Шетел тілі сабағында қолданылатын ойын түрлері
Шетел тілі сабағында қолданылатын ойын түрлерін оқушылардың білім деңгейіне қарап пайдалануға болады. Төменгі сынып оқушыларына тиімді болу үшін өте жақсы дайындалған оқушы көмектесуге болады. Қабілеті жоғары оқушы «әділ қазы» ролін атқаруға болады. Ойынды тиімді пайдалануға тырысу керек.
1-ойын: Бұл ойын оқушының әрбір зат есімнің пайдалану сапасына тиімді. Әр түрлі сөз тіркестерімен қалай жұмыс істеуге болады, сол үшін пайдалануға болады.
Ағылшын тілі сабағында рефлексия түрлерін қолдану.
Қазақстанның білім беру саласындағы өзгерістер ағылшын тілін үйретуде де жаңа әдістемелерді қажет етеді. Ең бастысы сабақ жүргізудің парадигмасы (сабақтың өту құрылымы) өзгерді. Ең басты өзгеріс тілді үйрету ғана емес, ол тілді жетік меңгеріп, қарым қатынас құралы ретінде пайдалана білу, оның коммуникативтік құзіреттілігінде. Ол үшін мұғалім жаңа әдістерді пайдаланып, өз іс әрекетіне өзіндік талдау жасап, шығармашылық қабілетін жетілдіре отырып, өз білімін жетілдірумен айналысу керек.
Рефлексия қазіргі заман мұғалімінің кәсіби біліктілігі мен педагогикалық құзыреттілігінің негізгі компоненттерінің бір болып саналады.
Рефлексия сөзі латын тілінен кірген reflexio – кейінгі айналым мағынасын білдіреді. Бұл терминді Джон Локи 17 ғасырда берген. «Рефлексия – адамның өз істерінің мәнін түсіну, олар туралы ойлану барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі немесе өзі әрекет барысында басшылыққа алған ережелер мен кестелерді мойындауы не жоққа шығаруы». Өзін өзі дамытумен қатар индивидтің жан мен тән үйлесіміне сәйкес өз ойын жинақтау қабілетін бейнелейтін рефлексия ұғымы пайда болды. Жаңа дәуір философиялық идеяларын «өзіндік» және «мен» ұғымдарына бағытталады. Жаңа құндылық – адамның өзіндік «мен» құндылығы пайда болды. Бұдан басқа да рефлексия жайында айтылған философиялық ойлар негізінен «адамның өзіне бағытталған зерттеу жұмысы», «өзіңнің ақылың мен рухыңды өзіңнің бақылауың» дегенге келіп саяды.
Н.В. Кузьмина адам өзін-өзі іске қосу барысында дамытуға мүмкіндік алады, ол үшін әр түрлі дереккөздерден алынған білімді жинақтау, оларды тәжірибеде қолдану үшін жүйеге келтіру, «кері байланысты» жүзеге асыру сияқты әрекеттер жасайтынына тоқталады. Н.Б. Ковалева және И.Н. Семенов кәсіби шығармашылықтағы рефлексияның роліне байланысты оны әр түрлі кәсіби позицияларға өтудегі икемділік деп есептейді. Білім – бұл мұғалім мен оқушының субьективтік – обьективтік әрекет жолдарымен мақсатқа жетуді көздеген педагогикалық процесс жүрісі. Адамның тұлғалық дәрежеге жетуі оның қоғам мұраттарына сай қалыптасуы педагогикалық процестен тыс іске асуы мүмкін емес. Қаншалықты кең тараса да, бір қарағанға тұрақты болып көрінгенімен, «білім» түсінігі көп мәнділігімен ерекшеленеді. Әдетте бұл термин мазмұны жағынан келесідей түсініктемелерге ие болуы мүмкін: білім – жалпы адамзаттық құбылыс; білім – әлеуметтік мәдени мұра; білім – жүйе; білім – педагогикалық процесс; білім – нәтиже. Бүгінгі таңда дүние жүзінде білімнің әлеуметтік ролі артып, адамның болашағы оның алған білімінің сапасына, ойлау деңгейіне байланысты болып отыр. Осы тұрғыда жаңа технологияның тиімді әдіс- тәсілдерін жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып қоршаған ортаны қорғауға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу – ұстаздардың басты міндеті болмақ. Ол үшін әрбір ұстаз үнемі шеберлігін арттырып отырмаса, оқушы деңгейінің дамуы төмендейді. Осының бәрі бір күннің іс әрекеті емес, оған көп уақыт ізденіс қажет.
Қазіргі қоғамымызда белгілі бір жетістіктерге қол жеткізу үшін алған білімнің сапалы да жүйелі болғаны дұрыс. Сондықтан білім беруші мұғалімге де, білім алушы оқушыға да ізденіс пен шығармашылықта жұмыстану талап етіледі. Мұғалімдер үнемі даму үстінде болып, өз идеяларын оқытудың барысында жаңашылдықпен жетілдіріп отырғаны дұрыс. Ал жаңашылдықтың артуына байланысты рефлексияның педагогикадағы алатын орнының мәні артып отыр.
Өзін өзі дамытумен қатар индивидтің жан мен тән үйлесіміне сәйкес өз ойын жинақтау қабілетін бейнелейтін рефлексия ұғымы пайда болды. (Р.Декарт, Д.Локк). жаңа дәуір философиялық идеялары «өзіндік» және «Мен» ұғымдарына бағытталады. Жаңа құндылық - адамның «мен» құндылығы пайда болды.
Рефлексия адамды – адамды, білімді дамытудың шарттарының бірі. Сондықтан бұл қазіргі кездегі білім саласындағы көкейтесті мәселелер қатарына жатады. Рефлексияның мәні – адамның өзінің білімін, білімінің негізін, оларды меңгерудің жолдарын анықтау.
Рефлексивтік іс-әрекет оқушыға өзіндік талдау кезінде ғана байқалатын өзіндік жеке дара ерекшеліктерін тануға мүмкіндік туғызады. Білімді саналы түрде өзіндік қорыту, яғни рефлексия нәтижесінде ғана жүзеге асады. Рефлексия нәтижесі дегеніміз – міндеттерді шешу тәсілдерін түсіну. Рефлексияның қай түрі болмасын мақсатпен тікелей байланысты.
Шығармашылық рефлексия – мақсатқа жету нәтижесі, қорытынды ғана емес жаңа білім мен жаңа мақсаттарға бастама бола алады.
Сонымен, шығармашылық рефлексия – жеке тұлғалық құндылық сапаларын қалыптастыруда және өзіндік даму бағытын айқындауда, оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруға бағытталған шығармашылық іс – әрекетте ішкі жан дүниесі ресурстары арқылы ой қорытуы.
Рефлексиялық танымдық дағдылар субьектілердің өзіндік басқару қабілеттерін дамытуға, өз әрекеттерінің (танымдық, білімдік, қарым-қатынастық) нәтижелі болуына, олардың өз жауапкершілігін арттыруға бағытталады. Оның мазмұны баланың өз іс-әрекеттерінің субьектісі ретіндегі өз көзқарасын қалыптастыру: өзіндік тұжырым жасай алу, өзін өзі бағалау, өзіне сенім қалыптастыру арқылы өзіндік таным, өзіндік қажеттіліктерді айқындау, өз мүмкіндіктерін пайдалану әрекеттерінде жүзеге асады.
Мұғалімнің рефлексиялық қызметінің мақсаты:педагогикалық әрекеттің негізгі компоненттерін есіне түсіріп, олардың мәнін, алынған нәтиженің «дұрыс» не «бұрыс» болғанын дәлелдей алу, қолданылған әдіс пен құралдардың тиімді не тиімсіз болғанына байланысты өзіндік көзқарасын білдіру, орындалып өткен әрекеттің нәтижесін зерттеу. Тек сонда ғана алдағы жұмыстарда дұрыс мақсат қойып, алға қарай шығармашылықпен жылжудың жобасын жасау мүмкін болады.
Көрнекті ғалымдар Ш.А.Амонашвили, В.И. Загвязинский т.б педагогикалық рефлексияны жаңаша ойлау стиліне жатқызады. В.А. Кан-Калик, А.В.Мурдик т.б маманның педагогикалық әрекетке дайындығының құрамына даралық, шығармашылық авторлық ізденістер мен қатар жетілген педагогикалық рефлексияны да жатқызады. «Рефлексия – адамның өз істерінің мәнін түсіну, олар туралы ойлану барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі немесе өзі әрекет барысында басшылыққа алған ережелер мен кестелерді мойындауы не жоққа шығаруы»
Рефлексиялық мәдениеті қалыптасқан адам өзінің тұлғалық және кәсіби стереотиптерін шығармашылықпен өзгерте алады. Бұл- өзіндік сана, өзін өзі ұйымдастыру, өзін-өзі талдау, өзін-өзі іске қосу, өзін өзі бағалау сияқты кәсіби мәнді сапалармен сипатталады. Рефлексиялық қабілеті дамыған ұстаз өз оқушыларын да осы сапаны дамытуды, дарытуды әсте есінен шығармайды. Қазіргі білімдік мақсаттарға сай білім алушыны рефлексия жасауға дағдыландыру мұғалімнің басты міндеттерінің бірі болғандықтан, ол сабақтың да негізгі компоненттерінің бірі болуы тиіс. Сабақ барысында мұғалім де оқушылар да рефлексия жасауды үйренеді. Рефлексия деген өз жұмысына талдау жасау. Осы жерде ұлы данышпан Абай қарасөздерімен үндестікті көре аламыз. «Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәрте, не болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал!» деген, біз өзімізге есеп бере отырып, іштей кемшілігімізді мойындаймыз, ол кемшіліктің кету себебін бірге іздейміз. Педагогикалық практикада қолдануға болатын мысалдар келтіре кетсек: бастауыш сынып оқушылары өзі жасаған әрекеттеріне ауызша баға беру, суреттер салу түрінде, ал орта және жоғары сынып оқушылары сабақтарда кестелер, диаграммалар, сауалнамалар толтыру, эссе жазу сияқты рефлексивти жұмыс түрлерімен айналыса алады. Оқушыларды рефлексия жасауға үйретуде мәселенің психологиялық жағына мән беру тиімді.
Мұғалімнің басты міндеті:
Оқушының өткізген күні немесе істеген жұмысы жайлы айтқысы, ойымен бөліскісі келетіндей психологиялық ахуал жасау. Әсіресе баланың өзі жасаған әрекеттеріне байланысты басынан өткен сезімдерін қайта оралта алуы, ол жайлы қағазға түсіруі немесе басқаша суреттеуі ерекше жағдайды талап етеді. Сонымен рефлексия – көп қырлы, кіріккен әрекет. Алдағы жұмыстарда ондай кемшілікті жібермеуге тырысамыз. Рефлексияның тиімділігін атап көрсетер болсақ, оқушы үшін:
*Рефлексия – оқушыны өз - өзіне есеп беруге баулиды.
*Рефлексия арқылы оқушының қажеттілігін біле аламыз.
*Рефлексия арқылы оқушының өзіндік көзқарасы қалыптасады.
*Рефлексия арқылы білім беру барысының сапасын жақсартуға болады.
*Рефлексияның нәтижесінде сыни көзқарас қалыптасады.
*Өз өзіне баға бере алады.
*Білім алуға деген қызығушылық жоғарылайды.
Мұғалім үшін:
*Ақпаратпен күнделікті жұмыс.
*Шығармашылыққа деген ынта-жігері.
*Әрбір оқушының пікіріне құлақ түру.
*Пәндік білім сапасының артуы.
*Өзіндік сынның қалыптасуы.
*Сыни ойлауға жетелеу.
Мұғалімнің кәсіптік даму бағдарламасына іздеу, зерттеу қызметінің мүмкіндіктері жатады. Педагогикалық қызметті талдау барысында теориялық білім алудың, диагностика мен өзіндік диагностиканы игерудің қажеттілігі туады.
Мысалдар келтіре кетсек: бастауыш сынып оқушылары өзі жасаған әрекеттеріне баға беру, суреттер салу түрінде, кестелер, диаграммалар, сауалнамалар толтыру, эссе жазу сияқты рефлексивті жұмыс түрлерімен айналыса алады. Онда оқушылар алған білімдеріне, тапсырмаларына қорытынды жасап, пікір айтуға дағдыланады, ойын ортаға салады. Нәтижесінде оқушылар өз өздерін реттейді. Жүйелі сөйлеуге, ойын ашық жеткізе білуге, талдау жасауға үйренеді. Сабақтың жақсы не жаман, мағыналы не мағынасыз, көңілді не көңілсіз өтуіне байланысты оқушылар эмоцияларын білдіріп отырды. Осыдан мұғалім өзіне қорытынды жасауына, өзіне баға беруіне болады.
2.2. Оқушылардың ой-өрісінің дамуы оқу үрдісі кезінде болады, ол оқушының өз бетімен білімін толықтыруы мен өзін-өзі дамытуды қамтиды, бұл екеуі де рефлексиясыз жүзеге асуы мүмкін емес. Білімді саналы түрде меңгеру және белсенді болу дамыта отырып оқытудың негізгі қағидаларының бірі. Оқушы білім алудың мақсатын саналы түрде түсінсе ғана белсенді болады.
Рефлексияны әр түрлі жүзеге асыруға болады, сабақтың соңында, сабақ этаптарының арасында, тарау соңында. Ол ақырындап оқушының ішкі рефлексиясына ұласу керек.
Рефлексияның төмендегідей түрлері бар:
-Оқу материалының мазмұнының рефлексиясы.
-Көңіл-күй және эмоционалдық жағдайдың рефлексиясы.
-Іс-әрекет рефлексиясы.
Рефлексияның бұл түрлерін жеке, топтық, жұптық түрде өткізуге болады.
Төменде бірнеше мысалдар келтірейік:
Достарыңызбен бөлісу: |