Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
|
1.2.3.1.Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып,түрлі тәсілмен жауап беру.
1.2.5.1. Қысқа фильмдер мен тыңдалым материалдарының сюжетін өз сөзімен суреттеу
1.3.2.1.Мәтін дегі таныс сөздердің мағынасын түсіну
1.3.4.1.Мұғалімнің көмегімен мәтін немесе иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар\кім? Қандай? Қанша?\қою.
1.5.2.1.Әріп пен дыбысты ажырата білу,төл дыбыстарды дұрыс айту.
|
|
|
|
Сабақ мақсаты
|
Барлық оқушылар:
Өзінің не ішетінін, айта алады,ң дыбысын таниды,дұрыс дыбыстайды,жаза алады,ң дыбысы кездесетін сөздер қатарын атай алады.
|
|
|
Сабақтың ортасы
(6-40 минут)
|
(МК;Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1- тапсырмада берілген суретке аударады. Сурет бойынша ішемін сөзінің мағынасын түсіндіреді Берілген үлгі бойынша ішемін сөзін сусын атауларымен байланыстыра қолдануға үйретеді. Мынау шырын.Мен шырын ішемін.Мынау су. Мен су ішемін.
.
(МК) «Есте сақта!»айдары бойынша мұғалім оқушыларды ішемін сөзінің болымсыз түрімен таныстырады.
МК,Ұ) 2-тапсырмада берілген сөйлем үлгілерін толықтырып айту арқылы оқушылар ішемін, ішпеймін сөздерін қолдануға жаттығады.Аталған сөздерді су,шырын,шай, сүт йран сөздерімен байланыстырады.
Оқушылар бұл тапсырмада өз қалаулары бойынша жауап береді.Кейде ішпеймін сөзін мүлдем қолданғысы келмейтін оқушылар да кездеседі.Мұндада балаға еркінен тыс айтқызудың қажеті жоқ.
(ОТ) 3 –тапсырма арқылы оқушылар берілген үлгі бойынша сөйлеседі.Сөйлеу үлгісінөмірлік жағдаятқа жақындата түсу үшін,үстелдің үстіне шырын, сүт, айран, шай қоюға болады.Сонда оқушылар оны қолына ұстап тұрып сөйлейді. Үлгі:Мынау шырын. Мен шырын ішемі..Мынау шай.Мен шай ішпеймін.
(Ж) 4- тапсырма бойынша оқушыларға қойылатын сұрақтарға жұппен жауап беруге жаттығады.
Бір оқушы сұрайды.Екіншісі жауап береді.Сен не ішесің?Сен не ішпейсің?
(МК,Ұ) Мұғалім ң дыбысымен таныстыру жұмысын Алмабектің суретінен бастайды.Сурет арқылы ң дыбысымен,әрпімен таныстырады.
Аудиодискіден ң дыбысының айтылуын ,қайталау арқылы жүргізеді.Мұғалім оқушыларға дауысты,дауыссыз дыбыстар жайлы түсінік береді.Оқушылар ң дыбысының дауыссыз екенін біледі.Ң дыбысы кездесетін сөздер қатарын сурет бойынша түсіндіреді..Олар.Шаңғы, қоңыр, бәтеңке.
Сондай-ақ мұғалім оқушыларға ң дыбысы кездесетін есімдер туралы ақпарат береді.
Осыған орай оқушылар «Сенің атың кім?»деген сұрақты қайталайды,кім? Не? Сұрақтарын еске түсіреді.Мұғалім ң дыбысы кездесетін сөздерге қандай сұрақтар қойылатынын түсіндіреді.Мысалы: шаңғы не?, Аңсар кім?
(МК;Ұ)Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі.
|
Оқулық
Аудиодиск:7.4.1;7.4.3.;7.4.5
2жұмыс дәптері.
|
Оқулық
Аудиодиск:
4.3.1;
4.3.3
Сөздер жазылған карточкалар.
Түрлі-түсті қарындаштар.
А4 форматында қағаз, қарындаш
№1 жұмыс дәптері
Қосымша тапсырма
4.3
|
|
Сабақтың соңы
(41-45 минут)
|
(Ө) Қосымша тапсырмалар арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.Сондай-ақ АКТ-ні өз бетінше қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.
(Қ)Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады.
Оқушылар сабақ барысында нені білгені,қалай жұмыс істегені,не қызықты әрі жеңіл болғаны,не қиындық туғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.
|
|
|
|
|