«Менің туған жерім – Ұлытаудан қа шық емес, Атбасардағы
татар қонысы. 1924 жылы Қазанға барып, университеттің
рабфагында оқыдым. Одан соң Мәскеудегі Кен академиясына
түстім. Үшінші курстан соң практикаға шықтық. Журкин де-
ген студент досым Жезқазғанда істей тін. Соның шақыруымен
29 жылдың мамырында Байқоңырға келіп, Геолком пар
тия-
сына коллектор болып орналастым. Партия бастығы Дмитрий
Назарович Бурцев деген инженер екен.
Бір күні жертөледе чертеж сызып отыр едім, күн жексенбі бо-
латын, басында геологтардың формалы фуражкасы бар бейта-
ныс қазақ жігіті кіріп келді. Әуелі орысша амандастық. Сосын
бетіме үңіле қарап тұрды да, әлгі кісі:
– Бәрекелді, син туған татар малайымысың? – деді екі тілді
араластыра сөйлеп.
Сөйтсем, Сәтбаев екен. Ескі таныстай шүйіркелесе кеттік.
– Шәкірт екенсіз, аға коллектор етіп та ғайында деп Бурцев-
ке ескертермін. Шәкіртке вить, ақшаның ауырлығы жоқ, – деді
қоштасарда.
Күзде оқуға қайтатын мезгіл таяды.
– Саид, сізге үлкен тілегім бар, – деді бір күні Қанекең ма-
ған. – Жезқазғандағы партияның жағдайы қиын. Геолком жұ-
мыс керлері қысқы бұр ғылауға қалатын емес. Бір жылыңызды
Жезқазған үшін қисаңыз қайтеді?...
О күндегі шәкірт тұрмысының жайы белгілі. Денсаулығым
жөнді болмай, қырға жүдеп келгем. Бір жағы сол да себеп болып,
Қанекеңнің туған жер үшін деп жаныма тие сөйлегені әсер етіп,
келісім бердім.
1929 жылдың күзінен Жезқазғандағы бұрғылау бастығы-
ның міндетін уақытша атқарушы әрі аға коллектор болып еңбек
жолын бастадым...»
ХАЛЫҚ ТЕМІРБАЕВ, бұрғылаушы:
«Кеңгір бойында азын-аулақ мал ұстап, жазда қыстаудан
екі жүз шақырым ұзап, егін салып, піскенше соны бала-шағаға
230
Медеу СӘРСЕКЕ
күзеттіріп жан асыраған шаруақор ауыл едік. 29-жылы егініміз
көктей күйіп кетті. Малды қазынаға одан бұрын бергенбіз...
Күнкөрістен үміт үзілген соң күзге салым Жезқазғанға қарай
жосыдық. Сорқұдық басында ағаш мосымен жер тескен орыстарға
барып, жұмыс сұрап сенделіп жүргенімізде, орысша киінген,
күнқағары жалтыраған қазақ жі гіт іне кез болдық. Жайымызды
айтып едік, ойланып тұр ды да:
«Кіші жұмыскерге алғызайын», –
деді.
Қанышпен осылай таныстым. Достығымыз, бір-бірімізге
ықылас, сыйластығымыз сондай – мені Қаныш «Хал-аға» десе,
мен оны «Қан-аға» атандырдым. Қиында табысып, қуанышта
айырылған жанбыз... Мен келгенде бурабайда (буровой
– М.С.)
он
шақты қазақ жігіті істейді екен. Біздің ауылдан қосыл ғандармен
қарамыз көбейді. Кездескен сайын Қан-ағаң, ешкімге жаттығы
жоқ жан, хал-жайымды, бала-шағаның амандығын тәптіштеп
сұ рай ды. Шақшасын суырып насыбай ұсынады не өзімізден ата-
ды. Кейде жымиып тұрады да: «Жігіттер, бір күзге жалдан-
дым деп ойламаңдар. Бурабайдан енді құтылмайсыңдар, өңіңді
ескіртпей біріңді де босатпаймын. Жұмыстың қиыншылығына
көнбей, оңайына жете алмайсың», – дейтін.
Бір күні әлденеге түнеріп келді.
– Анау ішкі жақтан келген кәнігі жұ мыс керлердің қимылы-
нан көз жазбай қарап жүріңдер. Олар не істесе, сендер де соны
қайталай беріңдер. Бұлар үйіне қайт қанда, станокқа өздерің ие
боласыңдар, – деп бізді біраз ширатып кетті.
Сабаз біліп жүр екен. Қар түсе келімсектер кете бастады.
Ыстаноктың құлағына өзіміз тұрдық. Ә дегенде қиын-ақ бол-
Достарыңызбен бөлісу: |