9.2. Реферат тақырыптары
1. Ғаламдық экологиялық мәселелер
2. Озон тесігі мәселесі
3. Жылу эффектісі мәселесі
4. Қышқылдық жауындар мәселесі
5. Дүниежүзілік Мұхиттың ластану мәселесі
6. «Таза су» мәселесі
7. Глобалистика, оның қарастыратын мәселелері
8. Қалдықсыз және аз қалдықты технология
9. Өндірістік және тұрмыстық қалдықтар
10. Қазақстандағы әскери-сынақ
11. Табиғи ресурстардың таусылуы және қалдықтар мәселесі
12. Қазақстандағы радиоактивтілік жағдай
13. Шөллейтену – ғаламдық экологиялық мәселе
14. Биологиялық алуантүрлілікті сақтау- адамзат алдындағы маңызды мәселе
10.ОҚУ, ӨНДІРІСТІК, ЖӘНЕ ДИПЛОМАЛДЫ САРАМАНДЫ ӨТКІЗУ ЖӨНІНДЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР ЖӘНЕ ЕСЕП ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ ТҮРІ (ЕГЕР ПӘН БОЙЫНША ҚАЖЕТ БОЛСА)
(Оқу бағдарламасы бойынша қарастырылмаған)
11. СТУДЕНТТІҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ МАТЕРИАЛДАРЫ (БАҚЫЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ, ТЕСТІЛІК ТАПСЫРМА, ӨЗІН-ӨЗІ ДАЯРЛАУ СҰРАҚТАР ТІЗІМІ, ЕМТИХАНДЫҚ БИЛЕТТЕР ЖӘНЕ Т.Б.)
11.1 Білімді бағалау жөніндегі мәлімет
«Өмір қауіпсіздік негіздері» пәні 2 кредит көлемінде 2 семестрге жоспарланған. Семестр барысында екі аралық бақылау (рейтинг) жүргізіледі: 7(8) және 15 апталарда.
7-аптаның соңында студенттерге бірінші аралық бақылау (рейтинг) (max 30%), 15 аптаның соңында екінші аралық бақылау (рейтинг) (max 30%) шығарылады (кесте 11.1).
Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 40%).
Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер қосындысы ретінде анықталады.
Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді.
Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (11.2-кесте)
Пәнді оқу «Өмір қауіпсіздік негіздері» оқу курсы бойынша барлық материалдарды қамтитын тест нысанындағы емтиханмен аяқталады. Емтиханға жіберілудің міндетті шарты - дәріс материалдарын білу және болуы, семинар сабақтарына жауаптарының болуы, өзіндік жұмыстарды орындау, аралық бақылауды тапсыру және рейтинг алу.
Студенттерге қойылатын талаптар: Дәріс және семинар сабақтарына студенттер кешікпей баруы тиіс, семинарға дайындалу және қатысу міндетті болып табылады.
Студенттер әрбір тақырып бойынша оқытушы көрсеткен уақыт ішінде өзіндік жұмысты орындауы тиіс. Өзіндік жұмысты аралық бақылауды жүргізбес бұрын кем дегенде 3 күн бұрын тапсырылуы тиіс. Студенттерге рейтинг көрсеткіш аралық бақылау тапсырылған күні қойылады. Студент егер сабақ жібермей, тақырып бойынша жоспарланған барлық тапсырмаларды орындап, есеп беріп, бақылау және жеке өзіндік жұмыстарды уақытында тапсырған жағдайда. аралық бақылаудан босатылуы мүмкін.
1. Сабаққа қатысу. Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет.
2. Аудиториядағы тәртіп. Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефоның сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.
«Білімді бағалау схемасы»
№
|
Бағалау критериясы
|
Бағалау түрі
|
%
|
Барлығы
|
1
|
Үй тапсырмасы (ОЖСӨЖ)
|
100
|
45
|
|
Дәріске қатысу
|
100
|
30
|
2
|
Жеке жұмыс
|
100
|
2
|
3
|
Бақылау жұмысы
|
100
|
2
|
6
|
Семинар сабақта белсенділік
|
100
|
15
|
7
|
Бақылаудың басқа т үрлері
|
100
|
N
|
|
Аралық бақылау (Р1, Р2)
|
100
|
Барлық бағалардың орташа мәні
|
|
Ағымдағы бақылау
|
(Р1+Р2)/2
|
|
|
Емтиханға жіберілу рейтингісі
|
Аралық бақылау *0,6
|
|
|
Қортынды бақылау (емтихан)
|
100*0,4
|
|
|
Барлығы
|
Емтиханға жіберілу рейтингісі + Қортынды бақылау
|
|
Бағалау туралы ақпарат
Барлық семестр уақытында 2 рубеждік бақылау (8-ші – 15 – ші жұмада). Студенттердің үлгерімі бақылау уақытында максимальді көрсеткіш 60% құрайды. Семестр аяғында сабақ пәні бойынша емтихан өтеді. Максимальді көрсеткіш 40% құрайды. Екеуін қосқанда 100% құрайды. Емтихан тест түрінде, курсты теориялық және практикалық материалды қамтитын 30 сұрақтан тұруы керек.
Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді.
Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша)
Студентердің білімі келесі кесте бойынша бағаланады:
Бағалау
|
Бағаның әріптік баламасы
|
Бағаның сандық баламасы
|
Бағаның проценттік баламасы
|
Бағалаудың дәстүрлі жұйесі
|
А
|
4,0
|
95-100
|
өте жақсы
|
А-
|
3,67
|
90-94
|
В+
|
3,33
|
85-89
|
жақсы
|
В
|
3,0
|
80-84
|
В-
|
2,67
|
75-79
|
С+
|
2,33
|
70-74
|
қанағаттанарлық
|
С
|
2,0
|
65-69
|
С-
|
1,67
|
60-64
|
Д+
|
1,33
|
55-59
|
Д
|
1,0
|
50-54
|
Ғ
|
0
|
0-49
|
қанағаттанарлықсыз
|
11.2 Курс саясаты және іс-жосығы
Студенттерге қойылатын талаптар:
Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет.Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып,барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады. Студент әрбір кредит сағат боцынша жинаған балдарын есептеп жүру қажет(жоғарыда көрсетілген пән бойынша білімді бағалау және апталық тақырыптық кесте бойынша)
Сабаққа қатысу
Студент сабаққа қатысуға міндетті.Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет.Пәннің3/1себепсіз қалдырса,курстан шығарылады.
2. Аудиториядағы тәртіп.
Студент сабаққакешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу,газет оқымау,ұялы телефонын сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.
3. Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы міндетті түрде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.
4. Жеке тапсырмалар
Семестірлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. олар реферат (баяндама,харлама т.б) ретінде орындалып, қорғалады. Бул тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады.
5. Бақылау жұмысы.
Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып,тапсыралады. Студентердің білімін бақылау негізінентест тапсырмаларын орындату арқылы тексеріледі.
6. Пікірлесу.
Пікірлесу әр топта кесте бойынша жұзеге асады.Студентердің білімін бақылау тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізілуі мүмкін.
11.3. Студенттердің білімін тақырыптар бойынша тексеру және емтихан сұрақтары
1. 1-7 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.
Әлемнің экологиялық проблемаларының пайда болу себептері неде?
Әлемдік экологиялық проблемалардың қандай түрлері бар?
Глобалистика дегеніміз не?
Атмосфераның ластануына байланысты қандай әлемдік экологиялық проблемалар туындайды?
Озон қабатының жұқаруына әсер ететін факторлар қандай?
Озон тесігінің пайда болуын қалай түсіндіресіз?
Жылу эффектісі құбылы сы нені білдіреді?
Жылу эффектісі құбылысының пайда болуына әсер ететін факторлар қандай?
Қышқылдық жауындардың пайда болуына қандай заттар әсмер етеді?
Қышқылдық жауындардың экологиялық нәтижесі қандай?
2. 8-15 аптадағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтар
Ғаламдық шикізат мәселесінің туындау себебі неде?
Ғаламдық энергия тұтыну мәселесінің пайда болу себебі неде?
Энергия тұтыну мәселесін тұрақтандарыу шаралары қандай?
Дүниежүзілік Мұхиттың ластану проблемасы қандай шығарындылардан туындап отыр?
Тұщы су мәселесі неден тындайды?
Тұщы су меселесін шешу жолдары қандай?
Радоактивті қалдықтарды жою мәселесі қандай деңгейде қарастырылады?
Әскери сынақ полигондарының қоршаған ортаға әсері қандай?
Қазақстандағы радиоактивтілік жағдайы қандай деңгейде дамыған?
Топырақтың ластануына байланысты қандай ғаламдық проблемалар туындап отыр?
Шөллейттену ауқымының артуы неге негізделеді?
Ортаның физикалық көздерден ластаны неге байлансты?
Физикалық ластанудың негізгі түрлері қандай?
Вибрациялық ластану дегеніміз не?
Электромагниттік өріс арқылы ластану қалай туындайды?
Емтиханға дайындық сұрақтары.
Тест сұрақтары
1.Алғаш рет биосфераны ғаламдық бақылаудың халықаралық бағдарламасы қай жылы ұсынылды?
а/1971 ж
б/1871 ж
в/1917 ж
д/1972ж
2.Мониторингтің неше түрі бар?
а/2
б/3
в/4
д/5
3.Мониторинг дегеніміз не?
а/бақылау,болжау , бағалау
б/жинақтау,сақтау
в/жағдайды анықтау
д/қорытындылау
4.Аймактың деңгейі бойынша мониторингті қандай үш блокқа бөледі
а/локальді,регионалды,ғаламдық
б/санитарлық,гигиеналық,биосфералық
в/табиғи,фондық,биоэкологиялық
д/ауқымдық, базалық
5.ГАЖ-да қолданылатын терминдер
а/мәлімет,білім,ақпарат +
б/сақтау, тасымалдау
в/гигиена,биология
д/қорытындылау
6.Қашықтан бақылау әдісі неше бағытта жүреді?
а/3
б/2
в/6
д/4
7.Экономикалық мониторингтің негізгі мақсатын анықтаған ғалым.
а/1975ж Герасимов
б/1976ж Исанов
в/1875ж Винер
д/1890ж Коммонер
8.Жердің жалпы массасы қаншаға тең?
а/5,974·1027
б/5,517·1028
в/5,874·1027
9.ГАЖ-дың ортасының дәлдігін,құндылығын бағалайтын қасиет
а/сандық
б/сапалық
в/растрлы
д/сапалық емес
10.Геоинформатика қай тілден алынған термин?
а/орыс
б/ағылшын
в/латын
д/грек
11.Ресейде жалпы географиялық,топографиялық және геологиялық карталарды сандық карталарға айналдыру қай ғасырда жүргізілген?
а/XXғ.90ж
б/XVIIIғ.90ж
в/XXғ.80ж
д/XV.ғ90ж
12.Космостық түсірудің неше технологиясы бар?
а/2
б/4
в/5
д/3
13. Қай объект 1өлшемді , жоспарлы координаталы ,белгілі 2 нүкте
аралығында жүргізіледі.
а/сызықтық объект
б/нүктелік объект
в/контурлы объект
д/сапалық объект
14.2өлшемді объект,тұйық сызықпен шектелген сыртқы ауданды береді
а/контурлы объект
б/нүктелік объект
в/сызықтық объект
д/сапалық объект
15. 0 өлшемді объект,жоспарлы координатамен сипатталады
а/нүктелік объект
б/ сапалық объект
в/контурлы объект
д/сызықтық объект
16.Кайнц классификациясы қай жылы қолданылды?
а/1987ж
б/1887ж
в/1978ж
д/1989ж
17.Кайнц классификациясы неше түрден тұрады?
а/3
б/4
в/2
д/6
18.Экологиялық мониторинг неше сатыдан тұрады?
а/3
б/4
в/2
д/5
19.Құрылымсыз,топологиялық,гиперграфиялық,торлы өлшем қай модельге жатады?
а/векторлы модель
б/гибридті модель
в/мозайкалы модель
д/дигибридті модель
20.Кеңістіктік мәліметтер моделінің әр түрлі бағытта ажыратылатынын анықтаған ғалым?
а/Королев
б/ Вернадский
в/Герасимов
д/Исанов
21.Белгілі бір мақсатты нәтижелі түрде орындауда маманданған түрде қамтамасыз ету процесі
а/оперативті бақылау
б/басқара отырып бақылау
в/стратегиялық жоспарлау
д/оперативсіз жоспарлау
22.Жер шарының сыртқы қабатын,жер қыртысын басқаша қалай атайды?
а/литосфера
б/биосфера
в/астеносфера
д/мантия
23.Денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша жұқпалы аурулардың 80% ненің жетіспеуінен болатынын анықтаған
а/су
б/кальций
в/йод
д/ақуыз
24. Басқару қызметі неше категорияға бөлінеді?
а/3
б/5
в/2
д/4
25.Геоақпаратты жобаның ақпаратпен қамтамасыз ету шығыны,жалпы құндылықтың неше %-ы болады?
а/90%
б/ 70%
в/85%
д/80%
26. «Датчиктің» неше түрі бар?
а/2
б/3
в/5
д/4
27.Стратегиялық бизнесті жоспарлаудың құрамы неше бөлімнен тұрады?
а/9
б/8
в/6
д/7
28.Нағыз улы заттағы ПДК нешеге тең?
а/0
б/2
в/2,5
д/3
29.Мәлімет дегеніміз не?
а/ғылымда және адамның шаруашылық әрекетінің әр саласында формальды турде берілген оқиғамен мәлімдеменің жиынтығы
б/ жалпы биосфералық,табиғи құбылыстарды бақылау
в/ірі-ірі аудандардың көлемінде құбылыстар мен процестерді зерттеу арқылы бақылау
в/бір мемлекет шегінде арнайы құрылған органдар арқылы жүргізілетін мониторинг
30.Экологиялық мониторингтің 3сатысын ата?
а/бақылау,бағалау,болжау
б/бақылау,сақтау,тексеру
в/бағалау,болжау,сақтау
д/тексеру,сақтау,болжау
31.Геоинформатика неше түрлі бағытта дамиды?
а/3
б/5
в/2
д/4
32.Ақпарат беруде кімнің теориясы қолданылды?
а/Шенонның
б/ Ройсттың
в/Винердің
д/Гриннің
33.1978 ж Герасимов экологиялық мониторинг жүйесін ұйымдастыру деңгейін нешеге бөлді?
а/3
б/4
в/2
д/5
34.Соңғы кезде компьютердің пайда болуымен байланысты мәліметтер қалай бөлінеді?
а/сандық,жазбаша
б/сандық,сапалық
в/сандық,ауызша
д/сапалық,жазбаша
35Кеңістік мәліметтердің моделі неше типке бөлінеді?
а/3
б/4
в/6
д/2
36 Өлі және тірі табиғат компоненттерінің өзара бір-бірімен қарым-қатынасы
а/экожүйе
б/ экосфера
в/бірлестік
д/ биоценоз
37.Винер бойынша ақпарат деген-
а/ешқандай энергияда,материяда емес
б/зат,энергия сияқты өзіне дәл берілетін,анықтамасы бар фундаментальды категория
в/кез-келген жинақталған 100 әріп
38. БҰҰ Стокгольмдегі конференцияда қоршаған орта жағдайын бақылау деген ұғымға толықтыру ретінде қай жылы енгізілді?
а/1972 ж
б/1992ж
в/1974ж
/1978ж
39 .Биологиялық мониторинг анықталады-
а/фитомасса қоры,өзгергіштігі арқылы +
б/табиғат өзгерістері арқылы
в/биогенді процестер арқылы
40 1973жылғы байқауларда Қазақстан үстіндегі озон қабатының қалыңдығы қанша %-ға азайғанын көрсетті?
а/5-7%
б/5-6%
в/8-9%
д/5-9%
41, Компьютердің пайда болуымен байланысты мәліметтер нешеге бөлінеді?
а/2
б/4
в/3
д/5
43.Биоалуантүрлілікті неше деңгейде қарастырады?
а/ 3
б /4
в/ 2
д/ 5
44.Биогеоценоз ұғымын ғылымға енгізген ғалым
а/ Сукачев
б/ Тенсли
в /Мебиус
д/ Леруа
45.ГАЖ-да қолданылатын берілген мәлімет дегеніміз не?
а/шындық оқиға туралы бақылау,өлшеу
б/жалпы биосфералық табиғи құбылыстарды бақылау
в/бір мемлекет шегінде арнайы органдар арқылы бақылау
46.Географиялық мәлімет –
а/басқа берілген мәліметтермен салыстырғанда кеңістікте оның жағдайын сипаттау+
б/ақпарат берудің негізгі құрастырушы көзі
в/жалпы табиғи құбылыстарды сипаттау
47.Ақпараттық басқару жүйесінің қызметі-
а/жоспарлау,бақылау
б/өңдеу,сақтау
в/тексеру,бағалау
д/өңдеу,жоспарлау
48.АБЖ жобалау процесі неше кезеңнен тұрады?
а/5
б/3
в/7
д/2
49.Кеңістіктік объект туралы,сандық және кеңістіктік мәлімет бір-бірімен байланысты қайдай бөлімнен тұрады?
а/позициялы,позициялы емес
б/нүктелік,сызықтық
в/позициялы,сызықтық
д/позициялы емес,нүктелік
50.ГАЖ-дың ақпараттық негізін қандай мәлімет құрайды?
а/сандық
б/сапалық
в/жазбаша
д/ауызша
11.4. ГЛОССАРИЙ – терминдермен жұмыс
Антрапогендік заттек (Антропогенное вещество) - Жер сфераларына адамның іс- әрекеті нәтижесінде енгізілген химиялық қосылыстар. Табиғи айналымға кіріп, осы себепті ерте ме, кеш пе экожүйелерге сіңіскен. Антропогендік заттек - тер және табиғатқа жат, тірі организмдер мен абиотталық агенттер өте баяу ыдырататын, сондықтан табиғи заттектер алмасуынан тыс қалатын жасанды қосылыстар болады. Соңғылар биосферада қорланып, тіршілікке қатер болады Табиғи түзілімге кіретін, бірақ адам бір геосферадан басқасына көшіретін немесе жасанды түрде жинақтайтын химиялық қосылыстар мен элементтер. Антропогендік заттекке қатысты ерекше жағдай болып табылады. Мүндай элементтер қатарында адам. Жердің терең қойнауынан қазып алып тарататын ауыр металдарды және табиғи жағдайда, әдетте үлкен кеңістікте шағын мөлшерде болатын радиоактивтік заттектерді айтуға болады.
Антропогендік кеңейту - (Антропогенная экспансия)-антропоген және лат. expansіo – кеңейту)-адамның табиғатқа жасайтын кез келген тікелей және жанама әрекеті.
Антропоэкология – 1) адам экологиясы- адам мен популяцияның қоршаған табиғи, квазитабиғи, артетабиғи және бір жағынан әлеуметтік ортамен қарым-қатынасының биологиялық аспектілерін зерттейтін ғылыми пән: 2) адам мен оның арғы тегінің эволюциялық экологиясы: 3) биосфера мен адам зат қарым қатынасының жалпы заңдылықтарын зертейтін кешенді пән. Бұл жерде антропоэкология ұғымы әлеуметтік экологияға жақын. Адам экологиясы адамды биологиялық объект ретінде, ал әлеуметтік экология әлеуметтік- биологиялық немесе әлеуметтік объект ретінде қарастырады.
Аптау (Адсорбция)– сұйық немесе қатты дененің беткі қабатының ерітіндіден немесе газдан заттек сіңіруі. Аптау биологиялық процестерде, сондайақ заттектерді тазарту және табиғат қорғау технологияларында маңызды рөл атқарады.
Арна ағындысы (Русловой сток) – су жинау алабының арналық желісімен судың ағуы
Арналық эрозия (Русловая эрозия) - өзен эрозиясының түрі - өз арнасын ағын сумен шаю. Арналық эрозияға бүйірлік және тереңдік эрозия кіреді.
Аршыма тау жыныстары (Вскрышные породы)- пайдалы қазбаны жауып жататын және пайдалы қазба соның ішінде болатын кенді жыныстар: кенді ашық қазып алу жұмыстары процесінде ойып алынып басқа жерге ауыстырылады
Атмосфера қорғау (Охрана атмосферы) – атмосфераның барлық қабаттарындағы энергетика мен ауаның химиялық құрамын сақтауды қамтамасыз ететін шаралар жиынтығы. Кен байытатын, мұнай өнімдерін өндіретін және оларды өңдейтін өнеркәсіп орындарының қалдығы аз немесе қалдықсыз технологияға кошіру, автокөліктерден, ұшақтардан, жылу қазандарынан бөлінетін газ тәрізді, ауа тозаңы, ауыр металдар,фенолдар және т.б. зиянды заттектердің шекті мөлшелерден асып кетпеуін бақылау атмосфераны қорғаудын негізгі шаралары болып табылады.
Атмосфераны ластау әлеуеті (Потенциал загрязнения атмосферы) атмосфераның тап сол географиялық аудандағы көздерден болатын ластану дәрежесіне байланысты метеорологиялық факторлардың үйлесімі. Метеорологиялық жағдайлар (желдету, т.б.) неғұрылым қолайлы болса, атмосфераны ластау әлеуеті соғұрлым төмен болады.
Ауаны тазалау (Очистка воздуха) – аудан бөгде қоспаларды физикалық-химиялық әдістер арқылы алып тастап, сапасын табиғи сапаға жеткізу.
Бағалау (Бонитировка) – жеке табиғи ресурстарды және олардың аумақтық үйлесімдіктері мен жиынтықтарын (биоциеноздарды , ландшафтар мен қорық бөлімшелерін, т.б.) немесе жеке шаруашылықтық кұндылықтарды (жануарларды) сапа жағынан бағалау
Биологиялық мониторинг (Биологический мониторинг) – 1) биологиялық нысандарды бақылау (түрлер саны, олардың жағдайлары, кездейсоқ түрлердің пайда болуы және т.б. 2) биокөрсеткіштер арқылы бақылау арнайы биосфералық қ орықтарда жүргізіледі.
Биологиялық тазалау (Биологическая очистка) - қалдықтарды биологиялық объектілер көмегімен (су өсімдіктері, белсенді тұнба, ағаш үгіңділері арқылы өткізу, т.б.) залалсыздандыру
Географиялық экология (Географическая экология)– географиялық процестерге экологиялық зандылықтарды қолдануға негізделген экологияның тарауы: негізінен жоғарғы деңгейдегі экожүйелерді қарастырғанда қолданылады. Бұны геоэкология және ландшафт экологиясы деп те атайды
Геотехнология, экотехнология – табиғи процестерге сәйкес дәл келетін, кейде соларды жалғастыратын технология. Мыс., контурлы егіншілік, жерді қайырмасыз немесе нөлдік өңдеу
Дарақтар саны (Численность особей) – шекаралары анықталған бір аумақтағы организмдер саны. Мыс., бір әкімшіліктегі аудан, облыс , мемлекеттегі қой, жылқы, т.б. саны
Дене паразиті (Экзопаразит) – өз иесінің денесінде арам тамақтықпен тіршілік ететін организм.
Денелік сінірумен тазалау (Абсорбционная очистка) – тазалаушының заттарды бүкіл беткі қабатымен сіңіруі
Денивеляция – су бетінің, еңістердің желден, жер сілкінуі әсерлерінен және аудан түскен ылғалдардың біркелкі болмауынан және т.б. себептерден өзгеруі.
Динэкология–эволюциялық динамикалық экология, экологияның динамикасы дарақтар мен олардың топтарының мекендеу орталары мен эволюциялық қатынастарын және динамикасын зерттейтін бөлігі
Дыбыстық қысым (Звуковое давление) – толқындар жоқ кездегі қысыммен салыстырғандағы толқындар таралған ортадағы қысымның өлшемі. Децибелмен өлшенеді.
Жануарларды қорғау (Охрана животных)–жануарлар тіршіліктерін қамтамасыз етуге, олардын популяциялық түр құрамдарын сақтап, сандарының белгілі деңгейде болуына бағытталған халықаралык, мемлекеттік, аймақтық шаруашылық-әкімшіліктік және қоғамдық шаралар. Бұл шаралар қүрамына жануарлар санын реттеумен бірге, олардың тіршілік ортасын сақтау да жатады.
Заттектер айналымы (Круговорот веществ) – заттектердің атмосферада, литосфера мен гидросферада, соның ішінде ғаламшар биосферасына енетін қабаттарда болып жататын процестерге талай мәрте қайталап қатысуы.
Инсектицид - шаруашылықта немесе табиғи кауымдастықтарда жағымсыз жәндіктерді құрту үшін қолданылатын заттек
Инсектофунгицид – бір мезгілде қатарынан жәндіктерді (инсектецид) және саңырауқүлактарды (фунгицид) жоюға қолданылатын заттек
Ирригациялық эрозия (ирригационная эрозия)- суармалау кезінде топырақтың шайып әкетілуі. Топырақтың сортаңдануы кезінде қайталама
Көшкін (Оползень) – ауырлық күші әсерінен, әсіресе, борпылдақ материал сумен қаныққанда жұмсақ тау жыныстары массасының беткеймен төмен жылжуы.
Күйе бөлшектері (Сажевая частица) – отын жанғанда түзелетін, оттықтан шығарылған газдармен бірке негізінен ұсақ бөлшектер түрінде әкетілетін көміртектің сутекпен конглогомераты
Қалдықсақтағыш (Хвостохранилище) – сұйық қалдықтарды сақтауға арналған тұйық бассейн немесе жартылай тұйық бассейн (жартылай тұйық бассейн сұйықтық жартылай сіңірілетін жер бөгетін салуда пайда болады)
Қалалық ландшафт (Городской ландшафт) - құрылысы, көшелері және саябақтары бар антропогендік ландшафт типі.
Қалдықтар контейнері (Контейнер отходов) - қалдықтарды уақытша сақтау үшін немесе көму үшін қолданылатын, қалдықтарды салатын контейнер. Қалдықтар контейнері қоршаған ортаны ластанудан қорғайды.
Қалдықтар түрі (Вид отходов) - қалдықтарды жіктеудің қабылданған жүйесімен жалпылама сәйкес белгілері бар өндіріс пен тұтыну қалдықтарының жиынтығы
Қалдықтарды қайта өңдеу (Переработка отходов)- қайтадан пайданалуға жарамды пайдалы кұрамдарды алу немесе зиянды құрауыштарын бейтараптау мақсатымен өнеркәсіптік және коммуналдық қалдықтарды механикалық, физикалық - химиялық және биологиялық өңдеу
Қалдықтарды құрғату, сорғыту (Обезвоживание отходов) - қалдықтар мен қоқыстарды одан әрі өңдеу (брикеттеу, жағу және т.б) мақсатымен олардан суды бөлудің технологиялық тәсілі.
Ландшафтық зерттеулер (Ландшафтные исследования) – Ландшафтардың даму тенденциясын, генезисін, динамикасын, қызметін, кұрылымын, таралуын зерттеу мақсатындағы зерттеу операциялары мен әдістерінің жиынтығы. Ландшафтық зерттеулерге далалық , дистанциялық зерттеулер, сондай-ақ үлелеу кіреді
Ландшафтың өзгергіштігі (Изменчивость ландшафта) – ландшафтың даму процесінде функциялық параметрлер өзгеріснің пайда болу қасиеті. Ландшафтың өзгергіштігінің керісінше түсінігі – ландшафтың тұрақтылығы.
Ластағыштардың жинақталуы (Аккумуляция загрязнителей)- ластағыштардың тірі организмдермен жинақталуы және олардың шоғырының қоректік тізбектің әрбір деңгейінде артуы
Ластану деңгейі (Уровень загрязнения) – ортандағы ластағыш заттектер кұрамының абсолютті немесе салыстырмалы көрсеткіші.
Ластану нормасы (Норма загрязнения) – ортадағы заттектер шоғырының нормативті актілермен шектелген рауалы деңгейде болуы
Ландшафтың өзгергіштігі (изменчивость ландшафта)- ландшафтың даму процесінде функциялық параметрлер өзгересінің пайда болу қасиеті.
Мониторинг - қоршаған табиғи орта жағдайының антропогендік факторлардың әсер–ықпалынан өзгеруін болжау мен бағалаудың , бақылаудың кешенді жүйесі.
Мөлшер (Доза) –организмге енген немесе түскен радиоактивті сәуле шығару (сәуле шығару мөлшері) энергиясының немесе заттектердің саны.
Мұнай дағы (Нефтянное пятно) - суқойманың қалыпты аэрациясына және одан судың булануына кедергі келтіретін мұнай қабатымен жабылған су бетіндегі үлескі.
Мұхиттық лас су ( Ляльные воды) - ластанған мұхит (теңіз) суы
Норма - зандастырылған ңұсқама, бірдеңенің міндетті деп танылған реті, кұрылысы
Норманалатын параметр (Нормируемый параметр) – заңды түрде бекітілген немесе ережелермен және стандарттармен шектелген параметр
Өзен желісінің жиілігі (Густота речной сети) - қандай да бір аумақтын 1 км2 ауданына келетін өзен желісінің ұзындығы
Өсу нысаны (Форма роста) - морфологиялық белгілері бойынша бөлінетін өсімдіктердің тіршілік нысанының бөлімі
Өсімді мауысым (Сезон вегетации) - өсімдік өніп-өсетін жыл кезеңі
Өнеркәсіптік ластану (Промышленное загрязнение) – кәсіпорын шығарындылырынан ортаның ластануы. Қазірге кезде өнеркәсіптік ластану ғаламдық проблемаға айналып отыр
Өнеркәсіптік су (Промышленная вода) – судан өнеркәсіптік көлемде қандай да бір кұрауыштарын алу үшін шикізат ретінде пайданалатын су
Өнеркәсіп қалдықтарын пайдаға асыру (Утилизация промышленных отходов) - Өнеркәсіп қалдықтарын қайтара пайданалатын шикізат, отын, тынайтқыш және т.б. ретінде қолдану
Өлім –жітім коэффициенті (коэффициент смертности) – бір жыл ішіндегі бір мың адамға шаққандығы өлген адамдар саны
Популяциялық күрт өсу (Популяционный взрыв) – популяцияны реттейтін әдеттегі механизмдердің бірінің болмай қалуына байланысты қандай да бір популяциядағы дарақтар санының тез, бірнеше есе күрт көбеюі Популяциялық күрт өсу түрлерді жерсіндіру кезінде қарқынды болатындығы байқалады
Популяциялық экология (Популяционная экология) – экологияның бір бөлігі, популяцияның ортамен тікелей және кері байланыстары мен ішкі популяциялык процестерін қарастырады
Радиоактивтік бақылау (Радиоактивный контроль) - өндірістік шоғырындылардың радиоактивтік мөлшеріне және олардың изотоптық құрамына бақылау жасау, қалыпты нормадан ауытқуын тіркеп отыру
Радиоактивтік жауын-шашын (Радиоактивные осадки) – жер бетіне шаң тозаң түрінде немесе жаңбырмен (қармен) бірге түсетін радиоактивтік заттектердің ыдыраған өнімдері
Радиоактивтік ластану (Радиоактивное загрязнение) – ортада радиоактивтік заттектердің кұрамының қалыпты денгейінен артуына байланысты физикалық ластану түрі. Радиоактивтік ластанудың негізгі көздері –ядролық сынақ және қондырғылар.
Радиоактивтік ластану деңгейі (Уровень радиоактивного загрязнения)- радиоактивтік ластанумен сипатталатын сандық шама
Суды залалсыздандыру (Обеззараживание воды) – судағы ауру туғызатын (микро)организмдердің мөлшерін бекітілген санитариялық-гигиеналық талаптарға сай белгілі мөлшерге дейін азайту
Суды тазалау (очистка воды) – судағы бөтен қоспаларды (тірі организмдерді қоса) механикалық , физикалық- химиялық (хлорлау, озондау) және биологиялық әдістермен жою.
Суды тазалауға арналған тұндырғыш (Отстойник для очистки воды) – судан салынды заттектерді тұндыруға арналған гидротехникалық ғимарат
Суды тұщыландыру (Опреснение воды) – табиғи судың кұрамындағы тұз мөлшерін азайту; теңіз суы немесе тұзды грунт суы құрамындағы тұздың деңгейін суды технологиялық пайданалуға немесе ауыз су үшін тұтынуға қажетті деңгейге дейін тұндыр. Қазіргі кезде 100-150 мың тұрғыны бар елді мекендерді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін теңіз суын тұщыландыратын қондырғылар жасалған
Суды хлорлау (Хлорирование воды)- ауыз суды немесе ақаба суды залалсыздандыру үшін хлормен өңдеу. Ауыз суды озондаған (яғни, озонмен өңдеу) дұрыс, өйткені, суды хлорлау бірқатар жағдайларда мутагендер мен канцерогендер (хлорорганикалық қосылыстар, мыс., хлороформ) түзілуіне себепші болады
Сутектік көрсеткіш (Водородный показатель рН) – ерітінділердегі сутек иондарының шоғырлануын сипаттайтын өлшем
Сумен қамтамасыздандыру (Водообеспеченность) – суды тұтыну онымен қанағаттандыру мүмкіндігінің үйлесімділік дәрежесі, ол көлем бірлігімен немесе пайызбен көрсетіледі
Сутірек (водоупор) - су жатқан кеңістіктің түбіне төселген немесе жанжағын бекітіп тұрған су өткізбейтін тау жыныстарының қалындығы
Сушайма (Гидросмыв) - мал қорасын су ағыншасымен тазалау. Түзелетін сұйық көн суқоймаларды, су ағындарын және топырақ бетін жиі ластайды. Оны арнайы сұйық шашыратқыштарды пайдаланбай тыңайтқыш ретінде қолдануға жарамайды, өйткені ол ауа өткізбейтін жұка қабықша түзіп өнімді жоғарылатудың орнына төмендетеді. Сұйық көнді құрамынан биогазды алып, құрғатып, түйіршіктегеннен кейін пайдалануға болады
Сілтісіздендіру (выщелачивание) – химиялық ерітінділердің немесе микроорганизмдердің көмегімен қатты заттектердің жеке құрамды бөліктердің ерітіндіге аустыру арқылы шығару
Табиғаттану (Природоведение) табиғатты – зерттеумен айналасатын географиялык, биологиялық, тарих, физика, химия және т.б. ғылымдардың кешені
Табиғат әлемі (Царство природы) – ірі биографиялық бөлімше (мыс: арктогей,палеогей, неогей және нотогей)
Табиғатты қорғау заны (Закон об охране природы)- табиғи ресурстарды қорғауға, ұтымды пайданалуға және ұлғаймалы ұдайы өндіруге бағытталған мемлекеттік шараларды реттейтін негізгі зандық нормалардың жиынтығы
Табиғи өсімдік (Естественная растительность)- адамның әрекет -әсеріне (ағаш кесу, жырту, жайылым, пішін шабу, т.б.) ұшырымаған күйіндегі өсімдіктер. Қазіргі кезде жер шарында адам болмаған 1.5 млрд га алғашқы тропикті ылғал ормандар бар. Мұндай аудандар Бразилияда, Заирде, Индонезияда, Колумбияда т.б. жерлерде сақталған
Табиғи ресурстарды толықтыру (Восполнение природных ресурсов) – геологиялық барлау, басқа іздеу және зерттеу жұмыстарының барысында табиғи ресурстардың жаңа қорларын және көздерін анықтау
Топырақ тығыздығы – табиғи қалыптасуы бұзылмай алынған құрғақ топырақ массасының оның көлеміне қатынасы.
Топырақтың химиялық ластануы – топырақта тірі организмдерге қауіп туғызатын химиялық заттектердің жиналуы
Топырақ ылғал сыйымдылығы (Влагоемкость почвы) – топырақтын ылғалды ұстау қабілеті. Ол топырақтың көлемінен немесе массасынан пайызбен қөрсетіледі.
Топырақ ылғалдылығы (Влажность почвы) - топырақ құрамында ылғалдың қатты, сұйық және газ түрінде болуы
Топырақтану (Почвоведение) – топырақтарды: олардың генезисін, даму тарихын, құрамы мен қасиеттерін, географиялық таралуын, сондай–ақ топырақты оңтайлы пайдалану мен оның құнарлылығын арттырудың жолдарын зерттейтін ғылым.
Топырақтың өздігінен тазару уақыты (Время самоочищения почвы) – топырақты ластағыш химиялық заттектердің массалық үлесінің 96%-ға азаюы өтетін уақыт аралығы
Топырақтың өздігінен тазаруы (Самоочищение почвы) топырақтағы жылыстау, айналу, ыдырау, шіру процестері нәтижесінде ондағы ластағыш заттектердің мөлшерінің азаюы
Топырақтың санитариялық жағдайы (Санитарное состояние почвы)- топырақтың адам денсаулығы мен жануарларға тікелей әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық қасиеттерінің жиынтығы. Топырақтың санитариялық жағдайы сөз болғанда, ең алдымен, мәдени өсімдектер өсіретін және мал жайылымына арналған топырақтар ескеріледі
Топырақтын қышқылдығы (Кислотность почв) – топырақ ерітіндісіндегі (белсенді немесе маңызды қышқылдық) және топырақтың сіңіретін кешеніндегі сутек иондарының концентрациясы
Төгінделер (Сбросы) – Коршаған ортаға ақаба сумен бірге түсетін ластағыш заттектер (қоспалар) немесе артық мөлшердегі жылу.
Флотация - ұсақ қатты бөлшектердің суға шылануының айырмашылықтарына негізделген, оларды ажырату процесі. Флотация пайдалы қазбаларды байыту үшін кеңінен қолданылады.
Ценобиоз – организмдердің қауымдастықтарда бірлесіп тіршілік етуі
Цитоэкология – клеткалардың қоршаған орта жағдайларына бейімделу заңдылықтарын зерттейтін цитология саласы
Ығыстару (Вытеснение) – түрлердің бірінің экспансиясына қолайлы жағдай қалыптасуының нәтижесінде эқологиялық тұрғыдан жақын бір түрдің орнын екінші бір түрдің басуы. Ығыстырылған түрдің қырылуына апарып соғуы мүмкін
Ыстық шөл (Жаркая пустыня) – жер, су бетінен булану атмосфералық жауын-шашын мөлшерінен талай есе асып түсетін шөл.
Індет (Эпидемия) – организмдердің қайсыбір қауымдастағы немесе бір аймақ шеңберінде жұқпалы ауралардың тез және үзбей тарауы
Эвритермия - қоршаған орта температурасының кең аралықта өзгеруіне бейімделу
Экоклимат – экологиялық қуыстығы ауа-райы
Экологиялық зиян (Экологический вред) – антропогендік іс- әрекеттердің зардабынан болған қоршаған ортадағы жағымсыз өзгерістер
Экологиялық инвестиция (Экологическая инвестиция) – қоршаған ортаны, экологиялық жағдайды жақсартуға, табиғи капиталды өсіруге арнап бағытталған қаржы
Экологиялық ресурс (Экологический ресурс) – табиғи ресурстар: оларға таза атмосфералық ауа, таза су табиғаттың көрікті көріністері (Пейзаж), тазалағыш және сүзгіштік қасиеті бар батпақты жерлер және т.б. жатады
Экологиялық сыиымдылық (Экологическая емкость) – тіршілік ететін ортаның сыйымдылығы; табиғи факторлардың жиынтығы. Биоценоздардың ішіндегі түрлердің саны
Экологиялық сертификаттау (Экологическая сертификация)- кызметтің немесе өнімнің белгіленген экологиялык талаптарға сәйкес келетегінің арнайы актімен хатталып расталуы
Экологиялық соқпақ (Экологическая тропа) – эстетикалық, табиғатты сақтау және тарихи құндылығы бар әр түрлі табиғат объектілері арқылы өтетін маршрут. Экологиялық соқпақ - экологиялық тәрбие берудің бір түрі.
Эрозия – жел мен судын және т.б. табиғи құбылыстардың әсерінен жер қыртысының түгелдей не жарым- жартылай бүлінуі. Су эрозиясы және жел эрозиясы (дефляция) болып бөлінеді
Ядролық алапат (Ядерная катастрофа) - ядролық жарылыс салдарынан болатын апатты жағдай.
12. ОҚУ САБАҚТАРЫН БАҒДАРЛАМАЛЫҚ, МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ҚАМСЫЗДАНДЫРУ
1. Видеофильм «Биологическая экология. Факторы влажность. 9 фрагмент». Биология және экология кафедрасы, №5 ғимарат, 28 аудитория.
2. Видеофильм «Биологическая экология. Факторы свет. 13 фрагмент». Биология және экология кафедрасы, №5 ғимарат, 28 аудитория.
3. Видеофильм «Жизнь растений». Биология және экология кафедрасы, №5 ғимарат, 28 аудитория.
4. Видеофильм «Ознакомление с окружающим миром». Биология және экология кафедрасы, №5 ғимарат, 28 аудитория.
5. Видеофильм «Природные зоны России». Биология және экология кафедрасы, №5 ғимарат, 28 аудитория.
6. Видеофильм «Природные зоны России». Биология және экология кафедрасы, №5 ғимарат, 28 аудитория.
13. АРНАЙЫ АУДИТОРИЯ, КАБИНЕТ, ЛАБОРАТОРИЯ ТІЗІМІ
№ 6 ғимарат, 29, 30 аудитория
ҚОРЫТЫНДЫ
Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің құрылымы мен құрамына қойылатын жалпы талаптар студенттердің танымдық қызметтерінің психология-педагогикалық концепциясы мен гуманитарлық және жаратылыстану пәндерінің әдістемелік оқыту жүйесінің өзіндік ерекшеліктері негізінде анықталады.
Пәннің оқу-әдістемелік кешені құрылымының әр компонентіне төмендегідей талаптар қойылады:
материал типтік бағдарламаға сай ізділікпен берілуі тиіс;
материалдың мазмұны қазіргі заманғы оқу-әдістемелік және ғылыми аспектілерге сай болуы тиіс;
дидактикалық материалдар, есептер мен жаттығулар жинақтары деңгейлі дифференциацияны жүзеге асыруға, шығармашылық белсенділікті дамытуға бағытталуы тиіс;
пәнаралық және пәнішілік байланыстар сақталуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |