Семинар материалдары №2 «45minut kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым»



жүктеу 5,02 Kb.
Pdf просмотр
бет17/147
Дата26.05.2018
өлшемі5,02 Kb.
#17970
түріСеминар
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   147

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
1. 80400 санының алдында тұратын санды атаңдар
2. Үстел үстінде 3 қияр, 2 сәбіз, 5 алмұрт тұр. Үстелдің үстінде барлығы қанша көкөніс бар?
3. Ең үлкен төрт таңбалы саннан ең кіші екі таңбалы санды азайт.
4. Шоколад плиткасы 4 жол 8 бағаннан тұратын майда бөліктерден құралған. Егер оны бөлгенде бір
бөліктен сындырса, неше рет сындыру арқылы майда бөліктерге бөлуге болады? 
5. Егіннің басында 20 торғай отыр еді. Егінші оның үшеуін атып түсірді. Далада неше торғай қалды?
6. Дәптер қаламнан 20 теңгеге арзан. Қалам фломастерден 30 теңгеге арзан. Егер фломастер 54 теңге
тұрса, дәптер мен қалам қанша тұрады?
7. Тікбұрышты параллелепипед тәрізді сарайдың іші жем-шөпке толтырылған. Сарайдың ұзындығы
10 метр, ені 8 метр, биіктігі 3 метр. Егер 10м
3
  жерде 6 центнер жем-шөп болса, сарайда барлығы
қанша жем-шөп бар? 
8. Арман кешкі асын ішіп болғасын сағатқа қарап еді, сағаттық тілі 8-дің қасында, ал минуттық тілі 9-
ды көрсетіп тұр екен. Сонда сағат неше болғаны?
9. Шыңғыс үй тапсырмасын 2 сағат орындады. Ол осы уақыттың 1/3 бөлігінде есеп шығарды. Ал
қалған уақыттың ¼ бөлігінде өлең жаттады, қалған уақытты сурет салуға жұмсады. Шыңғыс қанша
минут сурет салды?
10.   Екі   велосипедші   екі   ауылдан   бір   мезгілде   бір-біріне   қарама-қарсы   бағытта   жолға   шықты.
Біріншісінің жылдамдығы 12 км/сағат, екіншісінің жылдамдығы 18 км/сағат. Олар 2 сағаттан кейін
кездесті. Екі ауылдың арақашықтығын табыңдар. 
 
3-кезең
Логикалық ойлауың қалай?
«А» нұсқасы
Бір қарт кісіден “Жасыңыз нешеде?” деп сұрағанда: “Жасым жүзде, туған күнім 25 рет болды 
депті.Қарттың не айтқысы келді?
«Ә» нұсқасы
Поезд 8-қазан күні сағат 7-де“А” қаласынан шығып, 10 қазан күні сағат 19-да “В” қаласына келіп 
тоқтады. Поезд жолда неше сағат болды?
«Б» нұсқасы
4 қой бір қойдың алдын-да келе жатыр, 4 қой бір қойдың артында келе жатыр, 1 қой ортасында
келе жатыр. Барлық қой нешеу?
4-кезең
Тез және дұрыс есепте 
7740 : 86 * 35+2000:8 –(5760:90)*52+38430:7
Осы кезеңнен кейін ұпайы аз сынып ойыннан шығарылады
Осы кезеңнен кейін ұпайы аз тағы бір сынып ойыннан шығарылады. Ойынның келесі кезеңі «Жұмбақ
есеп» деп аталады. Жұмбақты 3 сынып оқушылары сахналап көрсетеді.
Ақтық кезең  «Жедел жауап» деп  аталады.  Топ басшылары  шығып 1 минут  ішінде  неғұрлым  көп
сұраққа жауап берулері керек. Сайыстың қорытындысын айту үшін сөз әділ-қазыларға беріледі.
І-орын       ІІ-орын  ІІІ-орын
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
LESSON STUDY МҮМКІНДІКТЕРІН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ТӘЖІРИБЕДЕ ҚОЛДАНУ
Қызылорда қаласы. №173 Ә. Молдағұлова атындағы 
орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің 
мұғалімі  Салходжинова Баян Есенгелдіқызы
Бәсекеге   қабілетті   дамыған   м   емлекет   болу   үшін   біз   сауаттылығы   жоғары   елге   айналуымыз
керек.Қазіргі   әлемде   жай   ғана   жаппай   сауаттылық   жеткіліксіз   болып   қалғалы   қашан.   Біздің
азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын
меңгеруге   дайын   болуға   тиіс.Сондай-ақ   балаларымыздың,   жалпы   барлық   жеткіншек   ұрпақтың
35


Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген
болуы үшін бұл аса маңызды.Білім беруді жаңғырту – бүгінгі заманның талабы.  Қазіргі таңда жаңа
технологиялармен   оқыту   жүйелі   түрде   жолға   қойылып   келеді.   Оған   мамандарды   қайта   оқыту,
интерактивті білім беру, түрлі технологиялық тәсілдер арқылы оқуға деген қолжетімділікті арттыру
сынды мысалдарды айтуға  болады. Біздің елімізде білім  беру жүйесін жаңғырту үш  басты бағыт
бойынша жүзеге асуда. Біріншісі, білім беру мекемелерін оңтайландыру; екіншісі, оқу-тәрбие үдерісін
жаңғырту; соңғысы, білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру. Осы үш бағыт
бойынша жұмыс жасау Елбасы Н. Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа Жолдауында да, ұзақмерзімді
стратегияда да қамтылған.
1-деңгей Бағдарламасының мақсаты білім берудегі инновациялық үдерістерді қолдау, оқыту мен оқуда
қолданылатын   әдістер   мен   тәсілдердің   тиімділігін   қамтамасыз   ету   болғандықтан   мен   де     мектеп
тәжірибесін өзгерту үшін жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануды жоспарладым. 
Жаймен-жаймен әлем елдері мойындап келе жатқан жапон әдісі Lesson Study-ді мен де өз 
тәжірибемде қолданып көрейін дедім. Мақсатында мұғалімдер Lesson study-дің мәні оқушылардың 
назарын оқуға шоғырландыру арқылы оқытуды дамыту және жетілдіруге арналған құрал екендігін 
түсінулері керек. Lesson Study-ді ұйымдастыратын алдында көп ойландым, дәстүрлі сабақ беріп 
үйреніп қалған мұғалімдерге қалай түсіндіремін, оқушыға қалай жеткіземін деп қиналдым. 
Тәжірибеде мұғалімдер Lesson study-ді оқуды, оқытуды және мұғалімдердің тәжірибесін дамыту және
жетілдіруге арналған құрал ретінде қолдану мақсатында әріптестермен өзара ықпалдасады деп 
ойлаймын.
Lesson   Study  –   мұғалім   тәжірибесі   саласындағы   білімді   жетілдіруге   бағытталған,   сабақтағы   іс-
әрекеттегі  зерттеудің ерекше  үлгісі  болып табылатын  педагогикалық тәсіл.  Ол ХІХ  ғасырдың  70-
жылдарында   Жапонияда   бастау   алып,   осылайша   Батыста   қолданылатын   «Іс-әрекеттегі   зерттеу»
тәсілінен 70 жыл бұрын қолданыла бастаған. 
Lesson Study-ге шараны бірлесе жоспарлап, өткізетін, қадағалайтын, оқыту мен оқуды талдай отырып,
өз қорытындыларын қағаз бетіне түсіретін мұғалімдер тобы қатысады.  Lesson Study  циклін өткізу
кезінде мұғалімдер оқыту тәжірибесіне жаңа әдістер енгізеді немесе оны жетілдіреді, кейін ашық
Lesson Study өткізу немесе жұмыс сипатталған құжатты жариялау арқылы әріптестеріне таратады.
Мектептерде Lesson Study тәсілін қолдануда: 
 

Lesson Study-ді жоспарлауда, өткізуде және талдауда, 
 

Оқушыларды Lesson Study үдерісіне тартуда, 
 

Lesson Study өткізу нәтижесінде алынған тәжірибелік білімді әріптестермен бөлісуде көмектесе 
алады. 
Lesson Study бастауыш және орта мектептерде негізгі пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейін 
көтеру және оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында, сонымен қатар оқыту үшін бағалау сияқты 
тәжірибелік әдістерді әзірлеу мақсатында табысты қолданылады. Lesson Study өткізу барысында топта
(немесе жұппен) жұмыс істейтін мұғалімдер: 
• Өздері күнделікті жинаған материалдары мен жүйелі бағалау деректерін оқушылардың оқу мен 
даму басымдықтарын белгілеу үшін қолданады. 
• Алдағы уақытта әзірленетін немесе жетілдірілетін, белгіленген міндеттерге жауап беретін оқыту 
әдістемесін бірлесіп анықтайды (1-суретті қараңыз). 
• Үш «бақылаудағы оқушыны» анықтайды, олар әрқайсысы сыныптағы белгілі бір топтың өкілі 
болуы қажет, мысалы, оқу үлгерімінің деңгейі жоғары, орта, төмен оқушылардан. 
• Lesson Study-ді бірлесіп жоспарлап, сабақты өткізу барысында зерттелетін үш оқушыны үнемі 
назарға ала отырып, оқыту әдістемесін пайдаланады және оның нәтижелерін мұқият зерттейді. 
• Бақылаудағы оқушылардың дамуы мен оқуына басты назар аудара отырып, Lesson Study өткізеді 
және оны қадағалайды. Аталған үдерістер бірнеше сабақ бойы қайталанып, жетілдірілуі мүмкін. 
Бақылауды барлық Lesson Study кезінде жүргізу міндетті емес. 
• Бақылаудағы оқушылардың Lesson Study туралы ойларын білу үшін олармен сұхбаттасады. 
• Lesson Study-ді талқылайды. 
• Қолданылатын әдіске бақылаудағы оқушылардың қалай қарайтынын, олардың жеткен жетістіктерін,
оқуда көрсететін нәтижелері мен кездесетін қиындықтарын білу, сонымен қатар алынған тәжірибені 
келешекте оқыту мен оқу әдістемесін әзірлеу үшін пайдалану мақсатында Lesson Study-ге талдау 
жүргізеді. 
36


жүктеу 5,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау