Оқытушыларға арналған пәннің оқу



жүктеу 134,5 Kb.
Дата04.02.2020
өлшемі134,5 Kb.
#28118

УМКД 042-18.19-041-2013

Ред. № 1 от 03.09.2013

Страница из



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ


СМЖ 3 - деңгейдегі құжаты

ПОӘК

УМКД 042-18.19-041-2013



«Казіргі мектепте интерактивті окыту әдістері» пәнінің оқу-әдістемелік кешені

(оқу әдістемелік материалдар)


№3 – басылым


«КАЗІРГІ МЕКТЕПТЕ ИНТЕРАКТИВТІ ОКЫТУ ӘДІСТЕРІ»

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

5В010300 - Педагогика-психология


мамандығына арналған

Оқытушыларға арналған пәннің оқу


жұмыс бағдарламасы

Cемей – 2013

1.ӘЗІРЛЕГЕН:

Құрастырушы: 28.08.2013

п.ғ.м., аға оқытушы Мухметова Раукен Женисовна
2.ТАЛҚЫЛАНДЫ:

2.1. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Педагогика кафедрасының мәжілісінде қаралды.

Хаттама № 1 04.09.2013ж.

Кафедра меңгерушісі: ______________ /Джанбубекова М.З./


2.2. Педагогика факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында.

Хаттама № 1 «05» 09.2013ж.

Төрағасы: ________________ /Ахметова Т.Ш./

3. БЕКІТІЛДІ:

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданған және басып шығаруға ұсынылды.

Хаттама №1 18.09.2013ж.

ОӘК төрағасы: ____________ /с.ғ.д. Искакова Г.К./



4. АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН (Хаттама №1, 18.09.2013ж. басылымның орнына)


Мазмұны

1.Қолдану аясы

2.Нормативтік сілтемелер

3.Жалпы ережелер

4. Оқу пәнінің мазмұны (модульдің)

5.Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары

6.Пәннің оқу-әдістемелік картасы

7.Оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз ету картасы

8.Әдебиеттер

1. ҚОЛДАНУ АЯСЫ:

«Қазіргі мектепте интерактивті оқыту әдістері» таңдау пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені университет мамандықтардың 3-4 курстың оқу топтарына арналған. Оқу-әдістемелік кешенде қоғам өміріндегі күрделі құбылыстар мен процестерді, оларды теориялар арқылы түсіндірудің бағдарламалары мен әдіс-тәсілдері, маңызды мәселелерді түсіну мен шеше білудің жолдары сынды т.б. маңызды мәліметтері қамтылған. Оқыту үрдісінде студенттерді курс мазмұнымен, оның өзектілігі және қажеттілегімен, курс саясатымен студенттерді таныстырады. Пәннің оқу-әдістемелік кешені студенттердің пәнді танудағы басшылыққа алатын оқу көмекші құралы ретінде пайдалануға құрастырылды.


2. НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР:

Қазіргі мектепте интерактивті оқыту әдістері пәнінен осы оқу бағдарламасы пәннен типтік бағдарламаға сәйкес жасалған және оқу үрдісін ұйымдастыруда мына құжаттар негізінде негіз болады:

- Барлық мамандығының жалпы білім беретін стандарты ҚР, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілген 13.02.2012 жылғы білім заңы,

-СТУ 042-ГУ-4-2013 университетінің «Пәннің оқу - әдістемелік кешендерін жасау мен безендіруге жалпы талаптар» стандарты.

- ДП-042-1.01.-2013 «Пәннің оқу-әдістемелік кешендерінің құрылымы және мазмұны» құжаттық процедурасы.

3. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР:

3.1 Пән мазмұнының қысқаша сипаттамасы

Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі парадигмасы білім беруде нәтижеге бағдарлану, оқытуды оқушының жеке тұлғасына бағытталу, ал оқыту әдістерін тұлғааралық қарым-қатынастарға бейімдеу болып отыр. Демек, оқушы білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық "жаңалық” ашуы шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде әр түрлі өнімдер жасауы тиіс. Нәтижесінде оқушының дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасуы керек. Интерактивті оқыту – бұл таным іс-әрекетін ұйымдастырудың арнайы нысаны. Ол толық нақтылықты және болжамды мақсаттарды анықтайды.

«Қазіргі мектепте интерактивті оқыту әдістері» курсы педагогикалық технологияны іске асыру механизмі шығармашылық өзін-өзі дамыту іс-әрекеті, ол: өзін-өзі анықтау, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі дамыту. Кәсіби шеберліктің жоғарғы шегі шығармашылық еңбек, оқу- тәрбие үрдісін жаңашылдықпен, өзгеріспен құрай білуі, яғни инновациялық қызметті жүзеге асыру.

Оқытудың интерактивті әдістері студенттерге рөльдік ойындар арқылы әр түрлі жағдайда әсерді сезінуге жол ашады, әр түрлі білімдерді синтездеу кезінде шығармашылық  өнім жасауға жағдай жасайды, дегенмен  түрлі жағдаяттар мен мәліметтерді талдап, сараптап, зерттеу барысында жаңалық ашуға көбірек мүмкіндік береді.

«Қазіргі мектепте интерактивті оқыту әдістері» дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде студенттердің өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді.

Оқытудың интерактивті әдістері тиімділігінің сыртқы көрсеткіштері ретінде оқушылардың бірлескен әрекет ережелерін мойындай отырып, өзара әрекеттесуге ұмтылуын, топтық рефлексияның дамып, ұжымдық ынтымақтастықтың қалыптасуын, ал әсерлілігінің ішкі көрсеткіштері ретінде оқушылардың өз міндеттері мен құқықтарын түсіне отырып, өзара әрекет дағдыларын меңгеріп, топтық жұмысқа дайын болуын, оқу әрекетінің субъектісіне айнала отырып, өзіндік рефлексиясының дамуын айтуға болады.


3.2 Курстың мақсаты :

Психология педагогика мамандарын даярлауда «Қазіргі мектепте интерактивті оқыту әдістері» пәнінің маңызын, «Интерактивті оқыту әдістері» бағдарламасы мектеп оқушыларының тәрбиесінің, оқу үрдісінде интерактивті оқыту әдістерінің дамуы туралы шетел және отандық ғылыми еңбектер мен тұжырымдар басшылыққа ала отырып, студенттерге мектеп оқушыларын оқыту мен тәрбиелеуде интерактивті оқыту туралы теориялық және практикалық білімді меңгерту.


3.3 Пәннің негізгі міндеттері

  1. Болашақ мамандарды оқытудың интерактивті әдістерін қолдану қағидаларымен қаруландырып, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру;

  2. Мектеп оқушысын оқыту және тәрбиелеуде шығармашылықпен жұмыс жүргізуге үйрету;

  3. Болашақ маманды ғылыми ізденіске, ғылыми әдіснамалық жұмысқа баулу;

  4. Студенттерге тренингтер, рөльдік ойындар арқылы әр түрлі жағдайда әсерді сезінуді, әр түрлі білімдерді синтездеу кезінде шығармашылық  өнім жасауға түрлі жағдаяттар мен мәліметтерді талдап, сараптауды қалыптастыру.


3.4 Пәнді оқу барысында студент білу керек:

білуі тиіс:

- Қазіргі мектепте интерактивті оқыту әдістерін және мектептің педагогикасы мен ұғымдары және әдіснамалық негіздері;

- балалардың тұлғалық дамуы және қалыптасу заңдылықтары;

- мектепте интерактивті оқыту әдістерін қолдану барысында балалардың анатомиялық-физиологиялық негізгі заңдылықтары мен дамуы;

- баланың дайындығының мониторингінің ғылыми – теориялық негіздері;

- қазіргі қолданыстағы білімнің стандарты, оқу бағдарламалары, және оқу құралдарының құрылымы мен мазмұны;

- оқытатын пәндердің теориялық негіздерін; оқытатын пәндердің мақсаты мен міндеттері;

- оқу пәндерінің интерактиквті оқыту әдістемесінің теориялық негіздерін;



біліктілігі:

- мектепте интерактивті оқыту әдістерін қолдануда педагогикалық әрекетті үлгілеу, педагогикалық қызметте рефлексияны жүзеге асыру, мақсатты қоя білу, педагогикалық диагностика жүргізу; оқыту және тәрбиелеу үдерісін құруды жүзеге асыру;

- оқу-танымдық әрекетті оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес ұйымдастыра білу;

- оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі технологиясын пайдалану;

- сабақта және сабақтан тыс уақытта интерактивті оқыту әдістерін оқушылардың оқу танымдық мотивациясының негізін түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыру мақсатында қолдану;

дағдысы:

- компьютерлік және коммуникативті сауаттылық;

- балалардың шығармашылық және сыни ойлауын дамытуға арналған интерактивті оқыту әдістерін қолдана отырып сабақтарды ұйымдастыру және өткізу;

- педагогикалық процесінде инновациялық технологияларды пайдалану.



құзыреттілігі:

- оқушылардың түйінді құзыреттілігін қалыптастыру;

- оқушыларының қызығушылықтары мен қабілеттерінің мониторнигін жасау;

3.5 Пререквизит: жалпы білім беретін мектептердің бағдарламасындағы гуманитарлық пәндер бойынша білім.
3.6 Постреквизит: «Интерактивті оқыту әдістері» курсын оқыту негізінде оқытудың интерактивті әдістерінің негіздері, интерактивті әдістерінің қолданылуы туралы білім мен білік дағдысын қалыптастыра отырып, психо-педагогикалық, тәрбие жұмысының әдістемесі, әлеуметтік педагогика, педагогикалық шеберлік және басқа педагогикалық циклдардағы пәндерді меңгерту.

3.7 Жұмыстық оқу жоспарынан үзінді көшірме:
КЕСТЕ 1.


Курс

Семестр

Несие

Лек(сағ)

Сем(сағ)

СОӨЖ сағ

СӨЖ


Бақылау

түрі


3-4

5-6

3

30

15

15

45

емтихан


  1. Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу


Кесте 2. Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу



Тақырыптары

Дәріс сағаты

Семинар сағаты

1

2

3

4

1

Тақырып-1. Оқытудың әдістері. Сабақ, оған қойылатын талаптар.

Оқытуды ұйымдастыру түрлері.

Әдіс ұғымы, оқытудың әдістері

Сабақ, оған қойылатын талаптар.



2

3

2

Тақырып-2. Қазіргі оқыту технологиялары туралы жалпы түсінік және олардың мақсаты мен мазмұны.

Қазіргі оқыту технологиялары туралы жалпы түсінік

Қазіргі оқыту технологияларының мақсаты мен мазмұны

Қазргі оқыту технологияларының түрлері



2

3

3

Тақырып-3 Интербелсенді, оқытудың интербелсенді әдістері туралы түсінік. Интербелсенді оқыту технологиялары

Интербелсенді, оқытудың интербелсенді технологялары

Интербелсенді оқыту технологиялардың маңызы мен мақсаты

Интербелсенді оқыту технологияларының ерекшеліктері



2

3

4

Тақырып-4. Оқытудың интерактивті әдістерінің негіздері.

Оқытудың интерактивті әдістерінің негіздері.

Интерактив, оқытудың интерактивті әдістері туралы ұғым.

Оқытудың интерактивті әдістерінің маңызы.



2

3

5

Тақырып-5. Интерактивті оқытулар: жаңа тәсілдер. Оқыту үдерісінде интерактивті әдістерінің принциптері

Интерактивті әдістердің мәндік ерекшелігі.

Оқыту үдерісінде интерактивті әдістерінің принциптері

Оқудың интерактивті әдістері үлгілері.



2

3

6

Тақырып-6. Оқытудың интерактивті технологияларын оқу-тәрбие үдісінде тиімді пайдалану

Интерактивті құралдарды пайдаланудың тиімділігі.

Білім беру жүйесінде интрактивті құралдарды пайдаланудың маңыздылығы.

1

3

7

Тақырып-7. Білім беру жүйесіндегі инновациялык технологияның теориялык негіздері

Инновациялық оқыту түсінігі

Инновациялық оқытудың негізгі ілімдері

Инновациялық оқыту әдістемелерін оқу бағдарламасында қолдану.



1

3

8

Тақырып-8. Педагогикалық инновация негізінде мектеп жұмысын ұйымдастыру

Педагогикалық инновациялық іс-әрекет түсінігі

Мектеп жұмысын ұйымдастырудағы инновациялық технологиялар


1

3

9

Тақырып-9. Оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық технологияларды ендіру жолдары

Инновациялық оқытудың теориялық аспектілері

Инновациялық оқытуды сабақ барысында қолдану

Инновациялық технологияларды оқу-тәрбие саласында пайдаланудың болашағы



1

3

10

Тақырып-10 Мектеп мұғалімінің инновациялық іс-әрекеті. Мұғалімдердің инновациялық білім деңгейін көтеру

Инновациялық білім беру жолдары.

Педагогтың инновациялык іс-әрекеттерін қалыптастыру.

Оқудың иинновациялық әдістерін оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану.

Мұғалімдердің инновациялық білім деңгейін көтеру жолдары маңыздылығы


2

3



5. Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары


  1. Оқыту әдістері.

  2. Сабақ ұйымдастыру түрлері.

  3. Дәстүрлі әдістер.

  4. Қазіргі кезде қолданылатын әдістер.

  5. Оқытудың интерактивті әдістерінің негіздері.

  6. Интерактив ұғымына түсінік.

  7. Оқытудың интерактивті әдістері туралы ұғым, маңызын дәлелдеп талдау.

  8. Жаңа ақпараттық тенологияларды ата?

  9. Интерактивті оқытулар: жаңа тәсілдер?

  10. Интерактивті әдістердің мәндік ерекшелігі.

  11. Оқудың интерактивті әдістері үлгілері.

  12. Мектеп мұғалімінің инновациялық іс-әрекеті

  13. Педагогикалық үдеріске қатысты инновация қандай элементтерге байланысты анықталады?

  14. Инновация анықтамасын айтыңыз.

  15. Оқытудың инновациялық әдістері мен түрлері

  16. Оқытудың дәстүрлі әдістері мен инновациялық әдістерін салыстыр.

  17. Тренингтер мен іскерлік ойындарды қолдану

  18. Педагогикалық жүйе дегеніміз не және ол жайлы білудің қандай қажеті бар?

  19. Педагогикалық іс-әрекеттегі инновациялылық қандай жағдайларды жүзеге асырумен анықталады?

  20. Педагогикалық инновацияларға нені жатқызуға болады?

  21. Педагогикалық жүйеге инновациялық түрлендірулер қандай бағыттар бойынша енгізіледі?

  22. Педагогикалық жүйелерге жаңалық енгізулер деңгейлерінің мәні қалай сипатталады?

  23. Педагогикалық инновациялар қандай критерийлермен сипатталады?

  24. Педагогикалық теория инновациялылығы қандай бағыттармен анықталады?

  25. Оқу мекемелерінің инновациялылығы қалай сипатталады?

  26. Педагогикалық инновациялық іс-әрекет түсінігі

  27. Мектеп жұмысын ұйымдастырудағы инновациялық технологиялар

  28. Инновациялық оқытудың теориялық аспектілері

  29. Инновациялық оқытуды сабақ барысында қолдану

  30. Инновациялық технологияларды оқу-тәрбие саласында пайдаланудың болашағы



6.Пәннің оқу-әдістемелік картасы

Кесте 3


Тақырып

Көрнекті құралдар, ТОҚ, плакаттар, мультимедиалық тақта

Өзіндік оқуға сұрақтар

Бақылау форма-сы

Лекциялық сабақ

Тәжірибелік сабақ

Лаб.

сабақ


1

2

3

4

5

6

Тақырып-1. Оқытудың әдістері. Сабақ, оған қойылатын талаптар.

Тақырып-1. Оқытудың әдістері. Сабақ, оған қойылатын талаптар.




Тест, кесте

Оқытуды ұйымдастыру түрлері.

Әдіс ұғымы, оқытудың әдістері

Сабақ, оған қойылатын талаптар.


Ауызша сұрау

Тақырып-2. Қазіргі оқыту технологиялары туралы жалпы түсінік және олардың мақсаты мен мазмұны.

Тақырып-2. Қазіргі оқыту технологиялары туралы жалпы түсінік және олардың мақсаты мен мазмұны.




Викторина, реферат

Қазіргі оқыту технологияларының мақсаты мен мазмұны

Қазргі оқыту технологияларының түрлері



Ауызша сұрау

Тақырып-3 Интербелсенді, оқытудың интербелсенді әдістері туралы түсінік. Интербелсенді оқыту технологиялары

Тақырып-3 Интербелсенді, оқытудың интербелсенді әдістері туралы түсінік. Интербелсенді оқыту технологиялары




Тест

Интербелсенді оқыту технологиялардың маңызы мен мақсаты

Интербелсенді оқыту технологияларының ерекшеліктері



Ауызша сұрау

Тақырып-4. Оқытудың интерактивті әдістерінің негіздері.

Тақырып-4. Оқытудың интерактивті әдістерінің негіздері.




Тест

Оқытудың интерактивті әдістерінің негіздері.

Интерактив, оқытудың интерактивті әдістері туралы ұғым.



Ауызша сұрау

Тақырып-5. Интерактивті оқытулар: жаңа тәсілдер. Оқыту үдерісінде интерактивті әдістерінің принциптері

Интерактивті әдістердің мәндік ерекшелігі.



Тақырып-5. Интерактивті оқытулар: жаңа тәсілдер. Оқыту үдерісінде интерактивті әдістерінің принциптері

Интерактивті әдістердің мәндік ерекшелігі.






Тест

Оқыту үдерісінде интерактивті әдістерінің принциптері

Оқудың интерактивті әдістері үлгілері.



Ауызша сұрау

Тақырып-6. Оқытудың интерактивті технологияларын оқу-тәрбие үдісінде тиімді пайдалану

Тақырып-6. Оқытудың интерактивті технологияларын оқу-тәрбие үдісінде тиімді пайдалану




Тест

Білім беру жүйесінде интрактивті құралдарды пайдаланудың маңыздылығы.

Ауызша сұрау

Тақырып-7. Білім беру жүйесіндегі инновациялык технологияның теориялык негіздері

Тақырып-7. Білім беру жүйесіндегі инновациялык технологияның теориялык негіздері




Тест

Инновациялық оқыту түсінігі

Инновациялық оқытудың негізгі ілімдері



Ауызша сұрау

Тақырып-8. Педагогикалық инновация негізінде мектеп жұмысын ұйымдастыру

Тақырып-8. Педагогикалық инновация негізінде мектеп жұмысын ұйымдастыру




Тест

Мектеп жұмысын ұйымдастырудағы инновациялық технологиялар

Ауызша сұрау

Тақырып-9. Оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық технологияларды ендіру жолдары

Тақырып-9. Оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық технологияларды ендіру жолдары




Мультимедиалық тақта

Инновациялық оқытудың теориялық аспектілері

Инновациялық оқытуды сабақ барысында қолдану



Ауызша сұрау

Тақырып-10 Мектеп мұғалімінің инновациялық іс-әрекеті. Мұғалімдердің инновациялық білім деңгейін көтеру

Тақырып-10 Мектеп мұғалімінің инновациялық іс-әрекеті. Мұғалімдердің инновациялық білім деңгейін көтеру




кесте

Инновациялық білім беру жолдары.

Мұғалімдердің инновациялық білім деңгейін көтеру жолдары маңыздылығы



Ауызша сұрау


7.Оқу - әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз ету картасы

Кесте 4


Оқулық, оқу - әдістемелік құрал аты

Экземпляр саны

Студент саны

Қамтамасыз ету пайызы

1

2

3

4

  1. Исаева З.А., Мынбаева А.К., Садвакасова З.М., КазНУ им. аль-Фараби, Активные методы и формы обучения в высшей школе 2005ж

5







  1. Бұзаубақова К.Ж.. Жаңа педагогикалық технология. (Оқулық) Тараз. ТарМУ,2003ж.

1







  1. Өстеміров Қ.,.Айтбаева А, Қазіргі білім беру технологиялары, Алматы, 2006ж.

5







  1. Нағымжанова Қ. М., Инновациялық оқыту жағдайларындағы мұғалім қызметінің психологиялық-педагогикалық негіздері. Өскемен, 1999ж.

5







  1. Мұхаметжанова С.Т., Жартынова Ж.Ә., Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері. Алматы, 2008ж.

1







  1. Иманбаева А., Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру технологиялары. Қазақстан мектебі, №2, 2000

1







  1. "Педагогикалық технологиялар" Сальникова, 2005 ж.

1







8. Қолданылған әдебиеттер:




  1. Исаева З.А., Мынбаева А.К., Садвакасова З.М., КазНУ им. аль-Фараби, Активные методы и формы обучения в высшей школе 2005ж

  2. Бұзаубақова К.Ж.. Жаңа педагогикалық технология. (Оқулық) Тараз. ТарМУ,2003ж.

  3. Өстеміров Қ.,.Айтбаева А, Қазіргі білім беру технологиялары, Алматы, 2006ж.

  4. Нағымжанова Қ. М., Инновациялық оқыту жағдайларындағы мұғалім қызметінің психологиялық-педагогикалық негіздері. Өскемен, 1999ж.

  5. Білім заңы. Алматы, 2007 ж.

  6. Мұхаметжанова С.Т., Жартынова Ж.Ә., Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері. Алматы, 2008ж.

  7. Иманбаева А., Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру технологиялары. Қазақстан мектебі, №2, 2000

  8. Педагогика журналы №2-2009ж.

  9. Жаңашыл педагогтар іс-тәжірибелері. – Алматы,1991.

  10. Әлімбекова А.С. Білім беруді жаңаша ұйымдастыру тәжірибесінен //Білім- Образование.// №2(8), 2002

  11. Елеубай С. Білім беру технологиясының қазіргі проблемалары. Алматы, 2001. 270б.

  12. Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы- оқушыны дамыту құралы ретінде. –Алматы, 2002

  13. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы, Рауан, 1993

  14. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. Алматы,2000

  15. Тұрлыханова М. Педагогикалық технологиялар оқу үрдісінде. Алматы, 2000

  16. Ұлт тағлымы 2001жыл,№4 73-79бет

  17. Ұлт тағлымы 2006жыл, №4 53-62бет

  18. ХХІғасыр мектебі 2007жыл,№5 5-7бет

  19. Шамова Т.И., Третьякова П.И. Педагогические технологии: что это такое и как их использовать в современной школе.-М.,1994

  20. Елеубай С. Білім беру технологиясының қазіргі проблемалары. Алматы, 2001. 270б.

  21. Шоқаева Г.Ә. Жаңа технология енгізу арқылы оқу процесінің деңгейін көтеру. №18,5б.//Қазақстан мұғалімі//№18 2002

  22. Курманалина Ш.Х. Совершенствование методической подготовки будущих учителей начальных классов по обучению математике младших школьников: учебное пособие, Алматы: Алем, 1999.-160 с.

  23. Курманалина Ш.Х. Функциональная модель электронной методической системы в колледже: Учебное пособие. – Алматы: Алем, 2000. -206 с.

  24. Курманалина Ш.Х. Совершенствование методической подготовки будущих учителей начальных классов по обучению мптематике младших школьников: учебное пособие, Алматы: Алем, 1999.-160 с.

  25. Курманалина Ш.Х. Функциональная модель электронной мстодической системы в колледже: Учебное пособие. – Алматы: Алем, 2000. -206 с.

  26. Курманалина Ш.Х. Методология и технология создания электронной методической системы в условиях информатизации оброзования: монография. – Алматы: Алем, 2002. – 316 с.

  27. Курманалина Ш.Х. Обновление методического обеспечения учебного процесса в условиях информатизации образования (в соавторстве: Н.Б.Чекалева): Монография. Омск: ОмГПУ, 2002. – 89с.

  28. "Педагогикалық технологиялар" Сальникова, 2005 ж.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Бержанов К.Б., Мусин С.М., Педагогика тарихы. Алматы-2004.

  2. Дүйсембекова Ш.Д. Тәрбие үрдісінің ерекшеліктері. Семей 2004.

  3. Педагогикалық ізденіс. – Алматы, 1990. – 8-58; 58-100, 147,215-беттер.

  4. Ұстазға рухани қуат керек. Р.Нұртазина туралы//Қазақстан мектебі, 1999. №1-2. 8-11-бет.

  5. НұртазинаР.Б. Занимательная грамматика. - Алма-Ата, 1963,1973.

  6. Нұртазина Р.Б., Формы патриотического и интернационального воспитания в казахской школе. Сб. научных трудов. – М., 1980.

  7. Фарбер Д.Х. Жизнь – в детях. Народный учитель. – Алма-Ата, 1982.

  8. "Педагогика" Безрукова, 1996 ж.

  9. Жалпы педагогика. Сластенин, Исаев, Шельянов, 2003 ж.

жүктеу 134,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау