2 бет
9 маусым 2018 жыл №44
елбасы нұрсұлтан назарбаевтың бастамасымен
қолға алынған «мерейлі отбасы» конкурсы биыл
елімізде бесінші жыл қатарынан өткізіліп отыр.
Осы жылдар ішінде бұл байқау көптеген үлгілі
отбасыларды елге танытты, мерейін үстем етті.
Жылдағы дәстүр биыл да жалғасын тапты. Аталмыш конкурсқа
қатысуға ниет білдірушілер қатары да жыл өткен сайын артып келеді.
Байқау шарты бойынша әуелі аудандық деңгейден мүдірмей өткен
отбасылар облыстық, одан республикалық байқауда бағын сынайды.
Ауданда береке-бірлігі жарасқан жанұялар жетіп-артылады. Жуырда
аудандық конкурста топ жарған төрт отбасы облысқа жолдама алған
болатын. Ұлттық құндылықтарымыз ұлықталған байқаудың екінші
кезеңіне Тараз қаласы мен аудандардан іріктелген 44 отбасы қатысты.
Осы отбасылардың ішінен конкурстық комиссияның шешімімен
қаройлық Мұсаевтар отбасы жүлделі үшінші орынға лайық деп
танылды.
Конкурс жеңімпаздарын марапаттау салтанатында облыс әкімінің
орынбасары Ерқанат Манжуов Мұсаевтар отбасын құттықтап, 200 мың
теңгенің сертификатын табыс етті.
нұрасыл СұлТанБаЕв,
«Шұғыла».
Ж у ы р д а Е л б а с ы н ы ң
«Болашаққа бағдар: рухани
жаңғыру» атты бағдарламалық
мақаласы аясында аудандық
орталық кітапханада «Кітап
– тарихи мұра, асыл қазына»
тақырыбында кітап тұсаукесері
ө т т і . Ш а р а ғ а а уд а н д ы қ
ардагерлер кеңесінің төрағасы
Жуырда аудан әкімдігі білім бөліміне қарасты
психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде
логопед Алуа Піралиева мен сурдопедагог Мереке
Аят мекеме қызметіне жүгінетін бүлдіршіндер
мен ата-аналарына «Дыбыс қою. Римика көрсету.
Массаж» атты мастер-класс өткізді. Мамандар
балаларға логопедиялық гимнастика, дыбысты
дұрыс айту, дыбысты ұқсас дыбыстардан
ажыратуды үйретті. Ал, ата-аналарға балалар
массажын дұрыс жасаудың әдіс-тәсілдерін
көрсетті. Өз кезегінде балалар мен ата-аналар
мамандармен бірге түрлі жаттығулар жасап,
айтқан кеңестеріне құлақ түрді.
жансая оРазыМБЕкова,
әлеуметтік педагог.
Бүгінгі таңда мемлекетте шағын және орта
бизнесті дамытуға және қолдауға бағытталған
бірқатар бағдарламалар жүзеге асырылып
жатыр. Осындай тиімді бағдарламалардың бірі –
«Бизнестің жол картасы-2020». Бұл бағдарлама
ҚР Президентінің «Жаңа онжылдық – Жаңа
экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа
мүмкіндіктері» атты Жолдауын және Қазақстанның
2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын
іске асыру мақсатында әзірленген. Яғни, «Бизнестің
жол картасы-2020» бағдарламасының мақсаты
экономиканың шикізаттық емес секторларындағы
өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді
өсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар бар жұмыс
орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа
жұмыс орындарын құру болып табылады.
Бұл бағдарламаның басым бағыттарының бірі
– аймақтық кәсіпкерліктің тұрақты, әрі теңгерімді
дамуына жағдай жасап, жаңадан тұрақты жұмыс
орындарын ашу. Бүгінде ауданымызда шағын және
орта бизнес табысты дамып келеді. Ол үшін барлық
жағдай жасалуда. Бұл бағдарлама бойынша Бесағаш
ауылдық округінде де шағын бизнестер ашылып,
қазіргі таңда 3 азамат өз кәсібін қарқынды жүргізуде.
Ауданымызда кәсіпкерлерді қолдау орталықтары
қызмет етіп, оқыту семинарлары тұрақты түрде
өткізіліп тұрады.
жансая алДаБЕРгЕн,
Бесағаш ауылдық округінің жастар ісі
жөніндегі кеңесшісі.
Қазақстан Республикасы
Жер кодексіне енгізілген жаңа
өзгерістер мен толықтыруларды
түсіндіру мақсатында Жамбыл
облысы әкімдігінің жерлерді
пайдалану мен қорғалуын
б а қ ы л ау б а с қ а р м а с ы н ы ң
басшысы Серікбай Тәпеев және
басқарманың бөлім басшысы
Жамалбек Әсембаев ауданымызға
арнайы келді. Аудан әкімдігінің
мәжіліс залында өткен жиынды
аудан әкімінің орынбасары Ерлан
Қыдыралыұлы жүргізіп отырды.
– Жер кодексіне енгізілген жаңа
өзгерістер мен толықтыруларға
байланысты ауыл шаруашылығын
жүргізу мақсатында пайдаланып
отырған жерлердің мониторингі
жүйелі түрде жүргізілетін болады.
Жерді өз бетінше иелену, заңмен
белгіленген шекарадан асырып
пайдалану деген сияқты құқық
бұзушылықтар назардан тыс
қалмайды және ауылдық округ
әкімшілігі тиісті жұмыстар
атқаратын болады. Жер кодексінің
өзгертулері мен толықтыруларына
сәйкес талаптарды жүзеге асыру
мақсатында аудан әкімдіктерінде
бас инспектор штаты ашылады
немесе тиісті маманға жүктеледі.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
ата-аналарға осы кезеңде өте сақ
болуға кеңес береді.
Қ ұ р м е т т і а т а - а н а л а р !
Қазіргі уақытта менингитпен
сырқаттанушылықтың маусымдық
өршуі байқалады. Сіздерден
балаларыңыздың денсаулық
жағдайына барынша мұқият
болуды сұраймыз.
Менингококк инфекциясы
– бактериялар тудыратын жіті
инфекциялық ауру, ол әртүрлі
клиникалық белгілермен –
симптомсыз тасымалдаушылық,
назофарингиттен (мұрын мен
жұтқыншақ сілемейлі қабығының
қабынуы) бастап менингококк
сепсисіне (қанның жұқтыруы)
дейін болады.
Менингит кенеттен басталады:
күтпеген жерден қатты бас ауыру,
құсу, 6-15 сағаттан кейін бөртпе
пайда болады, температура 39-
40°С-қа жетеді, адам қалтырайды.
Тері бозарады. Жалпы әлсіздік,
арқаның және аяқ-қолдың
с ы р қ ы р а у ы б а й қ а л а д ы .
Науқас адам шөлдейді, тәбеті
нашарлайды. Ауру жеңіл түрде
өтуі мүмкін, сондықтан өте
қауіпті түрде өтетінін де айта
кету керек, ол тұмау, баспа, суық
тию, тонзиллит және тағы да басқа
«зиянсыз» ауруларға ұқсас болады.
Тоңу, ауыру, қатты шаршаудан
организмнің қорғаныш күштерінің
әлсіреуі сияқты қолайлы жағдай
пайда болғанда менингококк бас
миының қабығына тез өтеді және
қабынуды тудырады.
Инфекцияның көзі науқас
а д а м д а р ж ә н е « д е н і с ау
т а с ы м а л д ау ш ы л а р » , я ғ н и
қандай да бір клиникалық
белгілер жоқ, бірақ менингококк
т асымалдаушылары болып
табылатын адамдар.
Менингит кезінде шұғыл
дәрігерге бару керек.
Аурудың әдеттегі суық
тию сияқты жасырын өтуі
мүмкін екендігіне байланысты
дәрігерге уақтылы қаралу қажет.
Менингитке күдік пайда болған
жағдайда пациент инфекциялық
аурулар ауруханасына шұғыл
емдеуге жатқызылады.
Менингиттің алдын алу үшін:
– қажет болмаса, адамдар
көп жиналатын жерлерге, сауда,
ойын-сауық кешендеріне, нашар
желдетілетін үй-жайларда
өткізілетін мәдени-көпшілік іс-
шараларға баруды шектеу;
– суықтамау және ауа райына
қарай киіну;
– қ о л д ы ж у ы ң ы з д а р .
Ауруды жұқтырмау үшін қолды
мұқият жуған өте маңызды.
Балаларыңызды қолын жиі жууға
үйретіңіздер, әсіресе тамақ ішер
алдында, қоғамдық орында
болғаннан кейін, сондай-ақ
жануарларды ұстағаннан кейін;
– ө з д е н с аул ы ғ ы ң ы зд ы
бақылаңыз. Жақсы демалып,
жүйелі түрде спортпен айналысып
және дұрыс тамақтануды ұстана
отырып, иммундық жүйені
сақтаңыздар;
– н а у қ а с п е н қ а р ы м -
қатынаста болған адамдар
медицина қызметкерлерінің
бақылауымен профилактикалық
мақс атт а антибиотиктерді
қабылдау жөніндегі дәрігердің
тағайындауын орындауы керек.
Қ ұ р м е т т і а т а - а н а л а р !
Балаларыңыздың денсаулығы өз
қолдарыңызда!
Біздің ұсынымдарымызды есте
сақтаңыздар, басқа ата-аналармен,
өздеріңіздің кәмелеттік жасқа
толған балаларыңызбен және
достарыңызбен осы ақпаратты
бөлісіңіздер! Аурудың алдын
алудың оңай екенін біліңіздер!
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрлігінің баспасөз
қызметі.
Жер қатынастары бөлімі мен ауыл
әкімшіліктері бірлесе отырып
жұмыс істейді. Сондықтан
қажетті құжаттарды белгіленген
мерзім ішінде даярлап үлгеру
маңызды. Сонымен қатар,
прокуратура, әділет басқармасы,
салық басқармасымен тығыз
байланыста жұмыс атқару керек.
Жауапкершілігі жоғары жұмыс
дер кезінде жүзеге асырылуы
қажет. Атқарылып жатқан жұмыс
сапасы үнемі бақылауда болады
және нәтиже талап етіледі, – деді
басқарма басшысы Серікбай
Мырзалыұлы.
Басқосу барысында ауылдық
округ әкімдері сұрақтар қойып,
нақты жауаптар алды. Жиналысқа
статист мамандар да қатысып
отырды.
күнзипа СИТалИЕва,
«Шұғыла».
Бақыт Сырлыбаев, тарихшы
Алтынхан Сапарбеков және
аудандық орталықтандырылған
кітапханалар жүйесінің директоры
Аида Қалисаева қатысты.
Шара барысында Бақыт
У ә л и ұ л ы м е н А л т ы н х а н
Мәдібекұлы «Түркістан өлкесінің
тарихы» сериясымен жарық
көрген Әуесхан Шашаевтың
« Т ү р к і с т а н ө л к е с і н д е г і
и м п е р и я л ы қ - п о л и ц е й л і к
қ а д а ғ а л а уд ы ң т а р и х ы » ,
Д а р и я Қ о ж а м ж а р о в а н ы ң
«Жетісу Ресей империясының
құрамында», Уахит және Мұрат
Шәлекеновтердің «Ежелгі
Орталық Азиядағы мемлекеттер
м е н и м п е р и я л а р » , З ә у р е
Абдрасилованың «Түркістан
өлкесінде кәсіпкерліктің дамуы»,
М а д р а х и м М а х м уд о в т ы ң
« И с т о р и я м е д и ц и н ы и
здоровоохранения в Средней
Азии» кітаптары мен «История
Жамбылской области» атты
көптомдық құжаттар жинағының
тұсауке сер рәсімін жасап,
лентасын қиды. Шарада сөз алған
Бақыт Сырлыбаев пен Алтынхан
Сапарбеков аталған еңбектердің
аса құнды екенін айтып, ондағы
маңызды деректерге тоқталса,
Аида Қалисаева осы кітаптардың
кітапхананың төрінен орын
алатынын жеткізді.
Құрбанәлі ШахаБай,
«Шұғыла».
Мұсаевтар – Мерейі
тасыған отбасы
Жер кОдексі
нәтижЕ талап ЕтілЕді
түзету кабинетінде
М а с т е р - к л а с с ө т к і з д і
Кітап – асыл қазына
кәсіпкерлікке – кең өріс
Бизнеске жол ашқан Бағдарлама
Сақ болыңыз! Менингит!
тұрғындарға арналған Жаднама