5-ақпан 2016ж. «Shakhmardan Yessenov Foundation» ғылыми-білім беру қорының



жүктеу 75,64 Kb.
Дата14.05.2018
өлшемі75,64 Kb.
#12786
түріБағдарламасы


БЕКІТЕМІН

«Shakhmardan Yessenov Foundation»

ғылыми-білім беру Қорының

Атқарушы директоры
______________Малишева А.Т.

5-ақпан 2016ж.

«Shakhmardan Yessenov Foundation» ғылыми-білім беру қорының

«Қытайдың инновациялық кәсіпорындарында тағылымдама» бағдарламасы туралы ереже
І Жалпы ереже

1.1. Бұдан әрі Қор деп аталатын «Shakhmardan Yessenov Foundation» ғылыми-білім беру қорының «Қытайдың инновациялық кәсіпорындарында тағылымдамадан өту» бағдарламасы (бұдан әрі Бағдарлама) ақпараттық технология, робототехника саласында студенттердің оқу, ғылыми, қоғамдық қызметте ынталандыруға және студенттер мен мамандардың жоғарыда көрсетілген салаларда кәсіби машықтарын дамытуға, сонымен қатар қазақстандық стартаптарды қолдауға бағытталған.


1.2. Бағдарлама мақсаты – үздік қазақстандық мамандарды қолдау және қазіргі қоғам талап ететін біліктіліктерді дамыту арқылы Қазақстан Республикасында ақпарттық технологиялар және робототехника саласын дамытуға көмектесу.
1.3. Ережедегі «демеушілік көмек» терминінің мағынасы бағдарлама қатысушысына тағылымдама орнына ұшу, панажай және де тамақтану шығындарына, қажет жағдайда тағылымдамаға жіберілген жеңімпаздар тобына аудармашы жалдауға 3 (үш) ай көлемінде төленетін ақшалай төлем табылады. Байқауға қатысушылар қатарынан Байқаудың жеңімпазы ретінде тек 5 (бес) үміткер іріктеліп алынады.
1.4. Жеңімпаздар ашық байқау негізінде іріктелініп алынады. Байқау жылына бір рет өткізіледі.
ІІ Бағдарлама қатысушыларына қойылатын талаптар

2.1. Бағдарламаға жас жағынан шектеусіз ҚР-ның азаматтары, ақпараттық технологияларға қатысы бар салада еңбек етіп жатқан мамандар, сонымен қатар бакалавриат және магистратураның студенттері қатыса алады.


2.2. Ізденушілердің интеллектуалдық әлеуеті жоғары, кәсіби машықтарының шоғыры кең, өздері нәтижеге талпынған, мақсатты, бейімделу қабілеті жоғары болулары керек. Қытай тілін білу міндетті талап емес, дегенмен оны білуді қошаметтейміз.
2.3. Ізденуші белсенді кәсіби, ғылыми, қоғамдық қызметін, әрі кәсіби машықтарының төменде көрсетілген талаптарға сәйкестігін мәлімдеп, құжат негізінде растауы қажет.
Қор тек қана IT саласының мамандықтарына қызығушылық танытады: робототехника саласына қызығушылық танытатын бағдарламашылар, бағдарлама жасаушылар, инженерлер.
Жалпы талаптар:

  • English upper intermediate (артықшылық береді)

  • IT саласында бакалавриат дипломы (үлкен артықшылық береді)

  • Жұмыс тәжірибесі – бір жыл көлемінде (артықшылық береді)


ІІІ Демеушілік көмекті беру тәртібі

3.1. Демеушілік көмек 2.3. тармағында көрсетілген кәсіби машықтары бар үздік қатысушылар тарапынан іріктеліп алынған 6 (алты) адамнан көп емес жеңімпазға беріледі. Жеңімпазды анықтау барысында келесі критерийлер ескерілетін болады:

а) жоғары интеллектуалдық әлеует;

б) ғылыми техникалық конференцияларға белсенді қатысу;

в) қоғамдық өмірге белсенді қатысу;

г) жеке кәсіби машықтарды дамытуға деген үнемі талпыныс.


3.2. Байқауды өткізу үшін Байқаудың үш туры нәтижесінде іріктеу жүргізетін Сарапшылар комиссиясы құрылады.
3.3. Сарапшылар кеңесінің шешімі Бағдарлама жеңімпаздарының есімі ресми түрде расталған қордың бұйрығымен бекітілетін болады.
3.4. Бағдарламаның байқауына қатысу үшін ізденушілерден келесі құжаттар талап етіледі:

  • Толтырылған сұраным, түйіндеме, жеке куәліктің көшірмесі, ынталандыру хаты, кепілдемелік хат;

  • IT саласында жетістіктеріңізді көрсететін толыққанды портфолио;

  • Қосымша курстардан өткендігі туралы сертификаттар.

3.5. Бағдарламаның байқауына қатысуға ниет білдірген ізденушілер құжаттардың жиынтығын 2016 жылғы 17-ші ақпаннан 10-шы сәуірге дейін жіберулері қажет. Байқаудың ашылғандығы туралы хабарландыру қор сайтында yessenovfoundation.org, және әлеуметтік желілерде жарияланатын болады.


3.6. Байқауға құжаттарды тапсыру арқылы ізденуші байқау мақсаттарын бөлісетіндігін және көрсетілген байқауды өткізу бойынша барлық шарттармен келісетіндігін және оларды толығымен орындайтындығын осы ережеде растайды.
3.7. Барлық өтінімдер Қордың info@yessenovfoundation.org электрондық мекенжайына жіберілуі тиіс немесе келесі мекен-жай бойынша кеңсесіне тапсырылуы тиіс: Алматы қ., 050040 әл-Фараби даңғылы 36, «AFD» бизнес орталығы, блок Б, 4-қабат, тел.: + 7 727 349 40 04, + 7 727 349 40 05
3.8. Өтінімдер қор қызметкерімен тіркеледі және әрбір қатысушыға жеке тіркеу нөмірі беріледі. Құжаттар жиынтығының толықтығы мен ізденушінің ресми талаптарға сай екендігі анықталған соң байқауға қатысуға рұқсат/рұқсат еместігі жөнінде шешім қабылданады. Шешімнің нәтижесі тек өтінімде көрсетілген электрондық мекенжайға жіберіледі. Бағдарламаның жұмыс тілі орыс тілі болып саналады.
IV Байқаудың іріктеу кезеңдері

4.1. Байқау нәтижесінде үздік үміткерлер іріктеліп алынып тұратын 3 (үш) кезеңнен тұрады.


4.2. Бірінші тур 2016 жылғы 10-шы және 20-шы сәуір аралығында өткізіледі.

Уақытылы келіп түскен өтінімдер рецензияланып, бес балдық жүйе негізінде тәуелсіз сарапшылармен келесі критерийлер бойынша сырттай бағаланады:



  • жоғары академиялық әлеуеті (оның ішінде белгіленген саладағы қызығушылықтағы эрудиция, тәсілдемелер жаңалығы, жақсы академиялық нәтижелер)

  • мамандыққа қатысты жарияланымның болуы

  • ағылшын, қазақ, орыс тілдерін білуі

  • студенттік өмірде белсенділік

  • еріктілік (волонтерлік) тәжірибенің болуы

  • т.б.

Бірінші тур нәтижесі өтінім берушіге электрондық пошта арқылы хабарланатын болады. Екінші турға өткен үміткерлердің тізімі Қор сайтына жарияланады. Алғашқы тур нәтижесінде 15 қатысушы іріктеленіп алынады.


4.3. Екінші тур 2016 жылғы 21-ші және 30-шы сәуір аралығында өтеді:

Екінші тур қатысушыларына онлайн тесттен өту үшін сілтеме жіберілетін болады. Осы кезең барысында қатысушылардың келесі қасиеттері бағаланатын болады:



  • Психологиялық ерекшелігі;

  • Зердесінің (интеллект) деңгейі;

  • Жаңғырту қабілеті.

Екінші тур нәтижесінде 10 (он) қатысушы іріктелініп алынады.


4.4. Үшінші тур:

Үшінші кезеңге өткен үміткерлер сарапшылар тобымен бетпе-бет, не онлайн түрде өтетін сұхбаттасуға шақырылатын болады. Сұхбаттасу барысында тәуелсіз сарапшылар және психологтар бес балдық жүйе бойынша үміткердің келесі қасиеттерін бағалайтын болады:



  • Кәсіби машықтары;

  • Оқуға бейімділігі мен жаңа ақпаратты қабылдай және сараптай алу қабілеті;

  • Жаңа жағдайға бейімделу және ерекше шешім таба білу қабілеті;

  • коммуникативтілік;

  • көшбасшылық машықтары;

  • топта жұмыс істей алу қабілеті;

  • міндеттерді қою барысында нақтылық және дәлелділік;

  • ұйымдастырушылық қабілеті;

  • патриоттық.

Үшінші тур нәтижесінде 6 (алты) адамнан көп емес жеңімпаз іріктелініп алынады.

4.5.Шәкіртақылық байқаудың жеңімпаздарының тізімі Қор сайтында жарияланатын болады.
V Демеушілік көмекті алу және төлемдерді жасау тәртібі

5.1. Байқаулық іріктеу нәтижесінде Қор жеңімпаздарға қызығушылық танытқан кәсіпорынды іздеуге көмектеседі. Кәсіпорын тарапынан Бағдарлама жеңімпазына деген қызығушылық туындаған жағдайда, Қор жеңімпаз бен аталмыш кәсіпорын арасында келісімшарт жасау үшін заңнамалық қолдау көрсететіндігіне кепілдік береді. Аталмыш келісімшарт шарты бойынша жеңімпаз ҚХР аумағындағы 3 айдан аспайтын мерзім ішінде тағылымдамадан өтеді.


5.2. Бағдарлама жеңімпазы тағылымдамадан өтуге шақырту алған жағдайда, Қор және жеңімпаз арасында демеушілік көмек туралы келісімшарт жасалады. Келісімшарт негізінде Қор 3 ай бойғы панажай мен тамақтануға кеткен шығынды, сонымен қатар жұмыс визасы, екі жаққа ұшу (Қазақстан-ҚХР-Қазақстан) шығындарын өтейді. Сонымен қатар, келісімшарт Қор мен жеңімпаз арасында қолжеткізілген өзге де келісімдерден тұруы мүмкін.
5.3. Демеушілік көмек бағдарлама жеңімпазының банктік шотына бірден аударылатын болады.
5.4. Қор қосымша келісімшарт арқылы өзге де артықшылықтар ұсынуы мүмкін, оның ішінде - онлайн курстарда оқу, конференцияларға, іскерлік кездесулерге қатысу сияқты және т.б.


жүктеу 75,64 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау