Сәулет, қала құрылысы және құрылыс



жүктеу 2,65 Mb.
Pdf просмотр
бет14/97
Дата27.12.2019
өлшемі2,65 Mb.
#25091
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   97

ҚР ЕЖ 1.03-106-2012 
 
 
24 
6.3.19 Алаңдарда 
жүктеу  немесе  жүкті  түсіру  өткізілетін  кабинасынан 
(платформасынан)  көтергіш  құрылғыларын  қолдану  барысында  жүктеу  тәсілін 
анықтайтын  көтергіш  құрылғысымен  пайдалану  ережелері,  дабыл  жүйесінің  тәсілі, 
кезекші  қызметкерлермен  есіктерге  қатысты  қызмет  көрсету  тәртібі,  құрылыс  жүгін 
көтергіш құрылғыларының платформасына адамдардың шығуын болдырмау және көтеру 
құрылғысына  қызмет  көрсету  бойынша  басқа  нұсқаулар  ілінуі  тиіс.  Көтеру 
құрылғысының  кабинасының  немесе  платформасының  барлық  жүктеу  орындарында 
немесе жүкті түсіру орындарында көтеруге немесе түсіруге рұқсат етілетін шекті жүктің 
салмағын көрсететін жазулар жасалуы тиіс. 
6.3.20 Ашық платформалы көтеру құрылғысының жүктеу орнының үстінде 2,5 м-ден 
5 м дейінгі биіктікте қалыңдығы 40 мм кем емес тақтайларынан қорғаныс екі жақты төсем 
орнатылуы тиіс. 
6.3.21 Жұмыскерлердің ыдыстарын 0,07 МПа астам қысымымен және су жылытатын 
қазандарын судың 115 °С астам температурасында орнату, жөндеу және қауіпсіз қолдану 
«Су  жылытатын  және  бу  қазандарының  қауіпсіздігіне  қатысты  талаптар»  Техникалық 
регламентінің және «Қысыммен жұмыс істейтін жабдық қауіпсіздігіне қатысты талаптар» 
Техникалық регламентінің талаптарына сай болуы тиіс. 
6.3.22 Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды қолданып отырған ұйымда «Қысыммен 
жұмыс  істейтін  жабдық  қауіпсіздігіне  қатысты  талаптар»  Техникалық  регламентімен 
сәйкес  техникалық  күйін  және  ыдыстардың  қолданылуын  қадағалау  бойынша  жауапты 
тұлғасы,  сонымен  қатар,  белгіленген  тәртіпте  білімін  тексеруден  өткен  кәсіпорын 
мамандары  қатарынан  жабдықтың  жұмыс  істейтін  күйі  және  қауіпсіз  әрекеттері  үшін 
жауапты тұлғасы тағайындалуы тиіс. 
6.3.23 Жер  үсті  рельстік  кран  жолдарын  орнату  және  қолдану  «Көтеру-көліктік 
құралдарының  қауіпсіздігіне  қатысты  талаптар»  және  «Жүк  көтеруші  крандарының 
орнату  және  қауіпсіз  қолдану  бойынша  өндірістік  қауіпсіздік  талаптары»  Техникалық 
регламентінің талаптарына сай болуы тиіс. 
 
6.4 Механизацияның  құралдарын,  тас  төсеу  құралдарын,  жарақты,  қол 
машиналарын және құралдарын пайдалану 
 
6.4.1 Механизацияның 
құралдарын, 
жабдықты, 
құрылғыларды 
және 
қол 
машиналарын қолданушы қызметкерлер құрамы жұмыстардың басталуына дейін олардың 
өндіруші  зауыттың  нұсқауларының  және  еңбекті  қорғау  және  қауіпсіздік  техникасы 
бойынша  нұсқауларының  талаптарымен  сәйкес  қолданылуымен  жұмыстың  қауіпсіз 
тәсілдеріне және амалдарына оқытылуы тиіс. 
6.4.2 Балласт  жүкарбаның  жақтауында  бекітілуі  тиіс.  Жүкарба  дабылындағы  арқан 
орамдарының саны жүктің төменгі күйі барысында екіден кем болмауы тиіс. 
Жерде  орнатылатын  көтеруші  төсеніштерін  орнын  алмастыру  үшін  қолданылатын 
жүкарбалар  салмағы  жүкарбаның  тартқыш  күшінен  екі  есе  артық  мөлшерінен  кем 
болмауы тиіс балластпен жүктелуі тиіс болуы. 
6.4.3 Жүктерді  көтеру  үшін  арналған  домкраттар  қолдануды  бастамас  бұрын 
сынақтан өтуі тиіс, сонымен қатар, әрбір 12 ай сайын және әрбір жөндеуден кейін. 


ҚР ЕЖ 1.03-106-2012 
 
 
25
 
Сынақтарды  жүк  көтеру  қабілетінен  25%  асатын  статикалық  жүктемемен  өткізу 
қажет.  Домкраттарды  сынау  барысында  олардың  бұрандалары  (білте  тақтайшалары, 
сояуыштары)  қолдану  құжаттамасы  бойынша  жүк  көтеруінің  максималды  биіктігіне  сай 
келетін шеткі жоғарғы күйіне алға жылжытылуы тиіс. 
6.4.4 Шешілетін  жүкті  ұстағыш  құрылғылар  және  ыдыс  қолдану  барысында 
техникалық тұрғыдан «Жүк көтеруші крандарын қауіпсіз орнату және қолдану бойынша 
өндірістік  қауіпсіздік  талаптарымен»  сәйкес  белгіленген  мерзімде  олардың  жұмыс 
істейтін күйі үшін жауапты тұлғасымен тексерілуі тиіс. 
Тексеру нәтижелері жұмыс журналында тіркеу қажет. 
Техникалық  сынақтан  өтпеген  шешілетін  жүкті  ұстағыш  құрылғылар  және  ыдыс 
жұмыс өндірісінің жерлерінде болмауы тиіс. 
6.4.5 Құрылыс  саласында  қолданылатын  жүкті  ұстағыш  құралдардың  жүк  ілгектері 
(арқан  жіптері,  траверстері)  құрылыс  материалдарының  өндірісінде  және  құрылыс 
өнеркәсібінде  жүктің  өздігінен  түсуін  болдырмайтын  сақтандырғыш  бекіткіш 
құрылғыларымен жабдықталуы тиіс. 
6.4.6 Тас  төсеу  құралдары  орнатылатын  топырақтың  беті  беткі  сулардың  одан 
бұрылуын  қамтамасыз  етумен  (тегістелуі  және  нығыздалуы)  жоспарлануы  тиіс.  Осы 
талаптарды  орындау  мүмкін  емес  болған  жағдайларда  тас  төсеу  құралдары,  көлденең 
болуын қамтамасыз етуші тас төсеу құралдарын орнатқаннан кейін көлденең орнатылуын 
қамтамасыз  ету  үшін  немесе  орнатылған  уақытша  тірек  құрылыстары  реттелетін 
тіректермен (домкраттармен) жабдықталуы тиіс. 
6.4.7 Тас  төсеу  құралдары  -  өзінің  есептілік  тұрақтылығы  жоқ  ағаштар  ғимаратқа 
өндіруші  зауыттың  техникалық  құжаттамасында  немесе  жұмыстарды  орындаудың 
ұйымдастыру-технологиялық  құжаттамасында  көрсетілген  тәсілдермен  бекітілуі  тиіс 
(мүліктік ағаштар). 
Бекіту орындары ұйымдастыру-технологиялық құжаттамасында көрсетіледі. жобада 
ерекше  нұсқаулар  немесе  өндіруші  зауыттың  ағаштарды  ғимараттардың  қабырғаларына 
бекіту бойынша нұсқаулары жоқ болған жағдайда шеткі тағандар үшін бір қатардан кейін 
кем  емес,  үстіңгі  қатар  үшін  бекіту  екі  бой  сайын  және  ғимараттар  фасадына  ағаш 
кескінінің беті әрбір 50 м
2
 бір жүзеге асырылуы тиіс. 
Тас төсеу құралдарын қалқандарға, карниздерге, қылтималарға және ғимараттардың 
және құрылыстардың басқа шығып тұратын бөліктеріне бекітуге рұқсат етілмейді. 
6.4.8 Көліктік  құралдар  өтетін  жолының  жанында  орналасқан  тас  төсеу  құралдары 
олардың  көлік  құралының  габаритінен  0,6 м  жақын  емес  қашықтығында  орналасуы 
есептеумен шой бөренелермен қоршаулы болулары тиіс. 
6.4.9  Жұмыс өндірісі барысындағы жүктемелердің тас төсеу құралдарына әсері жоба 
бойынша  есептік  немесе  техникалық  шарттарынан  аспауы  тиіс.  Ағаштарға  және 
төсеніштерге  қосымша  жүктемелер  беру  қажет  болған  жағдайда  (материалдарды  көтеру 
үшін арналған машиналардан, жүк көтеретін алаңдарынан және т.с.с.) олардың құрылымы 
осы жүктемелерге қатысты тексерілуі тиіс. 
6.4.10   Адамдарды  ағаштарға  және  төсеніштерге  көтеру  жерлерінде  рұқсат  етілетін 
жүктемелердің  орналасуын  және  өлшемдерін  көрсетуші  нобайы  бар  плакаттар,  сонымен 
қатар,  апатты  жағдай  туындаған  жағдайда  жұмыскерлерді  эвакуациялау  нобайы 
орналастырылуы тиіс. 


жүктеу 2,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау