Осы Фестивальды ұйымдастырып отырған Құсайынов Әмірлан Айдарбекұлы бастаған Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының ұжымына конкурсқа қатысушалар мен қонақтардың ризашылығында шек жоқ. Шет ел қонақтары фестивальдың үлкен маңыздылығы – әр елдің оқу орындарының ғалым-педагогтарымен қарым-қатынасты өрбітуімен қатар, жас мамандарға өзінің білімі мен дарынын көрсетуге мүмкіндік ашатынын жарыса айтып жатты. Кездесу барысында танысып, тәжірибе алмасып қана қоймай, сыйлықтар ұсынып, өз елдерінде болатын ғылыми-тәжірибелік мерекелерге шақырып жатты.
Фестивальдың қорытынды гала-мерекесінде конкурс жеңімпаздарына дипломдар мен сертификаттармен қатар жас дизайнер мамандардың сән киім коллекцияларын тамашаладық. Бұл көрсетілімде Қазақстан атынан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университетінің профессоры Тұрғанбаева Шахизаданың түлектері ұсынған коллекция фестивальға қатысушаларды ұлттық мәнердегі сән үлгісімен қуантып таң қалдырды.
Достарыңызбен бөлісу: |