Сергоның кең маңдайы кенет қусырылып,
әжімдері білеу ле ніп жасаң әріптесіне одырая қарады. – Сонда сен
өзің, қымбаттым,
соның бір жыл емес, ондаған жылдарға кетер,
жүздеген миллион сомаға түсер күрделі іс екенін түсінесің бе? Бұл
үшін, бауырым, сенім ғана емес, үлкен кепілдік керек! – деді.
Қаныш Имантайұлы именуді қойып, тебірене сөйледі.
– Сеніңіз, туған жерімнің сырын, әсіресе осы кенішті бір кісі-
дей білемін! Сол үшін, қажет десеңіз, басымды қатерге тігуге бар-
мын, Гри горий Константинович... Үлкен Жезқаз ған ды тездетіп
игеру – біздің дала үшін, бүкіл Одақ үшін де аса тиімді іс. Су сыз-
нусыз қиырдағы түкпірге жаңа өмір келеді! Бір деңіз. Отан өнді-
рісі қоры қисапсыз мол мыс кенішін пайдалануға алады...
Қазақстандық барлаушының жігерлі үні, өзіне деген сенімі,
әсіресе іс мүддесін жа
нын сала қор
ғау
ға құлшынысы Серго
жолдасқа да әсер еткен сияқты, биязы жымиып:
– Мұның енді жөн-ақ, бірақ, қымбаттым, бір ғана сенің сенімің
аз ғой. Басқа жұртты да соған тура өзіңдей сендіре білу керек,–
деді ақырын ғана.
– Жезқазғандағы барлаушылар тобы бұған әлдеқашан сенген!
Өзіңіз ойлаңызшы, былтырдан бері қаншама қиыншылық көріп
жүдесе де, кен іздеуші топ тарап кеткен жоқ, күні бүгінге дейін
шөл дала төсінде, құс ұшпас құла дүзде бар лау жүргізіп отыр.
Бұдан артық сенім бола ма?! Ал Түсті металл басқармасының
278
Медеу СӘРСЕКЕ
мамандары на жігерлі жандардың ерлігін айтып, Үлкен Жез қаз-
ған жолындағы қаһармандық күресін көлденең тартып сендіре
алмайсың. Сендіру қайда?! Олар үшін жеті жүз кісінің тағдыры,
аш құр сақ жүріп жүдеп-жадағаны түк емес. Өздері аман болып,
жайлы орындарынан айырылып қалмаса – дүниесі түгел!.. –
Геолог өзін ұстай алмай қалды. Сұрланған аққұба жүзі, қатқыл
естілген үні де ашынған қал пын сездірген дей. Нарком бірақ сыр
берген жоқ, байсалды кейіпте, шарадай үлкен басын сәл еңкейте
ұстап, ынталанған шыраймен тыңдады. – Иә, кәсіби мамандарға
бұлтарт пас айғақтар керек...
– Дұрыс айтасың, айғақтар керек!
– Қаржыдан қағылсақ та, барлауды тоқтат падық. Оның нә-
тижесін таяуда ЦКЗ мен Академияның сессиясы қарады, екеуінің
де Жезқазғанның мыс қорын құптаған қаулысы алдыңызда жа-
тыр.
Серго қолындағы қарындашты әрлі-берлі шиырып, үн-түнсіз
отыр. Кенет геологқа назарын тіктеп:
–
Алмалық кені туралы не дейсіз? Оның да мысы мол деседі.
Мысалы, Жезқазғанмен салыстырсақ? – деп төтенше сауал қо-
йды. – Сіз маған әділін естіртіңіз. Мыс кендерін барлаушы геолог
әрі кәнігі маман ретінде...
«Наркомды арзан сөзбен малдандырамын деп әуре болма, кол-
лега. Серго жолдас көлденең жайтты сұраса, шыныңды айт, білсең
де, біл месең де. Ал егер бұлаң құйрыққа салып, мәнсіз бірдемені
ойжотамен соқтыра баста саң – құрығаның, бірден се зеді де тың-
дамай қоя ды...» – деп ескерткен-ді Ванюков.
– Алмалықты жақсы білемін деп айта ал маймын, барлау де-
ректерімен таны
стығым қағаз жүзінде ғана... Тегінде, бізде,
Григорий Константинович, тәжірибе алмасу жағы жетімсіз.
Әркім өзі іздеп тапқан, не тағдыр айдап тап болған кенді жылдар
бойы шұқылаумен уақыт өткізеді. Ал барлаушы геологқа көбірек
жүріп, көбірек көргені теріс болмас еді... Әйтсе де, маман ретінде
мен Алмалықты Жезқазғанмен салыстырмас едім. Жезқаз ғанмен
тең түсер бүкіл Одақта бірде-бір мыс кені жоқ! Ол сондай уникум!..
Орджоникидзе таңырқағандай оқыс үн мен:
– Қалайша? Мұныңызды қалай түсінуге болады? – деді.
Наркомның қалың қабағы дүрдиіп, жүзі де сұстанып, көңілі
суып, мейірімді бадана көзінде реніш ұялап, құдды бір: «Е, біл-
гішім, сенің де жайың белгілі болды, мақтанам деп қайда лағып
кеттің?!» дегендей налу жайла ғанын Қаныш Имантайұлы кеш аң-
279
ШЫҒАРМАЛАРЫ
ғар ды. Енді жуып-шаюға болмайды, айтылған сөз – атылған оқ,
қалайша қайырып ала алмайсың?.. Сөйтсе де, көп жылдан бері
көңілін алаңдатып, түн ұйқысын төрт бөліп жүрген жан сырын
бүгіп қалғысы келмеді.
– Өйткені Жезқазған – ерекше жаратыл ған кен қоймасы! Он-
дай кен орны, Григорий Константинович, жер қыртысында өте си-
рек кездеседі! Өзіңіз ойлаңызшы, ай наласы ат шаптырым аумақ-
та қалыңдығы ондаған, кей де алпыс-жетпіс метр кен белде удері
қабат-қабат сіресіп жатыр. Және қандай құнармен!.. Мәселен,
Американың дүние жүзіне әйгілі Жоғарғы Көл мыс кенімен са-
лыстырып көріңіз. Біздегі құнар екі есе ар тық! Түсінесіз бе, екі
есе!.. Ал қоры жөні нен ол Жезқазғанның жұлығына да кел мейді.
– Дәлірек айтқанда?
– Дәл айту үшін, жолдас нарком, барлау жұмысын барын-
ша өрістету қажет. Менің айтып отырғаным – сегіз жылдық
барлаудың нәтижесі. Соның өзінде Жезқазған Кеңес Одағының
мыс кендерінің алдына шықты. Сондықтан да мен оны барын-
ша жауапты түрде біздегі кеніштермен салыстыруға болмайды,
Жезқазған дүние жүзіндегі ең ірі мыс өлкелерімен аталуға лайық
кен орны деймін!.. Бұл көм бенің тиімділігін мынадан байқайсыз:
бірін ші, кенді алу үшін ешқандай тіреу қойып, қосымша бекітудің
қажеті жоқ – аралық жыныстың беріктігі сонша; екінші, кен
желілерінің қабат-қабат дестелене орналасуы оны бір шахтадан
тілеген көлемде, қалаған бағытта алуға мүмкіндік береді; кен қаба-
тына жеткен соң бір шетінен құлата бер, қан шама үнем?! Кей бір
желілер жер бетіне өте жақын орналасқан, демек, оны қазаншұң-
қыр әдісімен алуға болады. Әрі бұлар кен құнары аса бай қабаттар.
Үшеу делік.
Төртінші, жер астында су атымен жоқ, яғни шах-
тадан су соратын құрылыс, күрделі техника керек емес. Тағы да
үнем! Бесінші, жыныс құра мындағы крем ний қосылыстары қазу
кезінде өрт болмай тындығына сенімді кепіл... Бұған қосымша,
Григорий Констан ти нович, мыс пен бірге қазылатын қорғасын мен
мырыш, күміс пен молибден, сирек және бағалы металдар еш қан-
дай қосымша шығын, бей нетсіз өзі келіп қолға түсетін байлық.
Және қандай көлемде!..
Наркомның қату жүзі жадырап, көңілді шырайға ауысты.
– ...Жезқазған кенін байыту технология сы әлдеқашан сынау-
дан өткен. Ал
одан шық қан концентратты қорытуды, – деп Сәт-
баев сөзін жалғады, – Қарсақбай зауыты алты жылдан бері сәтті
жүргізіп келеді. Демек, мыс қорытуға да күмән жоқ. Тек бір ғана
280
Медеу СӘРСЕКЕ
күпті жайт, Григорий Константинович, қиян шетте тұрамыз.
Темір жолсыз күніміз қараң. Онсыз бізге жұрт қатарына қосылу,
әй, білмеймін, қиын мәселе...
Алдында отырған маманның көкейкесті жұмысы жайлы әсерлі
әңгімесін нарком оң қолын жағына сүйеп, креслоға шалқая түсіп
ынтыға тыңдады. Бөгде қозғалыс жасап, ләм-мим деп сөзін бөлген
жоқ. Қаныш Иман тайұлы да күн ілгері ойлап келген мәнді сөзін
ұмытып, ырқынан тыс, көкейіне сол сәтте құйылған, «Мені айт,
мені айт» деп мазалаған жан сырын әңгімелеуге түсіп кеткенін
аңғарар емес. Сегіз жылғы сергел деңде жүрегінде ұялаған күдігі
мен өкінішін, кешкен бейнеті мен зейне тін, жұмыскер серіктері-
нің сенімін, жер-жердегі тілектес терінің демеуі мен тілегін, Геол-
ком сарапшы
ларының әр кездегі өзіне жасаған қиянаты мен
өктемдіктері жайында да жасырмай, қысқа ғана тізіп өтіп:
– Григорий Константинович, сіз мы на жайт қа көңіл аудары-
ңыз, – деп қайта шал қы сын, – бір тонна мыс алу үшін Қоңы рат
рудасынан Балқашта 110 тонна, Дегтяр када 74 тонна, Бозшакөлде
156 тонна, Алма лықта 130 тонна мыс тасын қорыту керек. Ал
Жез қаз ған кенінен соған небәрі 68 тонна керек. Өзгені айтпайын,
басқарма білгіштері осы айғақты неге көрмейді, неге ескермейді?
Бұдан артық қандай дәлел керек?!
Орджоникидзе кенет қарқылдай күліп, қолын сарт-сұрт соқты.
– Өзің әлей қу екенсің, – деді геологқа сүйсіне қарап. – Жезқаз-
ғанның шашба
уын көтер
генде, «Салыстыруға болмайды, ол –
уникум, дүниеде теңдесі жоқ кен орны!» деп жер-көкке сый-
ғызбайсың. Ал қолайыңа жағымды болса, қарай гөр, цифрларды
тақылдатып, шотқа қаққандай жатқа соғып отырғанын! Жә, жә,
құптарлық талап!..
Наркоммен әңгіме өзі үшін жайлы әуенге көшкенін сезіп отыр.
Сергоның келесі сұрағы сол ойын құптағандай тосын болды.
– Әлбетте, мұндай айғақтарға дау айта алмайсың, – деді. –
Жә, сен енді маған, жарқыным, Жезқазғанды дүниежүзілік мыс
провин цияларымен салыстыратын себе бің ді ұғындыр, – деп нар-
ком саусағын шо шайтты. – Тек қана шын дық, шындықты естірт!
– Оның мәні бар, Григорий Констан тино вич, – деді Сәтбаев әр
сөзін ой лана айтып, – Америкадағы Жоғарғы Көл немесе Афри-
ка дағы Терістік Родезия мыс кен дері – талай жыл дардан бері
қазылып, абырой-атағы күллі жұртқа жария болған қазына көмбе-
лері. Демек, әлемге жария кендермен салыс тыру Жезқазғанның
281
ШЫҒАРМАЛАРЫ
бағасын бірден көтереді. Жасырып қайтейін, жұртшылық наза-
рын аудару үшін жасаған амал.
– Ау, сонда, кен іздеуші геологтың базар ға пұл шығарған сауда-
герлерге ұқсап, өз ісіне мадақ жарнама жасауы қалай?
Қаныш үндеген жоқ, төмен қарады. Не десін? Шындық, бұл да
шын дық. Амалсыз дың шарасы...
– Жарайды, Қаныш Имантаевич, мен де са ған сөздің турасын
естіртейін. Сөйткенің жөн болған,– деді нарком. – Қара көбейтер
қатар дағы инженер болу жараспайды бүгін де... Мықты инженер
болу керек! Өзің атқа рып жүрген істі мақтан етіп, жұртқа таныта
білу керек. Өйтпейінше, социалистік құ ры лыстың шынайы бас-
шысы болу қиын, дос тым.
– Реклама дейсіз, соны біз еріккендіктен жасап жүрген жоқ-
пыз, жолдас нарком, – деп күрсінді Сәтбаев бәсең үнмен. – Қатал
өмірдің сабағы! Қа рауыңдағы жұмыскер алты ай, жеті ай бойы
соқыр тиын еңбекақы алмай, ісіп-кеуіп жүдеп, үйінде оның қызыл
қарын жас балалары нан сұрап шулап отырса – әсіре жарнама
ғана емес, одан да масқара әрекетке барады екен сің! Жасыра тыны
жоқ, Григо рий Конста нти нович, сау дамен де шұғылдандық. Иә,
соңғы екі жылда көрмегеніміз жоқ, не істемедік? Басқарма соңғы
үмітімізді үзіп, барлау қара жатынан біржола айырған соң, амал
қанша, басқа трес тер ден күнкөріс іздеуге де тура келді... – Геолог
әлденеге қым
сынғандай мырс етіп, сөзін сабақтады. – Әділін
айтқан да, біз алтын іздеушілер мен көмір ин ститу ты на иә бояу
тресіне ештеңе де іздеген жоқ пыз. Олардың ақшасын Жезқазған
бар лау ына жұмсадық. Сөкпеңіз бұл үшін, жеке басыма содан бір
тиын пайда көргем жоқ, бәрі-бәрін Үлкен Жезқазғанды жұртқа
танытуға шығын дадық.
– Түсіндім жайыңды, оңды болған! – деп басын изеді Серго. –
Жә, тағы не айтасың? Іркілме, түгел ақтар!
– Өтініш біреу, Григорий Константи нович. Қаншама мықты де-
генмен, бұдан арғы сергелдеңге адамдарым төзбей ме деп қорқа-
мын. Қашанға дейін сынай
мыз? Олардың жігер-төзімінің де
үзілетін шегі бар. Қысқа сы, жолдас нарком, cізден көмек болма-
са, білмеймін. Мәскеуде менің кірмеген есігім, сұранбаған кеңсем
кемде-кем...
Орджоникидзе кабинеттің ішінде ерсілі-қарсылы жүре бас-
тады. Қолы артында, әлде неге ойланғандай. Бір сәтте қасына
тоқтады да, иығына қолын салып:
282
Медеу СӘРСЕКЕ
– Ивановты білесің бе? Балхашстройдың бастығын? – деді.
– Танимын, өткен жылы Қарсақбайға ке
ліп қайтқан. Өте
қабілетті адам. Ондай іскер де жігерлі басшының қарауында
жұмыс істеу кімге бол сын бақыт дер едім!
– Қабілетті деу аз. Алтын адам! – деді Серго. – Иванов барғанша
мұндағы жұрт: «Қазақстанда жер асты қазынасын өндіру тиім сіз,
сорақы қымбат» – деп зарлап бақты. Ал ол бұл пиғылды бірден
теріске шығарды. Қалай дейсің ғой?..
Геолог басын изеді. Бұл туралы хабардар болатын.
– Еділ жағасынан трактор алыбын тұрғы зарда да ол сөйтіп
еді. Иә, басқалар дай «Қиыр шет, шөл дала» деп байбалам салған
жоқ. Қиыншылықпен білегін сыбанып айқасты. Қазір Балқашта
жол да, су да, кадр да бар. Ең алдымен ол адамдарға қа жет жағдай
туғызды. Нағыз өндіріс коман дирі осылай істеу керек, жұмысқа
бел буып, Ивановша кірісу қажет!
– Василий Иванович Қарсақбай комбина тында отырса, сіз бен
біздің әңгімеміз, Григорий Қонстантинович, мүлдем басқа мәселе
жайында болар еді, амал қанша?
– Дәмесін қара! – деп мырс етті Орджони кидзе, – бұл туралы
аузыңды ашпа, Ивановты Жезқаз ғанға бермейміз. Ал сендерге,
менің түсі нуім ше, іскер басшыдан гөрі тап қазір ақша керек.
– Иә. Аз емес, едәуір. Алдыңыздағы сме тада оның мөлшері
толық көрсетілген.
Орджоникидзе үстел үстінде жатқан Сәт баевтың мәлімдемесін
қо лына алды.
– Жарайды, Қаныш Имантаевич. Сендір дің мені далаңның мыс
қазынасына! – деді нарком. – Жезқазғанның тағдыры қара жат қа
қарап тұрса – табамыз қанша болса да!
Қаныш Имантайұлы орнынан атып тұр ды. Қапелімде бірақ не
айтарын білмей, қатты тебіреніп әрі сасқалақтаған үнмен:
– Жолдас Серго! Григорий Константи нович! Шексіз рақмет!
Сіздің сеніміңізді біз еселі еңбекпен ақтаймыз! – деді аптыға сөй-
леп. – Ұлытау қойнынан үкімет мил лион даған тонна, пұт емес,
тонналаған мыс және басқа да қазына алады. Бұл тарихи іс, тарих
та бұл қарекетімізді ақтайды!..
– Жарар, аптықпа. Рақметіңді де соңынан айтасың, – деді
нарком, бірер адым алға жүре түсті де, кенет қасына келіп сөзін
сабақта ды. – Бұған әуелі главканың бастықтарын көндіруім ке-
рек. Иә, Үлкен Жезқазған үшін басқарманың қор қалтасын сілкіп
283
ШЫҒАРМАЛАРЫ
бағамын. Одан арғысын тағы көрерміз... Байқаймын, бір жығып
алсаң, өзің де олардың қыр соңы нан қала қоймассың, сыңа йыңды
аңдадым.
Серго рақаттана күліп, геологқа мейірмен қарады.
– Ал, мынаны, академия қаулысын, – де
ді Орджоникидзе
алдындағы қағаздарды нұсқап. – Бұл – мықты тірек! Тек соны
әжетке бас қаша жаратсақ деймін. Мәселен, осы тіректі көзір етіп,
Орталық комитетке Үл кен Жаз қазғанды жоспарлы түрде салу
тура лы хат жолдасақ? Әрине, ең алдымен те мір жол құрылысын
жүргізу керек. Кеніштің құрылысын бастауға да қыруар қаражат
керек, аз дегенде бес жүз миллион сом! Әлбет те, соның бәрін
Жезқазған мысы ақтауға тиіс. Ол енді Одақтағы ең үлкен мыс
өндірісі болады. Қаншама мол мүм кіндік, зор игілік! Балқаштан
біз жылына жүз мың тонна мыс аламыз деп жоспарлап отырмыз,
ал сіз барла ған кеніштен одан да көп...
– Оған сөз жоқ, жолдас нарком, Жезқазған комбинатының
қуаты Балқаштан кем дегенде екі иә үш есе асып түседі!
– Иванов жолдастан пікір сұрасақ қайтеді?
– Меніңше, Василий Иванович сөз айтпай келіседі. Жезқазғанды
ол кісі жақсы біледі, әділін айтуға тиіс.
–
Былай болсын, – деді нарком. – Мына қағаздар әзірше мен-
де қалсын. Жетімсізі болса тағы сұраймыз. Өзіңе де Мәскеуде екі-
үш күнге аялдауға тура ке леді, Түсті металдар басқармасымен
келісеміз. Саяси бюроға ұсы ныс әзірлейміз. Жалғызбын деп ең,
көр дің бе, екеуміз енді. Ал келістік пе?
– Келіспегенде, Григорий Константи но вич!
– Олай болса, осымен тоқтайық... Бүйтіп отырып Жаңа жылды
өткізіп алармыз! Уақыт жөні солай болды, ғафу ет!..
– О не дегеніңіз?! Мұншама зор сыйлық алып тұрғанда...
– Барлаушыларыңа сәлем айт, – деп нар ком Қаныштың сөзін
бөлді.– Көбіне шы даған екен, төзімдерін әлі де аз күнге ширата
түссін. Сірә, бұдан әрі тарықтыра қой мас пыз!..
Жезқазғандық геологты Серго есікке дей ін шығарып салды.
Етті, салалы сом сау сақ тарымен қолын қатты қысып:
– Өмірде, қымбаттым, әр түрлі қиыншы лықтар кезігеді. Жан
қинайтын нағыз кедергілер, картон қағаздай жасанды кедер гілер
де ұшырасуы мүмкін. Әңгіме соларды жеңе білуде, сүрінбей өте
білуде. Солай, Сәт баев жолдас! Жаңа жыл құтты болсын!.. Өмір де
де, еңбекте де табысты, қуанышы мол жыл болғай! – деді.
284
Медеу СӘРСЕКЕ
* * *
Ұлытау атырабы ғана емес, күллі Қазақ
стан
ның күш-
қуатын еселеп арт
ты
ру
да ерек
ше мәнді болған, шынтуайтын
айтқанда, ин
дустриалды ел атануына жол ашқан тарихи сұх-
баттың ізін біз 1969 жылы Мәс кеу дің Марксизм-ленинизм инс-
титутын
дағы Компартияның Орталық мұрағатында сақтаулы
Г.К. Орджоникидзенің дербес қо рынан (85-тіркеме, 29-іс) таптық.
Көлемі үш парақ сол деректен шағын үзінді келтіреміз (хаттың
біз оқыған екінші данасында «қаң тар, 1935 жыл» делі ніп, күні
қойылмаған).
«БКП(б) Орталық комитеті, И. СТАЛИНГЕ
Достарыңызбен бөлісу: |