502
Медеу СӘРСЕКЕ
бағыты сыннан өткен шолақ белсенділер мінбеге шығып, енді бірі
залдан дауыс көтеріп, ОК хатшылары неліктен жазасыз құтылады
деп, І. Омаров қа на емес, Ж. Шаяхметовтің де шалғайына жар-
мас қан. Мысалы, ҚазМУ-дың аға оқытушысы, тарихшы А. Тә-
кежанов: «Ұлт шыл дығы жасаң кезінен мәлім Сәтбаев осы күнге
дейін академия президенті болып не себептен төрде шалжиып отыр,
жолдас Шаяхметов, сіздің бәз-баяғы чекистік қырағылығыңыз
Орталық Комитетке хатшы болған соң бәсеңдеп қалған ба?» дегені
тыңдаушы жұрт арасында жиренішпен қоса түрліше ой туғызған.
Сәбит Нұрышев деген әдебиетші ғалымсымақ: «Академия құ-
рылған күн нен бастап ұлтшылдардың ұясына айналды, пиғылы
терістердің рухани көсемі Әуезов неге бостандықта жүр?» – десе,
тағы бір белсенді: «Осының бәрі туған халқының қамқоры бол-
ғансыған саяси басшыларымыздың кім кө рінгенге либералдық
көрсеткенінде», – деу үшін мінбеге көтерілген.
Пленумда сөз болған айғақтарды «Правда» газеті есеп ретінде
жариялаған. Газеттің арнайы тіл шісі А. Черниченко пленумда тез-
ге түскен қазақтың игі жақсыларын мойнына құрым киіз байлап,
есекке мінгізгендей етіп әсіре мазақпен сипаттауына қарағанда,
саяси нау қанның шарықтау шегіне жетіп, таяу күндерде жаппай
тазарту, жазалау процесі басталатынын қазақтың көзі қарақты
қауымы бірден аңдаған. Әлбетте, республика академия
сын
«ұлтшылдар ұясына айналдырған» Қ.И. Сәт баевқа мақала авторы
ерекше қадалып, басты күнәкар ретінде атауы да тегін емес-ті...
ІІІ
Қазақстан КП(б) Орталық Комитетінің бюросы 1951 жылдың
23 қараша күнгі мәжілісінде академик Қ.И. Сәтбаевты барлық
үлкенді-кішілі мансабынан босатып, бас жұмысына жазып,
қатаң сөгіс жариялаған. Ресми хаттамада бюро мүшелері комму-
нист Сәт баев үш мәселе бойынша кінәлі деген: «партия қатарына
кірерде шыққан тегінің бай болғандығын жасырған-мыс; «Ер
Едіге» дастанын 1927 жылы жарыққа шығарып, сол әрекетінің
саяси қателік екенін 1945 жылдан бері мойындамаған; Ғылым
академиясына пиғылы жат адамдарды ерекше көп қабылдап,
мейлінше былықтырып саяси көрсоқырлық танытқан...»
Қаныш Имантайұлының ізбасар әріптесі, академик Ш. Шөкин
«ҰҒА-ның ғұмыр жолы»
Достарыңызбен бөлісу: