құбылыстар мен обьект жайында толық және дәл ақпарат береді. Бұл білім сапасын арттырады, оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қанағаттандырады және жетілдіреді. Оқытудың көрнекіліктерін жетілдіреді, тіпті қол жеткізе алмайтын материалды пайдалануға мүмкіндік береді. Оқушылардың жұмыс істеуі қарқынды болады, оқу материалын оқып үйренуде жылдамдығын арттырады, сабақта және сабақтан тыс өз бетінше жұмыс істеуі үшін жұмыс көлемін ұлғайтады. Ағылшын тілін қазіргі заманғы интернет технологиялар арқылы оқытудың методикасы әлі қалыптасу кезеңінде. Ғылыми әдебиетте кең қолданылатын термин ол Интернет технология. Онымен ағылшын тілін оқыту методикасында ұқсас түрлерін, әдістерін, тәсілдерін Интернет желілерде ресурстарды пайдалануда түсінуге болады. Интернет желісіндегі ақпараттық ресурстар әр-түрлі тілдерде аудио-визуальды, мәтіндік материалдармен қамтамасыз етілген. Ақпараттандырудың қазіргі кезеңінде әрбір студент, оқытушы ақпараттық технологияларды тиімді қолдана білуі, интернет ғаламдық желісін пайдалана алуы тиіс. Бүкіләлемдік жүйенің кең мүмкіндіктерін қолдану арқылы студенттердің қарым-қатынас құзіреттілігі іс-әрекет барысында қалыптасады. Оқыту мазмұнының ғылыми негізін меңгеру іс-әрекет әдістерімен байланысты. Кез-келген іс-әрекет түрін меңгеруде оны психологиялық теориясымен орындау, әрекет ету кезінде байқалады. Мысалы, сөйлеу әрекетін оқушы шынайы қарым-қатынаста меңгереді. Оны компьютерлік телекоммуникация құрайды. Оқыту үдерісінде интернетті қолдану мынадай мақсаттарды шешеді: - сабақтың мазмұнын жүйеге қосуға, оқыту бағдарламаларын кіріктіруге; - жоба бойынша жұмыстарда өз бетінше мәліметтер іздеуге; - өз бетінше ағылшын тілін үйренуге және терең меңгеруге; - біліктілік емтихандарына өз бетінше дайындалып, тапсыруға; - шетел тілінде қарым қатынас жасаудың жаңа формасы ретінде; - білім, білік, дағдының арақашықтығын анықтауды; - оқытушының жетекшілігімен арнайы шетел тілінен қашықтықтан оқуға; Ағылшын тілін оқытудың негізгі мақсаты – коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыру, басқа мақсаттары (білім беру, тәрбиелік, жетілдіруші) осы негізгі мақсатты жүзеге асыру кезінде іске асады. Коммуникативті тіл табу білім алуда қатынаста және мәдениаралық қарым –қатынасын қалыптастыру қабілеттерін, яғни Интернеттің басты қызмет атқаратыны болып табылады. Қатынассыз Интернеттің мәні жоқ – бұл Халықаралық кросс мәдени қоғам, онда миллиондаған адамдар бір уақытта бір-бірімен электронды түрде қатынас жасай алады. Ағылшын тілі сабағында оған қосыла отырып, біз шынайы қарым қатынастың моделін құрастырамыз. Оқушылар интернетпен қатынас жасай отырып, тілдік ортада өмірлік жағдаяттарға тап болады. Алғашқысында олар түсінуге, мазмұнын және мағынасын айтуға көп көңіл бөледі. Интернетті білім алудың көмекші техникалық құралы екендігін және жетістіктерге жету үшін оны оқу үдерісінде сауатты қолдану керек екендігін ұмытпау керек. Ағылшын тілін үйренуде Интернет сөйлеу әрекетінде мүмкіншіліктер мен қабілеттерін қалыптастыруға көмектеседі. Сонымен қатар сөздер мен грамматиканы меңгеруде де тиімділігін көрсетеді. Интернет әлеуметтік және психологиялық ахуалдарын жетілдіреді. Олардың өздеріне деген сенімділіктері артады, ұжымда жұмыс істеу қабілеттіктері және де білім алуларына жағымды атмосфера құрады. Интернет қорларын қолдана отырып, оқу үдерісінде біраз дидактикалық тапсырмаларды ағылшын тілінде шешуге болады. Олар оқу қабілеттерін қалыптастырады, интернет желісіндегі дыбыстық аутентті мәтіндерді тыңдап, түсінуге тырысады монологты және диалогты сөйлеуде мәселелеік талқылауды үйренеді, реферат және шығарма жазуға, жазбаша жауап қайтаруға үйренеді, сөздік қорын дамытады, мәдени білімдерін толықтырады, тілін оқып жатқан елдің мәдениетімен, саясатымен және салт-дәстүрлерімен танысады. Коммуникативті технологиямен жұмыс істеген кезде оқытушының ролі ауысады, оның басты міндеті – оқушының жетілуіне және творчестволық ізденістеріне бағыт-бағдар беріп отырады. Оқушылар өз беттерімен көбірек ізденуге, білім алуға тырысады. Ағылшын тілін үйренуде интернет мүмкіндіктерін пайдалану студенттердің өз бетімен тіл меңгеріп, ізденуіне мол мүмкіндіктер береді. Интернетті тілдерді оқытуда қолданудың біраз себептері бар. Ең негізгісі интернетте қатынас жасаудың лингвистикалық табиғаты тілді үйренуде алға жылжу болып табылады. Келесі мүмкін болып табылатын себеп жазуға үйренуге жағдай жасайды. Үшінші мүмкін болатын себеп студенттердің қызығушылықтарын тудырады. Төртінші себеп студенттердің болашақтағы жетістіктеріне компьютерде жұмыс істеу қабілеттерін дамыту керек. Интернетті қолдану бізге мол мүмкіндіктер берсе де, студенттерге сабақ үстінде тапсырма бергенде көп бостандық берілмеуі керек және оқытушы жағынан бақылау болуы керек. Интернетті қолдануда қаржылық себеп, яғни шетел тілінде оқитын сыныптарда компьютердің және интернеттің жоқтығы, тағы бір себебі кейбір мұғалімдердің компьютерден үстірт білімдері бар. Оқытушының компьютерлік сауаттылығы болуы керек және компьютерде жұмыс істей алуы керек. Интернеттің ең басты ерекшелігі жаңа ақпараттар алуда және жаңа аутентті материалдардың көптігі, мысалы, жаңа оқиғалар, атақты адамдардың өмірінен қызықты деректер, қазіргі заманғы өлеңдердің сөздері, жарнамалар, мәзірлер, транспорт қозғалысының күнтізбесі, оқу-бағдарламалық бейнероликтер. Көптеген оқушылар тілді тасушылардың екі қабатты коттедж үйлерде тұрғанды қалайтындығын сондықтан «downstairs, upstairs» - (бірінші қабатта, үстінде) оларға тән екендігін, үйлердің айналасында қоршалған шарбақ болмайтындығын ‘hedge’ – ‘тірі шарбақ’ – яғни тал – шыбық және бұталар мұқият кесілген пайдаланатындығын немесе олар үйлерінің алдында көкке шығатындығын, онда онша танымал емес адамдар жиналып, ашық отта (barbeque) ет қуырады, ал қонақтар өздерімен бірге түскі ас (pot luckdinner) әкелетіндігін біле бермейді. Ал, келесі күні олар үй иелеріне алғыс хаттарын (thank you letters) жақсы уақыт өткізгендері үшін жібереді. How do you do біреумен бірінші рет амандасып отырса қолданылады. Hi, Hello – жақын туыстары мен достарына қолданылады. Интернет қорларын пайдалана отырып оқытуда жаңа педагогикалық технологияларға жатқызуға болады. Оны шетел тілін оқытуда қолдану оқушылардың танымдық белсенділіктерін жетілдіреді. Оқу үрдісі қызықты, тиімді өтеді. Ақпараттың сексен пайызы интернетте ағылшын тілінде енгізіледі, сондықтан ағылшын тілі сабақтарында интернетті пайдалана отырып оқу өзекті тақырып болады.


жүктеу 405,72 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   54




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау