Табысты мұғалім тәжірибесіндегі өзгерістер Асима Рыскулбекова



жүктеу 42,08 Kb.
Pdf просмотр
Дата23.05.2018
өлшемі42,08 Kb.
#16731


Табысты мұғалім тәжірибесіндегі өзгерістер 

Асима Рыскулбекова  

 

Мектептің жүрегі – мұғалім, білікті ұстаз! 

 

Орта  білім беру  сапасын  арттыру,  жоғары білім  әлеуетіне  ие  бәсекеге 

қабілетті және рухани бай жеке тұлғаны дайындауды қамтамасыз ету ұстаздар 

қауымының  оқыту  тәжірибиесі  мен  кәсіби  шеберлік  әлеуетін  арттырумен  

байланысты.  

Қазақстан  Республикасының  білімді  және  ғылымды  дамытудың  2016-

2019  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасының  мақсаты  мен 

міндеттерінде  білім  мен  ғылымның  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыру,  адами 

капиталды  дамыту,  сапалы  білім  беруге  тең  қол  жеткізу,  педагог  кәсібінің 

беделін  көтеру  және  сапалық  құрамын  жақсарту  мәселелері  нақты 

айқындалған. Осы нәтижеге қол жеткізуде мұғалімнің күрделі және сан қырлы 

іс-әрекетінің  жиынтығын  құрайтын  оқыту  тәжірибесіне  өзгерістер  енгізу 

қажеттілігін көрсетеді.   

Ф.Г. Кумбстың «Дағдарыспен күресу үшін әрбір білім жүйесіне ақшаға 

сатып алуға болмайтын көптеген нәрселер – идеялар, батылдық, табандылық, 

ізденіс пен өзгерістерге ұмтылуда сыни тұрғыда өзін-өзі бағалауға қабілеттілік 

қажет»  деген  тұжырымы  білім  беру  жүйесін  реформалауда  мұғалімдер 

қауымына үлкен жауапкершілік пен үміт артылатынын дәлелі бола алады.  

Дж.Хэттидің  (2011)  педагогикалық  зерттеулерінің  метаталдауы 

нәтижесі оқушының айтарлықтай алға жылжуына мұғалімнің кәсіби шеберлігі 

оң ықпал ететіндігін дәйектеген.  Демек, мұғалімдер қолданатын оқыту әдіс-

тәсілдері оқытудың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз ету үшін маңызды 

екенін  көрсетеді.  Ол  үшін  мұғалімдік  қызметте  қандай  өзгерістер  талап 

етілуде? 

Еңбек  қызметін  ұйымдастырудағы  өзгерістер,  еңбек  нарығының 

қарқынды дамуы - кәсіби дағдыларға қойылатын талаптардың тез өзгеруімен 

ерекшеленеді.  

Табысты мұғалім қандай дағдыларды иемденуі тиіс?  

▪  Әлеуметтілігі және ұстай білуі: 

▪  Адамдармен жұмыс істей білу; 

▪  Көшбасшылық қасиеті; 

▪  Өз бетінше жұмыс істеу қабілеті; 

▪  Басқалармен ынтымақтасу қабілеті. 



 

▪  Адалдық (жұмысқа байыпты қарау, 

еңбексүйгіштік, тиімді жұмыс істеу); 

▪  Эмоционалдық тұрақтылығы (босаңсу, 

күйзеліске шыдауы, ұсақ-түйекке мән 

бермеуі); 

▪  Жанжал шығармауы (адамдарды кешіре 

білу, көңіл аудару, қайырымды, әдепті);  

▪  Эстраверттік (әңгімешіл, қайсар, 

достас, ортақшыл); 

▪  Жаңа идеяларға ашықтылығы 

(бірегейшіл, жаңа идеялары көп, 

белсенді пайымдаулары бар). 

 



Мұғалімнің  кәсіби  дағдыларының  ерекшеліктері  білім  беру  мазмұнын 

жаңартудың ерекшеліктерімен тығыз байланыстылығын көруге болады: 

➢  құндылықтарды анықтау, бұл маңызды өмірлік бағдар;  

➢  жаратылыстану-математикалық циклындағы пәндердің мәнін күшейту; 

➢  үштілдік білім беруді ұйымдастыру; 

➢  бағалаудың критериалдық жүйесін қолдану; 

➢  жобалау-зерттеу қызметі үшін жағдайлар жасау; 

➢  оқудағы және өмірлік міндеттерді шешуде алынған білімді қолданудағы 

оқушылардың бағдары;  

➢  пәндердің ықпалдастығы және жаңа пәндерді енгізу;  

➢  жоғары  мектепте  жоғары  оқу  орындарына  дайындауға  мақсатты 

бағыттау. 

Жоғарыда  ұсынылған  білім  мазмұнын  өзгерту  себептері  негізінде 

бастауыш сыныптарда оқытылатын пәндердің оқу бағдарламалары мен оқыту 

әдістемесіне де өзгерістер енгізілді.  

Бастауыш сыныпқа арналған білім беру бағдарламасы оқушыларға ХХІ 

ғасырдағы қарқынды дамып келе жатқан зияткерлік және техникалық ортада 

табысты  болу  үшін  қажетті  дағдыларды  меңгертуге  бағытталған.  Олар 

оқушыларды сын тұрғысынан ойлау, бірлесіп жұмыс істеу, ақпаратты өңдеу, 

проблемаларды  шешу  сияқты  анағұрлым  жоғары  деңгейдегі  көптеген 

дағдыларды  өз  бетінше  меңгеруге  және  зерделеуге  дайындайды  және 

ынталандырады.  Осы  дағдыларды  жоғары  дәрежеде  меңгеру  математика 

пәнінің  білім  беру  бағдарламасында  проблемаларды  шешу,  жаратылыстану 

пәнін  меңгеруде  бірлескен  зерттеу  және  ғылыми  зерттеу  жүргізу 

дағдыларына баса назар аударса, дүниетану пәні аясында  ойлау дағдыларын 

дамытуды көздейді.  

Бастауыш  сынып  мұғалімдерінің  біліктілігін  арттыру  бағдарламасы 

оқушылардың  бұрын  меңгерген  білімдері  мен  дағдыларын  жетілдіруге, 

сонымен  қатар,  жаңа  түсініктерді  қалыптастырып,  қабілеттерін  дамытуға 

бағдарланған.  

ХХІ  ғасырдың  қарқынды  ілгерілеу  ырғағына  қатар  ілесу  үшін,  өзара 

тығыз байланысты және көпмәдениетті әлемде қалыптасқан қазіргі жағдайда 

оқушылардың  өз  бетінше  оқу  дағдыларын  дамыту  аса  маңызды  болып 

табылады.  

Бастауыш  сыныпта  оқыту  оқушыларды  төменде  аталған  мүмкіндіктер 

есебінен дамытуды көздейді:  

• ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік ұсыну;  

• кез келген қабылданатын ақпаратқа сын тұрғысынан қарап, талдай білу 

дағдысын белсенді дамыту;  

• өзіндік рефлексия және тәуелсіз, өз бетінше ойлануға ынталандыру; 

 •  кез  келген  өмірлік  жағдайда  немесе  жұмыста  кездесетін  негізгі 

жаһандық  проблемаларды  түсіну  және  оларға  сәйкес  әрекет  ете  білуге 

ынталандыру. 

 Бастауыш сыныптарда оқытылатын пәндерді оқу арқылы оқушылар өз 

түсінігін  кеңейте  отырып,  өзінің  ой-пікірі  үшін  жауапты  болуға  үйренеді. 



Оқушылар  өзіндік  көзқарасы  мен  пайымдауын  қалыптастырып,  дамытуға, 

мұқият зерделеуге және өз ойын сенімді айта білуге дағдыланады. Мысалы, 

олар  дәлелдерді  талдау  мен  бағамдауды  және  ойлау  дағдылары  туралы 

ойлануды үйренеді. Сонымен қатар, пәнаралық байланыс орнату арқылы олар 

ақпаратты тиімді пайдалануды үйренетін болады. 

Мұғалімнің  оқыту  тәжірибесін  өзгерту  оқыту  мен  оқу  үдерісінің 

мазмұнын қалай өзгерте алады?  

  

 



 

Оқыту үшін мұның маңызы қандай?  

Бастауыш  сыныптың  білім  беру  бағдарламасы  спираль  тәріздес 

құрылымға  негізделген.  Оқушылар  бастауыш  сыныпта  оқу  бағдарламасы 

аясында  игерілетін  негізгі  дағдыларға  мезгіл-мезгіл  қайта  оралып  отырады. 

Мысалы,  оқу  бағдарламаларындағы  кейбір  оқу  мақсаттары  оқушылардың 

шынайы өмірде кездесетін  проблемаларды  анықтап,  оларды  зерттеуін  талап 

етеді. Оқушы сыныптан сыныпқа ауысуына қарай бұл проблемалар күрделене 

түседі. Проблемаларды шешу тәсілі негізінен дүниетану мен жаратылыстану 

пәндерінде  қамтылған  және  математика  бойынша  оқу  бағдарламасының 

негізгі  тәсілдерінің  бірі  болып  табылады:  проблемаларды  шешу  қабілеті 

сандар,  алгебра,  геометрия,  әсіресе  математикалық  модельдеу  бөлімдерінің 

құрамдас  бөлігі  болып  табылады.  Проблемаларды  шешуге  арналған 

жаттығулар  оқушыларға  таныс  емес  мәселелерді  қамту  арқылы  олардың 

қызығушылығын  оятып,  оларды  жаңалық  ашуға  және  өз  тұжырымдарын 

жасауға ынталандыруы тиіс. Олар оқушылардың дайын стандартты жолдарды 

пайдаланбай, мәселенің шешімін іздеп, оны өз бетінше табуға ұмтылуды және 

заңдылықтарды  зерделеуін  қажет  етеді,  сол  арқылы  белсенді  оқуына  ықпал 

етеді.  


Жаңартылған  білім  беру  мазмұнын  енгізуде  бастауыш  сынып 

мұғалімдері қолданатын бірқатар тәсілдер:  

• Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылым мен жазылым;  

•  Қарым-қатынас  жаттығуларын  пайдалану;  •  Проблема  шешу 

мақсатында жеке және топта жұмыс істеу;  

• Орындау арқылы білім алу (әрекет ету арқылы); 

 • Ашық сұрақтарды пайдалану;  

• Дәлел ұсынуға ынталандыру;  

• Зерттеу барысында бірлесіп жұмыс істеу;  



Өнім немесе нәтиже

=>      Іс-әрекет

Мұғалім – білім алуды

тасымалдаушы

ұйымдастырушы

Оқушы – басты рөлде

Белсенді білім алушы

Фокус: дағдыларды дамыту

Оқушылармен жұмыста әр түрлі тәсілдерді

қолдану

Мұғалім мен оқушының

рөлі қалай өзгереді?


• Зерттеуге негізделген оқу, оның барысында оқушылар мәселені жеке 

өздері зерделейді. 

Бұл тәсілдерді тәжірибеде тиімді жүзеге асыруда мұғалімдердің оқыту 

тәжірибесіне өзгеріс енгізуде Дэвид Колб 1984 жылы әзірлеген эмпирикалық 

оқу теориясы басшылыққа алынады. Циклде төмендегі мәселелер қамтылған: 

 

 



Бүкіл  әлемде  білім  беру  жүйелерінің  келешек  ұрпаққа  қандай  білім 

беретіні  туралы  мәселе  қайта  қаралуда.  Осы  мәселе  аясында  «Балалар  ХХІ 

ғасырда  табысты  болу  үшін  нені  үйренуі  керек?»  және  «Оқытудың  тиімді 

әдістері  қандай?»  деген  сияқты  негізгі  сауалдар  туындайды.  Бұл  сауалдар 

білім беру бағдарламасымен және білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда 

қолданылатын педагогикалық тәсілдермен тығыз байланысты. 

Қорыта айтқанда орта білім беру мазмұнына өзгеріс енгізуде мұғалімдер 

қауымы білім берудің жаңа стандарттары және оқу бағдарламаларымен жұмыс 

жасай  алу  және  тиімді  оқыту  тәжірибесін  дамытуға  қолдау  көрсету  үшін, 

кәсіби  біліктілікті  арттыру  курстарында  ерекше  дайындауға  үлкен 

жауапкершілік жүктейді. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:   

1. Қазақстан Республикасында білімді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 

жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2016 ж.  

2. Дж.Хэтти. ҚР мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы. Астана, 

2015 ж. 


3. Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 

Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015 ж.  

4. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы. «Назарбаев Зияткерлік 

мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015 ж. 

• іс-әрекетке 

қайта оралу, 

талдау 

жүргізу


• Теорияны 

меңгеру


• өз тәжірибесі 

арқылы 


үйрену, көз 

жеткізу


• Түрлі тәсілмен 

қолдану 


• жаңа 

тәжірибені 



жүзеге асыру

Эксперимент

Тәжірибе

Рефлексия

Нақты 

түсініктің 

болуы

жүктеу 42,08 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау