102
Медеу СӘРСЕКЕ
әшкерелеп, Мәскеуге шағым жолдайды. Бiр емес, бiрнеше
мәрте. Соның бiрiнде:
«Бұған дейiн қарсылық бiлдiруге құқығы
жойылған, үне мi езгiде болған, көшпелi ауыр тұрмыс кешкен
халықтың хал-күйiн одан әрi төмендету мақсатымен оның
байырғы жерiн күш пен тартып алу iсi бәз-баяғыдай жүгенсiз
түрде өрiстеп отыр, бұл болса Халком Кеңе с iнiң Қырғыз өлкесiн
басқару дек рет iне мүл дем қарама-қарсы әрекет...»
–
делiнген.
Ең ғажабы, осындай әрекеттер жер-жерде белең берiп отыр, бұл
да бәз-баяғы «бөлiп ал да билей бер» саясаты мен ұлыорыстық шо-
винизмнiң сарқыншағы: Каспий теңiзi нен балық аулауды бiржола
иемдену үшiн бергi жағалауынан балықшы қазақтарды сексен
шақырым қашыққа көшiрiп тастау туралы Астрахань губерния-
сы ұсыныс жасаса; Маңғыстау түбегiне түрiкмендер көз аларта-
ды; Тәшкент шәрiне қитұрқы жолдармен қолы жеткен соң-ақ
оның төңiрегiндегi ежел гi қазақ жерлерiн қосып алуға өзбектер де
жоғары жаққа бiрнеше мәрте тiлек жолдаған; ал сiбiрлiк көршiмiз
бұрынғы талабына қо сым ша «Кирреспубликамен шекара сызығы
Ертiс арнасымен жүрсiн»
деген ұсыныспен Мәскеуге шығуы да
үстемшiл пиғылдың, қа зақ ұлтын менсiнбеудiң салдары...
Сол кезде Кирревком құрамында халқымыздың бүгiнгi жар-
қын болашағын көрегендiкпен болжап, қалтқысыз сенген ел-
сүйер азаматтар жұмыс істегенін ескерту парыз. Олардың денi сол
күннiң өзiнде жоғары бiлiмдi әрi экономика мен шаруашылық
мәселе лер iне бiлiктi жандар екенін көрсеткен. Нақ солар туған
жерiнiң үстiн ғана емес, жетi қат астындағы қазына байлығын
да бағамдай бiл ген. Ең бастысы, сол жайсаңдар туып-өскен өл-
кенiң тұс-тұстан көп жылдар бойы аяусыз тоналып, жател дiк-
тер иелiгiне қашан және қандай жағдайда көшкені жайлы шерлi
тарихын өте жақсы бiлген. Сондықтан да бұл ерлер Смирнов
сияқтылардың жүгенсiз талабына тойтарыс беруден тайынбаған.
Жер бөлiстен өрбіген наразылық ақыр аяғында КСРО Халком
Кеңесiнiң 1920 жылғы тамыз айының 9-10 күнгі мәжiлiсiн
де
талқыға түседi. Оның жай-жапсарын бiз сол мәжiлiске қатысып,
сiбiрлiктер мүддесiн қорғаған Сiбревком төрағасының орынба-
сары В. Соколовтың естелiгiнен («Сибирские огни» журналы.
1960 жыл. № 4) айқын көреміз:
«ЛЕНИН:
Сiз бiздiң жобаға қарсысыз? Не себептi сіз осынау
Достарыңызбен бөлісу: