Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер



жүктеу 5,04 Kb.
Pdf просмотр
бет5/75
Дата22.05.2018
өлшемі5,04 Kb.
#15906
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75

ҚР ҚБҚ  4.01-02-2014 
(түпкілікті нұсқа) 

аймақтарын  оқшаулау,  авариялық-құтқару  және  басқадай  шұғыл  оларға  тән  қауіпті 
факторлардың  ықпалын тоқтату.  
Жергілікті  тазарту  құрылыстары  –  тұтынушының  табиғи  суларды  немесе  ағынды 
суларды елді мекеннің су бөлу жүйесіне, су нысанына енгізу немесе суаруға пайдаланар 
алдында тазартуға арналған құрылыстары мен құрылғыларының жиынтығы.  
Айналма желісі – суды қалына келтіру үрдісінде, шаю, техникалық қызмет көрсету 
немесе  төтенше  жағдайлар  кезіндегі  арнайы  режимінде  су  құбырының    жүйесінен 
тазармаған  судың  өтуіне  мүмкіндік  беретін,  сондай-ақ  тазармаған  суды  сыртқы  кранға 
арнайы құбыр желісі арқылы беруге мүмкіндік беретін бекіткіш-реттегіш арматурасы бар 
құбыр желісінің жүйесі.  
Тіршілікті  қамтамасыз  ету  нысаны  –  өмірлік  маңызды  материалдық,  қаржылық 
құралдар  мен  қызметтер  шоғырланған,  функционалдық  бағыттары  бойынша  топталған 
және халықтың өміріне керекті қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін пайданалатын нысан 
(мысалы,  азық-түлік,  тұрғын  үй,  алғашқы  кажетті  заттар,  сондай-ақ  медициналық, 
санитарлық-эпидемиологиялық, 
ақпараттық 
көліктік, 
коммуналдық-тұрмыстық 
қамтамасыз ету түрінде). 
Төтенше  жағдайларда  халықтың  өмір  тіршілігін  қамтамасыз  ету  нысаны  –  қызметі 
бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлардағы адамдардың өмірі мен денсаулығын 
қолдау  үшін  жеткілікті  халықтың  өмір  тіршілігін  қамтамасыз  етудің  алғашқы  кезекті 
мәселелерін шешуге бағытталған кәсіпорын, ұйым, мекеме. 
Қауіпті табиғи құбылыс – табиғи жаратылыстағы зілзала оқиға, өзінің қарқындылығы, 
жайылу  көлемі  және  ұзақтылығынан  адамдардың  өмір  тіршілігіне,  экономикаға  және 
табиғат ортасына жағымсыз салдарын әкелуі мүмкін.  
Төтенше  жағдайдағы  қауіп  –  төтенше  жағдай  аймағында  халық,  халық 
шаруашылығының  нысаны  және  қоршаған  табиғат  ортасына  зақымдау  факторлары 
қалыптасқан  немесе туындау қауіп-қатеріндегі жағдай.  
Қауіпті өндірістік нысандар – көлемі қирау, бақылаусыз жарылыс және (немесе) осы 
заттардың төгілуіне әкелетін қауіпті заттарды өндіру, дайындау, тасымалдау, сақтау және 
таратуды пайдаланатын технологиялық нысандар.  
Жедел  жағдай  –  бұл  уақыттың  белгілі  кезіне  алынған  және  оның  жағдайы,  оған 
қажетті ресурстар, жүргізілген жұмыстар, сондай-ақ осы оқиғаға қатысты әр түрлі сыртқы 
факторлары  туралы мәліметі бар ТЖ аймағының сипаттамасы.  
Органолептикалық қасиеттер – сезу органдарымен қабылданатын қасиеттер.  
Ауыз  су  –  өзінің  табиғи  жағдайы  немесе  оның  өңделуінен  кейін,  ауыз  су  және 
халықтың тұрмыстық  мұқтаждығы, немесе тамақ өнімдерінің өндірісі  үшін нормативік 
талаптарының сапасына сәйкес келетін су. 
Апат  салдары  –  қауіпті  өндірістік  нысандағы  апаттың  туындауына  себеп  болған 
құбылыстар,  үрдістер,  оқиғалар  және  жағдайлар  (адамдардың  жарақаттануы,  иесіне, 
үшінші тұлғаға және қоршаған ортаға шығын келтіру). 
Әлеуетті  қауіпті  нысан  –  төтенше  жағдайдың  ошағы  туындауына  нақты  қатер 
келтіретін,  радиоактивті,  өрт  жарылыс  қауіпті,  қауіпті  химиялық  және  биологиялық 
заттарды пайдаланатын, өндіретін, қайта өңдейтін, сақтайтын және тасымалдайтын нысан.  
ТЖ  алдын  алу  –  төтенше  жағдайлардың  қатерін  максималды  мүмкін  болғанша 
азайтуға,  сондай-ақ  адамдардың  денсаулығын  сақтау,  қоршаған  орта  шығынының 
мөлшерін  және  олар  туындаған  жағдайда  материалдық  шығындарды  төмендетуге 
бағытталған алдына ала жүргізілетін іс-шаралар кешені.   
Табиғи-техногендік апат – адамдардың өліміне, экономика нысандары және қоршаған 
табиғат  ортасы  компоненттерінің  қирауы  мен  зақымдалуына  әкелетін  қоршаған  табиғат 
ортасы  мен  технологиялық  нысандарының  қалыпты  өзара  әрекет  етуінің  бұзылуы 
нәтижесінде дамитын қиратушы үрдіс. 


ҚР ҚБҚ 4.01-02-2014 
(түпкілікті нұсқа) 

Жұмысқа  қабілеттілік  жағдайы  (жұмысқа  қабілеттілік)  –  берілген  функцияларды 
толық немесе бөлігін толық немесе жартылай көлемде орындай алатын нысанның жағдайы.  
Қирау  –  күш,  жылу  немесе  басқадай  ықпалмен  болған  нысанның  жұмысқа 
қабілеттілігінің  бұзылуы  нәтижесінде  құрылыстар  немесе  технологиялық  жүйе 
элементтерінің  (оларды  бөліктерге  ықтимал  бөлу)  геометриялық  мөлшерлерінің  өзгеруі, 
деформациялануына байланысты оқиға.  
Туындау  қатері  –  қауіп-қатердің  тиісті  көрсеткіштерімен  анықталатын  төтенше 
жағдайлар ошағының ықтималдығы немесе туындауы жиілігі.  
Санитарлық-қорғау аймағы – арнайы мақсаттағы аймақты, сондай-ақ елді мекендегі  
өнеркәсіптік  ұйымдар  мен  басқадай  өндірістік,  коммуналдық  және  қойма  нысандарын, 
оларға  жайсыз  факторларының  әсерін  азайту  мақсатында  жақын  орналасқан  тұрғын 
аумақтардан,  тұрғын  үй–азаматтық  мақсаттағы  ғимараттар  мен  құрылыстарден  бөлетін 
аумақ. 
Санитарлық-эпидемиологиялық іс-шаралар – ТЖ аймағындағы санитарлық жағдайды 
қолдау,  аумақтың  жағдайын,  соның  ішінде  сумен  қамту,  кәріз  жүйелерін,  азық-түлік 
қорларын  бақылауды  жүргізу,  сондай-ақ  эпидемия  және  эпизоотияның  ықтимал  пайда 
болуын және таралуының алдын алу және шектеу мақсатында ТЖ аймағында дезинфекция, 
детоксикация, дератизация және дезинсекция жұмыстарын жүргізу.    
Зілзала  апат  –  көптеген  адам  өлімін,  маңызды  материалдық  шығын  және  басқадай 
ауыр салдарына әкелетін апаттық табиғи құбылыс (немесе үрдіс). 
Коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган – елді мекендердің шегінде 
сумен  қамту  және  су  бөлу  саласында  басшылық  және  салааралық  үйлестіруді  жүзеге 
асыратын орталық атқарушы орган.  
Ағу  –  қоршаған  ортаға,  жұмыс  алаңшасына  немесе  нысанның  қауіпсіз  жағдайын 
қамтамасыз  ету  үшін  қосымша  жұмыстарды  жүргізуді  талап  ететін  өндірістік  нысанның  
үй-жайына  технологиялық  жүйеден  қауіпті  немесе  қауіпсіз  өнімнің  ұзақ  бақылаусыз 
шығуы  (герметикалық,  жөндеу,  реттеу  және  т.б.  бұзушылығының  орнын  анықтау 
бойынша). 
Төтенше  жағдай  -  адам  шығынына,  адамдардың  денсаулығына  немесе  қоршаған 
ортаға  зиян  келтіруге,  елеулі  материалдық  нұқсанға  және  адамдардың  тыныс-тіршілігі 
жағдайларының  бұзылуына  әкеп  соғуы  мүмкін  немесе  әкеп  соққан  аварияның,  өрттің, 
қауіпті  өндірістік  факторлардың  зиянды  әсерінің,  қауіпті  табиғи  құбылыстың,  апаттың, 
дүлей  немесе  өзге  де  зілзаланың  салдарынан  қалыптасқан  белгілі  бір  аумақтағы 
(акваториядағы) жағдай; 
Халықты  эвакуациялау  –  төтенше  жағдайлар  немесе  ықтимал  төтенше  жағдайлар 
аймақтарынан халықты ұйымдастырып шығару және (немесе) кіргізу бойынша іс-шаралар 
кешені,  сондай-ақ  орналастыру  аумағында  эвакуацияланғандардың  өмір  тіршілігін 
қамтамасыз ету.  
Экологиялық  апат  (экологиялық  апат)  -  құрлық,  атмосфера,  гидросфера  және 
биосфераның  жағдайының  өзгеруімен  (антропогендік  факторларының  әсерінен)  болған 
және адамдардың денсаулығына, олардың діни ортасына, қоршаған ортасына, экономика 
және тектік қорына теріс әсерін тигізген аса ірі масштабтағы  төтенше оқиға 
Қалған  терминдер  –  «Тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылықта  қолданылатын 
терминдердің түсініктеме сөздігі» бойынша, МЕМСТ Р 22.0.02 - МЕМСТ Р 22.0.05. 
 
3.2  Қабылданған қысқартулар 
АҚКЖ – апаттық-қалыпқа келтіру жұмыстары. 
АҚЖ – апаттық-құтқару жұмыстары. 
БЗ – базалық зертхана. 
БҚ – бактериалды құралдар. 


жүктеу 5,04 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау