Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің



жүктеу 120,87 Kb.
Дата14.02.2018
өлшемі120,87 Kb.
#9500
түріҚұрамы

Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің

2011 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі.
Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің құрамына төмендегідей мекемелер мен кәсіпорындар кіреді:

  • бір мемлекеттік мекеме – орталықтандырылған кітапхана жүйесі (ОКЖ) 19 бөлімшесімен;

- бір мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын «Көркем Орал»;

  • үш мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорын:

● Қалалық мәдениет және демалыс саябағы;

● Жастар мәдениет үйі;

● Мәдени-ағарту бірлестігі бөлімшелерімен.

● Деркөл мәдени-демалыс орталығы


Өзінің жұмысында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен оған қарасты мекемелер мен кәсіпорындар 2006 Қазақстан Республикасының “Мәдениет туралы” Заңын және «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңдарын басшылыққа алады.

2011 жылы мәдениет мекемелерінің материалдық базасын нығайту жұмыстары жалғасуда. 2011 жылы бюджеттік қаржыландырудан 500314,0 мың теңге бөлінді. Тұрғындарға қаржылай қызмет көрсетуден 44048,0 мың теңге келіп түсті. (Соның ішінде қалалық мәдениет және демалыс саябағы – 19498,0 мың теңге, Жастар мәдениет үйі – 11773,0 мың теңге, Мәдени-ағарту бірлестегі – 2432,0 мың теңге, «Көркем Орал» МКК- 10125,0 мың теңге, Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі - 220.0 мың теңге.).

Қаладағы ескерткіштер реставрациядан және ағымдағы жөндеуден өткізілді (2000,0 мың теңге). «Жас ұрпақ» әлеуметтік даму орталығының шатыры ағымдағы жөндеуден өткізілді(1226,0 мың теңге). М.Горький атындағы қалалық кітапханаңың күрделі жөндуіне ЖСҚ дайындауға (5600,0 мың теңге), Круглозерное ауылындағы саябақтың ЖСҚ-сына (600,0 мың теңге) қаражат бөлінді.

Бөджеттен тыс қаражат көздері арқылы Қалалық мәдениет және демалыс саябағындағы Шаған өзені жағалауларын қосатын көпір құрылысы жүргізілуде.(100000,0 мың теңге)

Су тасқынынан кейінгі Қалалық мәдениет және демалыс саябағын қалпына келтіру жұмыстарына 35170,3 мың теңге қаражат бөлінді.

«Астана күні» мейрамы қарсанында Деркөл кентінің тұрғындарын кен көлемде мәдени-демалыс жұмыстарымен қамтамасызту мақстында Деркөл кентінде жаңа мәдениет және демалыс саябағы ашылды. Сонымен қатар Қала әкімінің 14 шіледегі №1667 Қаулысымен Деркөл ауылында «Деркөл мәдени-демалыс орталығы» МКҚК ашылып оның балансына «Паз» автобусы алынды.


Орал ОКЖ кітапханаларына 1777,8 мың теңгеге 6992 дана әдебиеттер алынды, оның ішінде қазақ тіліндегі әдебиеттер саны – 5774 2012 жылдын 2 жартыжылдыққа 3349,2 мың теңгеге жергілікті басылымдарға жазылу жүргізілді.

Қаланың мәдениет мекемелерінің негізгі жұмысы халықты мәдени-ағарту қызметімен кең көлемде қамтуды жүзеге асыруға, кәсіби және көркемөнерпаздық шығармашылықты дамыту үшін қажетті жағдайлар туғызуға, халықтың жас ерекшеліктеріне қарай әр түрлі шығармашылық қабілеттерін айқындауға, олардың бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған.

Қаланың барлық мәдени мекемелері мемлекеттік және халықтық мейрамдарға, мерекелік және есте қаларлық даталарға арналған қалалық мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастырып, өткізуде белсенділік танытты.

Мәдениет мекемелері Елбасының Қазақстан халқына Жолдауларын, “Жастар саясаты” мен “Мәдени мұра” бағдарламасын, Президент пен Үкіметтің нашақорлық пен есірткі бизнесі, ЖҚТБ (СПИД), туберкулезбен күрес және одан сақтандыру бойынша қаулысын, қылмыспен күрес бағдарламаларын жүзеге асыру бағытында үнемі жоспарланған жұмыстар жүргізіліп отырады.

«Жаңа жыл», «Наурыз», «Крещение», «Масленица – Қысты шығарып салу», «8-наурыз Халықаралық әйелдер күні», «Қазақстан халқының бірлігі күні», «Жеңіс күні», «Халықаралық балаларды қорғау күні», «Мектеп бітіруші түлектер кеші», «Астана күні» сияқты мемлекеттік және халықтық мейрамдарға, мерейтойлар мен даталы күндерге арналған мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастыру және өткізуде белсенді жұмыстар атқарылды.

Биылғы жылы Қала күні мейрамы ерекше ұйымдастырылы, іс-шаралар барысында қала тұрғынарымен қала қонақтарына әр-түрлі жанрдағы театрландырылған бағдарламалар көрсетілді.

2011 жылы барлық іс-шаралар Қазақстан Республикасының 20-жылдығы аясында өткізілді.

Жаңа жыл мерекесін мерекелеу барысында тұрақты іс-шаралармен қатар 2 желтоқсан күні орталық Абай алаңында Бас шыршаның оттарын жағу іс-шарасы ұйымдастарылды, 31 желтоқсан күні қаламыздың шағын аудандарымен кенттік округтерінде 7 жерде концерттік бағдарламалар өткізіліп он ішінде 5 нүктеде мерекелік отшашулар ұйымдастырылды.

14 жылдан бері жұмыс жасайтын 5515 әскери базасы құрамындағы Халықтық мәдениет университеті өзінің жұмысын жалғастыруда.

Мәдени-ағарту бірлестігі құрамына 15 балалар аула клубы, “Жас ұрпақ” жасөспірімдердің әлеуметтік даму орталығы, Гагарин атындағы балалар кинотеатры, “Колос” мәдениет үйі, Қазақ саңыраулар қоғамы мәдениет үйі, «Ардагер» ардагерлер клубы, Қазақ зағиптар қоғамы мәдениет үйі, үрмелі және орыс халық аспаптары оркестрлері, 5515 әскери бөлім құрамында жұмыс жасайтын Халықтық мәдениет университеті кіреді.

Мәдени-ағарту бірлестігі филиалдарында әр түрлі бағыттағы көркемөнерпаздар үйірмелері, клубтық бірлестіктер, спорттық секциялар 2226-ден астам адам қызығушылықтары бойынша айналысатын клубтар – жалпы 86 клубтық құрылым жұмыс жасайды.

1 шілдеден бастап 2500 баланы қамтитын 16 жазғы алаңқайлар жұмыс істеуде. Алаңқайлар қажетті спорттық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Алаңқайларда арнайы мекеме мамандарымен кездесулер ұйымдастырылып, әртүрлі мәдени және спорттық іс-шаралар өткізіліп тұрады. Биылғы жылы Қалаық спорт бөлімімен бірге балалар аула клубтары арасындағы ІІІ қалалық спортакиада өткізілді.

Мәдени-ағарту бірлестігі қызметінде салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстары үлкен орын алады. Балалармен кездесуге үнемі наркологиялық және тубдиспансер орталықтарының, құқық қорғау органдарының мамандары шақырылып отырады. 2011 жылы Мәдени – ағарту бірлестігі филиалдарында 11820 іс-шара өткізіліп, оған 139 200-ден астам адам қатысты.
Жастар мәдениет үйі ұжымы мәдени-көпшілік және ағарту жұмыстарында үлкен белсенділік танытып келеді. Жастар мәдениет үйі құрамында 20 ақылы және 8 ақысыз үйірмелер мен студиялар жұмыс істейді, соның ішінде: қалалық әуенді аспаптар ансамблі мен «Оралым» фольклорлық ансамблі, скрипкашылар ансамблі, “Әуен” вокалдық студиясы, эстрадалық-цирктік студиясы, “Шұғыла” би тобы, “Көңілашар” театр студиясы, домбыра, ойын және баян үйірмелері бар. Оларға 500-ге жуық адам қатысады.

Жастар мәдениет үйі мәдени-көпшілік қызметтің әр түрлі бағытында жұмыстанады. Атап айтсақ, спорттық іс-шаралар мен салауатты өмір салтын насихаттайтын “Көңілді старттар”, “Есірткі бизнесі дегеніміз не?”, “Бәрінен жүйрік”, “Темекісіз бір күн” акциясы, диспут, жастар арасындығы қылмыс пен құқық бұзушылықты жою жөніндегі әңгімелер, ЖҚТБ орталығы мен наркодиспансер, жасөспірімдер ісі және өрттен қорғау жөніндегі инспекторлармен “Жол әліппесі”, “Заң мен жасөспірім” сияқты әртүрлі тақырыптағы кездесулер.

Сонымен қатар Жастар мәдениет үйінде ай сайын Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауларына байланысты көптеген іс шаралар өтіп тұрады. Атап айтсақ: «Жолдау жол сілтейді», «Елбасы Жолдауын қолдаймыз» атты кештер өткізілді.

Есеп беру мерзімі ішінде Жастар мәдениет үйінде 369 іс-шара өткізіліп, оған 48825-тен астам көрермен қатысты.


201 жылы Қалалық мәдениет және демалыс саябағында мемлекеттік және халықтық «Крещение», «Масленица – Қысты шығарып салу», “Наурыз” мейрамы, «Қазақстан халқының бірлігі күні», «Жеңіс күні», «Халықаралық балаларды қорғау күні», «Астана күні», «Сабантой» мейрамдары өтті. 2011 жылы 25 іс-шара өткізіліп, бұл шараларға 80000-нан астам адам қатысты. Жазғы маусымның ашылуынан бастап Жазғы маусымның ашылуынан бастап Қалалық мәдениет және демалыс саябағында 680000 астам демалушылар болды. Демалушылар санының азаю себебі 2011 жылғы көктемдегі су тасу салдары.
2011 жылы «Көркем Орал» мемлекеттік кәсіпорнымен, мәдени-көпшілік іс-шаралармен мейрамдарды өткізу және қамтамасыз ету жұмыстары, сыртқы жарнаманы жасау, орнату, онымен жұмыс істеу, қаладағы жарнама құрылымдарының құжаттарын тіркеу, сонымен қатар кермелер мен сахнаны құру-жинау, көлікпен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді.

2011 жылдың қараша айынан бастап «Деркөл мәдени-демалыс орталығы» МКҚК өз жұмысын бастады, кәсіпорын құрамына –Қалалық үрмелі аспаптар оркестры, «Сударушка» вокалдық тобы және «Калинка» ансамблі кіреді есепті мерзімде ашылғаннан бастап 109 іс-шара өткізіліп оларға 5292 адам қатысты.


Қалада орталықтандырылған кітапхана жүйесі құрамына кіретін 19 мемлекеттік кітапхана жұмыс жасайды. Олардың құрамында Горький атындағы қалалық кітапхана, Пушкин атындағы балалар кітапханасы, 14 қалалық кітапхана филиалдары, 2 балалар кітапханасы бар.

Есеп беру мерзімі ішінде 41000 оқырманға кітапханалық қызмет көрсетіп, 980600 дана кітап берілімін жасады. 810 кітап көрмесі мен тақырыптық сөрелер жасақталды. 775 көпшілік шаралар ұйымдастырылып, оған 20100 адам қамтылды.

ОКЖ-да қызығушылықтар бойынша 20 клуб ұйымдастырылған.

Оқырманға кітапты барынша жақындату мақсатында Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде 13 әдебиетті беру орындары ұйымдастырылып, жұмыс жасауда.

Кітапханалық процесстерді автоматтандыру жұмыстары жалғасын табуда.

Кітапхананың жұмысын насихаттау ісі БАҚ арқылы жүргізіледі. Тұрақты түрде «Календарь знаменательных и памятных дат» атты радиобағдарламасы шығарылып, жергілікті прессаға мақалалар жазылып тұрады. Жалпы газет беттерінде 85 мақала жарияланып, телеарналар арқылы 15 хабар көрсетілімі, және радио тындармандарына арналған 14 бағдарлама өткізілді.


2011 жылы Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің, тілдерді дамыту секторы бірқатар жұмыстар атқарды. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып өткізіліп келеді. Бұл шараларды ұйымдастырудағы басты мақсат – мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, қоғамның әлеуметтік-саяси, мәдени өмірінде мемлекеттік тілдің кеңінен қолданылуын қамтамасыз ету жолында жұмыстану, өзге ұлт өкілдерінің қазақ тіліне деген қызығушылығын туғызу, елі үшін қызмет ететін әрбір азаматтың мемлекеттік тіл мәртебесін нығайтуға мүдделілігін таныту.

Атап айтсақ, ағымдағы жылдың мамыр айында Орал қаласының әкімдігі, Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының «Жас Отан» жастар қанатымен, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетімен бірігіп, қаламыздағы жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының арасында Мемлекеттік тіл саясатын кеңінен насихаттау, жас ұрпақтың мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру, Тіл мәдениетінің деңгейін көтеру, шешендік өнер және жұрт алдында сөйлеу мәдениеті қалыптасқан талантты студент жастарды таныту, студенттер арасындағы пікір-сайыстың деңгейін көтеру, студент жастар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, жастардың сын тұрғысында ойлауын дамыту мақсатында «Тілі бірдің – тілегі бір» атты пікірталас тунирін, Тәуелсіздіктің 20 жылдығына және «Қала күні» мерекесіне орай М.Горький атындағы қалалық кітапханамен бірлесіп, жас ұрпақ арасында отансүйгішті кеңінен насихаттау, олардың бойынна ұлттық рухты сіңіруге, тәуелсіздікті терең сезінуге, мемлекеттік тілдің мәдениетін көтеру және жас дарындардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында мектеп оқушылары арасында «Тәуелсіздікті жырлаймын» атты жыр мүшәйрасын, Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған қазақтың біртуар перзенті, аса көрнекті ақыны, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфулиннің шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатында дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенімен бірігіп «Сәкен оқулары» атты байқауын өткізді. Бұл жыр байқаулардың Жұбан Молдағалиев атындағы шағын бақта өтуінің де тәрбиелік мәні зор.

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен Қазақстан халқының тілдері күніне орай Орал қаласында 17-27 қазан аралығында «Тәуелсіздіктің тірегі – мемлекеттік тіл» атты тіл онкүндігі өтті. Онкүндік аясында 17-қазан күні қала әкімдігінің кіші залында қаладағы ұлттық мәдени орталықтардың, Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының «Жас Отан» жастар қанатының, жастар қоғамдық бірлестіктерінің жас буын өкілдерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының қатыуымен «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты дөңгелек үстел, 19-қазан күні Жастар мәдениет үйінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, шешендік өнерді насихаттауды жандандыру, қаламыздың тұрғындары арасынан сөз өнеріне жақын, тілге шешен, ділмар азаматтарды іздеп табу мақсатында қаламызда тұңғыш рет «Кәнеки, тілім, сөйлеші» атты шешендік өнер байқауы оздырылды. Бұл байқауда қаламыздың 17-45 жас аралығындағы 11 үміткер бақ сынасты. 21-қазан күні Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның кіші залында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге, оның мемлекеттік қызметтегі ролін арттыру мақсатында мемлекеттік қызметкерлер арасында «Мемлекеттік қызметте – мемлекеттік тілмен» атты байқау өтті. Байқауға 7 үміткер қатысты. Байқауға қатысушы үміткерлердің іскерлік мәдениетін, дауыс мәнерлігі мен тіл тазалығын, өнерлері мен шығармашылық дарындарын сыннан өткізуге Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының, Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының мамандары атсалысты. 25-қазан күні қаламыздың сыртқы келбетіне үлкен әсерін тигізетін сыртқы жарнама құрылымдарының арасында үздіктерін анықтау, жарнама тілінің қазақ тілінде жазылуын және жарнамалардың көркемдік сапасын жақсарту мақсатында Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің, қалалық ішкі саясат бөлімінің, «Көркем Орал» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының, бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен «Көрікті жарнама – көркем тіл» атты акция оздырылды. Акция барысында ынталы топтан комиссия құрылып, қаламыздағы жарнамалар арасынан үздігін анықтады. 27-қазан күні Жастар мәдениет үйінде «Тәуелсіздіктің тірегі – мемлекеттік тіл» атты тіл онкүндігінің жабылуы өтіп, онкүндікке белсенді қатысқандарға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Тәуелсіздіктің 20 шыңы – 20 жұлдызды күн» күнтізбесі шеңберінде Орал қаласы әкмідігіне қарасы мемлекеттік мекемелердегі өзге ұлт өкілдері мен мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі мамандардың қатысуымен 14 желтоқсан күні «Қазақстандағы тіл саясаты» атты дөңгелек үстел мен қаламыздағы жоғарғы және орта арнаулы оқу орындары студенттері арасында «Ана тілім» атты байқау оздырылды.

Еліміздің ертеңі – жас ұрпақ болғандықтан ұлттық мектептеріміздің жандануы басты назарда. Мемлекеттік тіл саясатына қатысты ақпараттық-насихаттық жұмыстардың, мемлекеттік тілде білім мен тәрбие берудің маңыздылығын насихаттау мақсатында мектеп табалдырығын аттайтын бүлдіршіндердің ата-аналарымен кездесулер ұйымдастырылып, балаларын қазақ сыныбына беру жөнінде жұмыстары дәстүрлі жүргізіліп келеді.

Бүгінгі таңда қалада 44 мектепке дейінгі мекемелер қызмет атқарады. Оның 20-сы (50,2 пайызы) қазақ балабақшалары. 24 аралас мектепке дейінгі мекемелер.

Қаладағы 45 мектептің 15-і қазақ мектептері болса, 11-і аралас мектептер. Қаламызда қазақ мектептерінің саны, қазақ балабақшаларының саны жылдан –жылға артып келеді. Қалада 300-ге жуық орыс ұлтының баласы және 50-ге жуық өзге ұлт өкілдерінің балалары қазақ тілінде тәрбие алуда.

Жалпы қалада мемлекеттік тілді меңгерілу деңгейі 60 пайызды құрап отыр.

Ағымдағы жылдың І жартыжылдығында «Ағартушы» мемлекеттік тілді оқыту орталығында қаладағы мемлекеттік мекемелерден 43 мемлекеттік қызметкер оқудан өткен.

Жалпы Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөнінде жыл сайынғы нақты іс-шаралар жоспары дайын. Іс қағаздарының мемлекетік тілде жүргізілуіне талапты күшейту туралы қала әкіміне қарасты бағынысты мекемелерге хат жолданды.


Сонымен қатар шешімін таппай жатырған мәселелерде бар

Қаланың жаңа шағын аудандарында балалар мен жасөспірімдерге және әлеуметтік топтарына мәдени-көпшілік шаралар мен ақпарат жұмыстарын ұйымдастыру жеткіліксіз.

Мәдениет мекемелерінің одан әрі тиімді жұмыстар жүргізуі үшін төмендегі мәселелерді шешу қажет:

- қаланың жаңа шағынаудандарында кітапхана бөлімшелерін ұйымдастыру, Желаев, Серебряково, Круглоозерное, Зачаганск кенттік округтерінде, ет комбинаты ауданында мәдениет ошақтарын, аула клубтарын ашу қажет.


Материалдық-техникалық базаны нығайту:

- оргтехникалар алып, интернет жүйесіне қосу;

-кітапханалардың барлығын компьютерлармен қамтамасызетіп оларды интернет жүйесіне қосу;

- кітапханалық құрал-жабдықтарды жаңарту;

- музыкалық аппаратуралар алу, қалалық үрмелі оркестрге аспаптар алып сахна костюмдерін тіктіру;

- клубтармен, кітапханаларды ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізу.

- Екі автобус және «Газель» автокөлігін алу (әуенді аспаптар оркестрінің әншілеріне, орыс халық аспаптары оркестріне, үрмелі аспаптар оркестріне);

- Кәсіби деңгейдегі «Салтанат» би ансамбілінің ашылуына жағдай жасау.


2012 жылға жоспарланған шаралар:

-М.Горький атындағы қалалық кітапхананы күрделі жөндеуден өткізу;

- Круглозерный ауылындағы жаңа саябақтыабаттандыру;

- Серебряково ауылындағы саябаққа ЖСҚ дайындау;

-Қалалық мәдениет және демалыс саябағындағы Шаған өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысын аяқтау.

Мәдениет және тілдерді дамыту

бөлімінің бастығы С.Дүйсентегі

Ф.Жанқадамов



50-72-34
жүктеу 120,87 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау