Сәрсеке М. Шығармалары



жүктеу 3,61 Mb.
Pdf просмотр
бет108/245
Дата20.01.2023
өлшемі3,61 Mb.
#40981
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   245
null

күнде Жезқазғанды дүйім елге таныту!..»
ІІ
Тырбанған мезі тірлікпен 1933 жыл да өтті. Барлау тоқтаған 
жоқ. Бірақ былтырғымен салыстырғанда ізденіс деңгейі күрт 
төмендеді. Былтыр бір ғана Жезқазғанда 196 ұң ғыма бұрғыланып 
еді, қазіргі соның үштен біріне де жете алмады (небәрі 59). Ал 
алдағы жылда? Бір ғана үміт – «Биылғы қаржы бөлініп кетті, 
келесі жылы болмаса...» деп сырғытпа жауап естірткен мекеме-
лерде. Амал не, олардан қайыр болмасына жыл басында-ақ көзі 
жетті. Бас басқарма қаржы беруден үзілді-кесілді бас тарты. 
Өткен күзде әр жерден там-тұмдап түскен қаржымен жұ-
мыскердің жыл басынан бергі еңбегін төлеп, кейбір қосалқы цех-
тарды комбинаттан қайтарып алып, жағдайды біршама түзегендей 


261
ШЫҒАРМАЛАРЫ
болған. Жетіспейтін жабдық, тетіктерін де түгендеп, жаңа жылға 
тоқ көңілмен шыққан-ды. Соның бәрі енді зая іс болды: қосалқы 
шаруашылықтарды қайыра өткізді; бұрғылаушылар тобын да 
сиретіп, бірталай жұмыскермен есеп айырысты...
Амал қанша, былтырғы кәсібіне қайыра кірісті.
Алтын барлау ұжымы өткен жылғы ізденіс нәтижесіне риза 
екен. Мық пен Обалыдан алынған ақтас үлгілерінен көп-көрім ал-
тын шығыпты; «Демек, сіздермен істес болу бізге тиімді!..» – деп 
ұжым басшылары Сәтбаевқа ілтипат білдірсін. «Біздің де биылға 
сақтаған сыйымыз бар сіздерге. Әжім, Ақшоқы деген төбелер 
іргесінен бірнеше жыра қазғанбыз. Шашыранды алтын желісін 
кескен сияқтымыз. Шүбәсіз анықтау үшін, әрине, шурфтар қа-
зып, әлі де барлау керек!..» – деген мәлімдемесін естіген соң-ақ, 
Алтын барлау тресті қолқ етіп: «Бәлкім, сіз мыспен шұғылдануды 
қоя тұ рып, күллі тобыңызбен бізге ауыссаңыз қайтеді? Бәрібір 
сіздің бұл саладағы еңбегіңізді Главцветмет елеп-ескеріп отырған 
жоқ. Ал біз, Қаныш Имантайұлы, қолыңызды қақ пай мыз, қа-
ражатты тілегеніңізше аласыз, күллі Қазақстан атырабын кезсе-
ңіз де ер кіңіз!..» – деп күтпеген ұсыныс жасаған. Ұлытау аты-
рабының келешек бақыты – алтын емес, күміс те емес, мыспен 
байланысты екенін Қаныш инженер өте жақсы білетін. Сондықтан 
да келіскен жоқ. Былтырғыдан да қомақты қаржы алып, соған 
лайық барлау жасауға міндеттеніп шартқа отырды.
Көмір институты мен Лак-бояу тресімен де оп-оңай келісіп, 
былтырғы шарттарын одан әрі ұзартты. Уәдеге бекем әрі тиянақты 
ісімен үмітін ақтаған маманға ілтипат білдіріп, «Қысталаң жағ-
дайыңызда сізге көмектесу – борышымыз!» деп, жадау көңілін 
демегеніне ризалық айтты. 
Әлбетте, бәрінен де алған қаражат Жезқаз 
ғанның кен тө-
белеріндегі күйбең тірлікті одан әрі жалғастыруға дәнекер болды. 
Сөйт се де?.. Өздері тап болған сергелдең қашанға дейін созылады? 
Кім соған тосқауыл қоя ды?..
Жыл басында билеуші партияның XVII съезі шақырылған. 
Жезқазғандағы зиялы көптің назары, әрине, «Жеңімпаздар съезі» 
атанған коммунистер құрылтайының газеттерде жарияланған 
күнделігіне ауған-ды: 
«Жезқазғанның қоры күмәнсіз анықтал-
ған, 
– депті Қазақстан делегаты, республика Халкомының тө-
рағасы Ораз Исаев жиын мінбесінен. – 
...Алдағы уақытта кен 
орнын шөл далада, тасымалға қиын деген ән шейін желеумен 
кейінге ысыруға тыйым салып, оның қымбат та аса қа жет 


262
Медеу СӘРСЕКЕ
қазынасын тезірек игеруге дайындық жасауымыз қажет. Сөйтіп, 
осы бесжылдықтың аяғында Жез қазғанда мыс қорыту комбина-
тын салуға кіріскеніміз жөн».
Ал БКП(б) Орталық комитетінің 
есебінен «Түсті металлургиядағы өрес кел жолсыздықтарды же-
дел реттеу» қажеттігін ескерткен сөздерді оқығанда, Жезқазған 
барлаушылары соңғы жылдары өз дері кешкен ауыр бейнеттің түп 
себебін ұқ қандай болып, алдағы күндерге үміт пен қараған. Бірақ 
зарыға күткен түбегейлі өзгеріске бұл жылы да жете алмады. 
Бәрі де құрғақ сөз қалпында қалды...
Соған да жаны күйзелген Жезқазған жоқтаушысы қиыла 
өтінуші болуды доғарып, белсенді әрекетке көшу қажеттігін түсін-
ген. Сірә, БКП(б) Орталық комите тіне ұжым атынан хат жолдау 
қажет. Әлде Мәс кеу ге барып, Саяси бюро мүшесі, Ауыр өнер кәсіп 
наркомы Г.К. Орджоникидзенің қа был дауына сұранған жөн бе? 
Ақылдас қан білгіштер соңғы амалды құптады. 
Ақыры, көктемнің жаймашуақ күндерінің бірінде Жосалыға 
жетіп, «Мәскеу-Ташкент» пойызына отырды.
Жолың оңғарыларда істің орайы өз-өзінен тумағы да – өмір 
заңы. Мәскеуге келген күні-ақ ауыр өнеркәсіп наркоматынан ол 
оқу бітір гелі көрмеген (бі р ақ хат-хабар алысып тұратын) сүйікті 
ұстазы М.А. Усовты кезік тірді. Ыстық қауы шып, аман-саулық 
сұрасқан соң-ақ, Михаил Антонович шәкіртінің былтырдан бергі 
кә 
сіби дағдарысынан хабардар екен, «Ал, не бі 
тірдің? Мұнда 
неғып жүрсің? Ақтар сырыңды!..» – деген.
Қаныш қазіргі жай-күйін бүкпеді. Нарко матқа үміт арта кел-
ген себебін де айтты. «Ойың дұрыс. Мүлт баспас үшін тек асық -
па. Сен маған екі-үш күнге мұрсат бер... – де ді ұстазы. – Серго 
жолдасқа жету қиын болмас. Тек не дей тініңді, қалай айтуыңды 
ойлану керек, Қаныш шырақ...»
Содан бір күні шәкіртін Түсті металдар институтының профес-
соры В.А. Ванюковтың кафедрасына ертіп барды. Сірә, Қаныштың 
көкейкесті шаруасын алдын ала түсін дірген сияқты. Владимир 
Александрович ауыр өнеркесіп наркоматында ғылыми кеңесші 
боп еңбек еткен, Серго Орджоникидзеге сөзі өтімді ақылгөй екен. 
– Жас жігіт, сізді маған кіріптар еткен істің жай-жапсарын аз-
дап білемін. Тым тереңдеп кеткен, көптеген лауазым иесі қатыс-
ты күрделі мәселе бұл. Сол себепті оның шиеленіскен түйінін 
тек қана Григорий Константинович шеше алады. Бір деңіз, – деді 
Ванюков бірден-ақ тура сөзге көшіп. – Сізге тегінде Жезқазған 


263
ШЫҒАРМАЛАРЫ
тағдырын бұдан әрі сөзбұйдаға салмайтын бұлталақсыз мықты 
шешім керек. Солай ма? Екі делік...
Геолог жігіттің түпкі ойын түсінгенін мақұлдап бас изегеніне 
жымиған профессор сөзін одан әрі сабақтады: 
– Бұл үшін, Сәтбаев жолдас, Жезқазғанның орасан зор мүм-
кіндігіне Сергоны шүбә сіз илан дыру қажет! Онсыз, сірә, ештеңе 
бітіре алмайсыз...
– Григорий Константиновичтің алдына жете алсам – сендірер 
едім. Айғақ жеткілікті, барлау материалы толық. Орталық қор 
комиссиясының былтырғы актісі де портфе лім де, бұл – мемле-
кеттік ресми құ жат!..
– Жоқ, қымбаттым, толық деп отырған деректерім әлі де 
шикі деп есептеңіз. Көңіліңізге келмесін, оны әлі пісіру керек! 
Айталық, үлкен бір беделді мекеменің ғылыми кеңесінде талқыға 
салып, әбден пысықтап, ғылыми апробация жасап алып: «Міне, 
Серго жолдас, мен ғана емес, мы надай кеңес те бізді жақтап отыр!» 
десеңіз – сөзіңіз де, өзіңіз де өтімді боласыз... Ал наркомға кіру 
жөнінде қам жемеңіз. Сіз үшін, қадірлі Михаил Антонович өтініш 
еткен соң, амал қанша, Григорий Константиновичке мансұқ ісіңіз-
дің мәнін түсіндіріп, бірауыз сөз айтуға әзір мін, қымбаттым. 
Қаныш Имантайұлының ойына келмеген шаруа. Мемлекеттік 
актімен бекіген іс, көп жылғы барлаумен дәлелденген жайт-
ты қайыра талқылау қажет деп ойласайшы. Өзінен жауап күтіп 
отырған наркомат сарапшысына таңдана қарады. 
– Сенің халқың, Қаныш, мәтел сөз ге өте әуес. Және соны 
өте ұтымды қолданады, – деді Усов шәкіртінің күмілжіген жа-
йын аңдаған соң. – Мысалы, «Жығылсаң – нардан жығыл!» 
дейді. Қандай мәнді сөз!.. Мен де саған солай демекпін. Сірә, 
тәуекел деп Ғылым академиясына сұрану керек! Басқа мекеме, 
институттардың ғылыми кеңесіне сенім жоқ. Сенің мақтаулы 
Жезқазғаныңды олар білмейді. Білмеген соң басын қатерге тігіп 
қолдауы – неғайбыл нәрсе. Ал академияның арнаулы сессиясы 
Үлкен Жезқаз ғанның қисапсыз мыс қорын мақұлдаса, оның қау-
лысын теріске шығарар Одақта бірде-бір ме кеме болмай-ды...
– Академия бізбен сөйлессе, тым үлкен орын. Ал біздің ин-
женерлердің бірде-бі р ін де ғылыми дәреже жоқ, атақ-беделіміз 
де мәз емес... – деп күмілжіді Сәтбаев өзінен қилы жас үлкен қос 
профессорға алма-кезек мұңая қарап.
– Ал сөйлесе қалса, сөзіңіздің өтеріне се німдісіз, ә?!– деп қар-
қылдай күлді Ванюков.


264
Медеу СӘРСЕКЕ
– Асылыққа жорымаңыз, Владимир Алек 
сандрович, кәміл 
сенімдімін. Жиған-терген деректі жайып салып, ағы мыздан жа-
рылсақ, ойлаймын, шынайы ғы лым ие лері даулы істің ақиқатын 
айтуға тиіс және ол біздің пайдамызда болады! – деді Қаныш кенет 
сенімді үнмен.
– Бәрекелді, мына шәкіртіңіз қияға самғайтын жігіт, қадірлі 
Михаил Антонович! – Ванюков сыпайыгершілікті қойып, қазақ 
геологінің арқасынан қақты. – Қысқасы, сессия қарағандай болса, 
Үлкен Жезқазғанның мыс кенін қорыту мүмкіндіктері хақында, 
несі бар, зерттеп жүрген мәселе, ғылыми баяндама жасап беруге 
мен әзірмін!
– Былай болсын, – деді ақырында Михаил Антонович. – Бұл 
жайында кеше мен қадірлі ұстазым Владимир Афанасьевич 
Обручевпен ақылдастым. Ол кісі бұл идеяны бірден ұнатты, ба-
рынша қолдауға уәде етті. Тек Жезқазған ғана емес, Кенді Алтай 
регионын да тыңғылықты әзір леп, екеуін бірге талқылау керек 
дейді. Және соны академияның Қазақстандағы базасы көтергенін 
жөн көре ді. Қысқасы, Қаныш, саған базаның төрағасы, академик 
Андрей Дмитриевич Архангельскийге жолығу керек. Бәл кім, рес-
публика басшыларынан көмек сұ рай сың. Келістік пе? Сөйтіп, 
сен – Қазақс тан да, біз – Мәскеуден қаумалап көрсек, ойлаймын, 
Үлкен Жезқазған тағдырын талқылау дан академия басшылары 
бас тарта алмайды... Ал ғұлама білгірлер алдында сөзі ңнің өтімді 
болуы – өзіңе, тек өзіңе ғана байланысты. Тыңғылықты дайында-
лу керек, тал қыда бақ иә бедел емес, Жезқазғанның мыс көмбесін 
көрсете білсең – тығырыққа тірелген гәпті, шырақ, сол шешеді!.. 
Ақыры солай болды. ҒА-ның төралқасы сол көктемде-ақ Үлкен 
Жезқазған мен Кенді Алтайдың кен қазбалар жайын жан-жақты 
қорын талқылауды қоңыр күзде қарауға қарар қабылдады.
ІІІ
1934 жылдың жазы мен күзі қызу әзірлікпен өтті: кен 
орнының тағдыры, Ұлытау геологтарының көп жылғы ізденісі 
тұңғыш рет салауатты талқыға түс пек. Және қандай? ҒА-ның 
ғылыми сессиясында, есімдері әлемге әйгілі академиктер 
дің, 
геология білгірлерінің алдында. Безбен табағына Жезқазғанның 
келешегі тартылмақ, келешек қана ма? Өздеріне имандай сеніп, 
екі жылдан бері адам төзбес қиыншылық көрсе де тындырымды 
еңбек етіп келе жатқан жанкешті жандардың үміті мен сенімі 
де...


265
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Сол үшін де Қарсақбайдағы ат төбеліндей іздеушілер тобы күні-
түні, айлар бойы тынымсыз жұмыс істеп, баяндамалар әзірледі. 
Әзір болғандарын әлденеше мәрте тексеріп, өзара талқылап, бірін-
бірі аяусыз сынап, кереғар сұрақтармен пысықтап, жан-жақты 
дайындықтар жасаған.
Қаныш Имантайұлының өзі де өресі жеткен баспасөз бетінде 
Ұлытау қойнындағы қисапсыз мол, әлемде теңдесі жоқ ерекше 
мыс көмбесі және басқадай да қазба байлықтары туралы мақалалар 
мен сұхбаттар нөпірін (ұзын саны – 46!) тоғытып баққан. Бәрінің де 
шекесіне не жуан ортасына 

жүктеу 3,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   245




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау