Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер, салауатты байлық өмір – ең басты байлық. 1997 жылы
Елбасының « Қазақстан 2030» жолында салауатты өмір салтын ынталандыру, әрқайсысымыздың дене
тәрбиесімен айналысуымызға, азаматтардың салауатты өмір салтын насихаттау, теріс әдеттерден
спортқа көшіру – делінген. Осының нәтижесінде дене тәрбиесі мен спорт бойынша жүргізілген
жұмыстар елімізге деген сүйіспеншілік пен адамгершілікті қалыптастыруы тиіс. Жас
ұрпақтарымызды дені сау болу. Білімді денсаулығы зор ұрпақ өсіру жан – жақты білім беру
денсаулықты сақтауға үйрету, кез – келген әрбір адам физикалық, рухани әлеуметтік тұрғыдан
денсаулығы мықты болу үшін салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Оқушылар күнделікті өмірде сабақта болған, үй тапсырмасын орындаған кезеңдерде көптеген қимыл
- әрекеттер, қозғалыстар жасайды. Осының бәрі дененің жекелен мүшелерінің қалыптасып жетілуіне
өз әсерін тигізеді. Организм өз шамасы клктін жаттығу мен дұрыс ұйымдастырылған жұмыстарды
орындағанда ғана өсіп – жетіледі. Себебі дененің қалыптасуы мен адамның жеке басының қасиеттері
бір – бірімен тығыз байланысты. Денені жүйелі түрде шыныұтыру мен денсаулықты нығайту
адамның ой – саласының өсуі мен шығармашылық қабілеттерінің дамуына ықпал етеді,әр уакытта
окушылар бойында сауықтыру, тәрбиелеу, білім беру міндеттері қатар жүрсе организмнің бірқалыпты
дамуына әсер тигізеді. Бұл міндеттердің негізгі көрсеткіші – адамның денсаулығын жақсартып,
қалыптастыру және денені дамыту. Дененің демуы дегеніміз - өмірде адам организмінің қызметі мен
формаларының өзгеріп жетіліп отыруы. Дененің сау болуын қандай адам қаламайды? Денсаулық
дегеніміз – адам жаны мен тәнінің амандығы. Дені сау адам өзі үшін де, қоғам үшін де керек.
Бүгінгі дені сау ұрпақ – елдің ертеңгі жалғасы. Халқымыздың тіршілігі мен бірлігі , жарқын келешегі
үнемі денсаулық мәдениетінің қаншалықты дәрежеде қалыптасуына байланысты. Денсаулық – ел
дамуының басты арқауы. Денсаулықты сақтаудың бірден – бір дұрыс жолы – зианды жат қылықтарға
үйренбей, салауатты өмір сүру.
Ғасыр дерті дегеніміз – қазіргі таңда бүкіл әлемге кеңінен тарап, ушығып тұрған мәселелер.
Адамның рухани өсуімен денесінің өсіп жетілуі балалық шақта қалыптасады. Гимнастикамен, жеңіл
отлетикамен, жүзумен, шаңғымен т.б спорт ойындарымен жүйелі түрде және үздіксіз айналысатын
балалар дені сау болып қана қоймай, дене жаттығуларын орындаумен айналыспаған өздерінің
құрдастарына қарағанда сергек саналы болып өсетінін ғылым мен өмір тәжірибесі толық дәлелдеп
отыр. Дене тәрбиесімен айналысатын оқушы жақсы оқып, білгендерін іске асыратын табанды, жігерлі
азаматтар қатарына қосылады. Спорт қоғамға жат қылықтармен күресуге көмектесетіні ұжымдық
және өзара көмек беру сезімдерін жетілдіретіні, белсенді өмірлік көзқарасты тәрбиелейтіні жоғарғы
адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратыны – өмірде белгілі болған қағидалар. Күштілік,
төзімділік, жылдамдық, икемділік, сергектік, өмірге деген құштарлық, мықты денсаулық тәрізді
сапалық қасиеттер дене шынықтырумен спорт арқылы орнығып қалыптасады. Ұлттық спорт түрлері
мен ойындар дене тәрбиесінің маңызды құралымен әдісі ретінде адамның бүкіл тіршілік тұрмысында
өзінің маңызын жоғалтпайды, тек олардың маңызы мен өткізілу әдістері өзгеріп отырады. Ойын өсіп
келе жатқан ұрпаққа білім мен тәрбие берудің ертеден қлыптасқан құлралы. Сондықтан ойындар
оқушыларды болашақ өмірдегі еңбек қызметіне даярлап, тәрбиелік міндеттердің кең ауқымын шешу
үшін арнайы ұйымдастырылады. Ойындардың ұйымшылдықты, еңбекқорлықты, тапқырлықты,
алғырлықты дамытудағы, қозғалыс үйлесімділігін жетілдірудегі маңызы аса зор. Бұл қабілет –
қасиеттердің бәрі де ойын арқылы қалыптасады. Ойындар баланың жалпы дене дайындығының жан-
жақты дамуына терең әсер беретін құрал болып табылады. Ойындардың көмегімен жүгіру, секіру,
лақтыру, тасымалдау, ойлау сияқты өмірлік маңызды дағдылардың арқасында жылдамдық, ептілік,
күш, төзімділк, иемділік дене қсиеттері жетілді.
Ойындағы қимыл-қозғалыстар адамға тән іс-әрекеттің жеке түрі болып табылады. Олар адам
қалыптаса бастаған алғашқы кезеңдерден-ақ басталып, кейінгі даму тарихында да бірге келе жатыр.
Бір ұрпақтың келесі ұрпаққа тәрбие үйрету қажеттілігінен де ойындардың пайда болуы жайғасады.
Ойындардың пайда болуы еңбекпен, адамды, табиғатты бағалауға жетелеген белсенді іс-әрекетімен
тікелей байланысты. Алғашқы аңшылық, кейін мал өсіру жер өңдеу шарушылығымен байланысты
өмірлік үрдістер бала ойындарының даму негізін құрайды. Осы аталған ерекшеліктер ойын мен еңбек
арасындағы тығыз байланыспен өзара әсерді көрсетеді. Осыдан жеке адамның, сондай-ақ тұтас
қоғамның дамуын қамтамасыз ететін ойынның әлеуметртік қызметі көрінеді. Ойындардан халық
дәстүрі оның өмірі мен тәжіриебесінің ғасырдық жиынтығын молынан байқаймыз. Әсіресе ұлттық
ойындардан көрінеді. «Бұл елде қандай халық тұратынын білгің келсе, балалардың ойындарына қара»
31
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
деген монғол мақалы сөзіміздің дәлелі іспетті. Ұлттық ойындар мен дене жаттығулары мектепте
үнемі кеңінен қолданылады. Олардың көбі ресми бағдарламаға еңген. Сондай-ақ мектептен тыс,
сыныптан тыс дене тәрбиесі жұмыстарындада кеңінен қолданылады. Ұлттық қозғалыс ойындарының
дене дамуын қалыптастырудағы маңызы өте зор. Халықтың педагогикалық бір құралы бола отырып
ойындар жасөспірім ұрпақтың моральдық, ерік-жігер, адамгершілік қасиеттерін дамыту, қимыл
дағдысы мен білімін, еңбек қабілетін, ұйымдастырушылық және басқа сапаларды да
қалыптастырады.
Ұлттық қозғалыс ойындары дене шынықтыруда даярлық пен қабілетті анықтайтын өзіндік өлшем ған
емес, өсіп келе жатқан ұрпаққа жоғары гуманистік қасиет пен әдепті тәрбиелеу мақсатындағы
халықтық педагогиканың құралы болып табылады. Сондықтан да оқушылармен жұмыс істеуде
ұлттық қозғалыс ойындарының жас ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған бай тәжірибесін қолдану қажет.
Халықтық педагогиканың таусылмас қазынасы бола отырып, ойындар қазіргі жағдайда да күшті
құралға айналып отыр. Себебі мұнда тәрбие жұмысын жүргізудің күнделікті тәжірибесінда қажетті
қағидалар бар. Ойын мәліметтерінен қазіргі заман талабына сай ең бір қажетті ыңғайлы элементтерді
таңдап алу қажет.
Ұлттық қозғалыс ойындары сол халықтың дәстүр-салтымен байланысты. Бірақ дене тәрбиесі
дәстүрі қатып қалған қозғаусыз емес, үнемі өзгеріске ұшырап отырады. Осыған орай, нақты
жағдаймен қолдану ыңғайына қарай ұлттық ойын түрлері үнемі өзгертіліп отыруы тиіс. Дене
тәрбиесінің жалпы жүйесінде ұлттық ойындарға көп орын бөлінген олардың көмегімен әр түрлі
жастағы балалармен, жасөспірімдердің дене тәрбиесі мен көп міндеттер атқарылады. Оқушылардың
дене дамуын жетілдіру үшін қолданылатын кез келген ұлттық ойын міндетті түрде сауықтыру,
шынықтыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, білім беру және тәрбиелеудің ең жоғарғы
міндеттерін атқаруға тиіс. Сондықтан да ойын барысында үйрету әдістеріне аса жоғары талаптар
қойылады. Әсіресе мектеп оқушыларын тәрбиелеу мақсатында ұлттық қозғалыс ойындарды
қолдануға көп күш салу керек. Қозғалыс ойындарына дұрыс басшылық жасаса журек қан-тамыр,
бұлшық ет, тыныс алу және ағзаның басқада жүйелеріне жағымды әсер етеді. Ойынды жүргізгенде
балалардың жас ерекшеліктерін, дене даярлығын есепке алу және жүктемені дәл реттеу қажет. Ойын
тұлғаның қалыптасуына үлкен рөл атқаратын алғашқы қызмет. Ойын кезінде қалыптасқан қарапайым
қимыл дағдыларынан кейін қозғалыс техникасын үйрену оңайға түседі және оны меңгеруді
жеңілдетеді. Ойын барысында көп рет қайталау дене қасиеттерін қалыптастыруға көмектеседі. Ойын
әдісі өзіне тән ерекшеліктеріне қарай қимыл-қозғалыс қызметін кешенді жетілдіру әдісі болып
табылады. Ол ептілік, шапшаңдық, бағдарлау, өз бетімен жұмыс істеу сияқты қабілеттерді жетілдіруге
мүмкіндік береді. Шапшаңдықты дамыту ойындарының алдында қыздырыну жаттығуларының
маңызы зор, ал ойындар мен эстафета барысында демалу үшін минуттық үзілістер жасаған жөн.
Ұлттық қозғалыс спорт ойындары адам ағзасын дамытып қана қоймай оның тұлға ретінде
қалыптасуына ықпал етеді. Ойын қызметі, спорт секілді физиологиялық ғана емес психикалық
үрдістермен сипатталады. Ойында мінез құлықтың эмоциялық моделін құруға болады. Бала тәрбиесі
үшін спорттың да осындай маңызы зор. Ұлттық ойындар жаттықтыру үдерісінде пайдаланатын
құралдар жүйесінде көмекші, қосымша жаттығу ретінде қолданылатынын ұмытпаған жөн. Спортта
ойын әдісі мен ойынды жаттығудың айрықша түрі ретінде ғана түсіген дұрыс емес ойын әсріесе
балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуда маңызды әлеуметік- педагогикалық қызметтер
атқарады. Ең алдымен ол ұжым құруға көмектеседі. Ұжымды трбиелеу жарыстарға дайындық
жүйсімен жоспарланады, ал ойын осындай дайындықтың белсенді құралы болып табылады. Ұлттық
қоөғалыс ойындарының ерекшелігі мінез-құлықпен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға ықпал
етеді. Ойында ережелердің рөлі зор оларды мүлтіксіз орындау адамдық пен әділетілік саналы тәртіп
ттәрбиелеуге ықпал етеді, ал бұл спорт үшін өте маңызды. Ұлттық ойындар көмегімен
спортшылардың ерік-жігерін тәрбиелеу үшін ойын материалын жақсы білу керек.
Ұлттық қозғалыс ойындарды ұйымдастыру және өткізу кезінде тәрбие, білім беру, сауықтыру
шаралары бір-бірімен жүйелі түрде ұштасқан ғылыми тұрғыда негізделген болуын үнемі ескеріп
отыру керек. Ұлттық қозғалыс ойындарды өткізу кезінде басқарушылық мұғалімдерге немесе
тәрбиешілерге жіктелуі тиіс. Дене тәрбиесі сабақтарыда ұлттық қозғалыс ойындарында бағдарлама
талаптарына сәйкес білім беру тәрбиелеу және сауықтыру міндеттерін шешу бағытында
қолданылады.
Білім беру міндеттеріне – жүгіру, секіру, лақтыру дағдылырын жетілдіру және бекіту
32
Достарыңызбен бөлісу: |