Қашықтықтан оқытуды енгізудің негізгі артықшылықтары қандай?
Қарым-қатынас немесе оқу/білім алу/ үшін қолайлы құралдармен қамтамасыздандырылуы; топтық жұмыстар үшін үлкен мүмкіндіктердің болуы; оқытушымен тікелей байланыста болу; оқушылардың берілген білім базасына еркін кіру мүмкіндігі, кітапханалық каталогтар жəне басқа да ресурстарға қол жеткізулері; үй тапсырмаларын жылдам алуы жəне қайта жіберу мүмкіндігі; тікілей режимде тестілеуді өткізу мүмкіндігі жəне т.б көптеген мүмкіндіктер қашықтықтан оқыту формасында беріледі.
Ақпараттық технологиялардың дамуы сабақты өткізудің жаңа, өте пайдалы мүмкіндігін — оқытудың қашықтық формасын енгізуді ұсынады. Ол, біріншіден, білім алушының оқытуды өткізу уақытын жəне орнын таңдауға мүмкіндік береді, екіншіден, белгілі бір себептерге байланысты дəстүрлі білім алу мүмкіндігінен айрылған тұлғаларға білім алу мүмкіндігін береді, үшіншіден, оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолданады, төртіншіден, белгілі бір көлемде оқуға кететін шығынды азайтады.
Қашықтықтан оқытудың артықшылықтары: а) компьютерлік телекоммуникациялар оқу материалдарын тыңдаушыларға жылдам жеткізеді; ə) телеконференциялар арқылы нақты уақыт режимінде студенттердің мұғаліммен сұқбаттасуын ұйымдастыра алатын виртуалды сынып жасау мүмкіндігі туады; б) ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың барлық қуатын оқытуға да, əрі студенттермен кері байланыс жасауға да пайдалануға болады.
Қашықтықтықтан оқыту оқу үрдісінде студенттердің шығармашылық дағдыларының қалыптасуына, біліктілігін жетілдіруіне, талмай ізденуіне үлкен қозғаушы күш болып табылады. Себебі Web-сайт арқылы оқытушы дүниежүзілік əдістемелік жүйелермен танысады.
Қашықтықтан оқыту — білім ордасынан қашық тұратын студент жастардың оқу-танымдық іс- əрекеттерін ұйымдастыру технологиясы. Қашықтықтан оқыту оқытушы мен студенттің педагогикалық қарым-қатынастарының құралдары мен əдістері көмегімен жүзеге асырылады. Қашықтықтан оқытуда əр түрлі субъектілер қатысады. Қашықтықтан оқытатын педагог — негізгі оқытушы технологиялық нұсқау беруші, қашықтықтан оқытудың үйлестірушісі, оқу материалдарының əзірлеуші автор. Аталған қызметтік рольдерді бір ғана маман қатарынан атқара алады, қашықтықтан оқытушы педагог бір мезгілде курстық əзірлеушісі де бола алады, ал жергілікті үйлестіруші оқушылардың өзі де болады.
Достарыңызбен бөлісу: |