Тұрғындар саябақтар мен қаладан тыс аумақтардажағымды ауа-райымен рахаттанып, көшеде немесе қоғамдық жерлерде сөзсіз үлкен көлемде қоқыс қалтырады. Бәрінен жие бұл әртүрлі сусындардан босаған бос бөтелкелер. Осындайды болдырмау үшін жыл ауданда сайын «Анти-сброс» ақиясы өткізіледі.
«Табиғатты және өзіңді сақта» деген жазулары бар тақталар Уба өз. қалалық жағалауында, шөл аумақтар жанында орналасқан аудандарда, қала сыртындағы жолдарда орнатылды. Акцияға Шемонаиха колледжінің оқушылары, ЖҚБ волонтерлері, Жастар Орталығы қатысты.
Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері жастарды өз туған өлкелерінің тазалығына үлес қосуға шақырады.
«Шырша, өмір сүр!» акциясы дәстүрлі экологиялық акциялардың біріболып табылады. Жаңа жыл мерекелерінің қарсаңында тірі ағаш композиция көрмесін өткізу жылдық дәстүр болып саналады. Мектеп оқушылары, студенттер, олардың мұғалімдері және ата-аналары осындай композициялардың белсенді қатысушылары болды. Ең жақсы жұмысты таңдау оңай емес тапсырма болды, барлық ұсынылған жұмыстар мақтанышқа және қадірге лайықты болды. Қолдан жасалған бұйымдар арасында кәдімгі жаңа жылдық жылтырақ ағаштар да ерекше материалдардан жасалған түпнұсқалық даналар да болды.
Ең жақсы шыршаны анықтауға арналған экологиялық шығармашылық байқауының қорытындысы бойынша ең үздік жұмыстар анықталды. Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің 7 «А» сынып оқушылары жеңімпаз болды, олардың сынып жетекшісі Степанова Елена Николаевна. Балалар бүршіктен ерекше шырша жасаған. Екінші орынды Гуманитарлық–Техникалық колледж студенттері алды, олардың «Жаңа жылғы сиқыр» композициясы әсемдік пен сонылықпен қуантты. Үшінші орын «ШҚО ББ Шемонаиха колледжі» КММ студенті Александра Абакумоваға берілді, ол шыршаны газет сабандарынан орындады. Барлық жастар грамоталар мен естелік сыйлықтармен марапатталды.
Іс-шаралар туралы толығырақ ВКонтакте, Одноклассники атты әлеуметтік желілерде білуге болады, сондай-ақ youtubeарнасында «Шемонаиха қаласында жасалған» бірыңғай атпен бейнероликтер көруге болады.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесіп жүргізілетінжұмысқа орналастыруға жәрдемдесу және кәсіптік бағдар беру жұмысыжастармен жұмысжүргізудің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.
Бір жыл ішінде Шемонаиха колледжі менГуманитарлық-техникалық колледжінің негізінде колледж оқушылары мен түлектерін жұмысқа орналастыру жөніндегі студенттік сұхбаттық аландары ұйымдастырылды. Студенттерге осы саладағы мемлекеттік органдардың жұмысы туралы, жұмысқа орналастыру бағдарламалары мен жастарды уақытша жұмыспен қамту туралы ақпарат беру. Жұмыс тәжірибесін жинау, уақытша жұмыстарға қатысқанда және «Жастар тәжірибесін» өткенде қосымша табыс алу секілді жағымды жақтар туралы айтылды.
«Мемлекеттік жастар саясаты туралы заңнаманы сақтау саласындағы заңдылықтың жай-күйі туралы» Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасы алқасының 31.10.2016 жылғы №7 кеңейтілген отырысының ұсынымына сәйкес, аудан бойынша жұмыссыз, соның ішінде есепке алынбаған жастардың нақты санын орнатуға шаралар қолданылды. Нәтижесінде жастардың жалпы санынан (8237 адам) –Шемонаиха ауданының жұмыспен қамту орталығында жұмыссыздық бойынша есепке алынған 61 адам және 298 есепке алынбаған, жұмыссыз тұлға анықталды. Анықталған жұмыссыз тұлғаларды есепке алу жұмысы жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ, облыс прокуратурасының тапсырмасын орындау мақсатында, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» атты бағдарламасы аясында 2017 жылдың қаңтар айынан бастап ауылдық округтердің жұмыссыз жастары санынан ауылдық округтардың жастар саясаты саласындағы мамандары ретінде жұмысқа орналастырылатын тұлғалар (әрбір ауылдық округтың жергілікті белсенді тұрғындары санынан 1 адамнан) анықталды.
Жастар істері жөніндегі кеңес қызметі ведомствоаралық қарым-қатынас үшін алаңша және бас механизм болып табылады. Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 224 қаулымен Шемонаиха ауданы әкімдігінің жанындағы Жастар істері жөніндегі кеңес туралы ереже жаңа редакцияда бекітілді, оның құрамы жаңартылды. Отырыстар бекітілген жоспар шеңберінде өткізіледі, олардың барысында ауданда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру жөніндегі ең өзекті сұрақтар қарастырылады, сәйкес хаттамалық шешімдер қабылданады. Ағымдағы жылы бекітілген жоспар шеңберінде Кеңестің 4 отырысы өтті, олардың барысында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру жөніндегі ең өзекті сұрақтар қарастырылады, соның ішінде жастарды жұмыспен қамту сұрақтары; жастар кәсіпкерлігінің дамуына қолдау көрсету;жасөспірімдік қылмыс жағдайы, кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу; АИТВ/ЖИТС-менауру-сырқаудың азаюыбойынша алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру сұрақтары; республикалық жоба аясында қызмет дамыту: Шемонаиха ауданы – жастарға мейірімді мекен. Отырыстар нәтижелері бойынша сәйкес хаттамалық шешімдер қабылданады.
Тұтас алғанда жыл басынан бері, 12 ай қорытындысы бойынша, 147 144 адам қамтылуымен 5012 қоғамдық – саяси және әлеуметтік – маңызды аудандық іс-шаралар өткізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |