Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық Үйлестіру-әдістемелік орталығЫ



жүктеу 10,32 Kb.
Pdf просмотр
бет31/62
Дата14.05.2018
өлшемі10,32 Kb.
#12510
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   62

92
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ  ӘДІС.  Тіл  ғылымында  қолданылатын  әдіс-
тәсілдердің  жиынтығы  мен  жүйесі.  Негізгі  мақсаты  –  өз  ныса нын 
жан-жақты зерттеп білу, оның белгісіз сырларын, өзіндік заң дылығын 
ашу, айқындау. Бұл мақсатқа жету үшін ғалымдар өз жұмыстарында 
зерттеудің әртүрлі әдісін қолданады. Әр ғылымның өзіне тән зерттеу 
әдісі  болады.  Әрбір  ғылымда  қолданылатын  әдіс  біреу  болуы  да 
мүмкін  және  ол  өзгеріп,  түрленіп  отырады.  Оның  өзгеруі  зерттеу 
нысанының  сипатына,  ғылымның  даму  дәрежесіне  байланысты. 
Мысалы,  лингвистиканың  нысанына  жататын  сөйлеу  тілі  –  өте 
күрделі, көп салалы құбылыс. Оның әр саласының өзіндік сырын жете 
түсіну  үшін,  тілді  түрлі  жағынан  алып,  әр  алуан  амал-тәсілдермен, 
әдістермен  зерттеу  қажет.  Әдіс  сондай  қажеттіліктен  туып,  түрленіп 
отырады.  Лингвистикалық  әдістің  қандай  сипатта  болуы  –  зерттеу 
нысанының ерекшелігіне, зерттеуде көзделетін мақсатына байланысты, 
соған  тәуелді.  Ғылым  дами  келе  оның  ныса нының  түрлі  сырлары 
ашылып,  бұрын  байқалмаған,  көрінбеген  жаңа  қырынан  көрінетін 
болады. Ол жаңа көріністердің сырын ашуға бұрыннан қолданылып 
келген  әдіс  жарамсыз,  жеткіліксіз  болады.  Сөйтіп,  зерттеудің  жаңа 
әдісі  қалыптасады.  Лингвистиканың  әлі  дами  қоймаған  кездерінде 
зерттеудің бір ғана сипаттама әдісі қолданылса, кейінірек келе тарихи-
салыстырмалы, құрылымдық, математикалық, эксперименттік әдістер 
пайда болды. Бұлардың әрқайсысының пайда болу мезгілі де, себебі 
де  әр  басқа,  алға  қоятын  мақсаттары  мен  негізгі  нысандары  да, 
қолданылатын орындары да бір-біріне сәйкес келмейді.
ЛИНГВОДИДАКТИКА  (лат.  lingua  –  тіл  +  грек.  didaktikos  – 
ғақлиялық).  Тілді  оқытудың  жалпы  теориясы.  Белгілі  бір  тілді 
оқытудың  дидактикалық  мақсаттары  мен  міндеттеріне  сәйкес 
зерттейтін  тілдің  жалпы  заңдылықтарын,  мазмұнының  өзіндік 
ерекшелігін,  әдістері  мен  құралдарын  үйрететін  материалдар.  Бұл 
терминді орыс әдіскері М.Шанский енгізді. 
ЛИНГВОДИДАКТИКАЛЫҚ  ТЕСТ.  Үйренушілердің  коммуника-
тивті  немесе  тілдік  құзыретінің  деңгейін  анықтауға  көмектесетін 
белгілі бір талаптарға сәйкес дайындалған тапсырмалар кешені.


93
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
ЛИНГВОДИДАКТИКАЛЫҚ ТЕСТІЛЕУ. Аппараттық-бағдарлама-
лық  тестілеу  құралдардың  және  оған  салынған  тесттің  көмегімен 
үйренушілердің  білімдері  мен  сөйлеу  дағдыларын  бақылау  түрі. 
Тестілеу тестке енетін тапсырмалар қатарынан тұратын бағдарлама 
бойынша өткізіледі.
ЛИНГВОЕЛТАНУ  –  тіл  үйренушіні  сол  үйреніп  отырған  тілдің 
заманауи шындығымен таныстыратын әдіс. Бұл әдіс арқылы шетел 
тілі  сабақтарында  мәдениетаралық  коммуникация  актілеріндегі 
комуникативті құзіретті дамыту және қалыптастыру жүзеге асыры-
лады. Нәтижесінде тіл үйренуші сол елдің әдет-ғұрпы, салт-дәстүрімен 
танысады. Шет тілін оқыту барысында тілдік құрылымды ғана үйрету 
аздық  етеді,  сол  тілдік  құрылымның  астарында  жатқан  мәдениетті 
де  таныту  керек.  Мәдени  танымдық  негіз  лингвистикалық  дағды 
мен біліктің молаюына, лексикалық қордың баюына, аудармашылық 
дағдының  қалыптасуына,  фразеологизмдерді  түсіне  және  қажетті 
жерінде  қолдана  алуына  ықпал  етіп  қана  қоймай,  тіл  үйренушіні 
шет  ел  мәдениетінің  нақты  аспектілерімен  де  таныстырады.  Осы 
тұрғыдан  алғанда  лингвоелтану  әдісі  тілді  үйрену  барысында 
кездесетін  бірқатар  қиындықтарды  жеңуге  жәрдемдеседі.  Өйткені 
тіл  мен  мәдениет  адамдар  арасындағы  қарым-қатынасты  жүзеге 
асыратын негізгі код болып табылады. Бір елдің мәдениетін білмей 
тұрып,  сол  елдің  тілін  терең  үйренемін  деу  бекершілік.  Өйткені 
мәдениет  адамдардың  ойлау  дағдысын  қалыптастырса,  сөйлеу  сол 
дағдыны  екінші  адамға  жеткізеді.  Тіл  үйренуші  комуникативтік 
қатынасқа түскен кезде  өзінің белсенді сөздік қорындағы сөздерді 
мәдени аспектілерге сүйене отырып таңдайды. Тілдік құрылым мен 
елтанымдық ақпараттың өзара әрекетінің барысында комуникативтік 
іскерлік пен дағдылардың жүйесі пайда болады.   
- М -
МАГИСТР  (лат.  magister  –  бастық,  басшы,  оқытушы).  1.  Ежелгі 
Римде: лауазымды тұлға; ортағасырдағы  Еуропада: кейбір ақсүйектер 
және шіркеу мекемелерінің басшысы. 2. Бірқатар елдерде бакалавр 
мен  ғылым  докторы  арасындағы  ғылыми  дәреже.  Жоғары  оқу  ор-


94
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
нын  аяқтаған,  бакалавр  дәрежесі  бар,  қосымша  оқыту  курсынан                               
(2 жыл) өткен, арнайы емтихандар тапсырып, магистрлік диссертация 
қорғаған тұлға.
МАҒЫНАЛЫҚ ТОСҚАУЫЛ (франц. barière – кедергі). Белгілі бір 
құбылыстың мағынасын әр адамның әртүрлі түсінуіндегі қиындықтар. 
Адамдар арасындағы қарым-қатынастан туындайтын түсінбеушілік, 
яғни  бір-бірімен  қарым-қатынаста  бірдей  сөздерді  пайдаланып, 
әртүрлі мағынада түсінуі. Мағыналық тосқауылдың себептері тілді 
меңгерудің  жеткіліксіз  болуынан  және  тіл  үйренушілердің  елтану 
мен  әлеуметтік-мәдени  біліктілігінің  төмендігінен  туындауы 
мүмкін. Тіл үйрену барысында мәтінде мағыналық тосқауыл болмас 
үшін сөздіктер мен әдебиет анықтамалықтарын пайдалану керек.
МАЗМҰНДАМА. Оқушылардың сөйлеуін үлгі негізінде дамытатын 
жазбаша жаттығу түрі; естіген немесе оқыған шығарманы жазбаша 
түрде  мазмұндау.  Сондай-ақ  кинофильмді,  қойылымды  мазмұндау 
туралы  айтса  да  болады.  Мазмұндама  ауызша  және  жазбаша 
сөйлеуді оқыту үшін, логика мен мәтін композициясы үшін, сөздікті, 
фразеологияны  көбейту  үшін,  жанрларды  (хабарлау,  сипаттау  және 
талқылау), стильдерді (көркемдік, ғылыми, публицистикалық) оқы ту 
үшін, мәтіндегі зерттелетін грамматикалық фактілер мен құбылыс-
тарды пайдалану үшін қолданылады.
МАЗМҰНДАУ.  Оқыған  немесе  тыңдаған  мәтінді  мазмұндау.  Маз-
мұн дау еркін (өз сөзімен айту) немесе мәтінге жақын болуы мүмкін. 
Мазмұндау ауызша монологтық сөйлеуді оқыту кезінде және аудару мен 
оқуды үйрету кезінде бақылау ретінде пайдаланылады. Мазмұндаудың 
бірнеше түрі бар: мазмұндап айту, мәтінге жақындатып айту, баяндау 
арқылы  мазмұндау,  түсініктеме  берілетін  мазмұндау.  Мазмұндау 
бастапқы мәтіннің мазмұнын толық немесе ішінара беруі мүмкін.
МАЙЕВТИКА (еж. грек. μαιευτική). Ұтымды, жетекші сұрақтар қою 
арқылы адамның ішке бүккен ұтымды білімін Сократтық білу әдісі.
МАҚҰЛДАУ,  ТӘЖІРИБЕДЕН  ӨТКІЗУ  (лат.  approbatio).  Зерттеу 
барысында  болжамның  оң  не  терістігін  анықтау  мақсатындағы 
тәжірибелік байқау сынағы.


жүктеу 10,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау