Сәрсеке М. Шығармалары



жүктеу 3,61 Mb.
Pdf просмотр
бет111/245
Дата20.01.2023
өлшемі3,61 Mb.
#40981
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   245
null

төзімді, флюстік, құрылыстық материалдар»..
. Соның бәрі бір 
ғана сауалға жауап береді: 
«Бұл ауданның шикізат қоры ора-
сан мол және сан алуан, ал мыс қоры жөнінен ол – дүниежүзілік 
провинция». Баяндамалардан туатын тұжырым да біреу-ақ: 
«...Жезқазғанға деген енжар көзқарасты шұғыл өзгертіп, жедел 
өркен деу ге тиіс кен ошағы деп қарау керек!»
Келесі кезекте ғұламалар алдына Қарсақбай комби натының 
аймақтық геологі С.Ә. Бөкейханов шығады.
Бір өзі бірнеше есімге ие (Ақтай, Үкітай, Өк тай... деушілердің бәрі де – 
марқұмды лақап атымен жаңсақ атап жүргенін ескерту парыз), шын дығында 
анасы Елена Яков левна (тұр мысқа шыққанға дейін Севостьянова, Омбыға 
жер аударылған орыс ақсүйегінің қызы) – Сергей, Алаш қозғалысының 
көшбасшы әкесі Әлихан Нұрмұхамедұлы – Үгэдей (сірә, түп бабасы Шыңғыс 
ханның бел баласына ұқсасын деген оймен) атаған кіші Бөкейханов 1905 
жылы Омбы қаласында туған. Ор та бі лімді ол Омбы қаласында алып, ал 1923 
жыл дан былай әке сі саяси сенімсіз адам ретінде Қа зақстаннан біржола алас-
талып, Мәске уде ғана тұруға және рұқсатсыз ешқайда шықпайтын шектеу-
ге душар болғандықтан, Сер гей де білімін сонда жалғастырған. Мәскеудің 
түсті метал дар институтын 1929 жылы тәмамдаған. Қаныш Имантайұлының 
сол жылғы желтоқсанның 25-і күні Т.А. Кошкинаға хатында: 
«Инженер 
Бөкейхановты Қарсақбайға баруға көндірген си яқ тымын...»
деген лебізіне 
қа рағанда, Ұлытау атырабына инженер-геолог 1930 жыл дың басында қоныс 
аудар ған...
Сәтбаевтың басшылығымен іздеушілік қадамын бастаған, оған қоса 
іргелі оқу орнында жан-жақты білім алған Үгэдей һәм Сергей Бөкейханов 
Ұлытау атыра бында еңбек еткен бес жылда кәсіби мамандығының әр қырын
көп-көрім меңгергені ақиқат. Әр нәрсеге білімдарлығы, техникалық мол 
сауаты, әсіресе ше телдік ғылыми әдебиеттерді еркін оқып, есеп-қисапқа, 
өз ойын еркін жазуға жүйрік тігі жөнінен ол Қарсақбай комбинатындағы 
инженерлердің кө бі нен көш ілгері болған. Сондықтан да бөлім мең герушісі 
оны аймақтық геолог етіп, яки өзінен кейінгі екінші мансапқа тағайындаған...
Үгэдей Әлиханұлы Бөкейхановтың академиялық жиынға 
ұсынған баяндамасы – «Жезқазған ның кен дік және структуралық 
аймақтары». Дес бергенде, оның есебі де көпшіліктің көңі лі нен 
шықты. Кен іздеуші геолог білімдар лық қа салынып, теория боп-
салап, шетелдік басылымдардан теріп алған тіл сындырар ауыр 
терминдерді оңды-солды бұрқыратып, күрделі болжам-гипотеза-
ларды шұбыртып ұзақ тұрған жоқ, өзі жұмыс істеген өңірдің кен 
жатқан аумағын, оның структуралық құрылымын өзі дайындаған 


270
Медеу СӘРСЕКЕ
карталар мен түрлі схемалар бетінен нұсқап тұрып, тақ-тұқ айтып 
шықты.
Ғылым иелерін бас шайқатып, таңғалдырған үшінші баянда-
машы мінберге сес сия ның төртінші күні көтерілген...
Біздіңше, бұл да Мәскеу мен Ленинградтың маңдайалды ға-
лымдарын ерекше сүйсінткен жайт: аты да, заты да әзірше мәлім 
емес, шалғайдағы кен көмбесі жайында жан-жақты зерттеу жасау-
мен бірге, соны неше күннен бері тәптіштей әйгілеп, терең мәнді 
ғылыми баяндама жасаушы мамандардың бірде-бірінің орталық-
та тұрмауы; ең ғажабы, үшеуі де шеткергі провинция деп жүрген 
аймақтың, қазақ даласы 
ның өз тумалары және сол жердегі 
өндірісте пісіп-қатқан қарапайым инженерлер. Және де солар күні 
кеше ата-бабасының мал баққанын, өздерінің көшпелі ортадан 
шыққанын елең қылмай, құдды бір геология жыңғылы өмір-бақи 
шұ ғылданған етене кәсібі болғандай-ақ, қысылып-қымтырылмай 
еркін сөй лейді. Жаңа заманның шеткергі өлкелерге, бұрынғы бо-
дан жұрттарға әкелген ғажап құбылысы деме ске шараң қанша?!.
Ресейдің зиялы қауымын бұл жолы сүй 
сінткен білімпаз – 
«Жезқазған кенін байытудың ерекшеліктері» деген тақырыпта 
келелі сөз бастаған қарсақбайлық инженер Жармағанбет (Жармақ) 
Төленов еді...
Жармағанбет Төленұлы – бұрынғы Семей облысының Абыралы ауда-
нының тумасы, 1901 жылы жарық дүниеге келген. Әкесі Төлен ауыр тұрмыс 
тауқыметінен үйелмелі-сүйелмелі төрт ұлын асырай алмай, бала-шағасын 
жаяу шұбыртып, 1909 жылы Оңтүс тік Алтайдың Змеиногор қаласының 
маңына кәсіп іздеп барып, бір жылдан кейін өзі де, бәйбішесі де сол жерде 
бақилық болыпты. Ағайындылардың кішісі Жармақ сөйтіп тоғыз жасында 
жетім қалған. Оның бұдан кей інгі он бес жыл бойы көргенін, сірә, Максим 
Горькийдің «Өмір университеттерімен» салыстырған жөн: орыс деревня-
сында бақташы, Алтай темір жолын төсеушілерге қолбала, Ертіс айдынын-
да жүзген кемелердің от жағушысы, Кузбастың Анжер шахталарында көмір 
шабушы, сонда жүріп аяғын жарақаттап алып, Семейге келіп етікшілер 
артелінде жан сақтауға мәжбүр болған...
– Менің ғұмыр жолыма ағалы-інілі Сәтбаев 
тардың екеуі де қоян-
қолтық араласып, игі әсер етті, қарағым. Әбікей Зейінұлы мүгедек тігімді 
ескеріп, шала сауатты мені өзі бас қаратын Казпедтехникумға қабылдады, 
үш жылдан соң: «Ал, қарағым, сенімді ақтап, оқуды өте жақсы оқыдың, 
енді сен рабфакқа түсіп жоғары білім ал!..» деп жөн нұсқап, батасын берді. 
Ал інісі Қаныш Имантайұлы 1928 жылы, Мәскеудің Жоғары техникалық 
училищесінің (МВТУ) химия факультетінде оқып жүргенімде, 1918 жыл-
дан таныс болатынмын, оқуым жөнін білген соң: «Жәке, әбден шатасыпсың, 


271
ШЫҒАРМАЛАРЫ
жиырма-отыз жылдан беріде Қазақстанда химия өндірісі болмайды. Демек, 
игермек мамандығыңнан туған жұр тыңа пайда жоқ...» деп, өзімше малданып 
жүрген оқуымды тәрк етсін... 
Қанекеңнің бізден артық шылығы, Медеу шырақ, өмір тынысын қате-
сіз аңдап, алдағы тіршілік күйтін нақ ты болжай білетіндігінде, – деп сыр 
шерт кен-ді Жармақ ағай маған 1971 жы лы Қарағанды қала сындағы соңғы 
тұрағында кездескен көктемде. – Қанекеңнің намысыма тиген мән ді сөзі 
ойымнан шықпай қойды, арызданып жүріп, Мәскеудің Тау-кен академиясы-
ның түсті металдар факультетінің екінші кур сы на ауысып, оны кен байыту 
мамандығы бо й ын ша 1932 жылы тәмамдап, Жезқазғанға келдім...
Ғылыми сессияға кен байыту тәжірибесін қорытындылап әрі 
соны үлкен көлемде зорайту мүмкіндіктері туралы ұсыныс һәм 
ойларымен келген байытушы инженер Ж. Төленов те сүрінген 
жоқ. Рухани басшысы Қа ныш Иман тайұлы күткен дең гейден 
көрінді.
Сонымен, алғашқы кезекте тыңдалған негізгі баяндама-
лар ғылыми қауымды Жезқазған ке 
ні 
нің жай-жапсары жа-
йында бір талай мағлұматты мәлім етті. Ал, инженер-петрограф 
Т.А. Кошкинаның «Жезқазған мыс кенін ми нералогиялық зерт-
теу», Қарсақбай мыс зауытының бас инженері И.А. Стри гиннің 
осы кенді пеште қорыту тәжірибесі туралы, профессорлар 
В.А. Ванюков, А.А. Гапеев, И.К. Либина әзірлеген қосымша 
баянда ма лар секциялық мәжі лістерге ауысқан (Солардың бәрі 
де келесі жылы КСРО ҒА-ның баспасынан жарық көрген «Үлкен 
Жезқазған» атты қомақты жинақта жария 
лан 
ған, секция-
лық талқылаудың мәжіліс хаттамалары да сол кітапта толық 
берілген).
Сессияның соңғы күні қабылдаған тұжырымды қаулысы 
көпшілік пікірінің бір жерге тоғысқан жиынтық ойы деуге сый-
ғандай. Міне, соның кейбір тармақтары: 

жүктеу 3,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   245




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау