Шаѓын жинаќталѓан мектеп оќушыларын кєсіби ењбекке баулу



жүктеу 20,23 Mb.
бет74/121
Дата20.02.2018
өлшемі20,23 Mb.
#10293
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   121


2 КУРС


3 семестр – 16 кредит

цикл

код

Пән атауы

кр

цикл

код

Пән атауы

кр

Міндетті компонент -11 кредит

Таңдау компоненті – 5 кредит

Жалпы білім беру пәндері

IYa 1203 2103

Шет тілі

3

Базалық пәндер

Dp 2201
Kult2201

Мемлекеттік тілде іс қағаздарды жүргізу

Мәдениеттану



2

Pol 1207

Саясаттану


2

OET1209

Экономикалық теория негіздері


2

2207 НМ

FMHI
MREZOH





Минералдар химиясы

Химиялық зерттеулер-дің физикалық әдістері

Органикалық химиядан эксперименттік есеп-терді шығару әдістері


3

Базалық пәндер

Psi 2101

Психология

2

КА 2208

Сапалық анализ

2

4 семестр – 16 кредит

Міндетті компонент -14 кредит

Таңдау компоненті - 2 кредит

Жалпы білім беру пәндері

Fil 2202

Философия

3

Базалық пәндер

PDH 2204

HNIR


SSEUH


12 жылдық мектептегі химиялық бейінді пәндер

Бейінді мектептердегі химиядан ғылыми-зерттеу жұмыстары

Химиялық электрондық құралдардың мазмұны мен құрылымы

2


S 2208

Әлеуметтану

2

Базалық пәндер

Ped 1204

Педагогика

2

КА2209

Сандық анализ

2

MRZH

2213


Химия есептерін шығару әдістемесі

2

Кәсіптенд пәндері

НЕ 3206

Химиялық экология

3

Мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізу. (Делопроизводство на государственном языке. Office work in state language)

Прекреквизиттер:Қазақ тілінің мектеп курсы.

Постреквизиттер: Курстан алған білім, іс жүргізу саласындағы сөздіктерді құжаттау және құжатпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша маңызды нормативті құжаттарды, құжаттарды бір ізге келтіру және стандарттау , құрастыру және рәсімдік ережелерімен жұмыс істеуге үйретеді. Сауатты жазуға және құжаттау барысында ұйымдастыру, техникалық құралдарын қолдану технологиясын меңгеруге көмектеседі.

Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Аталған курс білімгерлердің құжаттарды сауатты рәсімдеуге және үлгілерді дұрыс толтыруға арналған. Құжаттардың жасалуын, олардың тіркелуін, жіктелуін, қозғалысын, есепке алынуы мен сақталуына байланысты жұмыстардың жиынтығымен, сөздік қолданыстарды меңгеру, әдеби тіл нормаларын жақсы меңгеру мақсатында берілген. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың, әкімшіліктердің басқару-реттеу, ұйымдастыру-рәсімдеу қызметінде пайдаланатын ресми қарым-қатынас тілін білуге негізделген.

Пәннің мақсаты: білімгерлерді ресми іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге үйрету, іс қағаз үлгілерін күнделікті өмірде дұрыс, сауатты жазуға дағдыландыру, құжаттау және оның іске асуын дұрыс меңгерту.

Пәннің міндеттері: білімгерлер іс қағаздарын толтыруда өз ойларын сауатты, дұрыс жазуға, айтуға баулу, қазақ тілінің тілдік жүйесін лексикалық, граматикалық, орфографиялық, нормаларын жетік меңгеруге үйрету.

Лексика-граматикалық тапсырмалар беріп, ситуациялық тапсырмалармен ойын түрлерін беру арқылы оны практикада қолдануға үйрету.



Негізгі әдебиеттер:

  1. Л. Дүйсенбекова Іс қағаздарын қазақша жүргізу. – Алматы, 2001 ж.

  2. А.Алдашева, Қ.Қадашева Ресми іс қағаздары. – Астана, 2000 ж.

  3. В.Салагаев, Б.Шалабай Іс қағаздарын жүргізу. – Алматы, 2000 ж.

  4. Т.Ташметова, С.Шормақова Ресми іс қағаздар үлгілерін мемлекеттік тілде оқыту. – Тараз, 2003 ж.

  5. Қасымбеков, Әлімқұлов Екі тілде іс жүргізу. – Алматы, 1999 ж.

  6. А.Алдашева, З.Ахметжанова, Қ.Қадашева, Э.Сүлейменова Қазақ тілі. Ресми қарым-қатынас, іс қағаздары тілі, - Алматы, 2001 ж.

Қосымша әдебиеттер:

1. Д.Х.Ақанова ,А.М.Алдашева, З.Қ.Ахметжанова ,Қ.Қ. Кадашева Э.Д..Сүлейменова . Ресми –іскери қазақ тілі ( Грамматикалық түсініктеме) - Алматы, 2002 ж.

2. Д.Х.Ақанова, А.М.Алдашева, З.Қ.Ахметжанова, Қ.Қ. Кадашева Э.Д..Сүлейменова. Ресми – іскери қазақ тілі ( Бірінші деңгей, екінші деңгей, үшінші денгей) - Алматы, 2002 ж.

3. В.И.Скала, Н.В.Скала, Б.В.Скала. Қазақстан Республикасында іс қағаздарын жүргізу - Алматы, 2006 ж.



Оқыту әдістері: Ойтүрткі, кластер, рефлексия , дәстүрлі әдістер т.б.

Білім беру тілі: қазақ тілі

Бағдарлама жетекшісі: Тәженова Г., Шаханова Э., Сарсембаева А.А., Әнесова Б., Мұқашева А.М.

Мәдениеттану. (Культурология. Culturology)

Пререквизиттер: мектептегі Қазақстан тарихы, адам және қоғам, құқық негіздері.

Постреквизиттер: философия, әлеуметтану, саясаттану.

Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Мәдениет ұғымының мәні мен маңызы. Мәдениет ұғымының дамуы, тарихы. Мәдениеттің түрлері. Мәдениет және өркениет. Архаилық мәдениет Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер. Антика дүниесінің мәдениеті. Батыс мәдениеті мен өркениетінің қалыптасуы мен дамуының басты кезеңдері. Ислам мәдениетінің әлемі.Қазақстан мәдениетінің тарихы. Номадизм мәдениеттің типі ретінде. Қазақ мәдениетінің бастаулары. Дәстүрлі қазақ мәдениеті. XVIII ғ. орта тұсы мен XX ғ. басындағы қазақ мәдениеті. Кеңестік Қазақстан мәдениеті. Ұлттық мәдениет: өркендеу және даму мәселелері.

Бұл пәннің тақырыптары теориялық материалдарды, адамзат баласының мәдени жетістіктерін игеруге, мәдениеттің қалыптасуы мен дамуының әмбебаптық заңдылықтары мен негізгі түрлерін меңгеруге және әлемдік мәдениеттің інжу-маржанын өз беттерімен түсініп-білуге, кәсіби деңгейлерін одан әрі арттыруға ықпал етеді.



Мақсаты: Мәдениеттің ғылым ретіндегі негізгі проблемалары, теориясы, мәдениеттің қалыптасуы туралы жүйелі түрде білім беру.

Курстың міндеті:

1. Мәдениеттану пәні бойынша ғылыми әдебиеттермен, еректермен жұмыс жасау әдістемесін үйрету.

2. Мәдени сараптама, талдау жасау, түрлі ғылыми тұжырымдамаларды отандық және шет елдік мәдени жүйеде қарастыру.

3. Қоғамдағы түрлі мәдени өзгерістерге бейімделу және бағыт-бағдар алу баулу және үйрету.



Қолданылатын әдебиеттердің тізімі

Негізгі әдебиеттер:

  1. Ғабитов Т.Х. Мәдениеттану. Оқулық. Қаржы-қаражат баспасы. Алматы-2002.

  2. Төкенов Ө.С. Мәдениеттану. Оқулық. Алматы. 2004.

  3. Тимошинов В.И. Культурология. А., 2002

  4. Философиялық энциклопедия. Алматы. 2004.

  5. Драч Г.В. Культурология. Ростов на Дону, 2000

  6. Маркова А.Н. Культурология, М., 1999

Қосымша әдебиеттер:

  1. Философия және мәдениеттану. Оқу құралы. Алматы: Жеті жарғы, 1998.

  2. А.И.Шендрик. Теория культуры. М., 2002.

  3. Абай Құнанбаев. Сочинения.-Алматы, 1995.

  4. Алъ-Фараби. Философские трактаты. -Алматы, 1970.

  5. Баласағұн Ж. Құтты білік, Алматы, 1986.

  6. Хасенов Ә. Қазақстан мәдениеті мен өнерінің тарихы. Алматы, 1988.

  7. Қоңыратбаев Ә. Көне мәдениет жазбалары. Алматы, 1991.

  8. Гумилев Л.Н. Ритмы Евразии: Эпохи и цивилизации. -М., 1993.

  9. Гуревич В.В. Памятники средневековой культуры. М., 1982

  10. Нурланова К.Ш. Человек и мир. Казахская национальная идея. - Алматы, 1994.

  11. Кравченко А. Словарь по культурологии. М., 2000.

  12. История Казахстана. Народы и культуры. А., 2000-

  13. Учебное пособие по истории Казахстана с древних времен до наших дней в
    3-х томах.

Оқыту тілі: қазақ, орыс

Бағдарлама жетекшісі: п.ғ.к., доцент Таубаева С.Т.

Минералдар химиясы. (Химия минералов. Chemistry of minerals)

Пререквизиттер: элементтер химиясы, бейорганикалық химияның теориялық негіздері

Постреквизиттер: заттар құрылысы, химиялық технология

Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Кіріспе. Минералдар-жерді құраушы заттар. Минералдардың химиялық құрамы. Минералдардың ашылу тарихы. Минералдардың түрлері. Минералдардың қасиеттері мен құрамына қарай жіктелуі. Минералдардың табиғатта таралуы. Минералдардың кристалдық құрылымы. Минералдардың құрылысын зерттеу әдістері. Минералдық заттарды химиялық өңдеу.

Изоморфизм. Полиморфизм. Реалды кристалдар. Минералдардың өсуі. Сферолиттер. Минералдардың формулаларын анықтау. Метакристалдар. Псевдоморфоза. Эпитаксия. Минералдар морфологиясы. Минералдардың физикалық қасиеттері. Систематикалық минералогия. Сульфидтер, оксидтер, гидроксидтер, бораттар, фосфаттар, силикаттар мен сульфаттар- минералдық заттар.



Пәнді оқытудың мақсаттары: Минералдық заттардың химиялық құрамы мен құрылысы, қасиеттері, олардан өндірілетін жаңа заттардың түрлері, табиғатта кездесуі жайлы білім беріледі;

Міндеттері: минералдық қосылыстардың шаруашылық салаларындағы маңызын оқып үйренеді; табиғатта кездесетін минералдық заттарды сақтауға және қорғауға байланысты мәселерді ғылыми тұрғыдан шешуге дағдылары қалыптасады.

Әдебиеттер тізімі.

Негізгі :

1. Каримов А.Н. Аналитикалық химия негіздері. Алматы., 2002

2. Рыбинский А.Г., Зеленов В., Гордзиевский А.Ф., Охрана окружающей среды и рациональное использование ресурсов.М., 1986.

3. Ляликов Ю.С., Физико–химическое методы анализа. М., Госиздат,1978.



Қосымша:

1. Беспамятов О.К., Зазубин А.И., Романов Г.А. и др. Механическое обогощение первичного концентрата редкоземельных элементов, получаемого из фосфогипса. В кн.: Научные основы комплексного использования руд и концентратов . Алматы, 1982

2. Беспамятов О.К., Зазубин А.И., Романов Г.А. О фазовом составе первичного концентрата редкоземельных элементов, полученного из фосфогипса. В кн.: Научные основы комплексного использования руд и концентратов. М. 1984.

3. Браун Т., Лемей Г.Ю. Химия - в центре наук. М., Мир, 1983.



Оқыту тілі: қазақ-орыс

Бағдарламаның жетекшісі: х.ғ.к. доцент Мажибаев А.К., аға оқытушы Аблаева А.Е.

Химиялық зерттеулердің физикалық әдістері. (Физические методы химических исследований. Fizikal metods in chemistry)

Пререквизиттер: бейорганикалық химияның теориялық негіздері, элементтер химиясы

Постреквизиттер: зат құрылысы, аналитикалық химиядағы химиялық есептеулер, химиялық технология, органикалық химия

Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Кіріспе. Химиялық зерттеулерде физикалық әдістердің қолданылуы. Әдістердің жіктелуі. Анализді математикалық өңдеу. Химиялық зерттеулердегі физикалық құралдардың түрлері. Физикалық параметрлер және оларды өлшеу. Алынған нәтижелерді математикалық өңдеу. Қателіктер , олардың түрлері және болдырмау.

Масс-спектрометрия. Ионизациялау әдісі. Спектральдық әдістер.Магниттік масс-спектрометрия. Заттың құрылысын идентификациялау.

Оптикалық әдістер.Дифракциялық әдістер. Колориметрия. Фотоэлектроколориметрия. Вискозиметрия. Рефрактометрия.

Электролиз және кулонометриялық анализ. Кондуктометрия. Поляриметрия. УФ-спектрофотометр. Потенциометрия. Амперметрия.

Молекуланың геометриялық параметрлерін есептеу әдістері. Инфрақызыл спектроскопия. Электрондық спектроскопия. Люминесценция.

Пәнді оқытудың мақсаттары міндеттері: Елімізде жаңа заттар өндіру істерінде химиялық зерттеулер жүргізу үшін физикалық әдістерді қолданудың тиімділігі жайлы білім беру;

Міндеттері: кез-келген химиялық қосылыстардың құрамы және олардың түзілу мөлшері, концентрациялары, құрылымы сияқты шамаларды жаңа физикалық құралдармен зерттеуді оқып үйренеді; химиялық зерттеулерді өз бетінше жоспарлап, ғылыми тұрғыдан болжамдау дағдылары қалыптаса түседі.

Әдебиеттер тізімі .

Негізгі:

1. Aлексеев В.Н. Курс качественного химического полумикроанализа.- М., 1973.

2. Каримов А.Н. Аналитикалық химия негіздері. Алматы., 2002

3. Ляликов Ю.С. Физико-химические методы анализа. - М., 1974.



Қосымша:

1. Лопатин Б.А. Теоретические основы электрохимических методов анализа. –М., 1975.

2.Лурье Ю.Ю.Справочник по аналитической химии, - М., 1971.

3. Корейман Я.И. Практикум по аналитической химии. - Воронеж, 1986.



Оқыту тілі: қазақ-орыс

Бағдарламаның жетекшісі: х.ғ.к. доц. Бутинчиева Т.С., х.ғ.к. доц. Жарлыкапова Р.Б.

Органикалық химиядан эксперименттік есептерді шығару әдістері. (Методика решения экспериментальных задач органической химии. Мetods study experiments organic calculations)

Пререквизиттер: элементтер химиясы, сапалық және сандық анализ.

Постреквизиттер: органикалық молекулалардың функционалды туындыларының химиясы, химиялық технология, химияны оқыту әдістемесі.

Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Химия есептерінің түрлері. Органикалық химия пәнінің есептері.

Эксперименттік есептер және оларды шығару әдістері.

Қаныққан көмірсутектерді анықтауға арналған есептеулер. Қанықпаған көмірсутектерді анықтауға арналған есептеулер.

Ароматты көмірсутектерді анықтауға арналған есептеулер.

Спирттерді эксперименттік анықтау және олардың құрамына байланысты есептеулер. Карбон қышқылдарын анықтау. Эфирлерді анықтау. Көмірсулар түрлеріне байланысты эксперименттік есептеулер. Эфирлер және оларды анықтау.Альдегидтер мен кетондардың спецификалық реакциялары бойынша оларды анализдеу.Азотты органикалық қосылыстарды зерттеу. Күкіртті органикалық қосылыстар және оларды анықтау әдістері.

Гетероциклді қосылыстар және оларды қасиеттері бойынша эксперименттік жіктеу.



Пәнді оқытудың мақсаттары: Жаңа заттар өндіру үшін бастапқы шикізат көздеріне байланысты және органикалық заттардың тотығу, тотықсыздану, нитрлену, сульфаттануға байланысты эксперименттік есептерді шығару жолдарын окыту.

Міндеттері : өз беттерінше органикалық химия пәнінің эксперименттік есептерін шығаруға дағдыландыру.

Әдебиеттер тізімі.

Негізгі:

1. Петров А.А. Органикалық химия. Алматы, 1983ж.

2. Терней А. Современная органическая химия. - М., 1979.

3. Жайлау А.С. Органикалық химия. –Шымкент., 2003



Қосымша:

1. Днепровский А.С., Темникова Т.И. Теоретические основы органической химии. - Л., 1979.

2. Потапов В.М. Стерохимия. - М., 1976.

3. Тедлер Дж.. Промышленная органическая химия. - М., 1977.

4. Грандберг И.И. Органическая химия. - М., 1976.

5. Жиряков В.Г. Органическая химия. - М., 1978.

Оқыту тілі: қазақ-орыс

Бағдарламаның жетекшісі: т.ғ.к. доц. Сабыралиева Ж.Ы., х.ғ.к. доц. Мажибаев А.К.

12 жылдық мектептегі химиялық бейінді пәндер. (Профильные дисциплины химии в 12 летней школе. Profilinye discipline to chemistries in 12 year schools)

Пререквизиттер: сандық және сапалық анализ, педагогика, психология.

Постреквизиттер: химияны оқыту әдістемесі, химия есептерін шығару әдістемесі, мектепте химия эксперименттерін жүргізу әдістемесі

Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Кіріспе. 12 жылдық мектепте бейінді пәндерді оқытудың мақсаттары мен міндеттері. 12 жылдық мектепте сабақ беретін химия пәні мұғалімінің құзыреттілігі. Бейінді пәндерді оқыту әдістері жайлы түсініктер.

Химиялық бейінді пәндерді оқытуда қойылатын талаптар.Бейінді пәндерді оқытуда дидактикалық материалдар мен көрнекіліктерді пайдалану. Арнайы сабақ үлгілері.

Бейінді пәндерді оқытуда білімді бағалаудың тиімді әдістері. Бейінді пәндерді шаруашылық салаларына қарай жіктеу. Бейінді пәндерді оқытудың кәсіптік бағдар алуға әсері.

Химиялық бейінді пәндердің құрылымы мен мазмұны. «Химиялық экология» пәні. «Геохимия» пәні. «Химиялық экспертиза және химиялық мониторинг»пәні. «Биологиялық химия» пәні. Мұнай химиясы. Медициналық препараттардың химиялық құрамы.



Пәнді оқытудың мақсаттары: Елімізде 12 жылдық мектептерінде оқытылатын химиялық бейінді пәндердің түрлері, олардың мазмұны мен құрылымы жайлы білім беру;

Міндеттері: химиялық бейінді пәндерді оқытудың оқушылардың кәсіптік бағдарлануына маңызды әсері бар екендігін түсіндіру және болашақта химиялық бейінді пәндерді оқытуға дайындығын арттыру.

Әдебиеттер тізімі.

Негізгі :

1. Концепция Государственной политики в области образования. Сб. Законодательных и нормативных документов по высшему образованию. Алматы, 1996.

2. Проект Закона Республики Казахстан «О статусе учителя». – Астана , 2004.

3. Таубаева Ш.Т. Исследовательская культура учителя: от теории к практике, Алматы, Ғылым 2001



Қосымша:

1. Андреев В.И. Педагогика: Учебный курс для творческого саморазвития-2-0е издание.- Казань: Центр инновационных технологий. 2000.

2. Абдыгапарова С.Б., Ахметова Г.К. Основы кредитной системы обучения в Казахстане. –Алматы: қазақ университеті, 2004.

3. Ж.Әбиев, С.Бабаев, А.Құдиярова. Педагогика. Алматы, Дарын,2004.

Оқыту тілі: қазақ-орыс

Бағдарламаның жетекшісі: доц. Сабыралиева Ж.Ы., доц. Мажибаев А.К.

Бейінді мектептердегі химиядан ғылыми-зерттеу жұмыстары. (Химические научно-исследовательские работы в профильной школе. Chemical research work in profile to school)

Пререквизиттер: бейорганикалық химияның теориялық негіздері, элементтер химиясы, сандық және сапалық анализ.

Постреквизиттер: физикалық химия, коллоидтық химия, химиялық синтез, химияны оқыту әдістемесі, химиялық технология

Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Кіріспе. Химия ғылымының даму тарихы. Химия ғылымының негізгі салалары. Химиялық зерттеу жұмыстарының бағыттары. Отандық және шетелдік химиялық зерттеулер.

Химиялық химиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға байланысты қойылатын талаптар.

Ғылыми-жобалық зерттеу жұмыстарының құрылымы. Зерттеудің кіріспе бөлімінде мәселенің қойылуы және шешілуі. Зерттеу болжамы жайлы түсінік. Зерттеу жұмысндағы теориялық және эксперименттік бөлімдерінің мазмұны. Ғылыми-жобалық жұмысының қорытындылануы. Зерттеу жұмысы бойынша аннотацияның құрастырылуы. Жұмыстың рецензиялануы.

Химия-медицина саласында. Химия-тұрмыста. Ерітінділер химиясы. Химиялық қызықты тәжірибелер.

Минералдық тыңайтқыштар химиясы. Полимерлерге химиялық зерттеулер.

Шынылар химиясына байланысты зерттеулер. Мұнай өнімдеріне жүргізілген химиялық сараптамалар.

Беттік активті заттар жайындағы ізденістер. Талшықтар және қағаз өндірісі. Қалдықсыз технология жүйесіндегі химия ғылымының маңызы.


жүктеу 20,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   121




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау