3 бет
9 маусым 2018 жыл №44
– назира Тілеубердіқызы, бағалау
қызметіне біліктілік емтиханын
тапсырудың тәртібі мен шарттары
қандай?
– Бағалау қызметімен айналысу
құқығына үміткерлердің біліктілік
емтиханынан өту ережесі ҚР Үкіметінің
2010 жылғы 15 сәуірдегі №317
қаулысымен бекітілген. Қаулының
10-т армағына сәйке с комиссия
емтиханды бір тоқсанда кемінде бір рет
өткізеді. Емтиханды өткізу күні, орны
және уақыты туралы үміткерлерді 10
күн бұрын аумақтық әділет органдары
хабардар етеді.
– Мемлекеттің меншігі болып
табылатын және шаруашылық
жүргізу құқығындағы РМк-да жерді
тұрақты пайдалану құқығындағы
же р у ч а с ке с і н б а ғ а л ау ү ш і н
жылжымалы және жылжымайтын
мүлікті бағалау жөніндегі лицензиясы
бар бағалаушының құқығы бар ма?
– «Жылжымайтын мүліктің құнын
бағалау» стандартының 5-тармағына
сәйкес жалға алу, жер пайдалану және
жер қойнауын пайдалану құқықтары
материалдық емес активтерге жатады
және «Зияткерлік меншік объектілерінің
және материалдық емес активтердің
қ ұ н ы н б а ғ а л ау » с т а н д а рт ы н д а
белгіленген әдістерді пайдаланылып
бағаланады. Жылжымайтын мүлік
ұғымы жер учаскесін иемдену және
пайдаланудан туындайтын барлық
құқық тарды, мүдделерді және пайда-
ларды қамтитындығын атап өткен жөн.
– Мүлікті бағалау жөніндегі
е с е п т е р д і е к і л и ц е н з и я л ы
бағалаушысы бар тәуелсіз бағалаушы
компанияда бекітуге болады ма?
– ҚР-ның 2000 жылғы 30 қарашадағы
«Қазақстан Республикасындағы бағалау
қызметі туралы» Заңының 9-бабы
2-тармағына сәйкес бағалау қызметiн
жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды
тұлғаның есебiне бағалаушы-жеке тұлға
қол қояды, заңды тұлғаның басшысы
немесе ол уәкілеттік берген адам бекiтiп,
мөрмен расталады.
– Мүлікті бағалау жөніндегі
лицензияны қалай алуға болады?
– ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 31
желтоқсандағы «Бағалау қызметі
мәселелері бойынша мемлекеттiк
көрсетілетін қызметтердің стандарттарын
бекіту туралы» қаулысының 1,
2-тарауларына сәйкес «Мүлікті бағалау
(зияткерлік меншік объектілерін,
материалдық емес активтердің құнын
қоспағанда) жөніндегі қызметті жүзеге
асыру құқығына біліктілік емтиханын
өткізу және лицензия беру, қайта
ресімдеу, лицензияның телнұсқасын
беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу
қызметі және құқықтық көмек көрсету
комитетіне тән.
– зияткерлік меншік объектілерін,
материалды емес активтердің құнын
бағалау жөніндегі лицензияны қалай
алуға болады?
– ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 31
желтоқсандағы «Бағалау қызметі
мәселелері бойынша мемлекеттiк
к ө р с е т і л е т і н қ ы з м е т т е р д і ң
ст андартт арын бекіту тура лы»
қаулысының 1, 2-тарауларына сәйкес
«Зияткерлік меншікті, материалдық
емес активтердің құнын бағалау
жөніндегі қызметті жүзеге асыру
құқығына біліктілік емтиханын өткізу
және лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқасын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
Қазақстан Республикасы Әділет
министр лігінің Тіркеу қызметі және
құқықтық көмек көрсету комитетінен
алады.
– Бір мезгілде бірнеше бағалау
компанияларында жұмыс істеу
мүмкін бе?
– ҚР-ның 2000 жылғы 30 қарашадағы
«Қазақстан Республикасындағы бағалау
қызметі туралы» Заңының 4-бабы
2-тармағына сәйкес бағалаушы жеке
тұлғалар бағалау қызметін жүзеге
асыратын заңды тұлғамен еңбек
шартының негізінде не Қазақстан
Республикасының лицензиялау туралы
заңнамасына сәйкес лицензияның
негізінде дара кәсіпкер ретінде дербес
бағалау қызметімен айналысуға құқылы.
– Бағалау лицензиясын алу үшін
тағылымдамадан қалай өтуге болады?
– ҚР Әділет министрінің м.а. 2011
жылғы 29 шілдедегі «Бағалау қызметі
бойынша тағылымдамадан өту жөніндегі
Нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығына
сәйкес бағалау қызметімен айналысу
құқығына үміткер кемінде үш жыл
бағалау қызметі стажы бар бағалаушы
да тағылымдамадан өтеді.
– заңды тұлғаның бағалау қыз-
метіне лицензиясы қандай жағдай-
ларда қайта ресімделуге жатады?
– ҚР «Лицензиялау туралы»
Заңының 47-бабы 2-тармағына сәйкес
заңды тұлғаның атауы және (немесе)
заңды мекенжайы өзгерген жағдайларда
лицензия және (немесе) лицензияға
қосымша қайта ресiмделуге жатады.
Лицензиат қайта ресiмдеу туралы
өтiнiштi лицензияларды қайта ресiмдеу
кезiнде жекелеген қызмет түрлерiмен
айналысу құқығы үшiн бюджетке
лицензиялық алымның төленгенiн
растайтын құжаттарды қоса бере
отырып, күнтiзбелiк отыз күн iшiнде
бередi. Бұл ретте лицензияны қайта
ресімдеу үшін лицензиялық алым
мөлшері – 6 АЕК-ның 10 пайызы.
– жерді пайдалану құқығын
бағалау үшін бағалаушыда қандай
лицензия болуға тиіс?
– «Жылжымайтын мүліктің құнын
бағалау» стандартының 5-тармағына
сәйкес жалға алу, жер пайдалану және
жер қойнауын пайдалану құқықтары
материалдық емес активтерге жатады
және тиісті стандартта белгіленген
әдістер пайдаланылып бағаланады.
– назира Тілеубердіқызы, мүлікті
бағалау туралы есеп қандай уақыт
кезеңі ішінде қолданылады?
– ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 12
ақпандағы №124 қаулысымен бекітілген
Бағалау туралы есептің нысаны мен
мазмұнына қойылатын талаптардың
17-тармағына сәйкес егер бағалау
туралы есеп жасалған күннен бастап
бағалау объектісімен мәміле жасалған
күнге немесе жария оферта ұсынылған
күнге дейін алты айдан аспаған болса,
бағалау туралы есепте көрсетілген
бағалау объектісі құнының қорытынды
шамасы, бағалау объектісімен мәміле
жасау мақсаты үшін ұсынылады деп
танылуы мүмкін.
– Пәтерді бағалаудың дұрыс
еместігін қалай даулауға болады?
– ҚР «Қазақстан Республикасындағы
бағалау қызметі туралы» Заңының
17-бабына сәйкес бағалау қызметін жүзеге
асыру кезінде бағалаушы мен тапсырыс
берушінің арасында туындайтын даулар
сот тәртібімен шешіледі. Бағалау
қызметінің субъектілері арасында
бағалау қорытындысы бойынша даулар
туындаған жағдайда қайталап бағалау
жүргізу мүмкіндігі заңмен көзделген.
– Әңгімеңізге рахмет.
Сұхбаттасқан
нұрасыл СұлТанБаЕв.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы
Жолдауында көрсетілгендей білім саласындағы
міндеттерді сапалы әрі тиімді шешу, әрине,
мұғалімге байланысты. Біздің педагог қандай
әлеуметтік-экономикалық жағдайда жұмыс
жасаса, оның еңбегінің тиімділігі, тәрбиелеу мен
оқытудың нәтижелері де соған байланысты болады.
Әлеуметтік әріптестік жағдайында жасалып
жатқан жұмыстың нәтижесі ең алдымен білім
қызметкерлерінің көңіл-күйінен байқалады.
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық
аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы»
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8
шілдедегі Заңының 18-бабы 5-тармағына сәйкес
ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс
істейтiн мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтiк
қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және
ветеринария ұйымдарының мамандарына отын
сатып алу үшiн жергілiктi өкiлдi органдардың
шешiмi бойынша бюджет қаражаты есебiнен
әлеуметтік көмек берiледi. Осыған орай аудан
әкімдігі біздің сұранысымызды қанағаттандырып,
2018-2020 жылдарға жергілікті бюджет есебінен
отын алу үшін әр қызметкерге 4 айлық есептік
көрсет кіш мөлшерінде әлеуметтік көмек беретін
болды.
Елбасы 2018 жылы категориялар арасындағы
алшақтықты арттырып, мұғалімдер үшін біліктілік
деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесін
енгізуді тапсырды. Және категорияларды бүкіл
әлемде қолданылып жүрген ұлттық біліктілік
тест арқылы беру керектігіне ден қойды. Бұл
педа гогтарды өздерін ұдайы жетілдіруге ынталан-
дырады. Нәтижесінде, мұғалімдердің жалақысы
біліктілігінің расталуына байланысты тұтастай
алғанда 30 пайыздан 50 пайызға дейін өсуде.
Барлық деңгейдегі кәсіподақ ұйымдары
жұмысының негізгі бағыты – әлеуметтік әріптестік
жөніндегі шарттың мүлтіксіз орындалуын
қадағалау, талап ету. Осы орайда аудан әкімдігі
білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ ұйымы жақсы
әріптестік жағдайында еңбек етіп келеді.
Аудан әкімдігінің білім бөлімі тарапынан
өткізілетін түрлі конкурстар, комиссиялар
құрамында кәсіподақ өкілдері бар. Мұғалімдер
аттестациясы, мектептердегі пән кабинеттерін
аттестаттау, мұғалімдердің біліктілік санаттарын
белгілеу, басшылық бос орындарға конкурс
бойынша таңдау, әлеуметтік маңызы бар арыз-
шағымдарды қарау және тағы басқа жағдайларда
филиал төрағасының пікірі ескеріледі.
ҚР Еңбек кодексінің 159-бабына сәйкес жеке
еңбек дауларын алдымен келісу комиссиясы
қарайды. Осы мәселе бойынша аудандық келісу
комиссиясының атқарар рөлі айтарлықтай. Білім
беру ұйымдарында орын алған келіспеушілік
аудандық комиссия таразысына салынып, тараптар
келісімге келіп жатады.
Бүгінгі күні сала кәсіподағы 48 бастауыш
ұйымдағы 3715 кәсіподақ мүшесінің мүдделеріне
өкілдік етеді және қызмет көрсетеді. Барлық білім
беру мекемелерінде өндірістік кеңес құрылып,
техникалық инспекторлар бекітілген.
Білім қызметкерлерінен келіп түсетін өтініш,
арыз-шағымдармен жұмыс ҚР «Жеке және
заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі
туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі. Көптеген
мекеме басшылары, жаңадан сайланған бастауыш
кәсіподақ ұйымы төрағалары, модераторлар
облыстық оқу орталығында білімін жетілдірді.
Құқықтық сауаттылыққа оқыту кәсіподақтың
Жамбыл ауданы бойынша құқықтық инспекторы
А.Сәрсенбаеваның, модераторлар Қ.Отарбаев
пен Б.Жамансариевтің, аудан әкімдігі білім
бөлімінің қаржы-экономикалық қызметі
мамандарының қатысуымен жүзеге асырылып
келеді. Семинарларда жұмыс барысында кездесетін
қиындықтар мен проблемаларды шешу жолдары
сараланып, түрлі ситуациялық ойындар арқылы
пысықталып отырады. Қоғамдық тапсырмаларды
да кәсіби орындау қажет.
Кәсіподақ комитетінің өз жұмысына сын
тұр ғысынан қарауы қалыпты жағдайға айнал-
ған. Сала кәсіподағы кадрлары мен активін
жүйе лі және үздіксіз оқыту мен біліктілігін
арттыруды ұйымдастыру, өкінішке орай, филиал
тарапынан кенжелеп отыр. Бізге оқытуларымызға
облыстық модераторларды жиі шақырып және өз
оқытушыларымызды көптеп дайындауды қолға
алу қажет. Модераторлар қозғалысы да біртіндеп
жүйеге айналуы тиіс. Аудан көлемінде әзірше екі
модератор бар. Әрине, 3700-ден астам мүшесі
бар біздің сала үшін аздық етеді. Сонымен қатар,
кәсіподақтың қарқынды дамуына бастауыш
ұйым жетекшілерінің жиі ауысуы да кері әсер
етеді. Сондықтан кадр резервімен жанды жұмыс
жасауымыз қажет.
Кәсіподақ мүшелерін есепке алу, есептен
шығару мәселесі де маңызды. Облыстық ұйымның
нұс қауымен 2018 жылдан бастап статистикалық
есеп ті электронды түрде жүргізуді қолға алып
отырмыз.
Ауданның кәсіподақ мүшелері облыстық ұйым
тарапынан өткізілетін түрлі конкурс, жарыстарға
белсене қатысып отырады. Аудандық кәсіподақ
комитеті білім бөлімімен бірлесе отырып «Жыл
мұғалімі», «Еңбек күні», спорттық және тағы басқа
да іс-шараларды өткізді. 2017 жылғы аудандық
«Жыл мұғалімі» байқауының жеңімпаздарына
2 шипажайға тегін жолдама, жүлделі орын
иегерлеріне бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Дәстүрлі Тамыз кеңесі, Мұғалімдер күні және тағы
басқа да шаралардың өткізілуіне аудандық комитет
демеушілік жасады.
Кәсіподақ мүшелерін сауықтыру, мәдени-
көпшілік, танымдық іс-шаралармен қамту –
аудандық комитеттің басты бағыттарының бірі.
Бастауыш кәсіподақ ұйымдарынан келіп түскен
сұраныстар мен жолдама бөлу туралы қаулыларына
сәйкес 2018 жылы Сарыағаш шипажайына – 38,
Манкентке – 10, Самалға – 24, ГРЭС шипажайына
– 28, «Ақ ниетке» – 7, «Жаңақорған» шипажайына
– 5, Меркеге 27 кәсіподақ мүшесіне жалпы сомасы
10113500 теңгені құрайтын жолдама берілді.
Бізде мемлекеттік білім беру мекемелерінің 99
пайызы салалық кәсіподақ құрамына шоғырланған.
Кәсіподақтың қатардағы мүшелері өз құқықтары
мен заңды мүдделерін осындай ұйымдасқан сала-
лық кәсіподақ құрамында ғана тиімді қорғай алады.
Алдағы келе жатқан 10 маусым – Қазақстан
кәсіподақтары күнімен барлық сала кәсіподақ
мүшелерін құттықтаймын. Кәсіподақтар алдағы
уақытта да азаматтардың заңды құқықтары мен
мүдделерін қорғаушы ұйым болып қала бермек.
Ернар ТӘжіБаЕв,
білім қызметкерлері кәсіподағы жамбыл
аудандық комитеті филиалының төрағасы.
бағалау қызмЕті
туралы нЕ білЕміз?
С
ұ
х
б
а
т
бүгінгі таңда жер пайдалану құқығын бағалау, мүлікті
бағалау туралы есеп, заңды тұлғаның бағалау қызметіне
лицензиясын қайта рәсімдеу тәртіптері және басқа бағалау
қызметіне қатысты ақпараттар алу маңызды болып есептеледі.
Жуырда газет тілшісі осы мәселенің мәнін түсіндіру үшін
Жамбыл аудандық әділет басқармасының басшысы назира
ҚұлманОвамен сұхбаттасқан еді.
10 маусым – ҚазаҚстан кәсіпОдаҚтары күні
Кәсіподақтар – қоғам қызметінде
кәсіподақтың жамбыл аудандық комитеті ҚР «кәсіподақтар
туралы» заңына, жарғылық құжаттары мен филиал туралы
Ережеге сәйкес кәсіподақ мүшелерінің заңды құқықтары мен
мүдделерін қорғауда бірқатар жұмыстар атқаруда.
аталмыш заңның қабылдануымен білім саласындағы
мекемелер мен ұйымдардағы еңбек қатынастарын реттеудегі
ұжымдық шарттардың рөлі арта түсті. «жамбыл ауданы
әкімдігінің білім бөлімі» кММ-не қарасты мемлекеттік мекемелер
және қазыналық кәсіпорындар мен «Қазақстандық салалық білім
және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының жамбыл облыстық
ұйымының жамбыл аудандық комитеті» филиалы арасында 2018-
2020 жылдарға арналған ұжымдық шарт жасалып, 2018 жылғы
29 қаңтарда жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясында
тіркелді. Еңбек заңдылығының сақталуы, еңбек, еңбек ақы
төлеу сұрақтары бойынша қабылданған нормативтік-құқықтық
актілердің орындалуы кәсіподақтардың жіті назарында.
ұжымдық шарт негізінде жұмыс берушілер жұмысшыларға
тиісті қауіпсіз еңбек жағдайын жасауда. нәтижесінде, соңғы
жылдары ауданның білім беру мекемелерінде өндірістік жарақат
алу оқиғалары тіркелген жоқ.
Жамбыл аудандық сотында талапкер С. жауапкер И.-дан кәмелетке толмаған балаларды асырауға
алимент өндіру туралы талап-арызы бойынша азаматтық іс қаралды.
Талапкер мен жауапкер 1999 жылдан бастап 2017 жылдың қыркүйек айына дейін азаматтық некеде
тұрған, некеге тиісті түрде тіркелмеген. Некеден кәмелетке толмаған үш қызы және бір ұлы бар. Кәмелетке
толмаған ұлы жауапкермен бірге тұрады, ал қыздары талапкердің асырауында. Жауапкер кәмелетке
толмаған қыздарды асырауға материалдық көмек көрсетпегендіктен, талапкер сотқа жүгінген.
Істі қарау барысында, сот тараптарға дауды медиация тәртібімен реттеуді ұсынды. Тараптар, судья-
медиатордың ұсынысын қарастырып, бітімгершілікке келді, отбасылық қарым-қатынасқа қайта оралып
бірге тұратын болды. Ал талапкер жауапкерге қойған талап-арызынан бас тартты.
Тараптар соттан медиация тәртібімен реттеу келісімін бекітуді, азаматтық істі тоқтатуды сұрады.
Сот ұйғарымымен тараптардың келісімі бекітіліп, азаматтық іс бойынша өндіріс тоқтатылды.
нұрасыл СұлТанБаЕв, «Шұғыла».
медиация
азаматтық іс тоқтатылды