Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер



жүктеу 5,04 Kb.
Pdf просмотр
бет22/75
Дата22.05.2018
өлшемі5,04 Kb.
#15906
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   75

ҚР ҚБҚ  4.01-02-2014 
(түпкілікті нұсқа) 
40 
органдардың, жауапты абоненттердің, жөндеу және құрылыс ұйымдарының, сондай-ақ әр 
түрлі қызметтердің телефондарының нөмірлері (қызметтік және үйдің); 
-  апаттық-қалпына  келтіру  жұмыстарына  тартылатын  жөндеуші  қызметкерлердің 
(слесарьлардың, электр газбен дәнекерлеушілердің, электрмонтерлердің, жүргізушілердің,  
жөндеу-құрылыс  ұйымдарының  мамандарының)  үйлерінің  мекенжайлары  және  үй 
телефондарының нөмірлері; 
-  апатты  айналма  жолдардың  бағыттары  автомобиль  және  жаяу  жүргіншілердің 
көпірлерін, жылдың әр түрлі мезглінде жолдарға кіреберістерді көрсету арқылы; 
-  апаттық-қалпына  келтіру  жұмыстарын  жүргізу  кезінде  қажет  болуы  мүмкін  көлік 
құралдарының және арнайы механизмдердің (экскаваторлар, тягачтар, автокрандар, бензин 
құйып беретін көліктер) техникалық сипаттамалары және орналасқан жерлері; 
-  жабдықтардың,  материалдардың,  сондай-ақ  қажетті  құрал  мен  шағын 
механикаландыру  құрылғыларының  орналасқан  жерлері  және  апаттық  сақтық  қорының 
болуы; 
-  СЖ  және  СБ  кәсіпорынында  жылжымалы  сорғылардың,  стационарлы  және 
жылжымалы  автоматты  электрмен  жабдықтау  көздерінің  бар  екені  туралы  деректер 
олардың негізгі техникалық сипаттамаларын көрсету арқылы; 
- кәсіпорындардағы ұңғымалар мен сұйыққоймалар туралы деректер; 
- апаттық-қалпына келтіру жұмыстарына жарық беруге арналған жабдықтың бар екені 
туралы деректер; 
- су шашып жуатын машиналардың бар екені және орналасуы туралы деректер; 
- табиғи және ағынды сулардың әлеуетті қауіпті ластайтын көздері туралы деректер. 
Көрсетілген  тізім  елді  мекеннің  әрбір  сумен  жабдықтау  және  су  бұру  жүйесінің 
ерекшелігіне байланысты кеңейтілуі және нақтылануы мүмкін. 
 
8.8 Апаттық бригадалардың жабдықталуы 
 
8.8.1 Апаттық бригадалар апатты тез жоюға қажетті көлікпен және механизмдермен 
қамтамасыз етілуі керек. 
8.8.2 Апатқа шыққан кезде апаттық бригадалар диспетчермен үнемі радиобайланыста 
болады. 
8.8.3  Апаттық  жұмыстарды  орындау  үшін  апаттық  бригадалар  екі  автомашинамен: 
арнайы  апаттық-жөндеу  және  материалдарды  (құбырларды,  бекіткіш  арматураны, 
фасондық  бөлшектерді,  жөндеу  жалғастырғыштарын,  цементті,  құмды  және  т.б.) 
тасымалдауға арналған бортты автомашинамен қамтамасыз етілуі керек. 
Апаттық машиналарда қажетті құралдар және жабдық үнемі болуы керек. 
8.8.4 Әрбір ауысымдық апаттық бригадада: 
- арнайы слесарьлық құрал, сүймендер, күректер, гайкалық кілттердің жиынтығы; 
-  жапқыштар  мен  вентильдерді  (құдықтарға  түспей)  ашуға  арналған  кілттер, 
құдықтардың қақпақтарын ашуға арналған ілгектер; 
- қауіпсіздік техникасына арналған аспаптар; белдіктер және арқандар, газтұтқыштар, 
құдықтардың  газдалғандығын  анықтауға  арналған  аппаратура;  дәрі-дәрмек  салынған 
қобдишалар және т.б.; 
-  қоршайтын  белгілер,  қалқандар  және  белгі  беретін  шамдар,  аккумулятор-шамдар 
және басқа да жарық түсіретін құрылғылар болуы керек. 
Апаттық  бригадалардың  құралынан  өзге  СЖ  және  СБ  кәсіпорынында,  үлгі  тізімі  3 
кестеде келтірілген жабдық болуы керек. 
8.8.5  Апаттық  бригаданың  бригадирі,  кезекшілікке  кіріскен  кезде,  апаттық 
автомашиналардың бар және жарамды екенін тексеруі керек. Жарамсыз құрал және жабдық 
ауыстырылады. 


ҚР ҚБҚ 4.01-02-2014 
(түпкілікті нұсқа) 
41 
8.8.6  Бүлінулерді  барынша  тез  жою  үшін  СЖ  және  СБ  кәсіпорынында  үнемі 
толықтырылып отыратын материалдардың, арматураның және бұйымдардың апаттық қоры 
құрылады. 
8.8.7  Қосалқы бөлшектердің көлемін және  оларды сақтаудың тәсілін  таңдау кезінде 
сенімділігі  ең  маңызды  талап  болып  табылады,  сондықтан  бірінші  кезекте  тез  тозатын 
бөлшектер  сақталуға  жатады.  Майлайтын  май,  сондай-ақ  орауға,  саңылаусыз  етуге 
арналған  материал  және  басқа  да  шығыс  материалдары  техникалық  қызмет  көрсету 
жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес қолданылуы керек. 
8.8.8  СЖ  және  СБ  пайдалану  кәсіпорындарының  қоймаларында  апаттық  қор  осы 
материалдың жылдық шығысының 10%-нан кем болмауы керек. 
Құрылатын апаттық қордың тізімдемесі 4 кестеде келтірілген. 
 
3 кесте - Апаттық қызметтің жабдығының үлгі тізімі 
 
№ р.б. 
Атауы 
Қысқаша техникалық сипаттамасы 

Қол жүкшығырлары 
Жүк көтергіштігі 1 - 3 т 

Жүк көтергіш 
Жүк көтергіштігі 3 - 5 т 

Домкраттар: 
1,5 - 5 т 

Жылжымалы компрессор  
Қысымы 5 Мпа-ға дейін, өнімділігі 2 - 6 м3/мин 

Жылжымалы газбен 
дәнекерлеуші агрегат  
Қуаты 15 кВт дизельді немесе бензинді электр 
станциясынан жетекпен  

Суды тартып шығаратын 
сорғы (мотопомпа) 
4 - 6 м3/сағ. 

Пневматикалық шой балғалар 
РБ-45 

Жылжымалы генератор, электр 
станциясы 
ЖЭС-15 немесе басқасы 

Қатқан құбырларды қыздыруға 
арналған қондырғы 
Өнімділігі 100 кг бу/с. қазандар, қысымы 4 атм, 
қыздыру беті 3,4 м2 
10 
Мотоаралар 
 
10 
Металл іздегіш 
 
 
4 кесте - Материалдардың апаттық қорының тізімдемесі 
 
№ р.б. 
Атауы 
Өлшеу бірлігі 

Гайкалары бар болттар  
кг. 

Диаметрі 15 – 80 мм вентильдер  
дана 

Өрт сөндіру гидранттары  
дана 

Жапқыштар 100-800 мм 
дана 

Жапқыштарға арналған шпиндельдер 
дана 

Суды бөлетін колонкалар және олардың қосалқы 
бөлшектері 
дана 

Смолалы арқан  
кг. 

Шойын қақпақтар 
дана 


жүктеу 5,04 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   75




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау