Самара қаласында өткен Халықаралық фестивальге Қазақстандық 17 оқу орнынан 79 жұмыс Білім және ғылым миністрлігінің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясындағы сәулет-құрылыс және дизайнерлік бейіндегі Оқу-әдістемелік бірлестігі өткізген Республикалық байқау-конкурсында іріктеліп таңдалды.
Еуразияның сәулет-құрылыс және дизайн мектептерінің Халықаралық Фестивалі – жоғары оқу орындарының студенттерін кәсіби бағыттау және заманауи талаптарға сай білікті маман дайындау сапасын көтеру, сәулет, құрылыс және дизайн индустриясындағы жас мамандардың үздік дипломдық жұмыстарын көтермелеу мақсатында ұйымдастырылған жоба болып табылады.
Фестиваль екі кезеңмен өтеді: бірінші кезеңде жюри алқасының мүшелері on-line тәртіпт бойынша Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының сайтында орналастырылған жұмыстарды алдын ала бағалайды: екінші кезеңде – фестиваль кезінде жюри алқасы қорытындысын шығарады.
Жюри алқасының жұмысы фестиваль конкурсының ең жауапты құрауышы, өйткені олардың бағалау құзіреттілігіне бәйгелі орынды анықтап қана қоймай, конкурсқа қатысушалардың одан ары қарай дайындық бағытын жетілдіруге бағдар беру болып табылады. VII Халықаралық фестивальдің жоғарыкәсіптік және авторитетті мамандардан құралған жюри алқасында Қазақстандық профессорлар ғана емес, алыс және жақын шетелдердің де мамандары қатысты. Атап айтқанда, Ресей, Украина, Молдова, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Біріккен Араб Эмираттары, Мажарстан, Болгария, Италия, Испания және Голландиядан мамандар болды.
Халықаралық жюри алқасында Донецк мемлекеттік техникалық университетінің ректоры профессор Горохов Е.В. өз ұжымымен, Голландиядан келген профессор Альфред Мейрс құттықтау сөздерінде осы үлкен, Евразия колемінде өтіп отырған мерекені ұйымдастырушы Құсайынов Әмірлан Айдарбекұлына фестивальге қатысуға шақырып, конкурсқа қатысуға мүмкіндік бергендігіне алғыстарын білдіріп, фестивальдың ары қарай дамуына үлес қосатындықтарын білдірді.
Халықаралық жюри үлкен жауапкершілікпен жоғары бағалаған конкурстық жұмыстардың ішінде Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының түлектерінің де еңбектері бар. Мамандықтар бойынша: «Сәулет» – 4, «Дизайн» – 8, «Құрылыс» – 5, «Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру» – 2, «Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасай технологиясы» – 1 бәйгелі орын алдық.
Еуразияның сәулет-құрылыс және дизайн мектептерінің Ресейдің Самара қаласында өткен VII Халықаралық Фестивалі жоғары деңгейде өтті деп нық сеніммен мақтана аламыз.
Халықаралық Фестивальді өткізуге ат салысқан Самара Мемлекеттік техникалық университетінің Сәулет-құрылыс институтының ұжымы үлкен ұйымдастырушылық көмек көрсете ғана қоймай, конкурсқа қатысушыларға Самара қаласының тарихи орындарын көруге экскурсия ұйымдастырып берді.
Достарыңызбен бөлісу: |