ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Пәрімбеков З.А., Рахимбердина А.Т.,
Турусбекова Б.Ш., Какимов М.М.
ФИЗИКА КУРСЫНАН
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ПРАКТИКУМ
.
Семей 2012 жыл
УДК
ББК
Авторлар: Пәрімбеков З.А., Рахимбердина А.Т., Турусбекова Б.Ш.,
Какимов М.М.
Физика курсынан зертханалық практикум,
Семей, 2012. - 191 бет
ISBN
Пікір жазғандар: Маусымбаев С.С., пед. ғыл. докторы
Семей мемлекеттік педагогикалық институты
Какимов А.К., тех. ғыл. докторы, Ақпараттық
коммуникациялық технологиялар факультеті деканы
Баспаға ұсынушы:
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің оқу-
әдістемелік кеңесі
Аталған оқу-әдістемелік құралда 38 зертханалық жұмыстардың әдістемелік нұсқаулары мен жұмыс істеу реті берілген. Зертханалық практикум физиканың механика, молекулалық физика, электр және магнетизм, оптика, кванттық физика бөлімдерінің жұмыстарын қамтиды.
Кіріспе бөлімінде қателіктер теориясының элементар ұғымдары және эксперимент нәтижелерін есептеу және математикалық өңдеуге қажетті мағлұматтар берілген.
Әрбір зертханалық жұмыс онда қарастырылатын құбылыстың қысқаша теориялық мәліметтерінен және өздік білімін тексеруге арналған сұрақтардан тұрады. Ал қосымшаларда қажетті кестелік мәліметтер келтірілген.
Практикум техникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналып жазылған
УДК
ББК
ISBN Шәкәрім атындағы Семей
мемлекеттік университеті, 2012
Алғы сөз
Оқу құралында 38 зертханалық жұмыстардың әдістемелік нұсқаулары мен жұмыс істеу реті берілген. Зертханалық практикум физиканың механика, молекулалық физика, электр және магнетизм, оптика, атомдық, кванттық, қатты денелер физикасы бөлімдерінің жұмыстарын қамтиды.
Кіріспе бөлімінде қателіктер теориясының элементар ұғымдары және эксперимент нәтижелерін өңдеу мен оны безендіру ережелері берілген.
Әрбір зертханалық жұмыс онда қарастырылатын құбылыстың қысқаша теориялық мәліметтерінен және өздік білімін тексеруге арналған сұрақтардан тұрады. Ал қосымшаларда қажетті кестелік мәліметтер келтірілген.
Практикум техникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналып жазылған.
1.1 ҚАТЕЛІКТЕР ТЕОРИЯСЫНА КІРІСПЕ
1.1.1 ӨЛШЕУ КЕЗІНДЕГІ ҚАТЕЛІКТЕР
Мүлт кетушілік құралдың көрсетуіне ұқыпсыз қараушылықтан болады. Есептеу кезінде мұндай шамаларды алып тастау керек.
Кездейсоқ қателіктер өлшеу кезінде дәл байқамаушылықтан пайда болады. Мұның себебі біздің бақылау мүшелеріміздің және құралдардың идеал абсолютті еместігінен болады. Кездейсоқ қателіктер ықтималдық заңына бағынады, яғни бір өлшеуде нәтиже нақты мәннен үлкен, ал екінші өлшеуде нақты мәннен кіші болуы мүмкін. Кездейсоқ қателіктен құтылуға болмайды. Бірақ бірнеше рет қайталап өлшеу арқылы кездейсоқ қателіктің ықтималдық шамаларын анықтап ізделініп отырған шаманың аймағын есептеуге болады. Айталық бір физикалық шаманы өлшеудің нәтижесінде алдық дейік. Осылардың орташа арифметикалық шамасы: Жеке өлшеулердің абсолюттік қателіктері .
Бірнеше өлшеулер сериясының орташа квадраттық қателігі былай анықталады:
Достарыңызбен бөлісу: |