Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер



жүктеу 5,04 Kb.
Pdf просмотр
бет7/75
Дата22.05.2018
өлшемі5,04 Kb.
#15906
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   75

ҚР ҚБҚ  4.01-02-2014 
(түпкілікті нұсқа) 
10 
4.2.9  ТЖ-да  зардап  шеккен  адам  санына,  материалдық  шығын  өлшеміне,  таралу 
ауқымына  және  ауыртпалығына  байланысты  төтенше  жағдайлар:  локалдық,  жергілікті, 
аумақтық,аймақтық, ұлттық және трансшекаралық болып бөлінеді. 
Суағарлар  мен  бұру  каналдарында  олардың  едәуір  тозуына  байланысты  болатын 
апаттардың басым бөлігі локалдық және жергілікті сипатта болады.  
4.3. Әскери уақыт кезіндегі төтенше жағдайлар  
4.3.1 СЖ және Сб жүйелерінде төтенше жағдайлар соғыс қимылдарының, ұлтаралық, 
діни жанжалдардың , диверсиялық және лаңкестік әрекеттердің нәтижесінде бел алады. 
4.3.2 Қазіргі заманда: 
-  жаппай қырып-жою қаруы  (ядролық, химиялық, бактериологиялық); 
-  қырып-жою  қаруының  жай  түрлері  (жарылғыш,  артиллериялық,  ракеталық,  атыс 
қаруы, авиациялық); 
- заманауи техникалық  қырып-жою қаруы (сәулелік, радиожиілікті, инфрадыбыстық, 
радиологиялық, геофизикалық) қолданылуы мүмкін. 
4.3.3    Соғыс  қимылдары  және  лаңкестік  ұйымдардың  қимылдарымен  байланысты 
төтенше  жағдайлар  тікелей  сумен  жабдықтау  және  су  бұру  нысандарындағы  ғимараттар 
мен құрылыстардың қирауы, технологиялық жабдықтың қирауы(зиян шегуі), сол сияқты 
нысандарды  энергиямен  қамтамасыз  ету  жүйесіне  әсер  ету,ауқымды  өңірлерде  басқару 
және  байланыс  коммуникация  желілерінің  бұзылуы  арқылы  су  көздерінің,  СЖ  және  СБ 
инженерлік  желілерінің,  тазалау  құрылғыларының,  жұмыс  істеуінің  тоқтауы  себепті 
тұрғындардың өмірін қамтамасыз ету жүйелерінің жұмысына әсерін тигізеді. 
4.3.4 Апаттық-құтқару және күттірмейтін жұмыстардың бітуімен  төтенше жағдайды 
жою аяқталған болып саналады. 
 
5  Төтенше  жағдайлар  кезінде  құрылғыға  және  сумен  жабдықтау  және  су  бұру 
жүйелерін қолдануға қойылатын талаптар мен бастапқы мәліметтер 
 
5.1 Төтенше жағдайлар кезіндегі  жұмыстарға жағдай жасау 
 
5.1.1  Ағымдағы  нормативтік-техникалық  құжаттардағы  техникалық  шешімдер  СЖ 
және СБ  жүйелерінің қалыпты жағдайдағы жұмысында пайдаланылуға, толықтай жүзеге 
асырылуға , және ТЖ кезіндегі арнайы режимге тез ауысуын қамтамасыз етуге тиіс 
5.1.2 СЖ және СБ жүйелерін жобалау және тұрғызу  4.01-02-2009 «Сумен жабдықтау. 
Сыртқы  желілер  мен  құрылыстар»  ҚР  ҚНменЕ  және      4.01-03-2011  «Су  бұру.  Сыртқы 
желілер мен құрылыстар» ҚР ҚНменЕ талаптарына және осы құжаттың ережелеріне сәйкес 
жүргізілуге тиіс. 
5.1.3  СЖ  және  СБ  жүйелерінде  табиғи  және  техногенді  сипаттағы  төтенше 
жағдайлардың алдын алу шараларына мыналар жатады: 
-  төтенше  жағдайларға  әкеліп  соқтыратын    жұмыстағы  ақаулар  мен  апаттар,  
зұлматтар болу мүмкіндігін ғылыми зерттеулер, бақылаулар, жағдайды қадағалау,талдау, 
болжау және хабарлау; 
- төтенше жағдайлар шеңберіндегі инженерлік-техникалық қорғаныс шаралары; 
- СЖ және СБ қызметтерін ықтимал қауіптер жайлы ақпарат жинап, хабар тарату үшін 
байланыс құралдарымен жарақтау,  
-сСу сапасы және радиациялық қауіпсіздікті бақылау үшін базалық және жылжымалы 
зертханалар құру; 
-  СЖ  және  СБ  жүйелерінің  ахуалын  бақылау  және  төлқұжаттау,  желілердің 
техникалық жағдайы жайлы электрондық карталар жасау, апаттылықты есепке алу  және 
болжау үшін бағдарламалық жабдықтау,реконструкциялауды жоспарлау; 


ҚР ҚБҚ 4.01-02-2014 
(түпкілікті нұсқа) 
11 
-апаттық  бригадаларды  жасақтау  және  оларды  арнайы  техника,  жабдық  және 
материалдармен жарақтау; 
- ТЖ кезінде өмірді қамтамасыз ету жүйелерін тез арада қалпына келтіру мақсатында 
шикізат, материалдар, қосалқы бөлшектер мен жабдықтардың резервтік қорын құру; 
-  халықты  және  СЖ  және  СБ  мамандарын  ТЖ  кезіндегі  әрекеттерге  үйрету, 
насихаттау, ақпараттандыру. 
5.1.4 Табиғи және техногенді  төтенше жағдайлар кезінде келетін зиян, шығын және 
тәуекелді  барынша  азайту  мақсатында  келесі  инженерлік-техникалық  қорғаныс  іс-
шаралары:  
-  сейсмоқауіпті  жерлерде  сейсмоберік  құрылыс  жүргізу  және  ғимараттарды, 
құрылыстарды, СЖ және СБ инженерлік желілерін сейсмонығайту; 
-  гидротехникалық  құрылыс  сыныбына  жататын  құрылғыларда  гидротехникалық 
және инженерлік-геологиялық қорғаныс шараларын жүргізу; 
-    СЖ  және  СБ  нысандарын  жеткілікті  көлемде  көлік,  энергиямен  қамтамасыз  ету, 
материалдар мен жабдықтармен жарақтандыру үшін коммуникация жүйесін жетілдіру; 
- СЖ және СБ жүйелерінің жұмысында ақауларға әкеліп соқтыратын қауіпті өндіріс 
нысандарында (әрі қарай ҚӨН)  өрт, апат және жарылыстар, эпидемиялар мен басқа да ТЖ-
лардың алдын алу шаралары жүргізіледі. 
5.1.5 Жаңадан жобаланатын, кеңейтілетін, реконструкцияланатын кәсіпорындар үшін 
орындалатын азаматтық қорғаныс және ТЖ –лардың алдын алуға бағытталған инженерлік-
техникалық шаралардың шығынын жобалық-сметалық құжаттарды жасау жайлы ағымдағы 
нормативтік құжаттарға сәйкес анықтап, оларды локалдық сметаларға және құрылыстың 
жинақ сметасындағы  шығындардың жалпы сомасына  қосу керек. 
5.1.6 Елді мекендерде істейтін  СЖ және СБ жүйелері үшін азаматтық қорғаныс және 
ТЖ алдын алу үшін инженерлік-техникалық шаралар осы елді мекендерді жоспарлау және 
құрылыс  жұргізу  жобаларының,  кәсіпорындар,  ғимараттар  және  құрылғылардың  жұмыс 
сызбасының  жеке тармағы ретінде орындалуға тиіс. 
 
5.2  Табиғи  сипаттағы  ТЖ  туындаған  кезде  СЖ  және  СБ  жүйелерінің 
тұрақтылығын арттыруға бағытталған инженерлік-техникалық іс-шаралар.  
 
5.2.1 Жер сілкінісі кезіндегі СЖ және СБ жүйелері мен нысандарының тұрақтылығы 
5.2.1.1 Жер сілкінісі тектоникалық үрдістерге байланысты жер асты соққылары мен 
жер бетінің тербелуінен туындаған табиғи құбылыстарға жатады. 
 
1 Кесте - Қазақстан Республикасының сейсмоқауіпті аймағында орналасқан ірі елді 
мекендердің тізімі 
 
Сейсмикалық  
баллы 
Қалалар мен елді мекендердің атауы 
6 балл 
Жаңатас, Қаратау, Кентау, Шардара, Арыс, Жаңақорған, Шиелі, Шу, 
Үшарал, Өскемен, Зырян, Риддер, Серебрянск 
 
 
 
 
 
 
 


жүктеу 5,04 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   75




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау