Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер



жүктеу 5,04 Kb.
Pdf просмотр
бет6/75
Дата22.05.2018
өлшемі5,04 Kb.
#15906
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75

ҚР ҚБҚ  4.01-02-2014 
(түпкілікті нұсқа) 

УҰД –уақытша-ұйғарынды деңгейлер. 
СЖ және СБ-сумен жабдықтау және су бұру. 
ГАЖ- геоақпараттық жүйе. 
ИТШ – инженерлік-техникалық шаралар. 
КТҚ – кәріздік тазалау құрылғылары. 
НТҚ – нормативтік-техникалық құжат. 
УЗ – улаушы заттектер. 
АҚЗ – адамға қауіпті  (өмірі мен денсаулығына) заттар (және микроағзалар). 
ЖҚЖҚ- жаппай қырып-жою қаруы. 
ЖМС- жалпы микробтық сан. 
ҚӨН-қауіпті өндірістік нысан. 
ШҰЛ – шектеулі-ұйғарынды лақтыру. 
ШҰШ – шектеулі-ұйғарынды шоғырлану. 
ШҰТ – шектеулі-ұйғарынды тасталу. 
ЯЖӨ– ядролық жарылыс өнімдері. 
РЗ – радиобелсенді заттектер. 
ТСР – таза (ауыз)  су резервуары. 
САТР – суды арнайы тазалау режимі. 
КӘУЗ –күшті әсер ететін улы заттектер. 
ЖСЖТЖ – жерасты суларын (қорларын) жасанды толтыру жүйесі. 
СБТЖ – су беру  (және) тарату жүйесі. 
АТҚ – арнайы техникалық құралдар. 
ЗҚ – зарарлы қалдықтар. 
БТЖ – бейнебақылаудың телевизиялық жүйесі. 
СС – сіңіргіш сүзгілер. 
ШАСҚ – шаруашылық-ауыз сумен қамту. 
ТЖ – төтенше жағдай. 
 
4  Сумен  жабдықтау  және  су  бұру  жүйелеріндегі  ақаулар  мен  бұзылуларға, 
апаттарға алып келетін төтенше жағдайлар. жалпы ережелер 
 
Төтенше жағдайлар осы күнгі классификацияға сәйкес пайда болу сипатына, түрі мен 
тегіне, ауқымына, ұзақтығы мен таралу қарқынына, қатерлі факторлар немесе қауіп көзіне 
(жылу, химиялық, радиациялық, биологиялық), жағдайдың күрделілігіне және салдардың 
ауырлығына, оларды жоюға тартылған күш-құралдардың деңгейіне, ТЖ-дың әдейілігі және 
басқа  көптеген факторлардың болуына байланысты бөлінеді. 
Табиғи  және  техногенді  сипаттағы  төтенше  жағдайларда    қалалар  мен  елді 
мекендердің  инфрақұрылымдары,  оның  ішінде  сумен  қамтамасыз  ету  және  су  бұру 
жүйелері істен шығады.  
4.1 Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар 
Табиғи  сипаттағы  төтенше  жағдайларға    жер  сілкінуі,  су  тасқыны,  сел  және  қар 
көшкіні,  дауыл,  қардың  қалың  жаууы,  нөсер  жаңбырлар,  ауа  температурасының  күрт 
төмендеуі не жоғарылауы, шаңды борандар, өрт және де басқа табиғи апаттар жатады. 
4.2 Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар 
4.2.1 Техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға: 
-  өндірістік  апаттар  (кәсіпорындардағы  апаттар,  өрт  және  жарылыстар,  жабдықтың 
сынуы,  техногендік  сипаттағы  өндірістегі  бақытсыздық  жағдайлары;  мұнай  және  мұнай 
өнмдерінің су көзіне тасталуы және де басқа жағдайлар); 
- радионуклидтер, күшті әсер ететін улағыш заттектер мен улы заттардың лақтырысы 
болған апаттар; 


ҚР ҚБҚ 4.01-02-2014 
(түпкілікті нұсқа) 


ғимараттар  мен  құрылыстардың  қирауы  (төбесі  мен  салмақ  түсетін 
конструкциялардың, көпірлердің  бұзылуы, тасбөгет және су қоймасының опырылуы; 
- көлік апаттары мен оқиғалары (су, темір жол, автомобиль көліктерінде, мұнай және 
газ магистральдық құбырларында және де басқалары) жатады. 
4.2.2  Сумен  жабдықтау  көздері  үшін  ең  қауіпті  болып    су  нысандарына  улы 
қалдықтардың, оның ішінде радиобелсенді қалдықтардың тасқын,жаңбыр  не қар суымен 
ағып келіп түсуі саналады. 
4.2.3 Тау-кен кәсіпорындарының шлам жинақтауыштары, кәсіпорындардың тазалау 
құрылғыларының  тұндырғыштары,  өндірістік  кәсіпорындардың  аумағынан    нөсер  және 
тасқын суды  жинау және тазартудың апаттық жүйесі   де қауіп көзі болып табылады. 
4.2.4 Қалалардың шекараларын кеңейту барысында өндірістік кәсіпорындар қаланың 
ішінде  немесе  оларға  өте  жақын  болып  шығуы  мүмкін.Осының  салдарынан  олар 
экологиялық ластанудың және әртүрлі ықтимал ТЖ көзіне айналады. 
4.2.5  Қазіргі  қалалар  үшін  өндірістік  және  тұрмыстық  қалдықтарды,  сарқынды 
суларды  жинау  және  жою,  тұрғындарды  таза  ауыз  сумен  қамтамасыз  ету,  топырақты 
тазарту және қайтару, жер асты және жер үсті суларының сапасының нашарлауын тоқтату 
мәселелері түйіткүл болып табылады. 
4.2.6 Сумен жабдықтауда негізгі ТЖ келесілер: 
-  сумен  жабдықтау  көздеріндегі  апаттар  немесе  диверсиялар,  сумен  жабдықтау 
жүйесіне суды ластайтын және залал келтіретін бөтен заттардың түсуі; 
-  су  алынатын  жердегі  химиялық  қауіпті  нысандардың  қирауы  (хлор  және  реагент 
шаруашылығы);  
-  ТЖ  ауқымына  айналуы  ықтимал  ұзақ  мерзімді  пайдаланудағы  суағарлар  мен  су 
құбырлары тораптарындағы кәдімгі апаттар; 
 - шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауды және технологиялық үрдістерді қамтамасыз 
етуді ұйымдастыруға қажет су көздерінің суалуы немесе ластануы. 
4.2.7  Экологиялық  сипаттағы  негативті  салдарға  әкеліп  соқтыратын    су  бұрудағы 
негізгі ТЖ-лар келесілер: 
-  технологиялық  жабдықтардың  сынуы  немесе  апатқа  ұшырауы,  су  бұру  жүйесінің 
бітеліп қалуы; 
- нәтижесінде су бұру жүйесіне дұрыс тазаланбаған сарқынды  сулар тасталуы мүмкін 
электр станциялары мен энергиямен қамту жүйелеріндегі апаттар мен диверсиялар; 
-кәріздік  тазалау  құрылғылары,  шөгінді  алаңшалары,сүзгі  алаңдары,  лақтырыс 
каналдарының  ықпал  жасау  аймағындағы  белгілі  бір  жерде  тұрғындар  арасындағы 
эпидемияныңжәне ауылшаруашылық малдарының арасында жұқпалы аурулардың бұрқ ете 
түсуі; 
-  сарқынды  су  жинақтағыштардың  тасбөгеттерінің,тоспаларының,  шлюздарының 
бұзылуы, өзен-сайлардан дюкерлік немесе эстакадалық өтпежолдардың қирауы; 
- су бұру жүйесінің теліміндегі  топырақта  шектеулі-ұйғарынды шоғырланудан көп 
ауыр металдар (оның ішінде радионуклидтер), және басқа да зиянды заттардың болуы; 
-      сарқынды  сулардың  жинақтауышынан  көп  жылдар  бойы  белсенді  булануының 
есебінен қатты минералданған (1500 мг/л) сумен жерді суарғанда оның тұздануы. 
4.2.8  Техногенді  сипаттағы  көптеген  ТЖ;өндірістік  апаттар,магистральдық 
құбырлардың  қирауы,  зұлматтар,өрт,  қауіпті  химиялық  және  биологиялық  заттардың 
төгілуі, радиобелсенді ластану (соғыс қимылдары, лаңкестік шабуыл, радиациялық қауіпті 
нысандардағы апат және де басқалары)  сумен жабдықтаудағы апаттар мен ақауларға, су 
көздерінің ластануына әкеп соқтырады. 
Мұндайда апаттың аралас(комбинацияланған) түрі болуы да мүмкін. 


жүктеу 5,04 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау