Сәрсеке М. Шығармалары



жүктеу 3,61 Mb.
Pdf просмотр
бет91/245
Дата20.01.2023
өлшемі3,61 Mb.
#40981
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   245
null

ТҮЙЕДЕН – МАШИНАҒА
I
Жезқазғанның тақиядай екі-үш төбесіне бұрнағы жылы 15-
20 бұрғылау қондырғысын қоймақ болып қияли жобамен келген 
қазақстандық геолог биыл Геолком мамандарын таңқалдырған 
«сыпайылық» аңғартып, небәрі төрт-ақ станок сұрапты. Біреуі тек 
тереңге бұрғылау жасауға тиіс. Сондықтан да тілегенін дау-дамай-
сыз түгел алды. Тіпті қуаты күштірек бір станокқа ие болды. Тек 
соны жүргізе алатын шеберді өзі табады... 
Бұл Жезқазған қолатын жан-жақты және терең қабаттарын 
зерт теу ге жобалаған Сәтбаев бағдарламасының мән ді тармағы еді. 
Кен жатқан жердің аумағын шектеу қажет, оның қанша жүз метр 
тереңде екенін білмей, қалайша барлау жүргі зе сің? 
Қаныш Имантайұлы сөйтіп 1929 жылғы маусымдық бар-
лаудың қамына кіріскен. 
«Әлгінде ғана Свердловқа келдім. Мей-
манханасы үшеу екен, бірде-бірінен орын ала алмадым, тіпті 
түнеп шығар бұрыш та тимеді. «Жәрмеңке» үйіне барып, жа-
лынып-жалпайып бір түнге төсек алдым, оның өзін ертеңгі 
тоғыздан кешікпей босатуға қолхат беріп... Қысқасы, мұнда кел-
ген шаруамды тезірек тындырып тайып тұруға мүдделімін»
– 
деп шағынады геолог Таисияға наурыздың 22-де жолдаған хатын-
да. Ал ша р уасы теп-тез тындырғандай оңай емес-ті. Әйтсе де жолы 
болып, іздеген кісісін бірден тапты: «Оралгорконторамен» шартқа 
отырып, Апшерон түбегінде терең бұрғылауға маманданған әйгілі 
шебер Александровтың бригадасымен бір жазға Жезқазғанда жұ-
мыс істеуге ке лісіп олжалы қайтты.
Бұл қыста ерлі-зайыптылар Мәскеуде бір ге тұрған-ды. Таисия 
трест басқармасына тұрақты жұмысқа ауысқан. Бірақ жарытып 
іс тей алмады. Ері барлау топтарын жасақтап, көктем шуағымен 
таласа Ұлытауға аттанып кет кенде, Таисия астанада қалуға мәж-


219
ШЫҒАРМАЛАРЫ
бүр болды. Күткен қуа 
ныштарына екеуі жадыраңқы жаздың 
аяғында жолықты. Келіншегі ұл тауып, әкесінің қалауымен 
Арыcтан атанды.
Ұлытау өңірі бұл қарсаңда еңбек дабылын дүрілдеткен қауырт 
қимылға көшкен. Зауыт қалыпты жүріп кетті. Жобалық қуаты-
на жете қойған жоқ, бірақ межелі шекке жақын. Шикізаттан 
тапшылық көрген емес, тек қорыта біл. Жезқазғанда әзірше 
екі шахта істейді, кен өндіруге әзір тұрғандары қаншама! Тұр-
ғын үйлер құрылысы Қарсақбайда ғана емес, Байқоңыр мен 
Жезқазғанда да жап-жақсы өрістеп отыр. Барлаушы геологтарға 
да жыл сайын көшіп, әр жерге шеру болғанды доғарып, өздеріне 
тұрақты мекенжай тұрғызып алғаны жөн-ақ. Сәтбаевтың ойын-
ша, Жезқазғанның Покро мен Крестовоздвиженка шахталарының 
аралығындағы Тасқұдық қолатында «Барлау үйін» салу қажет. 
Оны айнала керн қоймасы, жөндеу шеберханасы, станоктар тұ-
ратын парк, құрал-жабдықтар базасы, ат-түйелерге де қора-қопсы, 
шөп пен жем қоймасы тұрғызылуға тиіс. Қалашықтың бір шеті-
нен техниктер, геологтар, бұр ғылаушылар, барлау жұмыскерлері 
тұратын баспана әзірлеу қажет. Қысқасы, бұл мекен – уақытша 
емес, ондаған жылдар Жезқазған мүддесіне қызмет етер іргелі, 
кең көлемді құрылыс болғаны жөн... 
Көктем шығып, жер беті дегдіген кезде Тасқұдық, Милықұдық 
пен Сорқұдық үстін де мосы сияқтанған айбақ-сайбақ бақандар 
құрылып, солардың іргесінен дамылсыз тарсылдаған дүңкіл 
естіле бастады. Станок мотормен жүреді. Ал мотордың жүруіне 
жағармай керек. Жерді ұңғыған снаряд бөгеусіз зырылдасын 
десең – ұңғыма көмейіне кеңірдегінен шүпілдеген су қажет. Кейде 
соған арнаулы саз қосып, жер жарықшағын сылау керек. Суды да, 
майды да, лайлық сазды да таситын – жергілікті қазақтар. Май 
Жосалыдан келеді, көбіне машиналар қорабымен, кейде атан 
түйелер парлап жегілген ырдуан арбалармен. Су жақын маңдағы 
өзен үздіктерінен алынады. Жезқазғанның өзінде су тапшы, ауыз 
суды мұндағы тұрғын ел бірлі-жарым шыңырау құдықтар мен 
кейбір шахталардан жоғарыға сорылатын жыламық көздерден 
алады. Кейде солар да құ рып қалады, екі шелек су үшін таңнан 
тұ ру керек... Демек, сушыларға станок үшін алты қыр асып, 
екі-үш бөшке суды азаппен әкелуге тура келген. Тегінде, бұл 
жұмысқа көлігі нашар, күш-қайраты шамалы кем-кетіктер жал-
данады. Әлді жігіттер алыс болса да пайдасы көбірек кіре тартуға 
сұранып, Жосалы мен Қарсақбай арасында жүріп-тұруды ти ім -


220
Медеу СӘРСЕКЕ
ді көреді. Анығында, қазақтар жұмысы өнімсіз, сы ры жұмбақ 
станокқа жолағысы келмейді. Бұрғылауда істейтіндер – алыстан 
келгендер, көбіне олар Оралдан, Украинадан, Ленинград пен Мәс-
кеу іргесінен жалданады. Бұрғылаушы мастер, моторист немесе 
аға жұмыскер және бірнеше станокқа жауапкер бұрғылау техни-
гі – бәрі де орыстар. Сушыларға, лай, май тасушыларға қарағанда 
табысты бір не ше есе артық алғанымен, бұлар да осы өңірдегі тір-
лік теріне разы емес: жаз бойы табаға салып шыж ғырғандай аяу-
сыз күйдіретін күнді қар ғайды; Бетпақдаладан күні-түні ескен 
аптапты сыбап әрі үнсіз меңіреудей тымырайған қу медиенді өгей-
сіп, өздері үйренген табиғи саясы мол, сулы, нулы туған өлкесін 
жоқтаумен болады. Бірақ көнбеске шарасы жоқ. Қысты күні, 
жыл басында шартқа отырып, несие алып қойған. Онда пәлен ай, 
пәленше күн осы қиырда жұмыс істеп, пәленше мың метр жер 
ұңғимын деп міндеттенген. Қазіргі азабы – соның өтеуі. Ынтасыз 
істеген соң жұмыстары да өнімсіз, жүрдім-бардым. Трест технигі 
нұсқаған төбеге құралын сүйреп барып, бұрғылау жүр гізеді. Ол 
жерде кен бар ма, жоқ па? Соны ойлап бас қатыруға пейі лі жоқ, 
өйткені кен тапса да қосымша көк тиын алмайды. Еңбекақы бұрғы 
ұшы өткен метрге төленеді... Ал күн суытып, қар ұш қындады-ақ, 
бә рі-бәрі жұмысын ықшамдап, жол сандығын әзірлеуге кіріседі. 
Себебі жазы қапырық шөл даланың қысы мейірімсіз қатал да 
қаһарлы болатынын жақсы біледі. Білгендіктен де «Контракт 
бітті, қош бол енді, Жезқазған қыры!» деп тайып тұрады. Ұлытау 
жонында бір жаз жұмыс істеген келімсек бұрғылаушы екінші 
мәрте қайтып оралмайды. Сондықтан да бұрғылаушылар бригада-
сы жыл сайын жаңадан жасақталады. Әрине, трест агенттерімен 
күн ілгері жасалған келісімшартта бұл өңірдің күйдіргі аптабы 
мен құрдым шөл даласы туралы ешқандай сөз болмайды. Сөйтіп, 
көпшілік жұрт жұмыстың көлемі мен қолына тиер соманың 
молдығына қызығып, кейіннен сол күнгі ашықауыздығы үшін 
өкінумен болады... Осы гәпті Қаныш Имантайұлы үш жыл ұдайы 
бақылап келеді. Үш жылда Жезқаз ған барлауының өзі қабылдаған 
деңгейден ең кемі үш жүз қадам алға өрістегені анық. Қаншама 
кен қабаттары тыңнан ашылды. Міне, 1929 жылдың жазғы мау-
сымында 44 ұңғы ма бұрғыланып, жалпы көлемі 2557 метр жер-
ге ұңғыма жүрді. Бұрынғы қорға тағы да үш өзек қосылып және 
терең бұрғылау жүрген қолаттан тұтасып жатқан кен қабатына 
кезікті. Барланған кеннің көлемі тағы да бірнеше миллион пұтқа 
өсті. Соның бәрі тек қаншама күш-қайратпен орындалды?


221
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Осы бейнеттен құтылудың жөн-жобасы – барлау құ ралдарына 
да, жұмыскерге де өзің ие бо лу. Сонда ғана барлауды нұсқаған 
жерде, қа лаған мерзімде және жобалаған көлемде жүргі зе сің... 
1929 жылдың күзінде үкімет түсті металға зор ділгерлікті 
ескеріп, соларды өндіре тін өндірістер қуатын жедеғабыл өсіруге 
шаралар белгілеген, жергілікті кәсіпорындарға қомақты қаржы, 
қажет қор да бөлген. Демек, құрал-жабдық сатып алуға мүм-
кіндік туған. Басқарма кеңсесін Мәс кеу де ұстаған Атбасар түсті 
металдар тресі таратылып, дербес үш комбинат – Қарсақбай, Спас 
және Тұрлан комбинаттары ұйымдасқан. Соларды басқаратын 
дирекция да кен шығаратын иә металл қорытылатын негізгі 
өндіріс алаңына көшір 
і 
л 
ген. Мәскеуді ертеден қоныс еткен 
қызметкерлердің дені, жетекші инженерлердің біразы қиыр 
шетке барудан қашқақтап, әрқилы сылтаулар айтып, астанадан 
жайлы орын тауып алысты. Қаныш Имантайұлына да өндірісте 
ысылған маман деген жорамен екі түрлі қызмет ұсынылған: 
бірі – Мәскеудегі Бурцветмет басқармасының бас маманы болу; 
екіншісі – Алматыға ауысып, жаңадан құрылған Қазақмыс тресін 
басқару... Бірақ ол екі астанадағы лауазымды жұ 
мыстардың 
біріне де келіспей, шалғайдағы Ұлытау өңі рін қалайды. Оның да 
басқарма мансабы емес, өндірістік қызметін – геологиялық бар лау 
бөліміне жетекшілік етуді. Дәлелге айт қан желеуі: қазақ даласына 
қазір әкім нен гөрі, кен байлығын іздеуші керегірек... Басшылар 
көңілінде ешқандай күдік, лаж қалдырмауды ойлап әрі қыраулы 
қыс қа ілікпей орнығып алуды көз деп, кішкентай Арыстан мен 
Таисияны Қарсақбайға іле-шала апарып та сал ған-ды. Дер кезінде 
кө шіпті: жатақтан емес, мамандарға салын ған жаңа үйден екі бөл-
мелі пәтерге ие болды.
Қ.И. Сәтбаев, Мәскеу, – Т. А. Кошкинаға, 25 желтоқсан, 1929 ж.

жүктеу 3,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   245




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау