Сәрсеке М. Шығармалары



жүктеу 3,61 Mb.
Pdf просмотр
бет120/245
Дата20.01.2023
өлшемі3,61 Mb.
#40981
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   245
null

қазақтың салт-сана, күйі, сарындары сияқты мәде ниет пен өнер кен дерінің 
терең ошағы, ұйт қысы. Бұл негіз дерді жүзеге асыру жолында ұлт теат ры- 
на әлі де болса келешекте көп қайрат, қа жыр, қазына керек болады...»
«Қаныш Сәтбаев – жас қазақ инженері, Том технология инс-
титутында білім алған,
– депті ұлтымыздың ән-күй мұрасын 
жи на у шы Александр Викторович Затаевич «500 қазақ әндері мен 
күйлері» жинағының 267-тү сінігінде (М., 1931 ж
.). – Баянауыл 
әндерін ол өте көп біледі және келістіре орындайды. Мына жинақ 
үшін ол көптеген әндер мен әуендерді айтумен бірге, солар тура-
лы өте құнды деректер қосып, мәтінін орыс тіліне мұқият ау-
дарып та берді...»
А.В. За таевич, бірде-бір айтушыдан, ал олар-
дың ішінде Әміре Қашаубаев, Майра Уәли қы зы, Қали Байжанов, 
Ғаббас Айтбаев, Жұ мат Шанин, Жүсіпбек Аймауытов, Ілияс Жан-
сүгіров сияқты ән-әуен дүлдүл дері мен білгірлері бар, бірақ нақ 
Қаныш Сәтбаевтай ерекше мол (25!) ән жазбаған. Сірә, инженер 
жігіттің ән қоры, орындаушылық мәнері де айрықша зор болған. 
Сірә, екеуі Мәскеуде кездесіп, ұзақ сағаттар жұмыс істеген.
(Ескертер жайт: Қаныш Имантайұлы А.В. Затаевичтің 1920-1935 жыл-
дар аралығында қазақ халқының ән-күй мұрасын (ұзын саны 2500!) мұқият 
жинап, көпшілігін біржола ұмыт болудан сақтап қалған ізгі ісін ерлікке ба-
лап, ерекше құрмет тұтып, ізденісіне шама-шарқынша қолғабыс еткен. Әсілі, 
зерттеушіні ұлықтаудан ол Александр Викторович дүниеден қайтқан соң да 
жаңылмаған; Мәскеудің Новодевичье зиратындағы қабіріне Қазақстан аты-
нан құлыптас қойылуына мұрындық болған; марқұмның басына жиі барып 
мінәжат етуден де айнымаған; 1958 жылы Алматыда «Ғылым» баспасында 
жарық көрген «А.В. Затаевич. Зерттеулер, естеліктер, хаттар және құжаттар» 
атты академиялық үлкен монография да – Қазақ КСР ҒА президентінің ынта-
жігерімен дүниеге келгені зиялы қауымға жақсы мәлім).
«...Том мемлекеттік университетінің Сі 
бір 
дегі ең ескі және 
ерекше бай кітапханасынан мен туған халқымның фоль-
 
клорлық шығармаларының небір асыл нұсқаларын таптым, 
соның кейбірін жұртшылыққа жеткізуге талап та жасадым... 
Солардың ішінде мені әдеби тілінің шұрайлылығы, кес 
телі 
жырының сонылығы, тарихи-этно графиялық дерек тері нің 
молдығы жөнінен Едіге туралы жыр қатты қызықтырды. Ту 
баста оны Ш. Уәлиханов жазып алыпты, кейіннен профессор 
П.М. Мелиоранский жариялап ты... Дайын тұрған нұсқаны қазір-
гі қазақ емлесіне түсіріп, өз атымнан ал ғысөз жазып, 1924-25 
жылдар аралығында бітіріп, Мәскеудегі КСРО халықтарының 


297
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Орталық Баспасына жібердім...»
деген тү сініктеме оқимыз Қа-
ныш Иман тай ұлының 1951 жылы ресми мекемеге жолдаған хаты-
нан. Сөз бұл жерде Қ. Сәтбаевтың 1927 жылы Мәскеуде жарық 
көрген 
«Ер Едіге»
кітабы жайында болып отыр. Шындығын 
айтқанда, бұл – болашақ академиктің баспа бетін көрген тұңғыш 
кітабы. Фольклорлық жинаққа Қ. Сәтбаев жазған «Сөз басынан» 
шағын үзінді ұсынамыз...
«Мелиоранский бастырған «Едігенің» аты қазақша бол-
са да, заты ноғайшаға жуықтаңқыраған түрі. Мұның үстіне 
әңгіме түрлі толғау лар дың да аяқ алысы тасырқаған малдың 
тұяғынша сандыраққа айналыңқыра 
ғаны көрінеді. Бұған ай-
ыпты, әрине, Шо қан да, Мелиоранский де емес. Әңгімені бірінші 
рет аққа көшірген Ахмет дейтін ноғай мен өткен ғасырдағы 
қазақ жақсы ла ры на «кітапша жазу», «ноғайша сөйлеуді» сән 
көретін әдеті. –
«Ер Едігені» бастырушы мынандай уәж айтады.
 –
... «Аймақ тану» ұйымдарының қазақ ішіндегі істейтін нысана-
лы жұмыс тарының бастауы тегінде елдің ауыз әдебиетін жи-
нау шаралары болуы керек. Қазақ жұрты да қазіргі татарлар 
сияқ ты, енді біраздан кейін әдебиетінің дерек терін «Орхон жа-
зуларынан» іздеуі мүм кін. Шоқан бастап жиған Едіге батыр-
дың әңгімесінде тарих, тіл, әдебиет жақ тары нан қарағанда, 
қазақтың ескі сөздерінің ішін де маңызды орын алуға лайық деп 
біле тін дігім үшін, оның жыр уәзіндері мен толғауларын тізіп, 
жазу түрін қазақша лан ды руды дұрыс деп таптым (Бұған Баян-
ауыл аймағындағы қаржас руынан шыққан Қо па бай дейтін шал-
дың аузында жүрген Едігенің бір сорабы көмекші болып отырды...»)
Жырды баспадан шығарушы одан әрі дас танда атал ған сом 
тұлға Сатемірдің шындығында Ақ сақ Темір аталған әмірші еке-
нін дәлелдеп, оның да, қарсыласы Тоқтамыстың да кім болғанын 
тәптіштей қазады. Сөз соңында: 
«Тоқтамыс сынды «өзі қойған 
теке ші гінің» көр сеткен өрескел қоқайын көтере алмай ашуына 
мінген Ақсақ Темір 1391 жы лы жер қайысқан қолымен Алтын 
Ордаға жөне ле ді...»
дегенде, ол, әрине, сегіз жылдан соң тап өзі 
сол жорықтың ізімен жүріп, Темір Көреген қалдырып кет кен 
тас белгіге жолығарын білмеген. Шүбәсіз жайт: әрда й ым білуге, 
көруге, жүруге ынтызарлық жер
ас 
ты қазынасын сәтті іздеу-
мен қоса геолог Сәтбаевты ғылымның өзге саласында да со ны 
жаңалықтарға жолықты рып отыр ған...


298
Медеу СӘРСЕКЕ
Кен барлаушы дәптерлерінде жер жынысын сипаттаумен бірге 
жол-жөнекей кездескен тарихи белгі, таңбаларды да аттап өтпей, 
суретін салып, көрген-білгенін тәп тіш тей жазуды машық еткен. 
Айталық, Бұ ланты өзенінің оң жағасынан, тақтатасты жыны-
стардан тұратын қима жартас бетінен ол көптеген хайуанаттар 
суретін табады; нақ осындай тас бейнелерді Қаныш Имантай ұлы 
Тамды, Жетіқыз өзендерінің бойынан да көрген; ал Ұлытаудың 
ұлы шыңы Едіге үс тіндегі, Бала Жезді мен Сарысу өзендерінің 
жағаларындағы адам мүсіндері немесе Алаша хан, Жошы, Дом-
бауыл кесенелерінің көне құрылыстық, сәулет өнерінің үлгісі 
ретіндегі сипаты...
Солардың бәрі де Қаныш Имантайұлын қат ты қызықтыратын. 
Қиялын қозғап, әр қилы ойға салатын
. «Бұл мақала Жезқазған 
ауда нындағы көптеген тарихи көне дүние ескерткіштерін то-
лық және жүйелі түр де баян дау ды мақсат етпейді,
– деп аяқтап-
ты ғалым 1941 жылы «Народное хозяйство Казахстана» журналы-
ның № 1 санында жарияланған «Жезқазған ауданындағы тарихи 
және көне ескерткіштер» деген ғылыми еңбегін.
 – Ке рісінше, ар-
хеологтар мен өлке зерттеуші лер ге осы ауданда қаншама қызық 
та сан-са лалы материал зерт теусіз жатқандығын ескерту үшін 
жазып отырмыз...»
Зерттеу үшін. Білу үшін. Туған жерінің кен тасын ғана емес, 
соның ой-қырына түскен әрбір із, таңбаны, ескілі-жаңалы тарих-
ты, мәнді оқиғаны біліп, жете тану үшін. Ғылым жарағына, ел 
кәдесіне жарату үшін. Соны жас ұрпақ, кейінгі толқын көкейіне 
дары тып, биік мұраттарға, ілгері мәдениетке жетелеу үшін... 
Оның дара жара тылысы сол – іздеу, әрқашанда жаңалыққа 
құмарлану!..

жүктеу 3,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   245




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау