технологиялық картасы
Күні: 17.04.2017
Білім беру саласы: Таным.
Бөлімдері: Құрастыру.
Тақырыбы:«Сиқырлы» бөтелкелер.
Мақсаты:а) Пластик бөтелкелерге қағаз қиып жапсыру арқылы, оның бөліктерін жасауды үйрету.ә) Белгілі бір бейне жасауда ой-өрісін дамыту.
б) Ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар:пластик бөтелкелер, түрлі түсті қағаздар, қатты қағаз, шырын ішетін түтікшілер, түймелер, мата қалдықтары, жіптер, баулар, құстың қауырсындары, ермексаз, желім, қайшы, сүлгілер.
Билингвальды компонент:пластик бөтелкелер, қауырсын.
Оқу ісәрекетінің кезеңдері
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Ұйымдастырушылық, оқытушылық, қызығушылық
|
Балалармен шаттық шеңберін өткізеді. Бүгінгі күн ерекше болғалы тұр, өйткені біз сендермен бұрын жасап көрмеген заттар жасайтын боламыз деп балалардың қызығушылығын оятады.
Біздің бұрында жасап жұрген «Шеңбер қолдар» көрмеміз бар еді, енді ол жаңа бұйымдармен толығатын болады.
Балаларға бұрын пайдаланып көрмеген пластик бөтелкелерді көрсетіп осындан біз бүгін түрлі заттар жасаймыз деп түсіндіреді.(0,2-0,3 л) лимонад, таза су, шырындардың бөтелкелері.
|
Балалар қандай заттар жасағысы келетініне қызығушылық танытып, көрмеге жаңа заттар жасауға өз үлестерін қосатындықтарын білдіреді.
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік
|
Тәрбиеші балалардың алдына бөтелкелерді қойып, оны алып, қарап, ол неге ұқсайды, бұдан не жасауға болатыны жайында ойлауын сұрайды. Балалардың өз ойларын педагог тыңдайды. Енді алдаларындағы қосымша метериалдарға балалардың көңілін аударады.
-олар бізге не үшін қажет деп ойлайсындар?
- Бұлардан не жасауға болады ?
Олар ойланып өз ойларын айтқан соң технологиялық картаға қарай отырып оны орындаудың ретін түсіндіреді, неден бастау керек, бір-біріне қалай біріктіру керек және құстың қауырсындарын, түтікшелерді не үшін пайдаланатынын түсіндіріп, бізбен тесетін бөліктерін педагог өзі жасап көмектеседі.
Балалардың өздігінен дербес әрекет етуіне және жасап отырған заттарына шығармашылықпен өз үлестерін қосуға бағыт береді. Кейбір балаларға жеке көмек берді. Барлық іс-әрекет барысын қадағалап, бақылау мен басшылық жасайды.
|
Балалар пластик бутылкаларды тігінен қойып қарап. Оны көлденең қойып, ойланады, неге ұқсатуға болады.
-Тігінен тұрғанда гүл салатын сауытқа ұқсайды, немесе ұшақтың, зымыранның корпусына, ағаштың діңіне, үйге т.б.
-шырын ішетін түтікшелерден ағаштың бұтақтарын жасаса, түрлі түсті қағаздардан жапырақтарын, гүлдерін жасауға болады;
-түймелерден машинаның дөңгелегін жасауға болады;
-түрлі түсті қағаздардан қыз баланың бет бейнесін, мата қалдықтарынан орамалын жасауға болады;
-құстың қауырсынынан қанаттарын, құйрықтарын жасаған тиымді;
-балалар өздеріне қажетті заттарды, құралдарды таңдап алып іс-әрекетке кіріседі.
|
Рефлексиялық-түзетушілік
|
Іс-әрекет аяқталған соң балалардың өздері жасаған заттарын көрмеге қоюға дайындайды. Балаларға өздері жасаған кейіпкерлері қаншалықты қызықты болды, оны жасауда қандай қиындықтарға кездесті, қолдарының шеберлігі қандай екенін ерекше атап тәрбиеші еңбек нәтижелерін қорытындылайды.
|
Балалар өздерінің жасаған заттарын сипаттап айта отырып, оның ерекшелігін, басқа балалар жасаған заттардан айырмашылығын айтып, өз достарының еңбектерін де бағалайды және оны көрмеге қоюға лайықтысын таңдайды.
|
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: пластик бөтелкелермен, қайшымен желіммен жұмыс жасау ережелерімен танысады.
Болу керек: өздерінің және басқалардың жұмыстары жайында талдау жасай білуге үйренеді.
Үйрену керек: қажетсіз заттарды пайдаланып оның негізгі бөліктерін және ұсақ бөлшектермен толықтыра отырып бейнелер жасай алуға дағдыланады.
Достарыңызбен бөлісу: |