Менің атаулы ағашым» экологиялық акциясы аясында жалпы орта білім беру мекемелерінің түлектері мектеп маңындағы өз телімдеріне көшеттер егеді. Жастар ресурстық орталығы және «Жас Отан» жастар қанаты демеуімен биыл мектептер жанындағы телімдерде қайын мен шыршалардың 120 көшеттері егілді. 
26 сәуір күні, Чернобыль АЭС-да орын алған апатқа 30–жыл болған күні Ауған соғысының интернационалист-жауынгерлері, Жастар ресурстық орталығының белсенділері, студенттер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері және кезкелген бастамашы азаматтар қатысуменшырша мен қайың көшеттері отырғызылды. Көшеттермен Верх-Уба орман шаруашылығы қамтамасыз етті.
Ұқсас іс-шара Ішкі істер бөлімінің басшылығымен күзгі уақытта да өткізілді, аудандық ардагерлер кеңесіменколледж студенттері А.Иванов атындағы саябақта шетен көшеттерін екті.
Осы іс-шараларға 200-ден астам адам қатысты, 150-ден астам жас ағаштар егілді.
Достарыңызбен бөлісу: |