Сәрсеке М. Шығармалары



жүктеу 3,61 Mb.
Pdf просмотр
бет186/245
Дата20.01.2023
өлшемі3,61 Mb.
#40981
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   245
null

«Кеше, үстіміздегі жылдың 
11 қазан күні ҚКП(б) ОК-нің ғылым және жоғары оқу орындары 
бөлімінде маған есімі беймә лім біреудің БКП(б) ОК-нің хатшы-
сы М.А. Суслов пен ҚКП(б) ОК-нің хатшысы Ж. Шаяхметов 
жолдастардың атына мен туралы жолдан 
ған хатымен та-
ныстырды. Онда менің барлық қызметімді саяси жөнінен 
теріске шығарып, өте ауыр кінә лар артып, контрреволюциялық 
ұлтшылдар тобына қосып, Алашорда партиясына мүше бол-
ды, пантүрікшіл пиғылмен уланған... деген тә 
різді айыптау 
айтылған... Мәймөңкесіз айтқанда, бұл айыптардың бәрі де ой-
дан шығарылған жала екенін мәлімдеуге тиіспін. Алашорда пар-


490
Медеу СӘРСЕКЕ
ти ясына мүше болмақ түгілі, іш тартқан жанкүйер де болған 
емеспін. Хат иесі нұсқап отырған «Сарыарқа» газетінде мен 
туралы не жазылғанын білмеймін, көрген де, оқығам да жоқ 
(Осы 
айғақ туралы берген түсіндірмесінде ғалым: 
«Газет хабарын мен 
тұңғыш рет 1951 жылдың күзінде, Алматыда көрдім...»
– депті). 
Ал жоғарыда маған тағылған қисынсыз саяси қаралауды ресми 
құ жат тармен дәлелдеуді талап етемін!»
– деген түсіндірме ай-
тыпты Мәскеу мен Алматыға 12 қазанда жолдаған хатында.
Геология ғылымдары институтының есеп-қисабы тағы да 
тексерілді, яки бір жылда екі мәрте. Алайда институт директо-
ры «сүттен ақ, судан таза» болып шықты. Ешқандай да кемшілік 
таба алмай дәрменсіздік аңғарт қан комиссияның құрамы де-
реу «әсіре көргіштермен» жаңартылды. Академия жұмысына 
шүйілген екінші топтың тексеруі «сәтті» болған: 1947-1950 
жылдар аралығында 196 мың сом заңсыз шығындалыпты; соның 
183 мыңы бірақ ғылым ордасы шаңырақ көтергенше ұсталғ ан 
және бұл үшін кі нәлі адамдар лайықты жаза тартқан; демек, 
төрт жылдағы жолсыздық небәрі 13 мың сом, яки президенттің 
бір айлық жалақысы мөл ше рін дей қаржы...
Академия президентіне ауырырақ тиген «айып» – ғылыми 
ортаға сенімсіз және ұлтшыл адамдарды көптеп тартқаны жөнін-
дегі қаралау еді. Мәскеуге жолдаған хатында Қа ныш Имантайұлы: 
«...Қазақ КСР ҒА – бү гінде іргесі мығым ұжым, оның құрамында 
60 ғылым докторы мен 300-ге жуық ғылым кандидаты мәнді 
зерттеулермен шұғылданады... Маған тағылған «ұлт 
шыл-
дарды қа натының астына алды» деген кінәні үзіл ді-кесілді мо-
йындамаймын... оны жоғарыда келтірілген бұлтартпас дерек-
тер негізінде дәлелденбеген және түгелдей жала деп есептей-
мін...»
– депті.
Алайда жалақорлар ұстаған бетінен қайтпаған. «Ұра берсең, 
құдай да өледі» деген мәні сой қанды нақылға ден қойып, күн са-
йын жаңа айыптар ойлап тапқан. Сірә, сөйтуді ниеті бұзық әлдебір 
биік лауазым иесі басқарып та, бағыттап отырған. 
Сол түртпектің басты айғағы – «Ғылымның жанкүйері һәм 
көшбасшысы деп жүрген мақтаулы академигіміз – жершілдік 
әрі рушылдық дертіне шалдыққан адам» деген сын. Айғақ ке-
рек пе? Академияның үштен бірі – Баянаула тумалары және 
солардың дені өз туыс тары. Оны аз десеңіз, ұлтшылдықтың ор-
дасы болған Тарих институтында Орталық Қа зақстанның (яки 


491
ШЫҒАРМАЛАРЫ
арғын қауымдас 
тығының) перзенттері ғана еңбек етеді, басқа 
аймақта туғандарға орын әсте тимейді-міс. Бұл енді мән-мағынасы 
ауыр қаралау... 
Сол себепті ОК-нің тапсырмасымен қалалық пар тия комитеті 
арнайы комиссия шығарып, академия 
ның кадрлар басқарма-
сында сақталатын бас жұмыстарды сүзіп, ҒА жүйесінде Баянауыл 
ауданынан небәрі 33 адам жұ 
мыс істейтінін, бұлардың 17-сі 
ғана ғылыми қызметкерлер (демек, 1785 қызметкердің жүзден 
бір бөлігі) екенін анықтаған; ал Тарих институтында ғы лыми 
ізденіспен шұ ғыл данатын 18 ға лым бар, олар Қазақстанның 14 
облысының тумасы болып шықты (тек төртеуі – өзге ұлттың 
өкілдері).
Алайда тексерушілер алғашқы айғақты қисынды санап, «рес-
публиканың бірде-бір ауда нынан нақ осындай қомақты топ болып 
ғалым шықпаған, демек ҒА президенті жерлестеріне ерекше іл ти-
пат көрсеткен...» деген қиғаш қорытынды жасаған. 
Олай болса, шектеусіз дандайсыған ака демик Сәтбаев «баянау-
лизм» дертіне ұрынған... Қаныш Имантайұлы комиссияның осы 
тұжырымымен келіспей, баянауылдық ғылыми қызметкерлердің 
тізімін ұсынып, мәселені қайыра талдауды талап етеді. Орталық 
комитеттің екінші комиссиясы, бұл айыптың негізсіз екеніне 
қорытынды жасайды... Жә, «баян ау л изм » тізіміне ілінген ға-
лымдардың кей 
бі 
рін түстейік: академиктер – Ә.Х. Марғұлан, 
Ә.Б. Бектұров, Ш.Ш. Шө кин, А.Қ. Қаю пов, корреспондент-мүше 
Е.Б. Бекмаханов, ғылым докторлары – Ж.Досқараев, оның төл пер-
зен ті Х.Ж. Жұматов, тарихшы С. Бейсембаев және басқалары... 
Осы жайсаңдардың қай-қайсысы болсын, өздері шұғылданған ілім 
саласында өшпес із қалдырған, кей бі рі нің дербес ғылыми мектебі 
бар, алдында Қа ныш сынды алып тұлға тұрмаса – бір аудан иә об-
лыс түгілі, күллі Қазақстан бетке ұстар бе делге ие әрі мақтаныш 
етер көрнекті ға лым дар екендігі даусыз шындық. Демек, ғылым 
білгірі Қ.И. Сәтбаев академия жүйесіне өз жерлестерінен де 
кімді шақыруды білген. Шынтуайтын айтқанда, баянауылдық 
ғалымдардың дені ғылыми ортаға КазФАН аталған кезде, яки 
соғыстан бұрын келген. Амал не, пәле-жала іздеушілер бұл гәпті 
кәперіне алмай, қайткен күнде Қаныш Имантайұлын жығынды 
етуді ғана ойлаған... 
Ғажап жайт: Орталық Комитеттің әйдік хатшыларының сол 
күнде өздері дарабоз ғалым санаған ұлт мақтанышын оң қолы мен 


492
Медеу СӘРСЕКЕ
сүйеп, сол қолымен оны дүрелегендерге де демеу жасағанына таң 
қаласың; мысалы, 1951 жылдың қыркүйек айында шақырылған 
академияның кезекті сайлауында ҚИ. Сәт баев Қазақстан КП(б) 
Орталық Комитетінің ұсынуымен президент болып қайтадан 
сайланған. Амал не, оны қудалау іле-шала қайыра өрбіген, ең 
ғажабы, бұрынғыдан әлдеқайда өршіген түрде... 
Академик Қ.И. СӘТБАЕВТЫҢ Қазақстан КП(б) ОК хатшысы 
Ж. Шаяхметовке 1951 жылғы 1 нау рызда жолдаған түсін дірмесі-
нен: 

жүктеу 3,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   245




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау