85
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Алаш партиясының облыстық комитеті
нің алғашқы дүр-
мекте тұтқындалған кейбір мүшелері сол жарлықтан кейін
бостандыққа шықты, бой тасалап жүрген Алаш көсемдері де
оқу-ағарту саласында еңбек етуге рұқсат алды. Ахмет Бай-
тұрсынов КирЦИК-тің тұңғыш оқу-ағарту комиссары болып
тағайындалады. Тоқетерін айтқанда, ұлт зиялыларының көр-
некті жетекшілері ел билігінен шеттетілгенмен, туған халқын
жаппай сауаттандыру, білім жолына бастау мүмкін дігі нен бір-
жола ажыраған жоқ. Бұл болса ел жақсыларының ежелгі ар-
маны еді.
Десек те, келеңсіз бір жайт қазақ оқығандарының алаңсыз
жұмыс істеп, көкейкесті ой-жобаларын жедеғабыл жүзеге асы-
руға бөгет болған. Анығында сол келеңсіздік ВЦИК-тің бір ай-
мақта екі бірдей төңкеріс комитетін құрған, залал-салдарын
жеткілікті ойластырмаған қа у лы сынан өрбіген. Неге? Орал тауы-
нан Қиыр Шығысқа дейінгі орасан зор аймаққа иелік ету құқы-
ғы берілген, Омбы қаласында ірге тепкен Сибревком бірден-ақ
1868 жылға реформадан кейін ресми құжаттарда «Сібір қыр-
ғыздары» деп аталатын, негізінен Орта жүз қазақтары қоныста-
ған байырғы Сарыарқаны түгелге дерлік иемденуді мақсат еткен.
Нақты айтқанда, бұрынғы Торғай облысына қарасты Қостанай уезі
түгелдей сол кезде құрылған Челябі губерниясына қаратылған; ал
Ақмола облысы іле-шала Омбы губерниясы аталып, оның иелігіне
осы облыстан Көкшетау, Атбасар, Петропавл және Омбы уездері
берілген; Павлодар, Қарқаралы, Аягөз, Зайсан және Өскемен
уездерін біріктіріп отырған Семей облысы да, ВЦИК жарлығы
бойынша, губерния құқығына ие болып, Сибревкомның құзырына
көшеді... Яғни, 1916 жы лы ішінара жүрген са нақ бойынша, осы
аймақта тұратын бір жарым миллионнан астам қазақ Кирревком
билігінен тысқары қалған. Әрине, Сібір ревкомы иелігіндегі қа-
зақ жерінде орыс билігін қаз-қалпында сақтап, соған орай қазақ
жақсыларын ел басқарудан шеттетіп, сол рәсімді жедеғабыл
жүзеге асыруға тырысқан...
Осынау кереғар саясаттың айқын мысалын өлке та
ри
хын
зерттеушілер Омбы мұрағатынан бертінде тапқан құжаттан
айқын көреміз
Достарыңызбен бөлісу: