Сәулет, қала құрылысы және құрылыс



жүктеу 2,65 Mb.
Pdf просмотр
бет42/97
Дата27.12.2019
өлшемі2,65 Mb.
#25091
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   97

ҚР ЕЖ 1.03-106-2012 
 
 
81
 
- люктерді,  қоршауларды  ашуға,  жабдықты  тазалауға  және  майлауға,  оның 
қозғалмалы бөліктерін ұстауға; 
- қорғаныс қоршауларын алуға. 
Қауіпті аймақ шекаралары сигналдық қоршаулармен немесе қауіпсіздік белгілерімен 
белгіленуі тиіс. 
Беріктікті тексеру кезінде құбырға ауа айдаған кезде және құбырды қысым астында 
ұстаған кезде қауіпті аймақта адамдардың болуына  рұқсат етілмейді.  
21.14 Құбырлардың  пневматикалық  сынақтарын  жүргізген  кезде  сақтандырғыш 
клапандар тиісті қысымға реттелуі тиіс. 
21.15 Құбырлар  мен  жабдықтарды  сынау  уақытында  дәнекерлеу  тігістерін  қағып 
ұруға болмайды. 
21.16 Компрессордан  сыналатын  құбырға  ауа  жіберетін  желілерді  жалғау  және 
ажыратуды ауа жіберуді тоқтатқаннан кейін және қысымды атмосфералық қысымға дейін 
түсіргеннен кейін ғана рұқсат етіледі. 
21.17 Құбырларды  қарауды  тек  қысымды  келесі  мәндерге  дейін  түсіргеннен  кейін 
ғана жүргізуге рұқсат етіледі, МПа: 
- болат және пластмасса құбырларда - 0,3 дейін; 
- шойын, темірбетон және асбест цементті құбырларда - 0,1 дейін. 
Құбырлардың ақауларын қысымды атмосфералық қысымға дейін түсіргеннен кейін 
ғана жүргізу қажет.  
 
 
22 ЭЛЕКТР МОНТАЖ ЖӘНЕ ТҮЗЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ 
 
22.1 Электр  монтаж  және  түзету  жұмыстарын  (бөлгіш  құрылғыларды  монтаждау 
және түзету) орындаған кезде; электрлі машиналар және трансформаторларды монтаждау 
және  түзету;  аккумуляторлық  батареяларды  монтаждау;  электр  жетектерін  және  кран 
жабдықтарын  монтаждау  және  түзету;    күштік,  жарықтандыру  желілерін,  электр 
таратудың  ауа  желілерін  монтаждау  кезінде  жұмысшыларға  жұмыстың  сипатымен 
байланысты  келесі  қауіпті  және  зиянды  өндірістік  ықпалдардың  әсер  етуінің  алдын  алу 
шараларын қарастыру қажет: 
- қысқа  тұйықталуы  адам  денесі  арқылы  болуы  мүмкін  электр  тізбегіндегі  жоғары 
кернеу; 
- жұмысшы орынның биіктігі 1,3 м және одан биік құламаға жақын орналасуы; 
- зиянды заттар; 
- өртке қауіпті заттар;  
- дайындамалар бетіндегі үшкір жиектер, қабыршақтар және кедір-бұдырлар
- құралдар мен жабдықтың қозғалмалы бөліктері
- қозғалатын машиналар және олардың қозғалмалы бөліктері. 
22.2 22.1-тармақта  көрсетілген  қауіпті  және  зиянды  өндірістік  ықпалдар  болған 
жағдайда  электр  монтаж  және  түзету    жұмыстарының  қауіпсіздігі  ұйымдастыру-
технологиялық  құжаттарда  (құрылыс,  жұмыстар  өндірісі  және  т.б.  ұйымдастыру 
жобаларында)  берілген  еңбек  қорғау  жөніндегі  келесі  шешімдерді    орындау  негізінде 
қамтамасыз етілуі тиіс: 


ҚР ЕЖ 1.03-106-2012 
 
 
82 
- қолданыстағы  электр  қондырғыларында  жұмыс  істеген  кездегі  қосымша  қорғаныс 
шаралары
- іске қосу-жөндеу жұмыстарын орындаған кездегі қауіпсіздік  шаралары
- биіктікте жұмыс істеген кезде қауіпсіздікті қамтамасыз ету; 
- зиянды заттармен жұмыс істеген кезде қауіпсіздік  шаралары; 
- өрт қауіпсіздігі шаралары. 
22.3 Монтаждау  және  түзету  жұмыстарын  орындаған  кезде  осы  Ережелердің 
талаптарын орындау қажет.  
22.4 Аккумуляторлық 
батареяларды 
монтаждау 
жүргізілетін 
бөлмелерде 
пластиналарды  дәнекерлеу  және  банкаларды  электролитпен  толтыру  бойынша 
жұмыстарды  бастағанға  дейін  түзету  жұмыстарды  аяқтау,  желдету,  жылыту  және 
жарықтандыру  жүйелерін  сынау,  ал  қол  жетімді  орындарда  қышқылдар  және  сілтілерді 
бейтараптауға арналған ерітінділер құйылған ыдыстарды орналастыру қажет. 
22.5 Қышқылды  электролитті  қорғасындалған  немесе  болатты  гуммирленген 
ыдыстарда  дайындау  қажет,  электролитті  сұйылту  үшін  шыны  немесе  эмальданған 
ыдыстарды қолдануға тыйым салынады.  
22.6 Кранның  электр  жабдығын  монтаждауды  бастау  алдында  қоршаулары  бар 
тұрақты төсемді монтаждау қажет. 
Көтерілген  жабдықты  қоршаулармен  және  борттық  элементтермен  жабдықталған 
арнайы бөлінген орындарға ғана уақытша орналастыруға болады.  
22.7 Қолданыстағы  цехта  электр  жабдықты  монтаждау  кезінде  кранды  жөндеу 
тұйығына қою, ал соңғысының троллейін сөндіру және жерге қосу қажет. 
22.8 Сымдарды,  созбасымдарды  және  металл  таспаларды  шығырлар  және  басқа  да 
аспаптар көмегімен түзетуді ашық электрлі қондырғылар және кернеу астындағы желілер 
болмаған жағдайда арнайы қоршалған алаңдарда жүзеге асыру қажет. 
22.9 Арқанды  сымдарды  монтаждаған  кезде  оларды  соңғы  керуді  тек  аралық 
тіректерді орнатқаннан кейін ғана жүзеге асыру қажет.  
Арқанды керген кезде оны ұстауға және керу аймағында болуға тыйым салынады. 
22.10 Қабырғалардағы  қуыстар  арқылы  кабельді  тартқан  кезде  жұмысшылар 
қабырғаның екі жағынан да болулары тиіс. Қабырғадан жұмысшылар қолдарының шеткі 
жағдайына дейінгі арақашықтық 1 м кем болмауы тиіс. 
22.11 Жанарғыларды,  дәнекерлейтін  шамдарды  жағуды,  кабельді  массаны  және 
балқытылған  дәнекерді қыздыруды кабельді құдықтан 2 м кем емес қашықтықта жүргізу 
қажет. 
Балқытылған    дәнекерді  және  қыздырылған  кабельді  массаны  қорғаныс 
көзілдіріктерін қолданып, арнайы ожауларда немесе жабық бактарда түсіру қажет. 
22.12 Кабельді  муфталарды  және  воронкаларды  құюға  арналған  кабельді  массаны 
қыздырған  кезде  жабық  бөлмеде  оны  желдету  қамтамасыз  етілуі  тиіс.  Қыздыру  үшін 
қолданылатын  ыдыстар  «Қазақстан  Республикасындағы  өрт  қауіпсіздігі  Ережелері» 
талаптарына сәйкес келуі тиіс. 
22.13 Трансформатор  корпусындағы  дәнекерлеу  жұмыстарын  дәнекерлеу  орнынан 
200  мм  бастап  250  мм  дейінгі  деңгейге  дейін  оған  май  құйғаннан  кейін  ғана  жүзеге 
асыруға болады. 


жүктеу 2,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау