Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
болса, киім сатып алғанда екі қолға, екі аяққа бір - біржұптан қолғап пен етік алады.
мен 2 санынан кейін адамдар 3 санын ұзақ жылдар бойы үйрене бастады. Бұл сан тұрмыста өте жиі
кездеседі. Мысалы, ошақ бұты – тері киім 3 бойдан (кеуде мен жең) тұрады, шалбар да 3 бойдан (бел
мен балақ ) тұратынын байқаған. Сөйтіп, бір алақандағы 5 саусақты меңгеріп, екінші алақандағы
саусақтарға көшіп отырған. Егер саналатын заттың мөлшері көп болса, екі аяқтағы бақайды қосып, ол
жетпесе екі алақанды саусақ пен бақайдың буынын санап, қимылдайтын бүгілетін дене мүшелерін де
пайдаланған.
Сандар әлем халықтарының қолданысында
Баяғы замандарда түркі тайпалары жайлауда отырып, бірнеше түтіннен тұрған екен. Олар сол
кезден – ақ санның орнына жанұя мүшелерін, ауыл санын әр үйден шыққан түтінге балаған. Сол
кездегі ырым бойынша, жанұя мүшелерін қолмен санамаған, өйткені адамның шығыны болады деп
түсінген. Ол кезде торғауыттар – 10 сан, қалмақтар – 40 сан, ноғайлықтар – 100 сан, қырым татарлары
– 40 сан түтіннен тұрған екен. Мұндағы сан ұғымы ол кезде «мың» деген сандық ұғымды білдірген.
Түрік халқы сан деген ұғымды өздерінің сөздік қорларында әртүрлі атаған. Мысалы: сан, сансыз,
қыруар, көп, мол деп санауға болмайтын заттарды атаса, ол заттардың ең кішкентай бөлшектерін
кішкентай, титімдей, бір тамшы, бір мысқал, құйтымдай десе, енді бірде жазықтарды – даладай, ат
тебеліндей, түйнектей, алақандай десе, судың мөлшерін – терең, таяз, бөлшек ұғымдарды – жарым,
жарты деген. Әлемдегі бүкіл түркі халықтарының отаны – Ұлы дала, ол даланың иесі – көне түркі
елінің шаңырағын шайқалтпай отырған қазақ елі. Түркілер саудадағы айырбас кезінде өз дене
мүшелерін жиі пайдаланған екен. Мысалы, бір қарыс, сүйем, сере қарыс, кере қарыс, табан, бір елі,
екі елі, бір шымшым, бір шумақ. Міне, осы өлшемдер бойынша,матаны – шынтақ, бой, ал ұзындықты
– шақырым, бие сауым, сүт пісірім, ет асым жер, көз көрім жер деп уақыт ұзақтығын өздерінің
күнделікті тұрмыстарынан алған екен.
Санды орыс тілінде «число» дейді, бұл сөз латынның «числяре» деген сөзінен алынған. Оның
мағынасы ұсақ тас кесу, керту, белгі сияқты түсінікті береді. Сандардың дамуына әлемдегі пайда
болған алфавит реттерінің әсері де көп болды. Алфавиттің пайда болуынан сан мен фонетика арасы
бөлініп, әрқайсысы өз қызметін атқара бастады. Санау жүйесінің арасында әр халықтың заманына
қарай санағы болады. Солардың ішінен тек біреу ғана әлі күнге дейін қолданыста. Оған 2,5 мың жыл
болса да ол сандар бәріне таныс. Осы сандар сағаттарда, ескерткіштерде, кітап парақтарында
кездеседі. Ол – римдік санау жүйесі. Одан кейін римдік санау әдістері орын ауыстырды. Бұл
сандардың пайда болуынан кейін сандарды қосуға, алуға жағдай туды. X+V=XV, XX-X=X.
Жұлдыз жорамалшылар пайымдауынша сандар қасиеті
XV ғасырларда атақты КорнемейАгриппа сандық және астрономиялық сәйкестіктер туралы жазба
жұмыс жасаған. Содан бері астрологтар планеталық әсерлерді бағалап, маңызды сандық
астрологиялық ақпараттарды жинақтаған. Жұлдыз – жорамалшылардың пайымдауынша әр
планеталардың өзінің сандық мағынасы бар. Мысалы, Меркурий – 4, Нептун – 9 сандарымен
байланысты. Меркурий материалдық жетістік әкеледі, 4 санының иелеріне интеллектуалды нұр мен
шығармашылық әкеледі. Ал нептун адамға күшті психологиялық энергия береді. Ол да үлкен
жетістікке, қабілетін аша біледі. Жылдың әр айының әр күніне байланысты бақытты, бақытсыз
күндері анықтаған. Әр адамның туылған күні, айына, жылына байланысты өз санын шығаруға
болады.
Өз саны
Ай ішіндегі сәтті күндер
1
1,10,19,28
2
2,11,20,29
3
3,12,21,30
4
4,13,22,31
5
5,14,23
6
6,15,24
7
7,16,25
8
8,17,26
218
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
9
9,18,27
Қорытынды
Сандық ұғымдар математика пәні бойынша бізді қоршаған дүниенің бір жағын, яғни сандық
қатынасын білдірді. Демек, тіл – адамзат қоғамының дамуы барысында қатынас құралы ретінде
ерекше қызмет атқарса, сан ұғымдары да ұзындықты, уақытты, салмақты, бөлшекті және заттың
құнын анықтаса, ол да осы белеске ие болған.
Егер сан таңбалары болмаса, рухани өміріміз бен күнделікті жұмысымызды өз дәрежесінде
жүргізе алмай, халқымыздың тарихи халқының ар – ожданы болған ұлы Абай да былай деген:
«Дүние – үлкен көл, алдыңғы толқын ағалар, кейінгі толқын – інілер, кезекпен көрісер, баяғыдай
көрінер».
Адам жас кезінде есейгенде аңсаса, елудің белінен асқанда, балалығын еске алып, содан қуат
алады. Егер әр жас ұрпақ көңілінде ұялап қалған өмір суреттерінен өкінбес үшін, тал бесікпен жер
бесік арасындағы жылт еткен өмір сәулесін мағыналы өткізсе, уақытпен жарысып, артына із
қалдырса, ата – ана тілегі де осы емес пе? Уақытты босқа өткізу ессіздіктің ісі ғой.
Сан – ел өмірі экономикасының көрсеткіші. Сондықтан адам өмірінің қай саласы болмасын санмен
өлшенеді, сансыз ойыңды жеткізу мүмкін емес, сөзбен сапырылысқан заттық ұғымдардың бәрі де
санмен араласып келсе, сан адам ғұмырымен дүниеге келіп, аяқталады.
Пікір
№40 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш класс мұғалімі
Абишова Бекзат Абсултановна
Ахтанқызы Гаухар «Сандар қасиеті» атты тақырыпта біраз уақыттан бері ізденіс жүргізуде.
Қарастырылған жобада сандар және олардың қасиеттеріне, түрлеріне, ерекшеліктеріне толық
тоқталған. Математика әлемінің тереңіне бойлап, оның аса мазмұнды да, көпшілік қажетіне
жаратпақшы болған бұл оқушының қадамы құптарлық іс.
Оқушы өзіндік ізденіс жұмыстарын жүргізіп, ақпараттар жинаған. Жобада қолданылған
әдебиеттер санын көбейтіп, ізденіс жалғастыруда. Әлі де болса дерек жағынан молырақ қамтып,
архив қолжазбаларын молырақ қолдану керек.
Бұл ғылыми жоба білімділік пен тәрбиелік мақсаттарын жүзеге асырумен қатар, оқушыларды
шығармашылыққа баулуда үлкен маңызы бар.
Осы жоба ішінде оқушыларға таныс емес сандар қасиеті енгізілген. Мектеп оқушыларына осы
ғылыми жобамен таныса отырып, оны меңгеру өте қажет.
«Сандар қасиеті» тақырыбын одан әрі жүргізетініне,оның қолдау табатынына сенім білдіремін.
Қолданылған әдебиеттер
1. Алдамұратова Т.А. «Математика» Алматы «Атамұра» 2001 ж.
2. Ахметжанова Ф.Р, Дүсіпбаева Қ.С, «Қасиетті сандар қатысқан қазақ ескеліктері» Ғылыми
басылым ШҚТУ , Өскемен 2001 ж.
3. Әлімбай Т.Р. «Математикадан тыс жұмыстар» Алматы «Рауан» 1992 ж.
4. Бақытбек М. «Жас Алаш» газеті Алматы 2001 ж.
5. Дж. Болл «Бәрі де сандар туралы» Алматы кітап 2006 ж
6. Азия транзит әдеби – танымдық журналы.
7. Математика оқулық беттерінен и.Я. Депман, Н.Я. Виленки; «Просвещение», 1989 ж.
8. Факультативный курс по математика 7-9 И.Л. Никольская; «Просвещение» 1991ж.
9. Физика және математика журнал беттерінен
10. Математика әлемінде В.В.Волина 1999 ж.
11. Интернет беттерінен
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ – ОҚУШЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ
219
Достарыңызбен бөлісу: |