ҚР ЕЖ 1.03-106-2012
74
18.22 Жылуоқшаулағыш жұмыстарды өндіру кезінде оқшаулағыш бет және
жұмысшы ағаш төсеулері арасындағы саңылау оқшаулаудың қос қалыңдығынан плюс
50 мм аспауы керек.
19 ЖАБЫН ЖҰМЫСТАРЫ
19.1 Орам материалдарынан жұмсақ жабынды және металл немесе асбестцемент
жабындарын орнату бойынша жабын жұмыстарын орындаған кезде жұмыс сипатына
байланысты келесі қауіпті және зиянды өндірістік ықпалдардың жұмысшыларға әсер етуін
ескерту бойынша шараларды қарастыру керек:
- жұмыс орнының 1,3 м және одан жоғары биіктігі бойынша құламаға жақын
орналасуы;
- жұмыс аймағы
ауасының жоғары газдануы;
- жабдықтардың, материалдардың беттерінің және жұмыс аймағы ауасының жоғары
немесе төмен температурасы;
- жабдықтардың, материалдардың беттеріндегі үшкір жиектері, қабыршақтары және
кедір-бұдырлығы;
- тұйықталуы адам денесі арқылы өтетін электр тізбегіндегі жоғары кернеу.
19.2 19.1-тармағында көрсетілген қауіпті және зиянды өндірістік ықпалдар бар
болған кезде жабын жұмыстарының қауіпсіздігі еңбекті қорғау шешімдерін қолданатын
ұйымдастыру-технологиялық
құжаттамасындағыларды
(құрылыс
ұйымының,
жұмыстарды өндіру жобаларын және т.б.) орындау негізінде қамтамасыз етілуі тиіс:
- биіктегі жұмыс орындарын ұйымдастыру, жұмыс орындарына жұмысшылардың
өту жолдары, еңіс шатырда жұмыс істеу кезінде негізгі
қауіпсіздік шаралары;
- ыстық мастиктер мен материалдарды дайындау және тасымалдау кезіндегі
қауіпсіздік шаралары;
- жабынға материалдарды және құралдарды көтеруге арналған әдістер мен құралдар,
оларды
қаттау тәртібі, жұмыстарды орындау реттілігі.
19.3 Жабын жұмыстарын газ жалын тәсілмен өндіруді қауіпсіздік шараларын
қарастыратын наряд-рұқсат бойынша жүзеге асыру керек.
19.4 Шатырлар құралымында жанғыш және жануы қиын жылытқыштарды
қолданған кезде орама битум материалдарын газ жалын тәсілімен жапсыру тек оларға
төселген цемент-құм немесе асфальт тұтастырғышы бойынша ғана рұқсат етіледі.
19.5 Газ жалын тәсілімен орындалған жабын жұмыстарын өндіру орындары кемінде
екі көшіру шығатын есіктерімен (сатыларман), сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы
өрт қауіпсіздік ережелеріне» сәйкес алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілуі
тиіс. Жабынға тек саты адымдарымен және шатырға көтерілуге арналған жабдықталған
сатылармен ғана көтерілуі және одан түсуі тиіс. Осы мақсаттарда өрт сатыларын
қолдануға тыйым салынады.
19.6 Тұрақты қоршауы жоқ тегіс шатырларда жұмыстарды өндіру кезінде жұмыс
орындарын МемСТ 23120 және МемСТ 12.2.062 ережелеріне сәйкес қоршау керек.
19.7 20
0
артық еңіс шатырда, сондай-ақ жұмыс істеушілердің салмағынан түсетін
жүктеме есептелінбеген жабыны бар шатырда жұмыстарды орындайтын
ҚР ЕЖ 1.03-106-2012
75
жұмысшылардың өтетін жолдарына аяқты тіреуге арналған көлденең тақтайлар салынған
ені кемінде 0,3 м басқышты қолдану керек. Басқыштар жұмыс кезінде бекітілуі керек.
19.8 20
0
Артық еңіс шатырда жұмыстарды орындау кезінде жұмысшылар
сақтандырғыш белдіктерді қолдануы тиіс.
19.9 Жүкті көтеру және жабын жұмыстарын орындайтын орындарындағы
ғимараттарға жақын жерлерге ҚР ҚН 1.03-05 сәйкес анықталатын қауіпті аймақтарды,
шамаларды, шекараларды белгілеу керек.
19.10 Жабынды орнату кезінде материалдарды беру үшін қолданылатын аз жүк
көтергіш крандар дайындаушы зауыт нұсқауларына сәйкес орнатылуы және пайдалануы
тиіс. Жүкті көтеруді контейнерлерде немесе ыдыста жүзеге асыру керек.
19.11 Шатырға тек жұмыстарды олардың құлауына, соның ішінде желдің әсер етуіне
қарсы шараларды қолдану арқылы өндіру жобасымен қарастырылған орындарға ғана
материалдарды орналастыруға рұқсат етіледі.
Материал қоры ауысым қажеттілігінен аспауы тиіс.
Жұмыста үзілістер кезінде технологиялық құрал-жабдықтар, материалдар және
құрал бекітілуі немесе шатырдан алынуы тиіс.
19.12 Ыстық мастиктерді қолдану арқылы жұмыстарды өндіру тәртібі осы
Ережелердің 18-бөлімімен анықталады.
19.13 Жабын
жұмыстарын көктайғақ, жұмыс алаңы шектеріндегі көруді
болдырмайтын тұман, найзағай және 15 м/с және одан жоғары жылдамдықтағы жел
кезінде орындауға рұқсат етілмейді.
19.14 Жабын
элементтерін және бөлшектерді, соның ішінде жапсарлы
компенсаторларды, қорғаныш алжапқыштарды, суағар құбырларының тізбегін, құйылыс,
құламаларды және т.с.с. жұмыс орындарына дайын күйінде беру керек.
Көрсетілген элементтер мен бөлшектерді тікелей шатырда дайындауға рұқсат
етілмейді.
19.15 Дайын суағар астаушалары, май құйғыш, құбырларды орнату (ілу), сондай-ақ
түтін және желдету құбырларына арналған қалпақшалар және зонттар және парапеттерді,
сандриктерді жабу, құламаларды әрлеу бойынша жабын жұмыстарын орындауды
төсемшелерді қолдану арқылы жүзеге асыру керек.
Көрсетілген жұмыстар үшін жиылмалы сатыларды қолдануға тыйым салынады.
19.16 Жабын жұмыстарын газ жалын тәсілімен орындау кезінде келесі қауіпсіздік
талаптарын орындау керек:
- баллондар тік орнатылуы керек және арнайы
тіреулерге бекітілуі тиіс;
- газ баллондары бар арба-тіреулерді 25 % дейін еңіс шатырлардың беттеріне
орнатуға рұқсат етіледі. Үлкен еңіс шатырларда жұмыстарды орындаған кезде
баллондары бар тіреулер үшін арнайы
алаңдарды жасау керек;
- жұмыс істеу кезінде оттықтан (көлденең бойынша) газы бар баллон топтарына
дейінгі арақашықтық кемінде 10 м, газ желілері және резеңке маталы жеңдерге дейін –
3 м, жеке баллондарға дейін - 5 м болуы керек.
Тез тұтанғыш және отқа қауіпті материалдарды оттықтарды қолдану арқылы
жұмыстарды өндіру орындарына тікелей жақын ұстауға тыйым салынады.