Шет тілін оқытуда компьютерлік құралдарды оқушылардың тілдік дағдылары ретінде дамыту



жүктеу 405,72 Kb.
бет25/54
Дата22.01.2022
өлшемі405,72 Kb.
#34748
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   54
Шет тілін оқытуда компьютерлік құралдарды оқушылардың тілдік дағдылары ретінде дамыту. 2

(2 –ші алынған материалдар)

Мектеп оқушыларына ағылшын тілі пәнін қашықтықтан оқытудың тиімді тәсілдері.
Білім беру орындарында қашықтықтан оқытуға, оның ішінде білімді бағалаудың барлық түрлерін қашықтықтан жүргізуге ауыстыру –әлемді жайлап келе жатқан коронавирус індетінің таралуын тежеу үшін қабылданған нақты қадамдардың бірі екені бәрімізге мәлім.

Әлемде, оның ішінде біздің елімізде де коронавирус індетінің қаупі орын алған жағдайда қауіпсіздік шараларының бірі ретінде оқушыларға қашықтықтан сабақ беру шын мәнінде қажетті де маңызды шара. Осы ретте қашықтық оқытудың әдістері, проблемалары, нәтижелері мен болашағы туралы бағдарлар білім саласындағы әрбір маманды бей-жай қалдыра алмайды.

Онлаин сабақ мұғалімдердің де, оқушылардың да жауапкершілігін арттырып, білім беру талаптарын күшейтетіні сөзсіз. Шәкірттер қашықтық сабақ барысында бекітілген кесте бойынша оқуды жалғастырып жатыр, айырмашылығы – сабақтар қашықтық немесе онлаин режимде жүргізіледі.

Білім ордаларында –мұғалім мен оқушы арасындағы байланыс ретінде негізінен Күнделік.кз., Bilimland платформалары және кері байланыс ретінде Whatsapp мессенджері де қолданылады. Сынып жетекшісімен оқушылар қашықтықтан Microsoft Teams, Classroom, Zoom платформалары арқылы онлаин режимде жүздеседі.

Оқушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып, осы платформалардан мұғалімдер кідіріссіз онлайн оқыту режиминде сабақ беріп жатыр. Сабақ барысында олар жаңа тақырыпты тыңдап, талқылайды, практикалық тапсырмаларды орындайды, пікір алмасып, жауап береді, жазбаша жұмыстарын жібереді. Мұндай формат сабақ сапасын да жоғары деңгейге көтереді, өйткені әрбір сабақтың үдерісі шәкірттің де, мұғалімнің де жауапкершілігін арттырады. Қашықтықтан оқыту бастапқы кезеңінде мұғалімдердің жүктемесін айтарлықтай өсірді. Сандық оқу контентін дайындау, білім алушылардың жетістіктерін қадағалау, оқушылармен тұрақты коллобарация жасау, сандық және кәсіби дағдыларды жетілдіру- сабақ берудегі негізгі бағдарлар болмақ. Бұл бағытта мұғалімнің рөлі мен қызметіне, кәсіби шеберлігіне талаптар күшейді. Олар оқытудың жаңа әдістемесін дайындап қана қоймай, «қашықтықтағы» сыныпты біліктілігімен, іскерлігімен, шешендік өнерімен баурай білуі тиіс. Бүгінгі күні сынып жетекшілер бекітілген сыныпты қашықтықтан және онлайн-режимде басқарып, оқушылардың ата-аналарымен тығыз байланыста. Әр әдістемелік бірлестік мұғалімдері өз ұйымдастыру шеберлігін көрсетіп, сабаққа қызықты, мазмұнды, тапсырмалар дайындап, оқушылардың білімін обьективті бағалап, алған бағаларын қойып, кері байланысты уақытында беріп отыруға тырысып жатыр. Бұның бәрі мұғалімге үлкен жауапкершілік жүктейтін міндеттемелер.

Мұғалімдер оқу тапсырмалары мен оларға сілтемелерді алдын ала дайындап қояды. Ал, бейне контенттер оқушылар үшін қолжетімді. Teams, Zoom және т.б бағдарламалары арқылы тақырып зерделенеді,сол арқылы сыныппен «жанды» қарым-қатынас, байланыс орнатылады. Бұдан басқа нұсқаларда оқушы пән бойынша мәтіндерді оқулықтан оқып, оффлайн орындайтын практикалық тапсырмаларды жұмыс дәптеріне жазып,фотосын мұғалімге жібереді немесе онлайн сабақ барысында тікелей жауап береді.

Жалпы, бүгінгі күні қолда бар қашықтықтан және онлайн оқыту жүйелері мұғалім мен оқушылар арасында тығыз байланыс орнықтыруға мүмкіндік береді, әрі нақты білім беру үдерісін қамтамасыз етеді.

Ағылшын тілін онлайн оқытудың оңтайлы тәсілдері қандай? Тілді қай сервис арқылы үйреткен тиімді уақытты қалай жоспарлау керек? Тілді толық меңгеру үшін жазу, сөйлеу, естігенді ұғу және оқып түсіну қабілеттерін меңгеру қажет. Бұларды онлайн оқытудың әртүрлі тәсілі бар.

Қашықтықтан оқыту кезінде балалар үшін қолайлы жағдайлар жасауға болатыны туралы айтсақ, мұғалімдер үшін оқыту форматын қалай тиімді ұйымдастыруға болатыны туралы бірнеше нұсқаулықтарды келтірейік:


  1. Оқушылардың телесабақтарды қарап шығуын ұсыну. Телесабақтар арнайы бекітілген, барлық мектептерге ортақ жоспардағы тақырыптар негізінде жүргізілетіндіктен оқушы жаңа тақырып бойынша бағыт-бағдар алады. Ал сабақтарды көріп болғаннан соң, жаңа тақырып бойынша бекіту тапсырмаларын орындай алады.

  2. Қосымша тапсырмалардың нақты орындалу мерзімін көрсетіңіз. Қашықтықтан оқыту кезінде көптеген оқушылардың техникалық мүмкіндіктері болмауы әбден мүмкін, алайда, белгілі бір уақытқа орындалған жұмыстың жауапкершілігі де артатынын естен шығармаған жөн.

  3. Қайталау сабақтары кезінде тақырыпқа сәйкес қызықты әрі танымдық тапсырмаларды ұсынып көріңіз.

  4. Баланың психологиялық көңіл күйіне мән беріңіз. Енді мектеп партасында отырып тақтаға емес, ұялы телефонға үңілген оқушының сабақтан тыс басқа да ақпараттарға ойы бөлінуі де күтілетін жағдай. Қашықтықтан әрине баланың жай-күйін, психоэмоциялық жағдайын аңғару қиын. Мұндай жағдайда ата-анамен де тығыз қарым-қатынас орната білу аса маңызды.

  5. Онлайн сабақты өткізу форматын нақтылаңыз. Қандай да бір сапалы білім беру ресурстарына тоқталып, басқа материалдармен араластырмауға тырысыңыз. Бұл сіз үшін де, оқушы үшін де тиімді болмақ. Себебі, оқыту әдістерінің немесе ресурстарының әр түрлі болуы баланы шатастыруы мүмкін.

Қашықтықтан оқытудағы оқу қызметінің басты элементі – өз бетімен жұмыс істей білу. Ал ерекшелігі – тіл үйрену үшін қалай болғанда да, тапсырманы өз бетімен орындайды және кез келген сәтте мұғалімнен қажет көмегін ала алады.


жүктеу 405,72 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   54




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау