Сәрсеке М. Шығармалары



жүктеу 3,61 Mb.
Pdf просмотр
бет187/245
Дата20.01.2023
өлшемі3,61 Mb.
#40981
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   245
null

«...Менің Москва ғалымдарына әрдайым банкет ұйымдас-
тырып, кейбіріне сыйлықтар үлес тіретіндігім жайында Сізге 
түскен ақпар ға айтарым: тегінде, мен бір мәрте «Москва» мей-
манханасына 30 кісі шақырып, дас тархан ұйымдастырдым. 
Қазақстанның картасы шегілген, бетіне қазына байлығы 
бейнеленген аса көркем гобелен-кілем сыйладым. Мұны біз 
1945 жы лы, КСРО ҒА-ның 220 жылдық мерекесіне барғанда, 
Н. Оңдасынов жолдас екеуміз республика халқының атынан 
академияның төралқасына кексе ғалымдардың кө зін ше тарту 
еттік. Барлық шығынды көтерген 

 Қазақстан үкіметі.
Әрине, жұмыс бабына байланысты бір де-бір мәскеулік қыз-
меткерге ешқандай сыйлық ұсын 
ған емеспін. Бәлкім, мені 
мұқатушылар «сыйлық» деп, Мәскеуге күзде жол түс кен сапарла-
рымда екі мәрте, 1947 жә не 1948 жылдарда бірнеше кило Алматы 
апортын ала барғанымды айтатын шығар. Оларды мен акаде-
миктер Усов пен Комаровтың жесірлеріне, тағы бірнеше ескі дос-
тарыма сәлем-сауқатқа апарғанмын. Алманы өз ақшама сатып 
алдым, сыйлаған кісілерім де қызмет жөнінен маған ешқандай 
көмегі тимейтін қарапайым зейнеткерлер...»
Академияның жұмысын тексеру, оның президент і нің түрліше 
қам-қарекетін саяси тұрғыдан тергеу бірақ тыйылған жоқ. 
Президент кеңсесі ғана емес, барлық институттар бұрынғыдай 
қалыпты жағдайда жұмыс істеуден қалды. Ең қиыны, салауат-
ты, парасатты ғылым иелері келелі зерттеуін үзіп, партия орган-
дары мен қаржы қызметкерлерінің ұсақ-түйекті қазған, болма-
шы істі зорайтып көрсеткен айыптауларына көл-көсір түсі ніктер 
жазатын болды.
Қаныш Имантайұлының дербес мұрағатында сақтаулы тү-
сініктердің бірінде: 
«...Түрліше жалған айыптарды, күнделікті 


493
ШЫҒАРМАЛАРЫ
жұмыста кезіккен болмашы кемшіліктерді басыма үйіп-төгіп, 
ерекше жөткірлікпен ұйымдастырылған қаншама аранда-
туларға жауап бердім, қаншама ойдан шығарылған пә ле-жала 
есті 
дім. Тинәмдай олқылықтар зорая келіп мені табады... 
1948-1951 жылдар аралығында пайдалы еңбекпен шабыттана 
шұғылданудың орнына уақытымның денін түрліше тү сі ніктер 
мен анықтамалар жазуға шығын ет тім. Арызқойлардың жа-
ласынан ақталып, мені қалай да сүрін 
дір 
мек болған шәлдір-
шатпақтарға (түпнұсқасында: «по большим и малым инсинуа-
ци ям») жауап қайтарудан әбден қажыдым», –
деген налу, әсілі, 
сол кездегі күйіну мен түңі лу ден туғандығы шүбәсіз...
Емдеуші дәрігер А.В. ВЛАДИМИРОВАНЫҢ естелігінен:
«Қаныш Имантайұлына мен он жылдай уақыт (1951
-
1961 
жж.) емдеуші дәрігер болдым. Алдыма алғаш тап болған кездің 
өзінде ол түрліше сырқаты мол аурушаң адам еді. Соның ең бас-
тысы 

 екінші деңгейдегі гипертония болатын, қан қысымы 
кейде сынап бағанасымен екі жүз милиметрге дейін көтеріліп, 
басы зе ңіп, құлағы ызыңдап, көруі де төмендеп кететін... Ал 1951 
жылы, әсіресе соңғы жартысында ол жиі-жиі кризге ұшырап, 
жатып қалатын қа терлі шекке жақындады. Мен оған тезірек 
Алматыдан кетуге кеңес беріп, үзілді-ке сілді талап қойдым...»
– Қымбатты Анна Павловна, маған әзір ше Алматыдан кетуге 
болмайды... Сіз маған күштірек дәрі-дәрмек беріп, қан қысымын 
төмендетуге амал жасаңыз, – дер еді ғалым зорлана жымиып. – 
Ал әрі дегенде бір айдан соң мен сіздің ақылыңызға біржолата ден 
қоямын...
Академияның кезекті сайлауы өткен соң-ақ кезекті демалысқа 
кетуге қамдана бастаған-ды, бірақ жіпсіз байланып қалды. 
Орталық Комитеттің бюросы төралқа есебін тыңдамақ болған, 
сірә, тым ұзаққа созылып бара жатқан дау-дамайға төрелік ай-
тып, біржолата тоқтатуға ықылас аңғартқан. Алайда сол сәт 
тақаған сайын, неге екені белгісіз, жалақорлардың ұсақ-түйекті 
терген арыздары бұрынғыдан да көбейе түсті. Сірә, бұл да қатыбас 
заманның қан тілеген бұзық әлпетінің белгісі, өзінен көш ілгері 
алға шығып кеткен біртуар әріптесіне ит қосып, көзге түсу – 
кейбір ғылым иелері үшін мақсатты іске айналғанына не дейсің? 
Қысқасы, бұдан екі жыл бұрынғы мерейтойы үстінде көл-көсір 
айтылған мадақ сөздер ұмыт болды. Дүр мекшіл қауым масқара 


494
Медеу СӘРСЕКЕ
қы лығымен соның да өткінші құрмет екенін небір пасық әрекеті-
мен илан дыруға ты рыс ты. Әрине, зиялы қауымның бәрі емес, 
қосақ арасында жүр гендер...
Күндердің күнінде академия президентін республиканың бас 
заң бақылаушысы А.А. На 
батов кеңсесіне шақырды. Сөйтсе, 
бұрнағы жылы Мәскеуге барғанда іссапарын өз бетін 
ше үш 
тәулікке ұзартып, мемлекет есебінен «сері лік» жасапты-мыс.
– Жолдас прокурор, сіз шұғылданар жұ мыс па осы? Мені 
ғайбаттауға мәндірек бірдеме іздегеніңіз жөн болар, – деп 
көзтаныс заң бақылаушысына зілсіз қалжың айт 
ты Қа 
ныш 
Имантайұлы.
– Үш күн жұмыстан себепсіз қалу – нағыз қылмыс, жарты сағат 
прогул жасаған токарьға сот коллегиясы үш жыл түрме жазасын 
ойланбай кеседі, азамат Сәтбаев! Ал заң – жұмыскер үшін де, пре-
зидент үшін де бір дей! Ақталуды ойлаңыз, болмаса мен қылмыс-
ты іс қозғау жөнінде жарлық беремін...
– Күніне мен он төрт сағат жұмыс іс тей мін, Александр Алек-
сеевич, соғыс жылдары одан да көбірек жүрдік. Сол үшін де бір 
бап тапсаңыз деймін. Айына төрт мәрте келетін жексенбінің кем 
дегенде үшеуін кеңседе өткіземін... Осылардың төлеуі – менің 
Мәскеуде үш тәулік ұзағырақ болғаныма қарым та ға жарайтын 
шығар!..
Өзін Кеңес заңының құдіретті қорғаушысы санайтын заңгер 
атақты академиктің зілді үнмен естірткен уәжін құлағына ілген 
жоқ. Таза қағаз алып, алдына тастады
– Түсінік жазыңыз. Не үшін кешіктіңіз? Үш күнге артық 
алған тәуліктік қаржыны да академия кассасына қайтарам деуді 
ұмытпаңыз! – деді состиған қалпы.
Талай жерде, қаншама әріпшіл шенеунік тердің алдында жа-
нын қинап отырып, қисынсыз шәлдір-шатпақтарына түсініктер 
жаз ғанда нақ осы жолғыдай қорланбаған еді. Күйкілерге елігіп 
ұсақтанбайын деп өзін ерік сіз тежейтін-ді. Бүгін сол әлпетінен ай-
нып қал ды, сірә, жүйкесі әбден жұқарған, шекесі солқылдап, қан 
қысымы іле көтеріліп келе жатқанын сезген.
– Жазбасам ше? – деді академик сәл-пәл дірілдеген үнмен.
– Жазасыз, жаздыртамыз! Тілесеңіз бап та табамыз!
Басына шапшыған қан қапелімде ештеңе ойлантпады. Мәс-
кеуде кешіккен себебі көкейін 
де сайрап тұрған-ды: ғылыми 
жұмыстарды үйлестіру кеңесінің мәжілісі екі күн кейінге ше-
геріліп, ал 23 желтоқсанда ҒА-сының төралқа мәжілісі өтпек-


495
ШЫҒАРМАЛАРЫ
ті... Соны жайлап түсіндіріп, қажет десе – үлкен академиядан 
анықтама алдыратынын айтса – әңгіме осы кабинетте бітер еді. 
Алайда өзіне қасақана жасалып отырған қысымды сезген соң-ақ, 
қарымта қайырудан өзге ешнәрсе ойына келмеді. Есіл-дерті құлап 
қалмай тұрғанда сұсты кабинеттен тезірек безу болды ма, кім 
білсін?..
– Ал, жазбадым, ендеше! Қолыңыздан келгенді істеп бақ! – 
Кабинет иесі ұсынған қағазды қақ айырып, кабинет иесінің алды-
на қарай лақтырып жі берді де шыға жөнелді.
Есік алдында тұрған машинаға жете арт 
қы орынға сұлық 
құлады: көз алды қарауытып, құлағы тарс бітіп қалды; жүр-
гізушінің ақы лы жетіп, бірден ауруханаға тартқаны сеп болып-
ты; іле жасалған жәрдем инсультке жеткізбей, қан қысымын 
төмендетті; емдеуші дәрігер бірақ үйіне қайтармай қойды; екі-үш 
апта оңаша палатада жатып, ем алуға тура келді...
* * *
Қаныш Имантайұлының өмірдің әр ал уан ғылыми-өндірістік 
айтыс-тартыстарында шыңдалған алып денесі, әйтеуір, сыр бер-
ген жоқ. Асқан жөткірлікпен, қайткен күнде құлатуды жобалаған 
қиянаттың бәрін де көтерді. Бәлкім, аурухана қызметшілерінің 
күтімі мен ем-домы көмектесті. Екінші аптада-ақ науқастың 
ұйқысы түзеліп, аяқ-қолына бұрынғы қуаты қай та оралғанын 
сезінді. Алғашқы күннен-ақ дәрігерлер келушілерге тыйым 
салған, тіпті күнделікті газетті де бергізбеген (Ал, оларда неше 
түрлі қиянаты мол даурықпа ақпарлар жарияланып жатқан-
ды). Үй-іші мен күтуші медбикелер жан тыныштығын күзе-
тіп, ешнәрсеге алаңдамай ем алуын қатты қадағалаған. Алайда 
көкейін тескен күпті жайт тарды ертелі-кеш ойлаудан кім тияды? 
Жыл бойы азапқа салған пәлелі-жалалы қиянаттарды қа лайша 
ұмытасың? Жолсыз жазаның егесіне тұңғыш түскен Ермұхан 
тарихшының ауыр тағдырын, атпал азаматтың соның бәріне 
қыңқ етпей жер басып жүргеніне сү йсінсе де жаны күй іне ді. Ел 
мерейіне рух беруші асыл Мұхаңның, тағдыры еншілес өзге де 
әріптестерін қинала ойламай қалайша тыныш жатады?.. 
Бір күні мүлгу сағатының аяқ шенінде президент жатқан 
палатаға Орталық Комитеттің хатшысы Ілияс Омаров пен үгіт-
насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары Бөлебай Исабеков 
сәлем бере келді. Қаузай келген шайы бар екен, өздері де соны қоса 


496
Медеу СӘРСЕКЕ
ішіп, оны-мұныдан әңгіме қозғады. Амал не, көңіл аулаған сұх-
баттары ә дегеннен-ақ жарасқан жоқ, араларында көрінбей тұрған 
тас қабырға іспетті бөгет үшеуінің де тілін байлап, емін-еркін 
сөйлесуге тежеу болғаны анық...
Қаныш Имантайұлы екеуін де жақсы бі леді: білімді, саясатқа 
жүйрік жігіттер, адамгершілік қасиеттеріне де қанық; әсіресе 
соғыс жылдарында Сауда халкомының орынбасары болған 
Ілиясты атажұрттарынан қапе лімде көшіп, азық-түлік пен тұр-
мыс қажеттеріне ділгер боп қалған кексе ғалымдарға қолғабыс 
етуге көбірек жұмсап, қа жыр-қайратын іс үстінде таныған; со-
дан бері іштартып, әр қадамына разы боп, қызметінің өскеніне 
қуанып жү ре тін-ді; Шығыс Қазақстан облысының бірін ші 
хатшылығына сайланған кезінде тізе қоса қимылдап, сол өлкенің 
өндірісін көтеру саласында қаншама қыруар істерді тізе қоса 
атқарды. Ал Бөлебай Исабековті өз жұмысына тиянақты, екі тілге 
де бірдей жүйрік, Орталық Комитетте істейтін кейбір әпербақан 
шенеуніктерге қарағанда кісілігімен де, білімімен де, кішіпейіл 
мі незімен де дараланып тұратын азамат ретінде білетін-ді.
– Көңілімді сұрай келгендеріңе, тәңір жарылқасын, көп-көрім 
сергіп қалдым. Енді шаруаларыңды айтыңдар, жігіттер, жайдан-
жай жүрмеген боларсыңдар, – деді ға лым ақырында. – Академия 
жұмысын талқы лау дың беті қалай, тездеткендерің жөн шығар, 
тегінде мәлімсіз күтуден де адам шаршайды...
– Талқының оны-мұны қағаздарын мы на ініңіз әзірлеп қойған, 
бөлім меңгерушісі соны қайтадан жазып жатыр, ауырлатқысы 
келеді білем. Сіздің әбден сауығып жұмысқа шыққаныңызды 
күтеміз... – деп хатшы көкейіндегі сөзін бірден бастай алмай 
қыбыжықтап, есікке әлсін-әлсін қарап отыр ды да, – хатшылық 
жөнмен емес, інілік ізетпен бір ұсыныс айтсам, Қанеке, мына 
Ілиясқа не болған деп ұрыспайсыз ба? 
Науқас басын шайқады. Сонсоң зорлана жымиып: 
– Айта бер, жаңа көрген құқай ма? – деп қолын сермеді.
– Бөлебай, ауыз үйге шығып, келушілер болса, тежей тұрсаң 
қайтеді?.. – Серігі алдыңғы бөл меге шығып кеткен соң, Ілияс 
Омар ұлы сөзін қайта жалғады. – Мәселе қиындап кет ті, Қанеке, 
сеніңіз маған, қасақана қиындатып Мәскеуден де жебеп жатқан-
дар бар... Бұ рын сіз президенттің көл-көсір мін деті геологияға 
қаратпай жүр, қаншама ғылыми жұ мыстар ақсап жатыр деуші 
едіңіз. Енді, міне, сырқаттанып қалдыңыз... Осы гәпті бетке 


497
ШЫҒАРМАЛАРЫ
ұстап, академия басшылығынан босату жөнінде арыз берсеңіз – 
бюро мүшелерін соған иліктіруге мен-ақ қам жасар едім…
– Ілеке, бұл ақылды өзің ойлап таптың ба?
– Өзім, Қанеке. Рас, бірінші хатшыдан сыр тартып едім, қарсы 
емес, – деп күміл жіді Ілияс Омарұлы.
– Сонда қалай? Өз еркіммен арыз жазып институтқа тайып 
беремін, ал пәле қуған жалақорлар академияны бетке ұстар 
ғалымдардан емін-еркін тазартады. Өңкей тоғышар, ғылымда зә-
редей де татымды ісі, беделі жоқ су ми сүмелектер, қан тілегендер 
ойына келгенін істей ді... Ал біз, зиялы қауым, ел мүддесі мен 
халық билігін сол соғындыларға беріп, қол қусырып қарап отыра-
мыз. Бұдан соң менің азамат атанып, жер басып жүруімнің жай-
жапсарын ойладың ба, Ілеке? 
Хатшы ләм-мим демеді. Осы іске құлықсыз көніп еді, неден 
қауіптенсе – соған жолықты. Екі оттың ортасында қалды деген 
де осындай-ақ болар? Қанекеңді кереғар амалға иліктіре алмады, 
Жұмекеңе мұны түсіндіру тіпті қиын...
– Қанеке, бізге сіздің амандығыңыз қымбат! Нақтылы жағ-
дайды жете білмегендіктен келіспей отырсыз. Сайып келгенде, 
бұл да сізді қорғаудың амалы! – деді Омаров тағы бір мәрте ескер-
туді құп көріп.
Науқас таған үстінен дәрі алып таң дай ына басты. Әлден соң 
тамағын кенеп, өзіне тура қарай алмай қырын отырған Орталық 
Комитеттің хатшысына назарын тіктеп: 
– Ілеке, тектен-теке қиналма. Бұл мені емес – өз 
деріңнің 
қарақан бастарыңды, бір күн болса да биік мансаптарыңды 
сақтаудың шарасы! Сізді мен, Ілеке, арлы азамат санаймын, 
сондықтан өзіңе де, сізді маған жұмсап отырған үлкен ағаңа 
да айтарым бір-ақ сөз: дәл мы надай қатерлі, сын жағдайда ме-
нен ешқандай арыз күт пеңдер! Мен үшін және отқа күй меңдер, 
қымбатты інілерім, үкі мет пен пар тияға мен керек адаммын, же-
ме-жемге келгенде мені бекерге күйдір мейді, қа натының ас тына 
алады. Мен басқадан қорқамын!.. – деп сәл тыныстап, ойындағы 
сөзін салмақтады. – Жұмекең екеуің бұл мәселені басып тастай-
тын уақытты өт кізіп алдыңдар, енді міне, кім көрінген, неше түрлі 
қанден иттер бастарыңа шығып алып, ойына келгенін істеп отыр. 
Иә, иә, биліктен айырылып қалған сияқ тысыздар... Сосын да не 
істерлеріңді біл мей, естерің шығып, шындықты мойындау керек, 
сасқан үйрек артымен сүңгиді деген, тегінде, осы... Құрмалдыққа 
32-0196


498
Медеу СӘРСЕКЕ
шалмақ еркек тоқтыларың – Ермұхан сорлыдан кейін, демек, мен 
болмақпын, сірә. Одан соң көгенделер қара көздер және белгі лі: 
Жұбанов, Әуезов, Ысмайылов, Жұмалиев, тағы кімдер... Апыр-
ай, қазақтың өңкей ығай мен сығай, бетке ұстар зиялыларын 
дүрелеуден тый ы лар уақыт қашан туады бізге?!..
– Ауыз үйге кісілер келген сияқты, – деп хатшы қыбыжықтап 
еді, Қаныш Имантайұлы есікке басын сұғып әлдене деді де, 
нығарлап қайтадан жауып қойды.
– Жә, бұл әңгімені аяқтасақ та болады, – деді. – Ең соңында 
құрық өздеріңе түседі, қызметтеріңді беріп құтылсаңдар тәубе 
дер едім, иә, иә, мына дүрмектің беталысы солай... Шойынбаев, 
Храмков, Айдарова, Тәкежанов, Ақынжанов... тағы кімдер, 
бізді реттеп болған соң, осы сөзімді бағыңдар, сендерге ауыз са-
лады. Ылайым, тек аман болыңдар, менің сәуегейлігім теріске 
шықсын!.. Мен болдым, Ілеке, 
– Қисынсыз іске ұрынғанымды әбден ұқтырдыңыз, Қанеке. Бас 
тартуға амалым болмай ерік сіз келгенімді түсініп, кешіріммен 
қараңыз... – деп Ілияс Омарұлы орнынан тұрды. 
– Сіз де қу жаным қатты күйзеліп жатқанда аузымнан шыққан 
артық-кем сөзге кектенбей, түпкі мәніне ой сала қараңыз. Жасы 
үлкен ағаның жақсы көретін інісіне білдірген базынасы деп 
ұқсаңыз, ұтылмайсыз, Ілеке.
Ғалым мәртебелі қонағын ауызғы үйге дейін шығарып сал-
ды. Үй-іші тосып тұр екен, төрге өткізіп жіберіп, қоштасар сәтте 
Бөлебай мен Ілиясқа алма-кезек жұтына қарап:
– Екеуіңе де ағалық жолмен айтар іңкәр тілегім, жігіттер! – 
деді. – Менің қамымды жеген күш-қайраттарыңды Мұхаңа, иә, 
Мұх тар ағаларың жолына жұмсаңдар! Асыл Мұхаң ның шабыт-
жігерін мұқалтып иә қапылыста жоғалтып алсақ – халық мұны 
бізге еш уақытта кешірмейді! Мұхаңның хал қымызға бәрімізден 
де керегірек екенін естерің де ұстаңдар!..
– Өзіңіздей көріңіз!
– Жақсы күнде көрісейік! – десті екеуі де...
Қандай оймен иә күдікпен қам жасағанын кім білсін, сол 
күннің ертеңінде көмекшісінің қолына екі парақ қағаз ұстатты 
да, дереу жөнелтуді өтінді. Екеуі де бір сарынды – бірі И.В. Ста-
линге, екіншісі КСРО ҒА жуықта сайланған жаңа президенті 
А.Н. Несмеяновтың атына жолданыпты: 1951 жылғы 5 қараша 
күні жолданған жеделхаттың мә тіні төмендегідей: 

жүктеу 3,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   245




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау