Ақмола облысы
Бурабай ауданы
Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі
Ошакбаева Гульзайра Култасовна математика, информатика мұғалімі
Операциялық жүйе тақырыбына арналған тапсырмалар
Амалдық жүйе (АЖ) – бұл құжаттармен амалдар орындауға арналған, сыртқы құрылғыларды және бағдарламаларды жүзеге асыратын бағдарламалар жиынтығы. АЖ бағдарламалар жүйесінің компьютердің мәліметтерді өңдеу жөніндегі бүкіл жұмысын, пайдаланушымен сұхбатты ұйымдастырады, компьютердің құрылғыларын және қор көздерін басқарады, мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді, пайдаланушымен бағдарламалар сұратуы бойынша түрлі қызметтерді атқарады және тағы басқа.
Амалдық жүйе болмаса, қазіргі заманғы компьютерлердің жабдықтары мен бағдарламаларына қатынасу мүлде мүмкін емес. Барлық аппараттық , сонымен қатар бағдарламалық жабдықтар пайдаланушыға тек амалдық жүйе арқылы ғана ұсынылады.
Адамның компьютермен қатынас жасау тәсілі қандай екенінің, оның оңай да тартымды болуының маңызы зор. Қатынас жасау тәсілі – пайдаланушымен сұхбатты ұйымдастыруға арналған бағдарламалық ортаның сыртқы көрінісі тілдесу (интерфейс) деп те аталады. Дербес компьютерлерде тілдесу әмірлік және терезелік екі түрін көруге болады.
Операциялық жүйе (Операционная система; operating system) — компьютердің барлық басты әрекеттерін (пернелер тақтасын, экранды, диск- жетектерді пайдалануды), сондай-ақ қатар операциялық жүйенің басқаруымен іске қосылатын басқа программалардың жұмысын басқаратын, көбінесе тұрақты сақтауыш құрылғыда тұратын, машиналық кодта жазылған программа. Алғашқы компьютерлердің операциялық жүйесі болған жоқ, себебі басқару программалары тек компьютердің нақты бір типіне арналып жазылды, бірақ шалғайлық жабдықтарға стандарттардың пайда болуымен, сан алуан компьютерлер үшін осындай жабдықпен әрекеттестіктің бірыңғай программаларын жазуға мүмкіндік туғызды. Операциялық жүйені жазудың екі жүйесі бар — тұрақты сақтауыш құрылғыға барлық жүйені жазу және қатқыл дискіден операциялық жүйенің қалған бөлігінің тек жүктеу программаларын ғана жазу. Мекемеде пайдаланылатын шағын компьютерлер, әдеттегідей,MS-DOS немесе ең соңғы OS/2 операциялық жүйесін пайдаланады. Ықшам машиналарда, дискжетектердің қажеттілігінен аулақ болу үшін, тұрақты сақтауыш құрылғыда жазылған операциялық жүйені пайдаланады. Миникомпьютерлерде UNIX немесе өте танымал емес жүйелерPICK немесе BOS (Ұлыбритания) сияқты операциялық жүйе пайдаланылады; сондай-ақ компьютердің нақты бір типіне арналып әзірленген операциялық жүйелер де кездеседі.
Операциялық жүйе, қыс. ОЖ - компьютерді басқаруға арналған және қолданбалы программалармен байланысы бар нақты программа. Операциялық жүйе – компьютер құрылғыларының үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырушы және түрлі командаларды орындауы арқылы пайдаланышының машина жұмысын басқаруына жеңілдік келтіруші жүйелік программалар. Оның негізгі қызметі – программалардың бір – бірімен және сыртқы құрылғылармен өзара әрекетін ұйымдастыру, оперативті жадты бөлу, компьютердің жұмыс істеу кезіндеқате жіберілу сияқты түрлі оқиғаларды анықтау, дискіні жұмыс істеуге дайындау, монитор мен принтердің жұмыс істеу режимдерін орнату, пайдаланушының программасын іске қосып, оны орындау т.б.. Яғни ОЖ – машина жұмысын басқаруға толық жеңілдік беретін жүйе. Ол осы үшін арналған иілгіш не қатты магниттік дискіге жазылып қойылады. Сондықтан ОЖ – ны дискілік операциялық жүйе ( ДОЖ, не DOS ) деп те атайды. Дербес компьютерлер үшін кең тараган оиерациялық жүйелерге МS (РС) DOS, Windows 95, Windows NT,OS/2,UNIX жатады,Дербес компьютерлерлерге арналған операциялық жүйелердің барлығы да тек бір адамдық болып табылады. Расында да екі адамның бір мезетге бір компьютерде жұмыс істеуін елестету қиын ғой. WINDOWS 95, WINDOWS NT, OS/2, UNIX көп мақсатты жүйелер болып саналады. Көп мақсаттылық — бір компьютерде бір уақытта қатарласа бірнеше есепті шығару мүмкіндігі немесе бірнеше әрекеттің қатар атқарылып жатуы. Мысалы, Сіз мәтін көшіріліп жатқан шақта ойнап та отыруыңызға боладь, өйткені бұл жұмыстарды әртүрлі қүрылғылар атқарады немесе ол қүрылғылардың жұмыс жылдамдығы адамның жылдамдығынан өте жоғары болып келеді. Көптеген ІВМ - үйлесімді компьютерлер дискілік МS DОS операциялық жүйесі мен көп терезелі WINDOWS графикалық операциялық жүйесін пайдаланады.Операциялық жүкелер көптеген функцияларды орыңдайды: информацияны дискіге жазу-оқуды жүзеге асырады, мәліметтер сақтауды ұйымдастырады, компьютер құрылғыларының өзара байланыста жұмыс істеуін, барлық қолданбалы программалар жұмысының орындалуын қамтамасыз етеді. Бұл жүйе ЭЕМ іске қосылғаннан кейін иілгіш не қатты дискіден алғашқы жүктелетін кещенді программа болып табылады. Белгілі бір қосымша қызмет атқаруға керекті программалар тобы утилиттер болып табылады. Оларға мысал ретінде антивирустік (вирустерге қарсы) программаларды, мәліметтерді архивтеу (кысу) программаларын, компыотердің: жұмыс істеу қабілетін (диагностика) тексеретін программаларды (тест ирограммалары) айтуға болады.
Сервистік программалар
Сервистік программалар — әрбір адамның операциялық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы.Қолданбалы программалар арқылы біздер өз есептерді шығарамыз. Мұндай программалар "қосымшалар" (приложения) деп те аталады. Қолданбалы программалар сан алуан, оларға қарапайым программадан бастап күрделі есептерді шығара алатътн қуатты мамандандырылған жүйелерді (мәтіндік продессор, графикалық редактор, баспаханалық жүйелер т.б.), ғылыми мөселелерге арналған және жалпы көпшілікке қызмет ету кешендерін де жатқызуға болады.
Жүйелік үзілісті ұйымдастыру
Мысалы, программаны орындау кезінде нөлге бөлу кездессе, ол оның мүмкін емес екенің хабарлап, машина жұмысын тоқтатады ; клавиатурадан символ терілсе, ол процессордың осының алдаңдағы ағымдық жұмысына үзіліс жасайды. BIOS – тың құрамында сыртқы құрылғылардың жұмысын басқару драйверлері де бар. BIO.COM (IBMIO.COM) – BIOS жүйесінің жұмысын ьолықтырушы бөлім. Ол сыртқы құрылғылар мен информацияны алмастырудың барлық операцияларын да орындайды. DOS.COM (IBMDOS.COM) – ның жұмысы – пайдаланушының программалары мен түрлі информацияны дискіге тиеу не одан оперативті есте сақтау құрылғысына ендіру, дискіде тиулі программаны жою және т.б.. Ол жад ұяшықтарымен орындалатын жұмыстарды да басқарады. COMMAND.COM – ның негізгі жұмысы – пайдаланушының программаларымен берілгендерді жадқа ендіру және өндеу. COMMAND.COM – ды командалық процессор деп те атайды. Ол ішкі не реззиденттікдеп аталатын түрлі командаларды да орындайды (DIR, COPY, REN, DELETE, CD, MD, RD, DATE, TIME, VER т.б..)
Операциялық жүйе компьютердің программалық құралдарының ажырамас бөлігі болып саналады. Әрбір адамға компьютердің барлық құрылғыларын басқару мүмкіншілігін беретін, сол себепті басқа программаларды аппаратурамен байланыс жасаудан босататын, компьютерде жұмыс істегісі келетін әрбір адамға өте қажет операциялық жүйенің алатын орны ерекше больш есептеледі.
Операциялық жүйе – компьютер құрылғыларының үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырушы және түрлі командаларды орындауы арқылы пайдаланушының машина жұмысын басқаруына жеңілдік келтіруші жүйелік бағдарламалар.
Операциялық жүйе құрамы. ОЖ құрылымы мынадай модульдерді құрайды: базалық модуль (ОЖ ядросы) – файлдық жүйелер мен программа жұмыстарын басқарады, оған жетуге жол ашады және шеткі құрылғылар арасында файл алмасу; командалық процессор – пернетақта арқылы түсетін қолданушының бұйрықтарын ашып оқиды және орындайды; шеткі құрылғылар драйверлері – осы құрылғылардың жұмысының процессормен келістілігін программалы қамтамасыз етеді; қосымша сервистік программалар (утилиттер) – қолданушының компьютермен байланыс үрдісін көпжақты әрі ыңғайлы етеді.
1. Операциялық жүйелер немесе системалар (ОС) – компьютердi басқаратын және құрылғыларды қолданбалы программалармен байланыстыратын программа.
Драйверлер – ОС жүйелерін сыртқы құрылғылармен (принтерлермен, магниттік дискілермен, пернетақтамен, "тышқан" тәрізді қолтетікпен, т.б.) байланыстыратын программалар тобы.
Утилиттер – ОС мүмкіндіктерін кеңейтіп, белгiлi бiр қосымша қызмет атқаруға керектi программалар тобы болып табылады және әрбiр адамның операциялық жүйемен жұмыс iстеуiн жеңiлдетеді.
2. Бақылау және диагностика құралдары компьютердiң жұмыс iстеу қабiлетiн (диагностика) тексеретiн программалар болып табылады, олар ақауы бар құрылғыларды анықтап, ол туралы экранға мәліметтер шығарады.
Программалау жүйелері немесе құралдық (инструменталдық) жабдықтар – басқа программалар және автоматтандырылған жүйелер жасау үшiн қолданылатын программалар мен программалық кешендер.
Оқушының аты-жөні : Сынып:
.............................................................. – бұл құжаттармен амалдар орындауға арналған, сыртқы құрылғыларды және бағдарламаларды жүзеге асыратын бағдарламалар жиынтығы.
............................................................. бағдарламалар жүйесінің компьютердің мәліметтерді өңдеу жөніндегі бүкіл жұмысын, ................................. сұхбатты ұйымдастырады, компьютердің ................................. және қор көздерін басқарады, мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді, пайдаланушымен .................................. сұратуы бойынша түрлі ............................. атқарады және тағы басқа.
................................... болмаса, қазіргі заманғы компьютерлердің жабдықтары мен бағдарламаларына қатынасу мүлде мүмкін емес. Барлық аппараттық , сонымен қатар бағдарламалық жабдықтар пайдаланушыға тек ................................ арқылы ғана ұсынылады.
Адамның компьютермен қатынас жасау тәсілі қандай екенінің, оның оңай да тартымды болуының маңызы зор. Қатынас жасау тәсілі – пайдаланушымен сұхбатты ұйымдастыруға арналған ........................... ортаның сыртқы көрінісі тілдесу (интерфейс) деп те аталады. Дербес компьютерлерде тілдесу әмірлік және терезелік екі түрін көруге болады.
....................................................... — компьютердің барлық басты әрекеттерін (пернелер тақтасын, экранды, диск- жетектерді пайдалануды), сондай-ақ қатар операциялық жүйенің басқаруымен іске қосылатын басқа программалардың жұмысын басқаратын, көбінесе тұрақты сақтауыш құрылғыда тұратын, машиналық кодта жазылған программа. Алғашқы компьютерлердің ................................................. болған жоқ, себебі басқару программалары тек компьютердің нақты бір типіне арналып жазылды, бірақ шалғайлық жабдықтарға стандарттардың пайда болуымен, сан алуан компьютерлер үшін осындай жабдықпен әрекеттестіктің бірыңғай программаларын жазуға мүмкіндік туғызды. ................................. жазудың екі жүйесі бар — тұрақты сақтауыш құрылғыға барлық жүйені жазу және қатқыл дискіден операциялық жүйенің қалған бөлігінің тек жүктеу программаларын ғана жазу. Мекемеде пайдаланылатын шағын компьютерлер, әдеттегідей,MS-DOS немесе ең соңғы OS/2 ......................... пайдаланады. Ықшам машиналарда, дискжетектердің қажеттілігінен аулақ болу үшін, тұрақты сақтауыш құрылғыда жазылған ..................................... пайдаланады. Миникомпьютерлерде UNIX немесе өте танымал емес жүйелерPICK немесе BOS (Ұлыбритания) сияқты .................................. пайдаланылады; сондай-ақ компьютердің нақты бір типіне арналып әзірленген ........................................ де кездеседі.
Оқушының аты-жөні : Сынып:
................................................ - компьютерді басқаруға арналған және ........................................ программалармен байланысы бар нақты программа. ............................. – компьютер құрылғыларының үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырушы және түрлі командаларды орындауы арқылы пайдаланышының машина жұмысын басқаруына жеңілдік келтіруші жүйелік программалар. Оның негізгі қызметі – программалардың бір – бірімен және сыртқы құрылғылармен өзара әрекетін ұйымдастыру, оперативті жадты бөлу, компьютердің жұмыс істеу кезіндеқате жіберілу сияқты түрлі оқиғаларды анықтау, дискіні жұмыс істеуге дайындау, монитор мен принтердің жұмыс істеу режимдерін орнату, пайдаланушының программасын іске қосып, оны орындау т.б.. Яғни ............................... – машина жұмысын басқаруға толық жеңілдік беретін жүйе. Ол осы үшін арналған иілгіш не қатты магниттік дискіге жазылып қойылады. Сондықтан .......................... – ны дискілік операциялық жүйе ( ДОЖ, не DOS ) деп те атайды. Дербес компьютерлер үшін кең тараган .............................................. МS (РС) DOS, Windows 95, Windows NT,OS/2,UNIX жатады, Дербес компьютерлерлерге арналған ............................................ барлығы да тек бір адамдық болып табылады. Расында да екі адамның бір мезетге бір компьютерде жұмыс істеуін елестету қиын ғой. WINDOWS 95, WINDOWS NT, OS/2, UNIX көп мақсатты жүйелер болып саналады. Көп мақсаттылық — бір компьютерде бір уақытта қатарласа бірнеше есепті шығару мүмкіндігі немесе бірнеше әрекеттің қатар атқарылып жатуы. Мысалы, Сіз мәтін көшіріліп жатқан шақта ойнап та отыруыңызға боладь, өйткені бұл жұмыстарды әртүрлі қүрылғылар атқарады немесе ол қүрылғылардың жұмыс жылдамдығы адамның жылдамдығынан өте жоғары болып келеді. Көптеген ІВМ - үйлесімді компьютерлер дискілік МS DОS операциялық жүйесі мен көп терезелі WINDOWS графикалық операциялық жүйесін пайдаланады. ...................................................... көптеген функцияларды орыңдайды: информацияны дискіге жазу-оқуды жүзеге асырады, мәліметтер сақтауды ұйымдастырады, компьютер құрылғыларының өзара байланыста жұмыс істеуін, барлық қолданбалы программалар жұмысының орындалуын қамтамасыз етеді. Бұл жүйе ЭЕМ іске қосылғаннан кейін иілгіш не қатты дискіден алғашқы жүктелетін кещенді программа болып табылады. Белгілі бір қосымша қызмет атқаруға керекті программалар тобы .......................... болып табылады. Оларға мысал ретінде .................................. программаларды, мәліметтерді ................................ программаларын, компыотердің: жұмыс істеу қабілетін (диагностика) тексеретін программаларды (тест программалары) айтуға болады.
Оқушының аты-жөні : Сынып:
Сервистік программалар
Сервистік программалар — әрбір адамның операциялық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы.Қолданбалы программалар арқылы біздер өз есептерді шығарамыз. Мұндай программалар "қосымшалар" (приложения) деп те аталады. .................................................... сан алуан, оларға қарапайым программадан бастап күрделі есептерді шығара алатътн қуатты мамандандырылған жүйелерді (мәтіндік продессор, графикалық редактор, баспаханалық жүйелер т.б.), ғылыми мөселелерге арналған және жалпы көпшілікке қызмет ету кешендерін де жатқызуға болады.
............................................... компьютердің программалық құралдарының ажырамас бөлігі болып саналады. Әрбір адамға компьютердің барлық құрылғыларын басқару мүмкіншілігін беретін, сол себепті басқа программаларды аппаратурамен байланыс жасаудан босататын, компьютерде жұмыс істегісі келетін әрбір адамға өте қажет. ................................................. алатын орны ерекше больш есептеледі.
................................................ – компьютер құрылғыларының үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырушы және түрлі командаларды орындауы арқылы пайдаланушының машина жұмысын басқаруына жеңілдік келтіруші жүйелік бағдарламалар. Операциялық жүйе құрамы. ОЖ құрылымы мынадай модульдерді құрайды: базалық модуль (ОЖ ядросы) – файлдық жүйелер мен программа жұмыстарын басқарады, оған жетуге жол ашады және шеткі құрылғылар арасында файл алмасу; ................................ процессор – пернетақта арқылы түсетін қолданушының бұйрықтарын ашып оқиды және орындайды; шеткі құрылғылар драйверлері – осы құрылғылардың жұмысының процессормен келістілігін программалы қамтамасыз етеді; қосымша сервистік программалар (утилиттер) – қолданушының компьютермен байланыс үрдісін көпжақты әрі ыңғайлы етеді.
...............................немесе системалар– компьютердi басқаратын және құрылғыларды қолданбалы программалармен байланыстыратын программа.
................................... – ОС жүйелерін сыртқы құрылғылармен (принтерлермен, магниттік дискілермен, пернетақтамен, "тышқан" тәрізді қолтетікпен, т.б.) байланыстыратын программалар тобы.
....................................... – ОС мүмкіндіктерін кеңейтіп, белгiлi бiр қосымша қызмет атқаруға керектi программалар тобы болып табылады және әрбiр адамның операциялық жүйемен жұмыс iстеуiн жеңiлдетеді.
....................................................... компьютердiң жұмыс iстеу қабiлетiн (диагностика) тексеретiн программалар болып табылады, олар ақауы бар құрылғыларды анықтап, ол туралы экранға мәліметтер шығарады.
Программалау жүйелері немесе құралдық (инструменталдық) жабдықтар – басқа программалар және автоматтандырылған жүйелер жасау үшiн қолданылатын программалар мен программалық кешендер.
Достарыңызбен бөлісу: |