Семинар материалдары №2 «45minut kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым»



жүктеу 5,02 Kb.
Pdf просмотр
бет98/147
Дата26.05.2018
өлшемі5,02 Kb.
#17970
түріСеминар
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   147

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Кельдибаева Айгуль Рымбаевна
Қарағанды облысы Осакаров ауданының 
«Осакаровка кентінің № 1 ОМ» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қазіргі  кезде  қоғамдық-әлеуметтік  өмірдің  барлық  саласында  түбірлі  өзгерістердің  болуына
байланысты  білім  жүйесінде  де  біршама  жаңарулар  болып  жатыр. Жаңа заман дәуірі оқушыдан
тек жекелеген пәндер бойынша алынған білімді ғана емес, бәрінен бұрын шығармашылық зерттеу
қызметі   барысында   алынған  тұтас   білім   мен  шынайы  өмір  тәжірибесі     негізінде   тұжырымдалған
тұтастай дүниені сезіну мен дүниетанымды көптеп талап етеді.
Бүгінгі оқушы – ертеңгі студент, магистрант. Бүгінгі бала – қоғамның ертеңгі мүшесі. Баланың
шын мәнісіндегі адам болып қалыптасуы, қыруар уақыт пен тер төгетін, зор еңбекті қажет ететін,
жауапкершілігі мол жұмыс. Сондықтан да     білім берудің негізгі міндеттерінің бірі -   оқушыларды
заманауи тұрғыда, жаңаша оқыту, оларды ойлана білуге үйрету, оқушы кез-келген жаста туындаған
проблемаға төтеп бере алатындай етіп тәрбиелеу. 
Жалпы орта білім берудің басты мақсаты - шығармашыл, бәсекеге қабілетті және құзырлы тұлғаны
дайындау. Ал құзырлы тұлғаны дамыту және қалыптастыру үшін оқушыларды шығармашылыққа,
зерттеу жұмыстарына баулу қажет. Себебі зерттеулер, iзденiс қажеттiлiгi баланың биологиясына тән
қасиет  екендiгi   ешкiмге   таңсық   емес.   Зерттеу   балаға   тән,   қалыпты  жағдай  .Әрбір    денi   сау   бала
зерттеушi болып туылады. Көз алдымызға жаңадан ойыншық алған сәбидi елестетейікшi! Бала бұл
ойыншықты  жан-жақты  қарайды,   умаждайды,   жапырады,    тiстейдi,   ал одан сәл ересектеу бала  –
бөлшектерге бөлiп тастайды. Кез келген кезде, белгiсiз объектiнi немесе құбылысты байқаған бала,
ересектерге “Бұл не?”,”Нелiктен?”, “Неге?”  деген сұрақтарын жаудырады. Баланың қажымай-талмай
жаңа әсерлерге ұмтылуы, әуестiлiгi, белгілi бiр затты тәжiрибелеуге, бақылауға ынталылығы, өмiрден
өздiгiнен жаңа мәлiметтер iздеуi – мұның барлығы баланың беталысының маңызды ерекшелiктерi
десек қате болмас. Бiлмегендi бiлуге деген құштарлық, үнемi зерттеу белсендiлiгi бала бойына туа
бiткен   қасиет.   Баланың   нақ   осындай   танымдық   ынтасынан   зерттеулiк   бағыты   қалыптасады   және
зерттеп оқу қажеттiлiгi туындайды. Сондықтан да оқушының бiлуге деген құштарлығын бастапқыдан
қолдап, үнемі дамытып отыру - бiлiм берудегi маңызды мәселелелердiң бiрi. Ал оның шешу жолдары
– оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.
Оқушылардың   өзіндік   зерттеулері   олардың   жеке-дара   қажеттіліктері   мен   сұраныстарын
қанағаттандыруға   ықпал   етеді.   Ғылыми-зерттеу   жұмысын   жазу   барысында   оқушының   бойында
ізденіс әрекеті ұйымдастырылады, проблеманы танып, оны шеше білу дағдысы қалыптасады.
Зерттеу жұмысымен айналысу, шығармашылық жоба жазу оқушының аналитикалық ойлау қабілетін
дамытып, шешім қабылдай алу қабілетін қалыптастырады. Ғылыми-зерттеу жұмыстары оқушының
интеллектуалдық   дамуының   өсу   деңгейін   арттырады.   Ғылыми   сипаттама   беруді   үйренеді.
Ғалымдардың   тәжірибесіне   негізделген   материалдарды   іздестіріп,   танымдық   белсенділігін
арттырады.   Ғылыми   еңбектермен   жұмыс   жасау   әдістерін   меңгереді.   Ғылыми   жұмыстардың
теориялық   және   тәжірибелік   аспектілерін   шешуде   шығармашылық   белсенділік   көрсетіп,   ғылыми
нәтижесін алады. Қоғамдық өмірге бейімделген интеллектуалды жеке тұлға қалыптасады. Еліміздің
ғылыми дәрежесін жоғары деңгейде көтеретін ұрпақ даярланады. 
 Бұл функциялар ғылыми-зерттеу жұмысының жазылу барысында орындалып жатса,  жобаны қорғау
кезеңінің   де   тиімді   жақтары   бар.   Қорғау   баланың   зерттеулiк   iзденiсiнiң   мотивациясын
қалыптастыратын   фактор   болып   табылады.   Жеке   шығармашылық   iзденiсiнiң   қорытындысын
хабарлау басқаны оқыту әрекетi болып саналады. «Басқаны оқыта отырып, өзiң де оқисың» деген
Я.А.Коменскийдiң нақты ойы ғасырлар бойы айтылуда.
Өз   жұмысын   қорғау   –   қазiргi   өмiрде   маңызды   дағдыларды   игеруге   мүмкiндiк   туғызады.   Қорғау
барысында оқушы табылған ақпараттарды баяндауға, проблемаға басқаша қарауға, өзiнiң көзқарасын
дәлелдеуге,  басқаны сендiруге  жаттығады.  Сондықтан  да  жүзеге  асырған жобасын қорғау  кезеңiн
елеусiз қалдыруға болмайды.
Ғылыми-зерттеу   жұмыстарын   ұйымдастыру   –   біздің   мектебімізде   басты   мәселеге   айналып   отыр.
Оқушыларды   зерттеу   жұмыстарына   баулу   бастауыш   сыныптардан   негіз   алады.   Бұл   орта   буынға
220


Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
келген     оқушының   белгілі     бір   пәнге   деген   қызығушылығын   қалыптастырып   қана   қоймай,
ізденімпаздылыққа   жетелейді.     Мәселен,   мен   өз   практикамда   оқушыларды   осындай   зерттеу
жұмыстарына   баулуда   көбіне   сабақтарда   этнопедагогика   элементтерін   қолдану   мәселесіне   ден
қоямын. Сабақтарда өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді меңгертіп қана қоймай, қазақ халқының
ұлттық болмысы мен құндылықтарын танытуға жетелеймін. Соның нәтижесінде   бірнеше ғылыми-
зерттеу   жұмыстары   жазылып,   қорғалды.Атап   өтетін   болсақ,   Юсупова   Петимат   «Жеті   –   қасиетті
ұғым» атты жобасында қазақ ұғымындағы 7 санының қасиетін қарастырып, осы санмен байланысты
атаулардың түпкі мағыналары мен тәрбиелік маңызын сараптап, құрамында жеті саны бар мақал-
мәтелдер мен тұрақты тіркестерді жинақтады. 
Солдатов Сергей қазіргі қазақ балалары арасында ұмытыла бастаған асық ойындарына қызығушылық
білдіріп, «Қазақтың асылы - асық» атты зерттеу жұмысымен айналысты. Жұмыс барысында оқушы
асық түрлері мен атауларын зерттеп, асық ойындарының тәрбиелік мәні мен пайдасын ашып, асыққа
қатысты ойын түрлерін жинақтады. Осы ғылыми-зерттеу жұмысы арқылы Сергей қазақ халқының
ұлттық   ерекшелігін   тани   түсті.   Көптеген   байқаулардың   жеңімпазы   Забровская   Александраның
республика көлемінде қорғаған «Жылқы малына қатысты фразеологиялық тіркестер» атты ғылыми-
зерттеу   жұмысын   ерекше   атап   өтуге   болады.   Мектебіміздің   биылғы   жылғы   түлегі   Кореновская
Юлияның   «Даналық   ойдың   жемісі     -   тыйым   сөздер»   атты   жұмысы   да   сәтті   болды.   Аталған
жұмыстардың бәрі аудандық, облыстық жобалар байқауында жүлделі орындарды иеленді.  
«Бұлақ   көрсең,   көзін   аш»   деген   ұлағатты   сөзге   сүйеніп,   бар   мүмкіндікті   пайдаланып,   баланың
қабілетін, дарынын ашу және әрбір оқушының өз мүмкіндіктерін, қабілет және икемділігін таныта
білуіне   жағдай   жасау   –   мұғалімнің   басты   міндеттерінің   бірі.   Ендеше   мектепте   оқушыны
ізденушілікке   баули   отырып,   ғылым   мен   техниканың   жетістігіне   сәйкес   армандарына   жетуге,   өз
жолдарын   дәл   табуға,   ғылымға   жетелеу   арқылы   өздерінің   қабілеттерін   ашуларына   көмектесуіміз
қажет.
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ТӘРБИЕНІҢ ТҮП ҚАЗЫҒЫ
Ещанова Гүлжан Кенжешқызы информатика пәні мұғалімі
        Ғ. Мәсәлімов атындағы орта мектеп Исатай ауданы Х. Ерғалиев ауылы
«Еліміздің   ертеңі   бүгінгі   жас   ұрпақтың   қолында,     ал   жас   ұрпақтың   тағдыры   ұстаздардың
қолында» Н. Ә. Назарбаев
Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келелі мәселе – білім
беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі – білім, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы
жоқ.   Осы   орайда   білім   ордасы   –   мектеп,   ал   мектептің   жаны   –   мұғалім   екендігі   баршаға   мәлім.
Мұғалімдік қызметтің басты бағыты – тәрбиеленушілермен жұмыс жасау, олардың білімділігі мен
рухани мәдениеттілігіне қамқор болу, өз Отанының шынайы патриоты болуға тәрбиелеу.
Бүгінгі күнде жас ұрпақтың санасында туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып,
ұлттық рухты сіңіру, сондай-ақ ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, халықтық салт-
дәстүрді   аялай,   ардақтай   білуге   тәрбиелеу   –   басты   міндеттердің   бірі.   Жас   ұрпақтың   ұлттық
дүниетанымын, бір-бірімен қарым-қатынас жасау мәдениетін, сөз мәнерін қалыптастыруда ұлттық
құндылықтарымыздың   алатын   орны   ерекше.   Оқушылардың   мәдени   құзыреттілігін   қалыптастыру,
оны ұлттық құндылықтарымызға негіздеу бүгінгі жаһандану дәуіріндегі педагогика ғылымындағы
айшықты міндеттердің бірі.  
Бізді де осы үрдістен алып шығар–ежелден қалыптасқан ұлттық құндылықтарымыз   және   білімді
ұрпақ   болмақ.   Сол   себептен   де   жас   ұрпақты   тәрбиелеуде   басты   ұстанар   бағытымыз   –   ұлттық
құндылықтар   болуы   қажет.   Осындай   бағытта   баланың   бойына   ұлттық   құндылықтың   нәрін   сеуіп,
азамат қылып өсіру ұстаз бен ата-аналарға байланысты. Осы жерде  тәрбиенің түп қазығы мұғалімнен
бастау алатындықтан ұстаздың білімді де білікті болуы  маңызды болмақ. Балаға жүрек жылуы жоқ
жан ұстаз бола алмайтындығы белгілі.
221


жүктеу 5,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау