ҚР ЕЖ 1.03-106-2012
30
7.1.1 Көліктік және жүктеу-жүкті түсіру
жұмыстарын құрылыс, құрылыс
материалдарының өнеркәсібі және құрылыс индустриясы саласында орындау барысында
көліктік құралдардың түріне байланысты осы ережелердің талаптарымен қатар
«Автомобиль көлігіндегі қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері» сақталынуы тиіс.
7.1.2 Көлік құралына иелік етуші ұйым оларға өндіруші зауыттың нұсқауның
талаптарымен сәйкес дер кезінде техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді қамтамасыз
етуге міндетті.
7.1.3 Жүктеу-жүкті түсіру жұмыстары үшін қолданылатын көлік құралдары және
жабдық өңделетін жүктің сипатына сай келуі тиіс.
Жүктеу және жүкті түсіру жұмыстары үшін арналған алаңдар жоспарлануы тиіс
және 5° аспайтын еңісі бар болуы керек, ал олардың өлшемдері және жабыны –жұмыс
өндірісінің жобасына сай болуы тиіс. Сәйкес орындарда жазуларын орнату қажет: «Кіру»,
«Шығу», «Айналым» және т.б.
Қыстық уақытта құламалар және өрлеулер мұздан және қардан тазартылуы және
құммен немесе шлакпен себілуі тиіс.
7.1.4 Сусымалы жүктер түсірілетін эстакадалар белгілі маркалы жүк автомобилінің
толық жүктемені қабылдауына белгілі беріктік қорымен сай болулары тиіс, рұқсат
етілетін жүк көтеру қабілетінің көрсеткіштермен жабдықталуы тиіс, сонымен қатар,
қырларынан қоршалуы тиіс және дөңгеелкті тоқтатқыш қырлы бөренелермен
жабдықталуы тиіс.
7.1.5 Қоймаларда және пакгаузтарда сақталатын жәшіктік жүктерді жүктеу және
жүкті түсіру алаңдарында (теңдерді, кеспектерді, орамдарды және т.б.) платформалар
құрылуы тиіс: эстакадалар, биіктігі автомобиль шанағының еден деңгейіне тең рампалар.
7.1.6 Өндірістік аумақта, жүктеу-жүкті түсіру алаңдарында және оларға жету
жолдарында автомобильдердің қозғалысы жалпылама қабылданған жол белгілерімен және
көрсеткіштерімен реттелуі тиіс.
7.1.7 Жүктеу-жүкті түсіру алаңдарында автомобильдерді орналастыру барысында
бірінен кейін бірі тұлған автомобильдер арасындағы қашықтық (тереңдігіне қарай) 1 м
кем болмауы тиіс, ал бір-бірінің қасында тұрған автомобильдер арасында (алдынан
қарағанда), - 1,5 м кем емес болуы тиіс.
Егер автомобильдерді ғимараттар жанында жүктеу немесе жүкті түсіру үшін
орнатса, онда ғимарат және автомобильдің артқы борты арасында (немесе салбырайтын
жүктің артқы нүктесі) 0,5 м кем емес аралығы сақталынуы тиіс.
Автомобиль және жүктің қатары арасындағы қашықтық 1 м кем болмауы тиіс.
7.1.8 Электржелілерінен 30 м кем қашықтығында өздігінен жүретін жебелік
крандарды қолданумен орындалатын жүктеу-жүкті түсіру жұмыстары ҚР ҚН 1.03-05
сәйкес наряд-рұқсатты бар болған жағдайда және крандармен жұмыстарды қауіпсіз
орындау үшін жауапты тұлғаның тікелей басшылығында орындалуы тиіс.
7.1.9 Жүктеу-жүкті түсіру жұмыстарын орындау барысында ауыр заттарды
тасымалдаудың шекті нормалары туралы заңның талаптарын сақтау қажет және
жұмыскерлерге осы жұмыстарды орындауға рұқсат беру және «әйелдердің еңбегін
пайдалануға тыйым салатын жұмыстар тізімі, әйелдердің ауыр заттарды қолмен көтерудің
ҚР ЕЖ 1.03-106-2012
31
және тасымалдаудың шекті нормаларының» және «Он сегіз жасқа толмаған тұлғалардың
еңбегін қолдануға тыйым салатын жұмыстар тізімінің» талаптарымен сәйкес сақтау қажет.
7.1.10 Материалдарды көлденең жол бойынша зембілде тек ерекше жағдайларда ғана
және 50м аспайтын қашықтығына тасымалдауға рұқсат етіледі.
Материалдарды зембілде баспалдақтармен және сатылармен тасымалдауға тыйым
салынады.
Бірінші қабаттан жоғары орналасқан және марштар саны біреуден астам немесе
биіктігі 2 м астам сатылары бар қоймалар жүктерді түсіру және көтеру үшін көтеру
құрылғысымен жабдықталады.
7.2 Жүктеу-жүкті түсіру жұмыстарын өндіру
7.2.1 Жүктеу-жүкті түсіру жұмыстары орындалатын бөлмелердің және алаңдардың
жарығы МемСТ 12.1.046 талаптарына сай болуы тиіс.
7.2.2 Әдетте жүктеу-жүкті түсіру жұмыстары көтеру-көліктік жабдық көмегімен
механикаландырылған
әдіспен
орындалуы
тиіс.
Жұмыстар
«Көтеру-көліктік
құралдарының қауіпсіздігіне қатысты талаптар» және «Жүк көтеруші крандарын орнату
және қауіпсіз қолдану бойынша өндірістік қауіпсіздік талаптар» Техникалық
регламентінің талаптарымен сәйкес орындалуы тиіс.
7.2.3 Жүктеу-жүкті түсіру жұмыстарының өндірісі үшін жауапты тұлға жүк
көтеретін механизмдерінің, такелаждың, құрылғылардың, төсеніштердің және басқа да
жүктеу-жүкті түсіру мүлігінің жарамдылығын тексеруі тиіс, сонымен қатар,
жұмыскерлерге олардың мігдеттерін, операцияларды орындаудың бірізділігін, берілетін
сигналдардың және жүктеуге берілген (жүкті түсіруге)материал қасиеттерінің мәнін
түсіндіруі тиіс.
7.2.4 Жүктеу-жүкті түсіру жұмыстарының механикаландырылған тәсілі салмағы
50 кг астам жүктері үшін, сонымен қатар, жүктерді 2 м астам биіктігіне көтеру барысында
міндетті болып табылады.
7.2.5 Жүктеу-жүкті түсіру жұмыстарын орындау барысында қолданылатын жүк
көтергіш машиналар, жүкті ұстағыш құрылғылары, контейнерлеу және қаптау құралдары
«Көтеру-көліктік құралдарының қауіпсіздігіне қатысты талаптар» және «Жүк көтеруші
крандарды орнату және қауіпсіз қолдану бойынша өндірістік қауіпсіздік талаптары»
Техникалық регламентінің талаптарына сай болуы тиіс.
7.2.6 Жүктерді арқандауды бекітілген жоба (сызба) бойынша жасалған мүліктік
арқандармен немесе арнайы жүкті ұстағыш құрылғыларымен орындау қажет.
Арқандау тәсілдері арқандалған жүктің құлау немесе сырғанау мүмкіндігін
болдырмауы тиіс.
7.2.7 Жүкті көтергіш машиналарын қолданатын ұйымдармен немесе жеке
тұлғалармен жүк көтеретін машиналарының арқандаушылары және машинисттері
оқытылуы тиіс жүктерді дұрыс арқандау және ілу тәсілдері жасақталған болуы тиіс.
Арқандау және ілу сызбалары, сонымен қатар, олардың массасын көрсетуші негізгі
орын алмастырылатын жүктердің тізімі крандардың арқандаушыларының және
машинисттерінің қолдарына берілуі және жұмыс өндірісінің жерлерінде ілінуі тиіс және
Достарыңызбен бөлісу: |