ҚР ЕЖ 1.03-106-2012
72
18.2 18.1-тармақта көрсетілген қауіпті және зиянды өндірістік ықпалдар бар болған
кезде оқшаулау жұмыстарының қауіпсіздігі еңбекті қорғау бойынша шешімдерді
қолданатын ұйымдастыру-технологиялық құжаттамасында мазмұндалғандарды (құрылыс
ұйымының, жұмыстарды өндіру жобаларын және т.б.) орындау негізінде қамтамасыз
етілуі тиіс:
- желдетуді, өрт сөндіруді, термиялық күйіктерден қорғануды, жарықтандыруды,
биікте жұмыстарды орындауды қамтамасыз ету үшін әдістер мен құралдарды көрсету
арқылы
жұмыс орындарын ұйымдастыру;
- жабық бөлмелерде, аппараттарда және ыдыстарда жұмыстарды орындаған кездегі
негізгі
қауіпсіздік шаралары;
- ыстық мастиктер мен материалдарды дайындау және тасымалдау кезіндегі
қауіпсіздік шаралар.
18.3 Зиянды және отқа қауіпті заттарды бөлу арқылы оқшаулау жұмыстары
жүргізілетін жұмыс телiмдерінде, бөлмелерде басқа жұмыстарды орындауға және бөгде
адамдардың болуына рұқсат етілмейді.
18.4 Технологиялық жабдықтағы және құбырлардағы оқшаулау жұмыстары
әдеттегідей оларды орнатқанға дейін немесе жобаға сәйкес тұрақты бекітілгеннен кейін
орындалуы тиіс.
18.5 Тоттануға қарсы жұмыстарды өндіру кезінде осы Ережелердің талаптарынан
басқа МемСТ 12.3.016 талаптарын орындау керек.
Асбест және құрамында асбест бар материалдардан жасалған бұйымдарды қолдану
арқылы жылуоқшаулағыш жұмыстарды өндірген кезде ҚР ҚН 1.03-03 талаптарын сақтау
керек.
18.6 Ыстық мастиктерді дайындау, өртке қауіпті заттарды бөлетін оқшаулау
жұмыстарын жүргізу кезіндегі жұмыс орындары МемСТ 12.1.004 және «Қазақстан
Республикасындағы өрт қауіпсіздік ережелеріне» сәйкес өрт сөндірудің алғашқы
құралдарымен жабдықталуы тиіс.
18.7 Оқшаулау жұмыстарын аппараттардың ішінде немесе жабық бөлмелерде
жүргізген кезде жұмыс орындары желдетумен (ауаны тазарту) және жарылу қауіпсіз
орындалуда арматурамен 12 В жоғары емес кернеумен электр желіден жергілікті
жарықтандырумен қамтамасыз етілуі тиіс.
18.8 Биікте оқшаулау жұмыстарын орындауға арналған жұмыс орындары
МемСТ 23120 және МемСТ 12.2.062 талаптарына сәйкес орындалған қоршаулары бар
төсеу құралдарымен және оларға көтерілуге арналған басқыш-сатылармен жабдықталуы
тиіс.
18.9 Аппараттарда және басқа жабық ыдыстарда оқшаулау жұмыстарын бастар
алдында барлық электр қозғалтқыштарды сөндіру керек, ал жеткізуші технологиялық
құбырларға бітеуіштерді қою керек және сәйкес келетін орындарға аппараттардың ішінде
жұмыстарды жүргізу туралы ескертуші плакаттарды (жазбаларды) ілу керек.
18.10 Ыстық битумды қолдану арқылы оқшаулау жұмыстарын өндіру кезінде
жұмысшылар етіктің сыртына түсірілген шалбарлары бар арнайы костюмдерді қолдану
керек.
18.11 Битум мастигін жұмыс орындарына әдеттегідей жүк көтергіш кранның
көмегімен битум сымы бойынша немесе ыдыстармен жеткізу керек.
ҚР ЕЖ 1.03-106-2012
73
Жұмыс орындарына ыстық битумды қолмен көшіру кезінде тығыз жабылатын
қақпақтары және жабу құралдары бар, кең бөлігі төмен қаратылған қиық конусты пішіні
бар металл бөшкелерді қолдану керек.
18.12 Ыстық битумды қазанға түсірген кезде немесе оны төсеніштерге немесе
жабынға көтерген кезде барлық жағынан жабылған, қорап ішінде жылжитын, жабық
қақпақтары бар бөшкелерді қолдану керек.
Жиылмалы сатылар бойынша ыстық битум салынған бөшкелермен көтерілуге
(түсуге) тыйым салынады.
18.13 Битум мастиктерін қайнатуға және қыздыруға арналған қазандар мастиктердің
температурасын өлшеуге арналған аспаптармен және тығыз жабылатын қақпақтармен
жабдықталуы тиіс.
Битум мастиктерін қайнату және қыздыру температурасын 180 ºС жоғары көтеруге
рұқсат етілмейді.
18.14 Битум қазанын оның сыйымдылығынан 3/4 артық емес толтыруға рұқсат
етіледі.
Қазанға салынатын толықтырғыш құрғақ болуы керек. Қазанға мұздың және қардың
түсуіне жол берілмейді.
18.15 Битум мастиктерін қыздыру үшін бөлменің ішінде ашық отты құрылғыларды
қолдануға тыйым салынады.
18.16 Еріткіштен және битумнан тұратын тегістегішті (праймерді) дайындау кезінде
битумды ағаш бұлғауыштармен араластыра отырып, оны еріткішке құю керек.
тегістегішті дайындау кезіндегі битумның температурасы 70 ºС-тан аспауы керек.
Еріткішті ерітілген битумге құюға, сондай-ақ тегістегішті этил бензининде немесе
бензолда дайындауға тыйым салынады.
18.17 Бірнеше жұмысшы звенолары ыстық битумды қолдану арқылы жұмыс істеген
кезде олардың арасындағы арақашықтық 10 м кем болуы тиіс.
18.18 Пенополиуретенді дайындағанда және құйған кезде келесі талаптар
орындалуы керек:
- пенополиуретан компоненттерін қыздыру жабық жылытқыштардың көмегімен
және ашық жалынды қолданусыз жүргізілуі тиіс;
- технологиялық операцияларды орындаған кезде жұмысшылардың тері қабаттарына
компоненттердің түсіп кетуі
орын алмауы керек;
- жұмысшы құрамдарын дайындау бойынша жұмыстарды орындау және құю кезінде
радиусы 25 м аймақта темекі шегуге және от жағуға, дәнекерлеу жұмыстарын орындауға
рұқсат етілмейді.
18.19 Стекловатты және шлаковатты тозаңдатпайтын шарттарды сақтай отырып,
жұмыс орнына контейнерлермен немесе пакеттермен жеткізу керек.
18.20 Сылақ астына торды бекіту үшін құрылыс құралымдарының беттеріне тоқыма
сымдарын қолдану керек.
18.21 Жағу оқшаулағышын дайындау мақсатымен тоқыма сымымен бекітілген,
оларды жылу оқшаулағыш материалдарымен жапқаннан кейін құралымның немесе
жабдықтың беттерінде сымдардың шығыңқы ұштары болмауы тиіс.