Семинар-тренингте білім бе ру мазмұнын жаңарту жөніндегі мектеп үйлестірушілері, 5 пен



Pdf просмотр
бет19/22
Дата25.11.2018
өлшемі12 Mb.
#24558
түріСеминар
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

20

№23-24 (132-133) 19 июня 2018 г.

bilimdi_el@mail.ru

Читайте нас на сайте www.bilimdinews.kz



Қазақстанда мектеп 

жанынан кітапхана 

ашуды алғаш қолға 

алған Ы.Алтынсарин 

еді. Ол «Оқу құралда-

рының жайы» атты 

есебінде: «Мектептердің 

бәрінде де оқушыларға 

да, оқытушыларға да 

қажетті кітаптар мен 

оқу құралдары бар. Ал, 

енді өз бетімен оқып

білімдерін арттырғысы 

келетін қазақтар үшін 

кітап және басқа оқу 

құралдарын пайдалана 

алатын орын – кітап-

хана ашу ұйғарылды. 

Осыған арнап төрт 

қамқоршы қаржы бөліп 

отыр» деп жазады. 

Білім ордасы кітапханасының 

тікелей  міндеті  педагогтер  мен 

оқушыларға  қызмет  көрсету, 

олардың қосымша білім алуына 

жағдай  жасау  болғандықтан,  ол 

қажетті  оқу  құралдарымен,  түр-

лі  әдебиеттермен  қамтамасыз 

етумен қатар, әрбір мектеп үшін 

«Семья  и  школа»  немесе  «На-

родная  школа»  секілді  мұғалім-

дерге  қажетті  кәсіби  журнал-

дарды да жаздырып алады. Иә, 

сонау  қиын-қыстау  заманның 

өзінде кітапхана рөліне зор көңіл 

бөлген  ұлы  ағартушы-педагог 

тағылымын танып, одан нәр алу-

дың  маңызына  мойынсынғаны-

мыз  жөн  болмақ  дегіміз  келеді. 

Неге  десеңіз,  білім  мен  ғылым 

және  ақпарат  ғасыры  делінетін 

ХХІ  ғасырда  ұтқыр  болудың, 

әлеуетті  арттырудың  қайнар 

көзі  –  кітапхана.  Осы  орайда, 

заманымыздың  заңғар  жазу- 

шысы 


Әбіш 

Кекілбаевтың  

«Мен  кітапханаларды  ақыл-

білім,  адамгершілік,  парасат 

ордасы  деп  білемін.  Ал  кіта-

пханашыларды  сол  ешқашан 

жоғалмауы  тиісті  асыл  қазына-

ның сақшылары деп санаймын» 

деген  сөзін  келтірген  орынды 

секілді.  Қанша  жерден  интер-

нетті қош көрсек те, кітап пен га-

зет-журналдың орны бөлек. Мен 

мұны оқырман, кітапхананы пай-

даланушы  адам  ретінде  сенім-

мен  айта  аламын.  Бүгінде  мен 

өзім  жұмыс  істейтін  Қостанай 

педагогикалық  қолледжінің  кіта-

пханасына жиі бас сұғамын. Әл-

бетте,  оның  жұмысына  талдау 

жасап,  тізбелеп  жатудың  қажеті 

бола қоймас, әрі оған жан-жақты 

баға беруді де мақсат тұтпадым. 

Себебі, мұнда жұмыс істеп жүр-

геніме көп уақыт өте қойған жоқ, 

әйтсе де өзіндік пікірім қалыптас-

қанын  көрсетіп,  өзгелерге  өнеге 

етуге тұрарлық тұстарына, өзге-

лерде жоқ кейбір ерекшеліктері-

не аз-кем тоқталуды жөн көрдім. 

Биыл  55  жылдығын  тойлаға-

лы  отырған  Қостанай  педагоги-

калық  колледжінің  кітапханасы 

оқырмандарға  заман  талабына 

сай  қызмет  көрсетіп  келеді.  Кі- 

тапхананың  күнделікті  тыныс-тір-

шілігіне дем беруші кітапханашы 

десек, бүгінде мұнда келушілер-

ге  3  маман  қызмет  көрсетеді. 

Кітапхана меңгерушісі Т.А. Швец 

жас  та  болса,  өзіне  жүктелген 

міндетті  абыроймен  атқаруға 

тырысады. Қай мәселені болсын 

тәжірибесі мол, түйгені көп әріп-

тесі Р.Ш. Оразбаевамен бірлесе 

шешкенді  жөн  санайды.  Кәнігі 

маманның тәлімін бойына сіңіру-

ге  мұнда  Қостанайдағы  гума-

нитарлық  колледждің  кітапхана 

мамандығында білім алатын сту-

денттер  де  келіп,  тәжірибеден 

өтеді.  Электронды  залдың  қыз-

метшісі  Я.А.  Малышеваға  жүк- 

телетін  жұмыс  ауқымы  да  аз 

емес.  Бұлардың  қай-қайсысы 

да  келушіні  жылы  жүзбен  қар-

сы  алып,  қажетіңді  дер  кезінде 

орындауға әзір тұрады. Сөз реті 

келгенде  айта  кетелік,  жалпы 

осы кітапхана, музей сынды ру-

ханият  ордаларының  қызмет-

керлері  әдетте  кішіпейіл,  әдепті 

болып  келеді.  Өзге  салалардың 

кейбір  мамандары  секілді  қабақ 

шытып, жаратпаған кейпін неме-

се  дауыс  көтергенін  көрмейсің. 

Өкінішке  қарай,  олардың  еңбегі 

көзге көрініп, елене бермейді. 

Кітапхана  жұмысына  көз  жү-

гірте  отырып,  оның  қызметкер-

лері бір мақсатқа – колледж мис-

сиясының орындалуына жұмыла 

еңбек  етуде  деген  ой  түйесің. 

Кітапхана  оқу-тәрбие  үдерісін 

қажетті  ақпараттармен  және  құ-

жаттармен  қамтамасыз  етеді. 

Кітап  қоры  жетерлік,  электрон-

ды  нұсқалары  да  кем  түспейді. 

Оқырман  өзінде  жоғын  іздеп, 

білімнің  кәусар  көзі  саналатын 

кітапхананың жәрдеміне жүгінеді 

емес  пе,  ал  оның  сұранысын 

қанағаттандыру  –  кітапханашы 

үшін мерейлі міндет. Колледжде 

даярланатын  мамандардың  кә- 

сіби  тұрғыдан  қалыптасуына, 

өздігінен  білім  алуына,  өзін-өзі 

жетілдіруіне  қажетті  оқу  құрал-

дарымен  қоса,  «Педагогика», 

«Психология»  оқулықтарының 

бірнеше  баламасы,  «Бастауыш 

мектеп»,  «Начальная  школа», 

«Дошкольное  образование  и 

воспитание»,  «Бала  мен  бала-

бақша. Ребенок в детском саду», 

«Өзін-өзі тану», «Мектептегі сы-

ныптан  тыс  жұмыстар»  және  т. 

б. бастауыш білім беру, мектеп-

ке  дейінгі  тәрбие  және  оқыту, 

мәдениет  және  өнер  саласына 

қатысты  көптеген  басылымдар 

көз  алдыңда,  іздегеніңді  тауып 

алуға  мүмкіндік  мол.  Жергілікті 

басылымдардан  бастап  «Еге-

мен Қазақстан», «Казахстанская 

правда»,  басты  педагогикалық 

төл  басылымдарымыздың  бірі 

саналатын «Білімді ел – Образо-

ванная страна» газеттеріне дей-

ін  алысқа  бармай-ақ,  колледж 

кітапханасынан  алып,  пайдала-

на беруіңізге болады. 

Мамандыққа  қатысты  тосын, 

тағылымды  дүниені  көпшілік 

назарына  ұсынып,  оның  маңы-

зына  көңіл  аудартудың  өзі 

неге  тұрады  десеңізші!  Басшы 

ретінде  Ғалия  Оразамбетова 

мұндай  іс-шараларға  әрдайым 

мән беріп жүреді. Ғалия Өлмес-

ханқызының  ұлағатты  ұстаздар-

ды ұлықтаудағы үлгісі өзгелерге 

жұғысты болғай дейсің. Айтайын 

дегенім,  кезекті  рет  кітапханаға 

кіргенімде,  көзім  бірден  жаңа-

дан  жасақталған  мүйіске  түсті. 

«Ұстаздан  ұлағат»  деп  аталған 

осынау  бұрышта  В.Шалабаев, 

М.Мұхитдинов,  А.Саламахин,  

К.Жаркенов,  Д.Сүймеков,  С.Мач-

нева, Қ.Рсалин сынды Қостанай 

өңірінің  танымал  педагогтеріне 

арнап шығарылған естелік кітап-

тар топтастырылыпты. Ақпарат-

тық-библиографиялық  жұмыс-

тың  ең  маңызды  түрлерінің  бірі 

–  кітап  көрмесі  екендігінде  дау 

жоқ. Бір қарағанда, күрделі ойлау-

ды қажет етпейтін, ұзақ уақытты 

да алмайтын дүние көрінгенімен, 

оның  мағыналық,  тәлімдік  аста-

рын аңғару қиын емес. «Ардақты 

азаматтарымыздың  қадірін  бі- 

лу,  олардың  арман-мүдделерін 

жалғастыру  –  адамгершілік  па-

рыз  ғана  емес,  қоғамдық  даму-

дың,  ілгері  басудың  негізгі  алғы 

шарттарының  бірі»  деп  Елбасы 

Н.Назарбаев атап көрсеткендей, 

аталмыш  көрме  колледж  сту-

денттеріне  ұстаздықтың  шыңы-

на жеткен, елі үшін аянбай еңбек 

еткен  аяулы  тұлғалар  тағылы-

мынан нәр алуы тиістігін меңзеп 

тұрғандай. Мұндай кәсіби көрме-

лер  жастарға  ғана  емес,  кәсіби 

шеберлікке  қол  жеткізуді,  нағыз 

ұстаз атануды көксейтін әр оқы-

тушыға да игі әсерін тигізері хақ. 

Жалпы,  мұнда  колледж  ме-

рейін үстем етуге деген ұмтылыс 

ерекше  сезіледі.  Әсіресе,  кітап-

хана  қызметкерлерінің  педагог-

тердің  шығармашылық  қырына 

әрдайым  қолдау  көрсетіп  оты-

ратынына тәнті боласың. Бұлай 

деуіміздің  бір  себебі:  кітапхана 

қызметкерлері  өз  оқытушыла-

рының  газет-журналдарда  жа-

рық  көрген  мақалаларын  қалт 

жібермей  тіркеп  отырады  және 

оларды  көпшілік  назарына  ұсы-

нуды  жөн  көреді.  Ал,  қолдауды 

сезінген  автордың  көңіл-күйінің 

көтеріліп,  шығармашылық  ша-

бытының  ширыға  түсері  сөзсіз. 

Сондай-ақ,  колледжге,  оның 

студенттеріне,  әр  қияда  еңбек 

етіп жүрген түлектеріне қатысты 

дерек,  мәліметтер  де  оқу  орны 

үшін құнды саналады. 

Колледж  шығармашылығы- 

мен  танылған  оқытушылар  мен 

талантты  студенттерге  ерек-

ше  қамқорлық  көрсетіп,  қолдап 

отырады.  Айталық,  танымал 

педагог-ақын  А.Суслованың  ба-

лаларға  арналған  өлеңдері  мен 

ертегілері, «Мәнерлеп оқу» үйір-

месінің  жетекшісі  А.Жармұхаме-

дованың  бастамасымен  жарық 

көрген  колледж  студенттерінің 

«Еркін елдің ертеңі» өлеңдер жи-

нағы,  өзімнің  «Ы.Алтынсарин  – 

кәсіптік  білімнің  негізін  салушы» 

атты кітабым және т. б. туынды-

лар кітапханаға табысталып, та-

ныстырылымы  табысты  өткізіл-

генін айта кетсек, артық болмас. 

Таяуда ғана тамаша ұстаз Қ.Рса-

линнің  «Тағдырыма  ризамын» 

атты кітабының таныстырылымы 

колледж  базасында  ауқымды 

деңгейде  болып  өтті.  «Латын 

графикасындағы қазақ әліпбиіне  

көшу  –  заман  талабы»,  «Тәуел-

сіздік  –  басты  құндылығымыз» 

сынды  маңызды  басқосулар  да 

кітапхананың  оқу  залында  өтіп 

жатады.  Бүгінгі  таңда  баса  мән 

беріліп  жатқан  «Өзін-өзі  тану» 

рухани-адамгергершілік  білім  бе- 

ру  идеяларын  таратуға  қатыс- 

ты  стеллаж  жабдықтау  да  кітап-

ханашылар назарында. 

Кәсіптік  қана  емес,  адам- 

шылықтың,  ұжымдық  ынты-

мақтың  үлгісін  таратуға  да  ат-

салысатын – осы кітапхана қыз-

меткерлері.  Колледжде,  одан 

тысқары  жерлерде  өткізілетін 

айтулы  іс-шаралардан  көрініс-

тер  қайталанып  немесе  туған 

өңір,  ел  ауқымындағы  жаңа-

лықтар колледж теледидарынан 

көрсетіліп жатады. Жетістіктерді 

мақтан  тұту,  өнеге  ету  керек-ақ. 

Неге  десеңіз,  өнегесіз  өсу  жоқ. 

Кез  келген  адамның  өнегелі 

тұстары,  әсіресе  туған  күніне 

орай  айтылатыны  белгілі.  Мұн-

дағы  әрбір  оқытушы  мен  қыз-

меткердің  яки  жұмыскердің  туған 

күнін еске салып отыру да кітап-

ханашының  еншісінде.  Бірін-

ші  қабаттағы  үлкен  теледидар 

экранынан небір жылы лебіздер 

мен  тұшымды  тілектерге  толы 

құттықтаулар легі бірнеше сағат 

бойы толастамай, туған күн иесі-

не  жол  тартып  жатады,  бұған 

қоса  әріптестері  тарапынан  ау- 

ызекі  айтылатын  тілектер  қан-

шама десеңізші. Бұл – ұжымдық 

рухтың,  адамдар  арасындағы 

қарым-қатынастың  беки  түсуіне 

әсер етері сөзсіз. 

Ұжымның  ұйыса  түсуіне, 

кітапқа  назар  аудартуға  ықпал 

ететін ілкімді шаралар қатарына 

кітапханашылар  ұйымдастыра-

тын «Бір ел – бір кітап», «Кітап-

ханаға  кітап  сыйла»,  «Буккрос-

синг»  сынды  акциялар  жатады. 

Кітапхана  жұмысын  заманауи 

ұйымдастырудың  бұл  түріне 

педагогтер  мен  студенттер  ат-

салысып,  өз  үлестерін  қосуға 

ұмтылады.  Осындайда  Елбасы-

ның «Тек кітап қана алға жылжу-

ды,  адамдық  шыңына  шығуды 

үйретеді»  деген  сөзі  тілге  ора-

лады.  Сондықтан  болар,  Мем-

лекет басшысы Н.Назарбаевтың 

бастамасымен  «Қазақ  тіліндегі 

100 жаңа оқулық» жобасы қолға 

алынып,  соның  аясында  таяуда 

18 оқулық жарыққа шығып, жұрт-

шылыққа  таныстырылды.  Енді-

гі  жерде  қазақстандық  жастар 

әлеуметтік  және  гуманитарлық 

салада  үздік  саналатын  дүни-

ежүзіндегі  таңдаулы  үлгілер  не-

гізінде білім алатын болады. Бұл 

оқулықтар жоғары оқу орындары 

мен  кітапханаларға  таратыла-

ды.  Бәрі  болмаса  да,  колледж 

мамандықтарына  сәйкес  пси-

хология,  лингвистика,  мәдени-

еттану  ғылымдарына  қатысты 

оқулықтар  біздің  де  кітапханаға 

түскенін  қалаймыз.  Бұдан  өзге, 

2014 жылы жарық көрген 30 том-

дық  салалық  терминологиялық 

сөздіктер ішінен мамандықтарға 

сәйкесетін  педагогика,  психоло-

гия,  тіл  мен  әдебиет,  өнер  мен 

мәдениет  салаларына  қатысты 

«Қазақша-орысша,  орысша-қа-

зақша  терминологиялық  сөздік-

тер» де қажет-ақ. Бұл турасында 

кітапханашыларды  құлағдар  ет-

тік.  Қазіргі  заман  талаптарымен 

үндесе  жұмыс  істейтін  кітапха-

нашылар бұл тілегімізді де еске-

реді деген сенімдеміз. 

Міне,  олар  үшін  тағы  бір  ке- 

зекті  қарбалас  шақ  туды. 

Мерзімді  басылымдарға  жазды-

ру  науқанын  ойдағыдай  өткізу 

– кітапханашы қызметінің жауап-

ты  қыры.  Газет-журналға  деген  

ықыластың  бәрімізде  бірдей 

еместігі  жасырын  емес.  Мұн-

дайда  әрбір  оқытушы  атақты 

жерлесіміз,  педагог  С.Көбеевтің 

«Газет,  журналдардағы  үлгі 

мақалаларды  оқу  оқытушының 

ой-өрісін кеңейтіп, білімін артты-

ра беруге мүмкіншілік туғызады» 

деген сөзін жадында ұстаса ғой 

дейсің.  Өмір  бойы  білім  жинау 

деген  осы,  оқыған  үстіне  оқи 

беру  керек.  Бұл  –  қазіргі  заман 

талабы. 


 

 Пиалаш Сүйінкина,

 Қостанай педагогикалық 

колледжі

Заманмен үндесе жұмыс істеу – кітапханашы міндеті

кәсіп


Кітапханашылар Т.Швец пен Р.Оразбаева студенттермен бірге



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау