ІV. Бақылай –бағалау рефлексиясы.
Оқушылардың бірін-бірі, өзін-өзі бағалауға негізделген, бұл тәсілдің мақсаты өзін және құрбыларын әділ бағалауға үйрету.
Evaluation card
Me neighbor group class teacher
Бұл тәсіл сын тұрғысынан оқыту әдісінің элементі болып табылады.
Рефлексия адамның негізгі үш қасиетін өз бетімен білім алу, шешім қабылдай білу, бақталастыққа түсе білуін қалыптастырады, бұл XXI ғасыр талабы.
Біздің мамандығымыз жаңа ойларды, тәсілдерді үнемі қажет етіп отырады. Сондықтан рефлексия жаңа заманға сай талапкерлерді қалыптастырып, қабілеттерін дамытатын жолдың бірі. Бала ойлауға, сөйлеуге, өзін-өзі дамытуға еркін қол жеткізе алады.
Қорытынды.
Оқушылардың әрекеті – зерттеушілік әрекет болу үшін мұғалім нақты мақсаттар қоя білуі керек, оқушыларға ғылыми зерттеудің әдістерін, формаларын, принциптерін, нені ашу керектігін, қандай әдіс арқылы, қандай нәтиже алу керектігін үйренуге жетелеу. Танымдық әрекет шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл – ой әрекеті. Танымдылығы мықты балада өзіндік мақсат, нәтиже болады. Яғни, қазіргі заманғы сындарлы оқытудың талабы оқушы бойында «мен» болуы. Оқушының адами әлеуетінің өсуі. Өзін өзі немесе «Менін» көрсетудің бір жолы – оқу екендігі және оның басты мақсат екендігін Маслоудың пікірінен аңғаруға болады. «Мен» тұжырымдамасы төңірегінде Маслоу мен Роджерс өздерінше түсінік берді. Нәтижесінде «Мен» тұжырымдамасы бізді алға жылжытатын және біздің мінез- құлықтарымызды бағыттайтын, өзін-өзі реттеуге жетелейтін әлеуметтік стимул екендігі айтылған. Осы сындарлы оқытудың жүйелі жүзеге асуының нәтижесінде заман талабына сай білімді ұрпақ қалыптастыру мүмкіндігі жеткілікті болады. Ғұлама ғалым әл-Фараби «Адам мақсатына өзін өзі жетілдіру арқылы жетеді және адамның басына қонған бақтың тұрақты болуы жақсы мінез – құлыққа байланысты» деп ой түйген екен. Ғалымның бұл пікірі оқушы мен мұғалімге тікелей қатысты деуге болады. Шынымен де, мұғалімнің жақсы мінез құлқы оқушыға дариды және әсер етеді.
Сонымен рефлексия – көп қырлы, кіріккен әрекет. Бұл әрекет психологиялық тұрғыда адамның психикалық қызметінің өзгеруіне ықпал етсе, педагогикада мұғалімнің кәсіби әрекетін жоғары шығармашылық деңгейде жүргізуіне негіз болады.
Мұғалім оны оқыту үрдісінде, қолданған әдіс –тәсілдерінің барысында және іс-әрекетінің нәтижесінде байқатуы мүмкін. Оқу барысында оқушы оны бойына сіңіреді. Егер оқушыда жақсы мінез – құлық болса, ол онда өзінің оқудағы жетістігін тұрақты ұстап тұра алады және өзін өзі жетілдіреді. Яғни, нәтижелі оқу жақсы мінез- құлыққа тікелей байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |