Үш жүз алғашқыда Алаш партиясымен жақындасқысы келгенімен, кейін өкімет үшін күрес шырқай шегіне жетіп, тақтық жіктелу үрдісі күшейген жағдайда «Үш жүз» іргесін Алаштан аулақ салып, Алаш партиясына қарсы ашық күреске шықты, оның оппоненті болды. 1917 жылы өз гәзетінде «Үш жүз» «Алаш» партиясы туралы былай деп жазады:«Орыстардың бәрі - «сары», «сарылардың» бәрі - орыс. «Алаш» орыстарды ағасы қылғысы келеді. Егер алдыға сақалы бар мәңгі тақыр еркекті, ал артқа тек қана жұмсақ орындыққа отырып үйреніп қалған қазақты қойсақ, бұрынғы қышыманы қатерлі шиқан қыламыз. Қазақ Ғаламның Жаратушысы Құдайды танып білді. Тек қана қазақ». Бұл сөздерінде Үш жүз Алаш партиясының орыстарға жақындығын сынайды. Кейін, орыс эсерлерімен біріккеннен кейін, 1918 жылдың көктемінде партияның ОК-нің құрылтайы болды. Құрылтайға 200-ге жуық кісі қатысты. Мәжілісте партия көшбасшысы Көлбай Төгісов сөз сөйлеп, алашордалықтарды контрреволюциялық әрекетте кінәләп, олармен күресуге кірісті. Алаш болса, «Қазақ» гәзеті «Қырғыздар ішіндегі Большевиктер» атты мақаласында оларды партияның жаулары деп атайды.
"Үш жүз" партиясы жарты жыл өмір сүрді. Ыдырау себептері: ұйымдастырушылықтың жоқтығы, партияның көптеген мүшелерінің идеялық тұрақсыздығы, тәртіптің нашарлығы, ішкі саяси күрес. Осылайша, партияның белгілі бір бөлігі Төгісовке қарсы партияның пайдасы үшін бай элементтерден салықтарды заңсыз жинауда көрініс тапқан, түрлі қызметтік теріс пайдаланушылықтарда айып тағылды. 1918 жылғы 11 мамырдағы кеңестердің Батыс-Сібір Комитеті президиумының мойындауынша, партия төрағасы Төгісовтің және оның жолдастарына "тергеу барысында айтарлықтай дәрежеде растау алған жоқ". Бірақ екінші рет Батыс-Сібір кеңесі үкімін шығара алмады. Көп ұзамай билік контрреволюциямен басып алынды, олар 1919 ж.Наурызында оны және Омбы, Петропавл және Александр каторж түрмелеріндегі "Үш-Жуз" партиясының басқа да басшыларын жойды. Бірақ осы қиын жылдарда Қазақстандағы саяси күштердің орналасуы қандай болмаса да, олардың барлығы қазақ мемлекеттілігін құруға өз үлестерін қосты.
«Алаш партиясы» 1917 жылы 21-26 шілде Орынбор қаласында І Жалпықазақ съезінде құрылды. Партия 1917 жылы 5-қазан «Алаш» деп аталды. «Алаш» партиясының облыстық ұйымдары қазан айында құрылды. Партияның бағдарламасының жобасы 1917 жылы 21- қарашада «Қазақ» газетінде жарық көрді. Жетекшісі: Ә.Бөкейханов болды, партияны құруға А.Байтұрсынов, М.Дулатов т.б. алаш зиялылары атсалысты. Бағдарлама 10 пункттен тұрды (мемлекет қалпы, жергілікті бостандық, негізгі құқық, дін ісі, билік және сот, ел қорғау, салық, жұмысшылар, ғылым-білім, жер мәселесі).
«Үш жүз» партиясы 1917 жылы қараша айында Омбы қаласында құрылды. Төрағасы – Мұқан Әйтпенов, орталық комитет құрамы Көлбай Тоғысов, Ысқақ Қабенов кірді.«Үш жүздің» бағдарламалық тезистері шашыраңқы болды. Онда еңбекшілердің талаптарын ескеретін пункттер: қазақ шаруаларына жер беру, отырықшы өмір салтына ауысу, мектеп ашу, тұрғындар арасына білім тарату т.б. енгізілді. Бұған қоса «Үш жүз» заңдар жинағын құқық пен шариғатты негізге ала отырып құруды ұсынды. Олардың ойынша, Құранның қатал пункттерін алып тастап, оның некеге, отбасына, мұраға қатыстыларын қалдыру керек деп жазды.
К.Тоғысовтың басшылыққа келуімен «Үш жүз» партиясының саяси бағдары өзгерді. Кеңес өкіметіне сенім білдірді.
Айырмашылықтары:
«Алаш» партиясының сипаты — ұлттық партия, олар қазақ халқын ешқандай тапқа, топқа жіктемей ұлт мүддесін білдірді.
«Үш жүз» партиясының сипаты – социалистік партия, олар еңбекші халықтың мүддесін білдіріп, кеңес өкіметін қолдады. Әлеуметтік құрамы – Омбының қала кедейлерін, шеберлерді, жәмшіктерді, бақташыларды біріктірді.
«Алаш» партиясының мақсаты – тәуелсіз, эволюциялық жолмен дамитын, ұлттық мемлекет құру болды.
«Үш жүз» партиясының мақсаты — түркітілдес халықтардың біртұтас автономиясын – Түркістан Федерациясын құруды ұсынды. Алаш автономиясын — «контрревоюциялық автономия» деп сынады.
«Алаш» партиясының баспасөз органы- «Қазақ» газеті болды
«Үш жүз» партиясының баспасөз органы – «Үш жүз» газеті, 1917ж. желтоқсаннан Петропавл қаласында шыға бастады.
1918 жылдан бастап Кеңес билігі платформасында мығым тұрған «Үш жүз» «Алашқа» қарсы белсенді күрес жүргізді.
«Алаш», «Үш жүз» партияларының құрылуы.
1917 ж екінші жалпықазақ съезінің негізгі шешімдерінің мазмұны және оның маңызы. Алашорда үкіметінің құрылуы.
Екінші жалпықазақ съезді - 1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында XX ғасыр басындағы қазақ қайраткерлері Алашорда үкіметін жариялаған съезд. Бұл съез Ресейде қазан төңкерісі болып, большевиктер билікке келгеннен кейінгі тарихи алмағайып кезеңде ұйымдастырылды. Съезд шақыру жөніндегі комиссия мүшелері Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, С.Досжанов, Е.Омаров оны ұйымдастыруда айрықша белсенділік танытты. Ұйымдастыру кадеті тарапынан өр уезден, әр облыстық қазақ кадеттерінен келетін екі өкілден бөлек 30-ға жуық кісіге арнайы шақыру қағаздары жіберіліп, «Сарыарқа», «Ұран», «Бірлік туы», «Тіршілік» газеттері мен әртүрлі ұйымдардан бір-бір өкілден шақырылды. Сиезге Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Сырдария, Жетісу, Самарқан облыстарынан және Бөкей Ордасынан барлығы 200-ден астам өкіл қатысты. Осының ішінде сиезге Б.Құлманов, Ж.Досмұхамедұлы. Ғ.Қараш, Х.Досмұхамедұлы, М.Шоқай т.б. белгілі тұлғалар арнайы шақырылды. Сиездің төралқасына Б.Құлманов (төраға), Ә.Бөкейхан, Х.Досмұхамедұлы, Ә.Кенесарин, Ғ.Қараш сайланды. Съездің күн тәртібіне Сібір, Түркістан автономиясы һәм оңтүстік-шығыс одақ туралы, Қазақ автономиясы, милиция, Ұлт Кеңесі, оқу мәселесі, ұлт қазынасы, мұфтилік мәселесі, халық соты, ауылдық басқару, азық-түлік, т.б. мәселелер енгізіліп, маңызы зор шешімдер қабылданды.. Съезд Қазақ автономиясы мен милиция туралы Х.Ғаббасов жасаған баяндаманы тыңдап, осы мәселе бойынша «Алашорда бүгіннен бастап қазақ-қырғыз билігін өз қолына алады» деген қаулы шығарды. М.Дулатов оқу мәселесі туралы арнайы баяндама жасап, комиссия құруды ұсынды. Съездегі ең басты мәселе автономия мәселесі жөнінде Ғ.Ғаббасовпен бірге Түркістан автономиясы жөнінде М.Шоқай сөз сөйледі. Осы негізгі мәселеге байланысты съез аса маңызды тарихи қаулы қабылдады. Онда: «Қазақ-қырғыз автономиясы - «Алаш» деп аталсын», «Алаш автономиясының жері, үстіндегі түгі, суы, астындағы кені - «Алаш» мүлкі болсын», «Алаш облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен Уақытша Ұлт Кеңесін құруға, мұның аты «Алашорда» болсын. Алашорданың ағзасы - 25 болып, он орын қазақ-қырғыз арасындағы басқа халықтарға қалдырылды. Алашордасының уақытша тұратын орны - Семей қаласы. Алашорда бүгіннен бастап қазақ-қырғыз халқының билігін өз қолына алды» деген тарихи шешімдер болды. Бұдан соң Алаш автономиясын жариялау мәселесі көтерілді. Ол бойынша делегаттардың пікірінде келіспеушілік байқалды. Ресми жариялауды жақтаушылар: Х.Досмұхамедұлы, Ж.Досмұхамедұлы, А.Кенжин, У.Танашев, Ғ.Қараш, С.Досжанұлы және т.б. барлығы - 33 адам; ресми жариялауды тоқтата тұралық деушілер: Ә.Бөкейхан, М.Дулатов, А.Байтұрсынұлы, Е.Омаров, О.Алмасов, Х.Ғаббасов және т.б. барлығы - 42 адам, қалыс қалғандар - А.Шегіров, М.Шоқай, Ә.Кенесарин болды. Нәтижесінде, «ресми жариялауды сиез атынан сайланған қазақ-қырғыз ісін басқарушы 15 кісіге тапсыралық. Олар біздің Уақытша үкіметіміз (Алашорда) болсын» деген тоқтамға келді. Съез Сырдария облысы қазақтарының сиезін шақыруды қажет деп тауып, өз араларынан Б.Құлманов, Т.Құнанбаев, М.Дулатовты өкілдер ретінде жіберу туралы шешім қабылдады. Қазақ зиялылары Алаш автономиясын аяғынан тік тұрғызу үшін және большевиктермен күресу мақсатында ұлттық әскер құру және кеңестерге қарсы әр түрлі саяси күштермен одақтасу ісіне үлкен мән берді. Съез бұл мәселені жан-жақты талқылап, қазақ милициясының әр облыс, уезд орталықтарындағы саны, оларға әскер ғылымын үйрету және қажетті заттармен (қару-жарақ, қаржы, көлік және т.б.) қамтамасыз ету тәртібін анықтап, «26 500 адам тіркелген халықтық милиция құрылуы қажет» деген қаулы қабылдады. Бұл идеяны Алашорда үкіметінің мүшесі Ж.Ақпаев ұсынды. Әскер құру ісіне қажетті қаражатты 6 облыстың қазақтары есебінен алатын болды. Алашорда үкіметі Ұлт кеңесіне мүшелер сайланған соң , Алашорданың төрағасын сайлау мәселесі өткізілді. Оған Ә.Бөкейхан, Б.Құлманов, А.Тұрлыханов түсті. Сайлау қорытындысы бойынша 79 дауыстан 40 дауыс жинаған Ә.Бөкейхан Алашорданың төрағасы болып сайланды. Бұдан соң оқу комиссиясының құрамына А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, Е.Омаров, Б.Сәрсенов, Т.Шонанов сайланды. Бұл съез ғасыр басынан бергі ұлт-азаттық қозғалысының ұлы қорытындысы болды. Ол өзінің тарихи маңызы жағынан ұлтымыздың сан ғасырлық өміріндеғі аса маңызды оқиғалардың қатарынан орын алады. 1918 жылы ұлан-байтақ қазақ даласын бір орталықтан басқарудың қиындықтарына байланысты Алашорданың Батыс бөлімшесі құрылып, оны белгілі заңгер және ағартушы Жанша Досмұхаммедов басқарды. 1918-1920 жылдардағы азамат соғыскынан кейін жеңіске жеткен Кеңес өкіметі «Алаш» үкіметін таратып, оның жетекшілерін қуғынға ұшыратты.
А. Байтұрсынұлы атындағы гимназия
Реферат
Тақырыбы: Үш жүз партиясы
Орындаған: Өксікбай А.
Қаратау – 2022 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |