Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық Үйлестіру-әдістемелік орталығЫ



жүктеу 10,32 Kb.
Pdf просмотр
бет30/62
Дата14.05.2018
өлшемі10,32 Kb.
#12510
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   62

89
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
ҚОСЫМША  САБАҚ.  Оқушының  үлгермеушілігін  жойып,  білім 
сапасын  арттырып,  оқу  шеберлігі  мен  дағдысын  жетілдіріп,  тиісті 
бағдарлама деңгейінде білім меңгеруін қамтамасыз ету шараларының 
бірі. Қосымша сабақ жекелей не топтық түрде жүргізіледі. Бірер пән 
бойынша үлгере алмаған оқушыға жазғы демалыс айларының бірінде 
қосымша сабақ берілуі мүмкін. Мұндайда ата-ана пән мұғалімімен 
кеңесіп,  бірлесе  жұмыс  жүргізгені  жөн.  Кейде  үлгермеушілерге 
жақсы  оқитындардың  жәрдемі  жемісті  әсер  етеді.  Тұлғааралық 
қатынастың қалыптылығын сақтау үшін ондай кездерде пән мұғалімі 
мен сынып жетекшісі үнемі назарда ұстағаны жөн. Қосымша сабақ 
үлгермеуші  топқа  материалды  алдын  ала  түсіндіру  жолымен  де 
жүргізіледі. Жақсы оқитын оқушыларға қосымша сабақ факультатив 
сабақ түрінде беріледі.
ҚҰЗЫРЕТТІЛІК (лат. competens – қабілетті). Белгілі бір пәнді оқыту 
барысында қалыптасатын білім, дағды, шеберлік жиынтығы, сондай-
ақ  алған  білім,  дағды,  шеберлік  негізінде  қандай  да  бір  қызметті 
орындауға деген қабілеттілік. Бұл терминді Н. Хомский генеративті 
грамматика мәселелерін зерттеумен айналысып жүрген кезде енгізген 
болатын. Бастапқыда термин белгілі бір туған тілдегі тілдік қызметті 
орындауға қажет қабілеттілік деген мағынаны білдіретін.
ҚҰРАСТЫРУ. Балабақшаларда балаларды құрастырмалы ойыншық-
тармен әрекетке баулу ойыны мен сабағы. Құрастыру баланың шы-
ғар машылығы мен көркемдік талғамын, қабілетін, ойын, көруі мен 
қимыл үйлесімін дамытады. 
ҚҰРҒАҚ ЖАТТАУ. Оқу процесі барысында есте сақтау үшін бел-
гілі бір мәтінді бірнеше рет қайталау. Түрлері: мәтін мазмұнын ұғып, 
түсініп, саналы түрде жаттау және мәтін мазмұнын ұғынып, түсінбей-
ақ жалаң жаттау. Білім алушыларға жалаң түрде емес, мәтін мазмұнын 
түсініп, ұғып жаттау білім мазмұнын меңгеруде көмегі тиеді.
ҚҰРЫЛЫМДЫҚ  ЖАТТЫҒУЛАР.  Мақсаты  –  грамматикалық 
құрылымдарды меңгеру болып табылатын жаттығулар. Сөйлем мо-
дельдері  аясындағы  лексикалық  бірліктерді  өзгерту  және  алмас-
тырып қоюға берілген жаттығулардан тұрады. Құрылымдық жатты-
ғулар  лексикалық  және  грамматикалық  дағдыларды  қалыптас тыра-


90
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
ды. Оқу процесінде құрылымдық жаттығулардың көп болуы комму-
никативтік тұрғыдан оқытуға кері әсер етеді.
ҚЫСҚАМЕРЗІМДІ  ОҚЫТУ.  Қысқа  мерзімде  оқу  (2-3  аптадан 
бірнеше айға дейін), жеделдетілген сабақтар және оның нәтижелілігі, 
тілді үйренудің мемлекет тарихымен және оның мәдениетімен тығыз 
байланысты  болуы,  тыңдаушылардың  қызығушылықтарына  қарай 
ыңғайлы оқыту және тілді меңгеру деңгейі сияқты артықшылық та-
рының  арқасында  кеңінен  таралған  шет  тілдерін  оқыту  формасы. 
Қысқамерзімді  оқытудың  мынадай  түрлері  бар:  жалпы  курстар 
(курспен оқыту), филолог студенттерге арналған курстар (қамтылған 
және қамтылмаған оқыту), филологияға жатпайтын мамандықтардың 
тағылымгерлеріне  арналған  курстар,  шет  тілін  оқытушылардың 
біліктілігін арттыру (күндізгі және сырттай оқыту), кәсіби және іскер 
қарым-қатынас жасау курстары және т.б.
- Л -
ЛАБОРАТОРИЯ  (лат.  laboratorium,  laboro  -  «жұмыс  істеймін»). 
Ғылыми, өндірістік-бақылау эксперименттері немесе оқу сабақтары 
жүргізілетін ғылыми мекемелердің, кәсіпорындардың, оқу орындары-
ның құрамындағы бөлім немесе мекеме.
ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ САБАҚ, ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС. 
Жалпы орта білім беретін, арнайы және жоғары мектептердегі оқу-
шы лардың  теориялық  білімдерін  тереңдету  және  бекіту,  өздігінен 
эксперимент  жүргізу  дағдыларын  дамыту  мақсатымен  жүргізілетін 
практикалық жұмыстар мен зерттеулер. Тәжірибеге (экспериментке) 
қажет құрал-жабдықтар, аспаптар, реактивтер және т.б. дайындауды, 
тәжірибенің  сызба-жоспарын  құрып,  оны  жүргізуді  және  сипаттап 
жазуды  қамтиды.  Лабораториялық  жұмыс  жаратылыстану-ғылыми 
және  техникалық  пәндерді  оқыту  процесінде  көп  қолданылады. 
Лабораториялық сабақта оқушылар алдағы танымдық және еңбек іс-
әрекетінде қажет икемділікке және дағдыға үйренеді. Лабораториялық 
сабақтар  біткенде  сынақ  тапсырылады.  Лабораториялық  жұмыс-
тардың орындалу сапасы мұғалімнің оқушының жұмысын бақылау 
және оның есебін тексеру негізінде ескеріледі. Лабораториялық сабақ 
арнайы жабдықталған оқу кабинеттерінде өткізіледі.


91
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
ЛЕКСИКАЛЫҚ  МИНИМУМ.  Үйренушілердің  белгілі  бір  оқу 
уақыт аралығында меңгеруі тиіс лексикалық бірліктері. Лексикалық 
минимумның  сандық  және  сапалық  құрамы  тіл  үйретуге  бөлінген 
сағат  санына,  оқыту  кезеңіне  және  оқыту  мақсатына  байланысты. 
Әдіс темелік  әдебиеттерде  лексикалық  минимумды  іріктеудің 
мынадай ұстанымдары сипатталған: статистикалық (сөздерді іріктеу 
крите рийлері  жиілік,  көп  таралғандық,  көбірек  қолданушылық, 
қажет тілік  болып  табылады),  әдістемелік  (оқыту  кезеңін  үйретеді, 
қа рым-қатынас  саласы  мен  тақырыбы),  лингвистикалық  (сөздердің 
байланысуы,  сөзжасамдық  құндылық,  стилистикалық  шексіздік). 
Қазіргі әдістемеде лексикалық минимум тілді меңгеру деңгейлеріне 
бағдарланған. Ғалымдардың пікірінше, ана тілінде сөйлейтін адамның 
актив және пассив сөздік қоры орта есеппен алғанда 10 мың сөз бен 
30 мың сөз аралығында болуы қажет екен. Лексикалық минимумды 
іріктеуде,  таңдап  алуда  сөздер  мен  сөз  тіркестерінің  минималды 
қорында  қарым-қатынаста  белсенді  қолданылатын  лексикалық 
бірліктер грамматикалық категориялар мен лексикалық тақырыптар 
бойынша топтастырылуы қажет. 2011 жылы қазақ тілін меңгерудің 
әр  деңгейіне,  алты  деңгейіне  арналған  «Қазақ  тілін  меңгерудің 
тақырыптық-лексикалық минимумы» жарық көрді. Бұл ҚР Мәдениет 
министрлігі  Тіл  комитетінің  тапсырысы  бойынша  жасалған.  Бұл 
құралдың алғы сөзінде «қарапайым деңгейде лексикалық минимум 
800  бірлікті,  базалық  деңгейде  1783  бірлікті,  орта  деңгейде  2229 
бірлікті,  ортадан  жоғары  деңгейде  3954  бірлікті,  жоғары  деңгейде 
5060 бірлікті құрайды» деп жазылған.
ЛЕКСИКАЛЫҚ  ТАПСЫРМА.  Вербалды  ақпарат  есте  қалай 
сақталатынын  бағамдау  үшін  қолданылатын  эксперименттік  әдіс-
теме. Субъект аз уақыттың ішінде тапсырманы тез орындауы керек. 
Көрсеткіштер лексикалық есті өлшеуге мүмкіндік береді.
ЛИНГАФОНДЫ  (лат.  lingua  –  тіл  +  грек.  phōnē  –  дауыс,  дыбыс, 
шуыл) 
КАБИНЕТ. Лабораториялық жұмыстарды өз бетінше, сондай-
ақ  оқытушының  басшылығымен  орындауға  арналған,  техникалық 
құралдармен жабдықталған оқу бөлмесі.


жүктеу 10,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау